Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11595 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 № 199 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының

      12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 22 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 8 маусым



      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Құжаттар тізбесі жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 № 199 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339
бұйрығымен бекітілген

Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар тізбесі

Ескертпе

1

2

3

4

1

меншік құқығындағы астық сақтау қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті)

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығымен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларына сәйкес берілетін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама

Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "Жылжымайтын мүлік тізімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінен растайды

2

технологиялық жабдықтар: (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған сыйымдылықтар, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық

Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Осы талапқа сәйкестікті лицензиар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 137-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

3

өткізу режимі, аумақтың қоршалуы, асфальтталған алаңдар

Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Осы талапқа сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

4

өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған өндірістік-технологиялық зертхана

"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін өлшем құралдарының типiн бекiту туралы, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттар


5

тиiстi бiлiмi бар (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамы

Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Осы талапқа сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

6

Интернет желісіне қолжетімділік

Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Осы талапқа сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

  Астық қолхаттарын бере отырып,
қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметке
қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне қосымша

Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      Астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің)

      атауы:_______________________________________________________________

      Құқық иеленушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      Астық сақтау қоймасының мекенжайы және кадастрлық нөмірі_____________________________________________________________________

      Меншік иесі (құқық иеленуші) __________________________________

      Технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы ______ бары

Жай-күйі

1

2

3

4

астық кептіру жабдығы

сағатына дана/тонна



астық сақтауға арналған сыйымдылықтар

мың тонна



астық тазалау машиналары

дана



белсенді желдету жабдығы

дана



жылжымалы көлік жабдығы

дана



көтергіш-көлік жабдығы

дана



сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық

жиынтық



таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген)

дана



тиеу-түсіру құрылғылары

дана




      Интернет желісіне қолжетімділік туралы мәліметтер


Сипаттамалары

20___ жылғы ____ бары

1

2

3

Интернет желісіне қолжетімділік




      Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған

      алаңдардың болуы туралы мәліметтер___________________________________

      (асфальтталған алаңдар бойынша көлемдер шаршы метрмен көрсетіледі)

      Өлшем құралдарының типiн бекiту туралы, өлшем құралдарын

      метрологиялық аттестаттау туралы, өлшем құралдарын салыстырып тексеру

      туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтер (сертификаттарды

      мемлекеттік метрологиялық қызметтер немесе аккредиттелген заңды

      тұлғалардың метрологиялық қызметтері береді) ________________________

      _____________________________________________________________________

Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Іс-қимыл басталған күн

Іс-қимыл аяқталған күн

Метрологиялық қызметтің атауы

1

2

3

4

5

6








      Астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық

      зертхананың жарамды жабдықпен және аспаптармен жарақталуы туралы

      мәліметтер

Объект

Өлшем бiрлiгi

20__ жылғы ___________ бары

1

2

3

Ақуыз құрамын анықтауға арналған құрылғылар

дана


Пуркалар

дана


Астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер

дана


Астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар

дана


Дән маңызының құрамы мен сапасын анықтауға арналған құрылғылар

дана


Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер

дана


Елеуіштер жиынтықтары

дана


Зертханалық таразылар

дана


Кептiргiш шкафтар

дана


Құлау санын анықтауға арналған құрылғылар

дана


Сынама іріктегіштер

дана


Ылғал өлшегiштер

дана



      Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы

      туралы мәліметтер

Маманның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Лауазымы

Білімі бойынша мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5