Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 22.01.2016 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2015 жылғы «__»________
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 11 маусымдағы
№ 330 бұйрығымен
бекітілген
Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта
білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу
орындарына қабылдау қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына (бұдан әрі – Мектеп) қабылдау тәртібін айқындайды.
2. Мектепке оқуға түсетін жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектебінің 9-сыныбын аяқтаған және негізгі орта білім туралы куәлік алған ер адамдар (Қазақстан Республикасының азаматтары) қабылданады.
3. Мектепке қабылдау конкурстық негізде оқуға түсу жылының
15-26 тамызын қоса алғандағы кезеңінде төрт кезеңде жүзеге асырылады:
1) I кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;
2) ІІ кезең – «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығымен белгіленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 9518 тіркелген) дене дайындығын тексеру;
3) III кезең – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына (бұдан әрі – ӘДС қағидалары) сәйкес медициналық куәландыру;
4) IV этап – конкурстық іріктеу және қабылдау.
Қабылдаудың әрбір кезеңінен өтуге тек бір рет жол беріледі.
4. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары Мектепке конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады.
2. Мектепке қабылдау тәртібі
5. Мектеп бастығы, әскери оқу орындарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының бастықтары оқуға қабылдау жылының 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаментіне (бұдан әрі – БҒД) оқуға қабылдау жылының 1 тамызына дейін әзірленетін қабылдау комиссиясының құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасына қосу үшін өкілдер жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
6. Қабылдау комиссиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Шешімдер комиссия мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
7. Қабылдау комиссиясының отырыстары қабылдау комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі, хаттамалар ресімдеумен сүйемелденеді.
8. Қабылдау комиссиясының төрағасы Мектеп бастығы, төраға орынбасары – Мектеп бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары болып табылады.
9. Жаңа буынмен жасақтау үшін жауапты атқарушы орган Мектептің кадрлар бөлімі болып табылады.
10. Мектепте кәсіби-психологиялық іріктеуді тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімі ұйымдастырады және өткізеді.
11. Оқуға түсушілердің дене дайындығын тексеруді Мектептің оқу бөлімі (спорттық база) ұйымдастырады.
12. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, даулы мәселелерді шешу мақсатында Мектеп бастығының бұйрығымен қабылдау комиссиясының жұмысы кезеңінде әрекет ететін апелляциялық комиссия құрылады.
Баға нәтижелерімен келіспейтін оқуға түсушілерден өтініштер нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күнтізбелік күні сағат 10-ға дейін қабылданады.
Хаттамамен ресімделген апелляция мәні бойынша шешім өтініш түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.
13. Оқуға түсуші Мектепке түсу үшін оқуға түсу жылының 15 тамызына дейін ата-анасымен (олардың орнындағы адамдармен) келеді, олар қабылдау туралы өтініш береді.
14. Оқуға түсушілер Мектепке оқуға қабылдау туралы өтінішке қоса мынадай құжаттардың:
1) туу туралы куәліктің;
2) негізгі орта білім туралы куәліктің;
3) көлемі 3х4 4 фотосуреттің;
4) ӘДС қағидаларына сәйкес медициналық құжаттар мен медициналық тексеру нәтижелерінің түпнұсқаларын ұсынады.
15. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар олардың мәртебесін растайтын нотариуспен расталған құжаттарды қосымша ұсынады.
16. Қабылдау комиссиясына осы Қағидалардың 14, 15-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.
17. Қабылдаудың үш кезеңінен өткен оқуға түсушілер конкурстық іріктеуге жіберіледі. Конкурстық іріктеу оқуға қабылдау жылының 25 тамызында рейтингілік балға сәйкес жүргізіледі, ол қабылдаудың үш кезеңінің нәтижелеріне және негізгі орта білім беру туралы куәліктің орта балына барабар есептелінеді. Рейтингілік балды есептеу кестесін БҒД оқуға қабылдау жылының 15 тамызына дейін Мектепке жолдайды.
18. Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында оқуға қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылданады. Шешім оқуға түсу жылының 26 тамызы күні сағат 10.00-ге дейін Мектептің бақылау-өткізу пунктіне ілінеді.
19. Оқуға қабылдаудан бас тартылған оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына түсіндірмелер алу үшін оқуға түсу жылының 26 тамызы күні сағат 18.00-ге дейін өтініш білдіреді.
20. Мектепке қабылдау оқуға қабылдау жылының 26 тамызы күні Мектеп бастығының бұйрығымен жүргізіледі.
21. Оқуға түскендердің сауалнамалық деректерін көрсете отырып, оқуға қабылдау немесе бас тарту туралы қабылдау комиссиясының шешімі оқуға қабылдау жылының 30 тамызына дейін БҒД-ға ұсынылады.