Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11642 тіркелді.

Жаңартылған

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 293 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9676 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінің № 8 (28486) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
М. Әзілханов

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 209 бұйрығымен бекітілген

Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру тәртібін айқындайды.

      2. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе осы спорт мектептерінің және спорт түрлерінен бөлімшелердің қызметкерлерін материалдық ынталандыру, сондай-ақ олардың жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға және Қазақстан Республикасы құрама командаларының резервін дайындауға мүддесін арттыру мақсатында беріледі.

      3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру туралы шешім қабылдайтын орган болып табылады.

      Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебелерін беру үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мәртебелерді беру тәртібі

      5. Спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін мынадай шарттар сақталады:

      1) өз меншігінде немесе жалға алынған спорттық объектінің (үй-жайдың) болуы;

      2) әр жұмыс істеп жатқан "мамандандырылған" спорт мектептерінің спорт түрінен бөлімшелердің әрқайсысында кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушылық құрамның болуы;

      3) "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағы бар спортшылардың, республикалық және халықаралық жарыстардың спорттық нәтижелерінің (чемпион мен жүлдегер) болуы;

      4) кемінде 2/3 бөлігінде спорт түрінен мамандандырылған бөлімшелердің болуы;

      5) спорт мектебі спортшыларының тұрақты медициналық тексеруден өтуі туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасасқан шарттың болуы.

      6. Спорт мектептерінің спорт түрлері бойынша бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін мына шарттар сақталады:

      1) спорт түрі бойынша бөлімшелер өз қызметін жүзеге асыратын спорт мектептерінің өз меншігінде немесе жалға алынған спорттық объектінің (үй-жайдың) болуы;

      2) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушылық құрамының болуы;

      3) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде "Қазақстан Республикасы спорт шеберіне үміткер", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағы, республикалық және халықаралық жарыстардың спорт нәтижелері (чемпион мен жүлдегер) бар спортшылардың болуы;

      4) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде кемінде екі спорттық жетілдіру тобының болуы (бір спорттық жетілдіру тобында шұғылданушы адамдар саны дамытылатын спорт түріне қарай 2 адамнан бастап 6 дейін адамды құрайды).

      5) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорт түрлері бойынша бөлімшелер оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан шарттың болуы.

      7. Спорт мектептеріне және спорт мектептері бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе оны жергілікті атқарушы орган берген күнінен бастап төрт жыл бойы қолданыста болады.

      8. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін спорт мектебінің директоры тиісті жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 9, 10 – тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы өтініш береді.

      9. Спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін қажетті құжаттар:

      1) спорт мектебінің басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      2) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы қолдаухат;

      4) спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері немесе спорт мектебінің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасасқан спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;

      5) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорттық мектеп оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі;

      6) оқытушы-жаттықтырушылық құрам санын көрсете отырып, спорт мектебінің штаттық саны туралы, спортшылар мен жаттықтырушы-оқушылардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), растайтын құжаттарды қоса бере отырып, спорттық атақтарын, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, олардың құрамы туралы анықтама;

      7) спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы бұйрықтардың көшірмелері.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін қажетті құжаттар:

      1) спорт мектебінің басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      2) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы қолдаухат;

      4) спорт түрлері бойынша бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың немесе спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасасқан спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;

      5) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорт түрлері бойынша бөлімшелер оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі;

      6) тиісті жергілікті атқарушы органның келісу бойынша спорт мектебі директорымен бекіткен спортпен шұғылданатын адамдардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және спорттық атақтарын көрсете отырып, спорттық жетілдіру топтарының тізімдері;

      7) оқытушы-жаттықтырушылық құрам санын көрсете отырып, спорт мектебінің штаттық саны туралы, спортшылар мен жаттықтырушы-оқушылардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), растайтын құжаттарды қоса бере отырып, спорттық атақтарын, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, олардың құрамы туралы анықтама.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беруге ұсынылған құжаттарды жергілікті атқарушы орган оларды тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды.

      12. Жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімге спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      13. Спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебені мынадай негіздемелер бойынша беруден бас тартылады:

      1) осы Қағиданың 9-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) спорт мектебінің ұсынған деректерінің және мәліметтерінің осы Қағиданың 5 және 9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебені мынадай негіздер бойынша беруден бас тартылады:

      1) осы Қағиданың 10-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) спорт мектебінің бөлімшесінің ұсынған деректерінің және мәліметтерінің осы Қағиданың 6 және 10-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Жергілікті атқарушы органның спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру туралы шешімнің көшірмесі не спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімде спорт мектебінің басшысына жіберіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 03.07.2017 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Спорт мектептеріне және спорт
мектептерінің бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
қосымша
  Нысан
  Кiмге ______________________
  (дене шынықтыру және спорт саласындағы
  ____________________________
  облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
  ____________________________
  астананың жергілікті атқарушы органның
  ____________________________
  басшысының лауазымы, аты, әкесінің аты, тегi
  ____________________________
  (болған жағдайда)
  Кiмнен ____________________________
  (спорт мектебінің басшысының немесе уәкілетті
  ____________________________
  өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
  ____________________________
  мекенжайы, телефоны

ӨТIНIШ

      Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сiзді _____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________сұраймын.

      ___________ _______________________________________________

      қолы) (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы "___" _____________

      _____________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)