РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 № 622 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 № 622 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы Ж.Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 21 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 29 мамыр
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 166 бұйрығымен бекітілген
РҚАО-ның ескертпесі!
Қағида жаңа редакцияда көзделген - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 № 622 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тасымалдаушының әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын
субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тасымалдаушының әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-19) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау (бұдан әрi – субсидиялау) тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу нәтижесінде анықталған тасымалдаушылардың шығындары субсидияланады.
3. Осы Қағидаларда уәкілетті орган теміржол көлігі саласында басшылықты ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асыруына байланысты тасымалдаушы шығындарын
субсидиялау тәртібі
1-параграф. Субсидиялар мөлшерін анықтау
4. Облысаралық қатынастар уәкілетті органмен, ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңы қатынастары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілдік және атқарушы органдарымен айқындалады.
5. Тасымалдаушының тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, облысаралық қатынастардағы тасымалды жүзеге асыруға байланысты шығындары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегiнде субсидияланады.
Тасымалдаушының ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала манындағы қатынастардағы тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты шығындары тиiстi жергiлiктi бюджеттерде көзделген сомалар шегiнде субсидияланады.
6. Жолаушылар тасымалын әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша ұйымдастыруға арналған субсидиялардың жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 10069 тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың бекітілген тiзбесi негізінде жыл сайын тиiстi бюджетте көзделедi.
7. Табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган жыл сайын «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 15-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесімен белгіленген тәртіпте әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар үшiн тиiстi жылға субсидиялауға көзделген бюджеттік қаражаттарды есепке ала отырып, магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтеріне тарифтерге (бағаларына, ставкаларына, алымдарына) уақытша төмендету коэффициентiн белгілейдi.
8. Поездардың тізбесі, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың саны, олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастарда қатынау кезеңділігі, осы поездардың, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің құрамдылығы уәкілетті немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарымен жыл сайын өткізілетін Қазақстан Республикасындағы жолаушылар тасымалдарын талдаудың негізінде айқындалады.
9. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар поездарының құрамында вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың қатынастарын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ететін тасымалдаушыларға мемлекеттік орган жыл сайын белгіленген тәртіпте осы вагондардың жүрісі үшін магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, ставкаларға, алымдарға) Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен анықталған мөлшерде уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.
10. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi субсидиялар мөлшерiн тиiстi бюджеттің шығыс бөлiгiне енгiзу үшін есептеуді әр жолаушы поезы бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағының 34-23) тармақшасына сәйкес бекітілетін Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізеді.
11. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары санаттарымен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының нақты шығындары субсидиялауға жатады.
Нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығындарын қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығындар тізбесінде көрсетілген субсидияланатын қызметке байланысты тасымалдаушылардың шығыстары ескерілмейді.
12. Ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде тасымалдаудың маусымдылығына және поездардың, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вағондардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне, сондай-ақ жолаушылар ағынына байланысты тараптардың өзара келісуі бойынша шартқа қосымша келісім жасау арқылы поездардың құрамдылығына, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың санына және қатынау кезеңділігіне сәйкес субсидиялар сомасын қайта қарауға жол беріледі.
2-параграф. Субсидияларды төлеу шарттары
13. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарға және төлемдер жөніндегі жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеу төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген есептік құжаттамамен расталған тасымалдар бойынша үш жылға дейін ұзарту құқығы бар бір жылға жасалған әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шартқа сәйкес ай сайын жүргізіледі.
14. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес шартта конкурс жеңiмпазы ұсынған субсидияның айлық сомасының 30 пайызына дейiнгі мөлшерде алдын ала төлеу көзделуi мүмкiн.
