Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11540 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 № 622 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 № 622 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 21 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 29 мамыр



  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 166 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын
жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ
мерзімді субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 № 622 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағы 34-19) тармақшасына сәйкес жасалды және Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау (бұдан әрі – шығыстар) тәртібін айқындайды.

      1-1. Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы темір жол учаскелері мен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы темір жол учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау тәртібі 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияландырылған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасына сәйкес бекітілетін теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 1-бөлім 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы қағидаларда мынадай қысқартулар мен терминдер пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;

      2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – магистральдық теміржол желісін жаңғыртуды, күтіп-ұстауды, пайдалануды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға.

2-бөлім. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау тәртібі

1-параграф. Субсидия мөлшерін анықтау

      3. Ұзақ мерзімді субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушы айқындайтын шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын ашық тендер негізінде өтетін конкурс нәтижесі бойынша айқындалған тасымалдаушының шығыстары жатады.

      4. Облысаралық қатынастар уәкілетті органдармен, ал ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қала маңы қатынастары – жергілікті өкілдер және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және облыстық атқарушы органдармен айқындалады.

      5. Тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарын есепке ала отырып облысаралық қатынастардағы шығыстарды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома мөлшерінде субсидияланады.

      6. Тасымалдаушының ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды тиісті жергілікті бюджеттерде көзделген сомалар шегінде субсидияланады.

      7. Шығыстарын субсидиялаудың жалпы сомасы Заңның 14-бабы 2-тармағы 34-23) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген жыл сайынғы тиісті бюджетте қарастырылады.

      8. Табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12022 болып тіркелген) Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларына сәйкес тасымалдаушылар үшін тиісті жылға субсидиялауға бөлінген көлемдегі мемлекеттік бюджетті есепке ала отырып, магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне тарифтерге (бағаларына, мөлшерлемелерге, алымдарға) уақытша төмендету коэффициенттін белгілейді.

      9. Пойыздардың тізбесі, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың саны, олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастарда қатынау кезеңділігі, осы пойыздардың, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің көлемділігі уәкілетті және атқарушы органдарымен айқындалады.

      10. Жолаушылар поездарының құрамдарында вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың, сонымен қатар жолаушылар поездарының қатынауын (эксплуатацияны) қамтамасыз ету үшін қажет технологиялық вагондардың қатынастарын қамтамасыз ететін тасымалдаушыларға мемлекеттік орган осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жыл сайын белгіленген тәртіпте магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, мөлшерлемелерге, алымдарға) Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен көзделген мөлшерде уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.

      11. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидиялар мөлшерін тиісті бюджеттің шығыс бөлігіне енгізу үшін есептеуді әр жолаушы поезы бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып Әдістемеге сәйкес жүргізеді.

      12. Ұзақ мерзімді субсидиялауға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) тасымалдаушының жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары санаттарымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ тиісті бекітілген бюджетке сәйкес келетін деңгей шегінде жолаушылар поездарының қатынауын қамтамасыз ету үшін технологиялық қажет вагондармен тасымалдаудың нақты шығындары жатады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2020 № 236 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ұзақ мерзімді субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шегінде мынадай шығыстардың түрлері жатады:

      1) магистральды теміржол желісінде көрсетілетін қызметтер шығыстарын, оның ішінде басқа тасымалдаушылардың поездарының құрамындағы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүріс шығыстары;

      2) локомотивпен тарту қызметіне шығыстар, оның ішінде локомотивтік бригада еңбек төлемі қорын, поездарды тартуға жанармай және электроэнергияны қоса алғанда, тарту жылжымалы құрамын пайдалануға байланысты шығыстары;

      3) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды күтіп-ұстауға, олардың вагон бойынша жөндеудің жоспарлы түрлерін, ағымдағы техникалық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, амортизациялық бөлектеуді қоса алғандағы шығыстары;

      4) жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдауында тартылған вагондарды жалға алу шығыстары;

      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген) сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды республикалық бюджеттен субсидиялау жағдайын қоспағанда (негізгі борыштарды өтеу және қарызға қызмет көрсетуге шығындар) қарыздар бойынша қаржылық шығыстарды енгізе отырып сатып алуға арналған шығыстар;

      6) анықтама бюросының ақпарат беруі бойынша және вокзалдың жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайларына жолаушылардың кіруіне рұқсат беру бойынша теміржол вокзалдары мен станциялардың көрсетілетін қызметтеріне шығыстары.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 913 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2020 № 236 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастар бойынша тасымалдауды ұйымдастыру жағдайында жолсеріктердің, поезд локомотив бригадалары бастықтарының еңбекақысын төлеу қоры, әлеуметтік аударымдар, вагондарды сумен және отынмен жабдықтау, вагондарды дератизациялау, дезинсекциялау, дезинфекциялау, перрондарды жалға алу бойынша қызметтер, теміржол вокзалдарында анықтама-ақпараттық қызметтер, жұмсақ жиналмалы мүкәммалдарды жуу және химиялық тазалау, жолаушылар вагондары үшін мүкәммал және жабдықтарды сатып алу және күтіп-ұстау, медициналық қызметтер (жолсеріктердің, поездың және локомотив бригадалары), жалпы қолданыстағы вокзал үй-жайына кіру бойынша қызметтер ұзақ мерзімді субсидиялауға жатады.