15. Тасымалдаушы ай сайын есептіден кейiнгi айдың 25-шi күнiне дейiнгі мерзiмде ұйымның басшысымен, бас бухгалтерiмен және ұйымның мөрiмен куәландырылған мынадай құжаттарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың уәкілетті немесе атқарушы органына (бұдан әрі – атқарушы орган):
1) Қағидалардың осы тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы көрсеткіштер есебін түсіндіретін түсіндірме жазбаны осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есепті және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есепті;
2) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актiсiн;
3) қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүріп тұратын поездарда вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжатын;
4) қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, ұйымдастыру шығындары субсидиялауға жататын тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының және тасымалдаушының құжатын;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептіден кейінгі айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты кірістер есептері;
7) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты тасымалдаушының шығыстарының есептері;
8) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты тікелей шығыстарының тізілімі;
9) тасымалдаушы мен жол жүру құжаттарын сатуды жүзеге асыратын ұйым арасындағы есеп айынан кейінгі айдың бірінші күні бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;
10) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын бағыттардың тізілімін ұсынады.
16. Тасымалдаушылар Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күнінен бастап уәкiлеттi немесе атқарушы орган күнтізбелік 15 күн ішінде орындалған жұмыстар актiсiне қол қояды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Аумақтық қазынашылық органына Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тікелей шығыстарының тізілімін ұсынады.
Тасымалдаушының әлеуметтік
маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруына байланысты шығындарын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
Тасымалдаушылардың субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарын қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың тізбесі
Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың мынадай:
1) нормативтен тыс техникалық және коммерңиялық ысыраптар, тауарлық–материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі және қоймалардағы тауарлар қорлары, басқа да өндірілмейтін шығыстар (жұмысты ұйымдастыру сапасына және басқа да факторларға байланысты әр түрлі сипаттағы ысыраптарды жабатын өндірістік қызметке арналған шығындар) мен ысыраптар;
2) ластағыш заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төленетін төлемдер;
3) үмітсіз борыштар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі аяқталған дебиторлық берешек);
4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы мен санкциялардың басқа түрлері;
5) кірісті жасырғаны (азайтқаны) үшін төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
6) ұрлықтардан келген зияндар;
7) ақаудан болған ысыраптар;
8) қызмет көрсететін шаруашылықтар мен учаскелерді ұстау (үй-жайларды теғін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т. б.);
9) денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын, оның ішінде кәсіптік-техникалық училищелерді ұстау;
10) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;
11) ұйым қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеу;
12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, концерттерді және басқаларды) өткізу;
13) демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету;
14) жолаушыларды теміржол вагондарына арналған жұмсақ алмалы-салмалы мүккәмалын жолдау бойынша шығындар.
Тасымалдаушының әлеуметтік
маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруына байланысты шығындарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Нұсқа
Жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есеп
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
||
Кезең |
Поезд № |
Қатынас |
Қашықтық, км. |
Қатынау кезеңділігі |
Вагон түрі |
Құрамдағы вагондардың саны |
Вагондардың жүрген жолы ваг/км |
Жолаушы айналымы, жолаушы, км |
1 жолаушы – км өзіндік құны |
Жолаушылар тасымалданды |
Бағыт бойынша кіріс мың тг. |
Тасымалдар бойынша шығыстар |
Шығыстар жиыны мың тг. |
||
МТЖ көрсетілетін қызметтері, мың тғ. |
Локомотивтар тымының қызметі мың тг. |
Тасымалдаушының шығыстары мың тг. |
Тасымалдаушы
Бас бухгалтер
М.о.
Тасымалдаушының әлеуметтік
маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруына байланысты шығындарын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Нұсқа
Жыл басынан бастап жолаушылар тасымалының орындалуы туралы есеп
20___ жылғы _________ бойынша
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
||||
Кезең |
Поезд № |
Қатынас |
Қашықтық, км |
Қатынау кезеңділігі |
Вагон түрі |
Құрамдағы вагондардың орташа саны |
Вагондардың жүрген жолы, ваг/км |
Жолаушы айналымы, жолаушы-км |
1 жолаушы, км орташа өзіндік құны, тг |
Жолаушылар тасымалданды |
Жол бағыты бойынша кіріс, мың тг |
Тасымалдар бойынша шығыстар |
Шығыстар жиыны мың тг |
Кіріспен жабылмайтын шығыстар, мың тг |
||||
МТЖ қызметтер көрсетуі, мың тг. |
Локомотив тартымының қызметтері, мың тг |
Тасымалдаушының шығыстары, мың тг |
||||||||||||||||
Барлығы |
Жыл басынан баспан төленген субсидия |
Субсидиялауға жатады |
||||||||||||||||
Тасымалдаушы
Бас бухгалтер
М.о.
Тасымалдаушының әлеуметтік
маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруына байланысты шығындарын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
Нұсқа
Орындалған жұмыстар актісі
20 ___ жылғы «____»_________
Біз, төменде қол қойғандар,
_____________________________________________________________________
(актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә.А.)
бір тараптан және ___________________________________________________
(актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә.А.)
екінші тараптан, 20 __ жылғы ______________ айы ішінде орындалған
жұмыстардың осы актісін жасадық.
Поезд № |
Жүріп–тұру күндерінің саны |
Вагон айналымы |
Бағытты субсидиялау |
|||
вагон түрі |
вагон түрі |
вагон түрі |
вагон түрі |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
20 __ жылғы _____________ айына арналған субсидиялау сомасы
_____________________________________________________________ құрайды
(теңгедегі сомасы цифрмен және жазбаша)
Тараптардың заңды мекенжайы:
Уәкілетті орган: Тасымалдаушы:
БСН БСН
Банктік деректемелер Банктік деректемелер
_________________________________ _______________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.А.) (басшының қолы, Т.А.Ә.А.)
_________________________________ _______________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.А.) (актілерді қабылдауға жауапты
басшының қолы, Т.А.Ә.А.)
М.о. М.о.
Тасымалдаушының әлеуметтік
маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруына байланысты шығындарын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
Нұсқа
Өзара есептерді салыстыру актісі
20__ жылғы «__» ____________ жағдай бойынша
№ |
Мазмұны |
Атауы |
Атауы |
||
Дебет |
Кредит |
Дебет |
Кредит |
||
20__ жылғы «__» __________ сальдо |
|||||
Айналым қорытындысы |
|||||
20__ жылғы «__» __________ сальдо |
20 __ жылғы _____________ айына арналған субсидиялау сомасы
_____________________________________________________________ құрайды
(теңгедегі сомасы цифрмен және жазбаша)
Тараптардың заңды мекенжайы:
Уәкілетті орган: Тасымалдаушы:
БСН БСН
Банктік деректемелер Банктік деректемелер
_________________________________ __________________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.А.) (басшының қолы, Т.А.Ә.А.)
_________________________________ __________________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.А.) (актілерді қабылдауға жауапты
басшының қолы, Т.А.Ә.А.)
М.о. М.о.
Тасымалдаушының әлеуметтік
маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруына байланысты шығындарын
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
20__ жылғы ____________________
әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын
жүзеге асыруға байланысты кірістер бойынша есеп
Вагондар түрі |
Саны |
Барлық бағытқа кірістер |
Қазақстан аумағы бойынша кірістер |
||||||||||||||||||||||
Барлығы |
оның ішінде |
Барлығы |
оның ішінде |
||||||||||||||||||||||
Жолаушылар тасымалынан |
Төсек орын сатудан |
Шай сатудан |
Өзге де кірістер |
серви-стік қызметтер |
Вагон дардың жүрген жолы ваг/км |
Вагондарды жалға беру |
Жолаушылар тасымалынан |
Төсек орын сатудан |
Шай сатудан |
Өзге де кірістер |
серви-стік қызметтер |
Вагон дардың жүрген жолы ваг/км |
Вагондарды жалға беру |
||||||||||||
Агенттік комиссиялық сыйақы |
Тасымалдау бланкілерін пайдалану |
Жергілікті кіріс |
Бастапқы құжаттарды өндеу жөніндегі |
Өзгелері (жеделхаттар, баспа өнімдерін тарату) |
Агенттік комиссиялық сыйақы |
Тасымалдау бланкілерін пайдалану |
Жергілікті кіріс |
Бастапқы құжаттарды өндеу жөніндегі |
Өзгелері (жеделхаттар, баспа өнімдерін тарату) |
||||||||||||||||
Барлық саны |
|||||||||||||||||||||||||
оның ішінде: люкс |
|||||||||||||||||||||||||
купе |
|||||||||||||||||||||||||
плацкарт |
|||||||||||||||||||||||||
жалпы |
|||||||||||||||||||||||||
жүк |
|||||||||||||||||||||||||
вагон-мейрамханалар |
|||||||||||||||||||||||||
почта |
|||||||||||||||||||||||||
Ұлттық банктің |
|||||||||||||||||||||||||
Әділетмин-нің |
|||||||||||||||||||||||||
өзғелері (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша) |
Ескерпе:
1) Қазақстан аумағында әлеуміттік маңызы бар вагондар бойынша
шығыстар, барлығы __________________ мың теңге
2) Әлеуметтік маңызы бар вагондар бойынша кірістер (билеттер,
төсек-орын, шай сатудан, басқа да тасымалдаушыларға қызмет
көрсетуден) ________ мың теңғе
3) Қазақстан аумағы бойынша әлеуметтік маңызы бар вагондар
бойынша кірістер, барлығы ___________ мың теңге
4) Шығыстар мен кірістер арасындағы айырма (әлеуметтік маңызы
бар вагондар бойынша) ___________ мың теңге
Басшы _____________________ Бас бухғалтер ___________________
Т.А.Ә.А. қолы Т.А.Ә.А. қолы
Тасымалдаушының әлеуметтік
маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруына байланысты шығындарын
субсидиялау қағидаларына
7-қосымша
20__ жылғы ______________
әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын
жүзеге асыруға байланысты шығыстар бойынша есеп
(мың теңге)
Вагондар турі |
Саны |
Барлық бағыттағы шығыстар |
Қазақстан аумағы бойынша шығыстар |
||||||||
Барлығы |
оның ішінде |
Барлығы |
оның ішінде |
||||||||
Локомотивтік тартымы |
МТЖ |
Тасымалдаушының шығыстары |
Оның ішінде кезең шығыстары |
Локомотивтік тартымы |
МТЖ |
Тасымалдаушының шығыстары |
Оның ішінде кезең шығыстары |
||||
Барлық саны |
|||||||||||
оның ішінде: люкс |
|||||||||||
купе |
|||||||||||
плацкарт |
|||||||||||
жалпы |
|||||||||||
жүк |
|||||||||||
вагон-мейрамханалар |
|||||||||||
почта |
|||||||||||
Ұлттық банктің |
|||||||||||
Әділет- |
|||||||||||
өзгелері (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша) |
Ескертпе:
1) Әлеуметтік маңызы бар вагондар бөйынша шығыстар, барлығы
_______________ мың теңге
2) Қазақстан аумагындағы әлеуміттік маңызы бар вагондар бойынша
шығыстар, барлығы ______________ мың теңге
Басшы ____________________ Бас бухғалтер ____________________
Т.А.Ә.А. қолы Т.А.Ә.А. қолы
Тасымалдаушының әлеуметтік
маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруына байланысты шығындарын
субсидиялау қағидаларына
8-қосымша
____ жылдың ___________ айы үшін __________________________
(тасымалдаушының атауы)
тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты тікелей
шығыстарының тізілімі
(мың теңге)
Кезең |
Шығыстардың атауы |
Шығыс құжаты |
Шығыс құжаты бойынша сома |
Вагондардың жалпы жүрісі, ваг-км |
Субсидияланатын вагондар бойынша жүріс, ваг-км |
Субсидияланатын вагондар бойынша шығыстар сомасы |
Басшы ______________________ Бас бухгалтер __________________
Т.А.Ә.А. қолы Т.А.Ә.А. қолы
Тасымалдаушының әлеуметтік
маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруына байланысты шығындарын
субсидиялау қағидаларына
9-қосымша
Субсидияланатын бағыттардың тізілімі
20 ___ жылғы «___»______________
Р/с |
Бағыттың |
Жөнелту станциясы |
Жеткізу станциясы |
Бағытты субсидиялау сомасы (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Субсидиялау сомасының жиыны:
_____________________________________________________________________
(теңгедегі сомасы ңифрмен және жазбаша)
Осы тізілімге мыналар қоса беріледі:
1. _______________________________
2. _______________________________
3. _______________________________
Тасымалдаушы: Уәкілетті орган:
_________________________________ _______________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.А.) (басшының қолы, Т.А.Ә.А.)
_________________________________ _______________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.А.) (актілерді қабылдауға жауапты
басшының қолы, Т.А.Ә.А.)
М.о. М.о.