      Ескерту. 1-параграф 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13-2. Төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар және қала маңындағы поездардың мәжбүрлі тоқталуы кезінде осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген шығыстардың нақты баптары, сондай-ақ жалақы және әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстары субсидиялауға жатады.

      Ескерту. 1-параграф 13-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.06.2020 № 355 бұйрығымен.

      14. Шарттың талаптарына сәйкес ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау арқылы субсидиялар көлемін вагондардың субсидияланатын жүріс көлеміне барабар қайта қарауға, оның ішінде қалыптастыру/айналым пунктін, әлеуметтік маңызы бар қатынастар атауларын, арақашықтығын және маршруттың қатынау кезеңділігін өзгертуге жол беріледі.

      Жыл сайын субсидиялауға жататын шығыстар көлемі жасалған әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарты (бұдан әрі – шарт) бойынша бір вагон-километрге субсидия көлемін пропорционалды айқындау және оны тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар, вагондардың жүрісінің өзгерісін ескере отырып шартқа сәйкес вагон-километр көлеміне көбейту айқындау жолымен есептеледі.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 913 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Субсидия төлеу шарттары

      15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) сәйкес жүргізіледі.

      Қаржыландыру жоспары субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қаржы институтымен және тасымалдаушы немесе оператормен келісу бойыншға уәкілетті органмен бекітіледі.

      16. Ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеу төлемдері жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.

      17. Субсидияның жалпы сомасын төлеу әр поезд бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып жүзеге асырылады.

      18. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген расталған есептік құжаттамамен жасалған шартқа сәйкес тасымалдау бойынша ай сайын жүргізіледі.

      19. Шартқа сәйкес жылдық субсидиялау сомасынан 25%-ға дейінгі мөлшерде төлемақы көзделеді.

      20. Тасымалдаушы ай сайын есептіден кейінгі айдың 25-ші күніне дейінгі мерзімде уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органға басшысымен, бас бухгалтерімен қолдарын қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша осы тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді түсіндіруші түсіндірме жазбаны Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есеп.

      Сонымен қатар, субсидияланатын шығыстарды анықтау осы тармақта көрсетілген есептерде ұсынылған тасымалдаушының субсидияланатын шығыстар баптарына іспеттес тасымалдаушының жалпы шығыстарына және вагон жүрісінің жалпы көлеміне пропорционалды жүзеге асырылады;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісін;

      3) қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүріп тұратын поездарда вагондардың болуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжатын;

      4) қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын үлгілер бойынша вагондарда тасымалданған жолаушылар саны, вагон айналымы, жолаушылар айналымы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаттарын;

      5) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторын локомотивтік тарту операторы арасындағы есептілік кезеңінде әр айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;

      6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстар тізілімі;

      7) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланған бағыттардың тізілімі;

      8) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауы кезінде тартылған вагондарды олардың жоспарланған жөндеу жұмыстарының түрлері мен техникалық көрсетуді вагондарды сатып алу және оларды күтіп-ұстау, жалға берудің техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеудің жоспарлы түрлері қосылған шығыстарын растайтын құжаттар.

      21. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша олардың техникалық қызмет көрсету және жоспарлы жөндеу түрлерін енгізе отырып жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды сатып алуға, жалға алуға және күтіп-ұстауға шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      1) жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын вагондарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 көлемінде вагондарға техникалық қызмет көрсету және (күрделі жөндеу жұмыстары, деполық жөндеу жұмыстары, тиімді пайдалану мерзімін ұзарту күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және күрделі қалпына келтіру жөндеу жұмыстары) жөндеу жұмыстары бойынша қызметтерді жүзеге асыратын тасымалдаушымен ұйымдар арасында есептік кезеңнің әр айға бірінші күніндегі жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;

      2) жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын вагондарды жалға алу бойынша қызметтерді ұсынатын тасымалдаушы мен ұйымдар арасында (есептік кезеңнің әр айға бірінші күніндегі жағдай бойынша) өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;

      3) вагондарды сатып алу және күтіп ұстауға, жалға беру шығыстары бойынша шот-фактуралар, есептелген амортизация ведомосты және оны есептік кезеңіндегі шығыстарға жатуы, электроэнергия және дизельді жанармай шығыстары бойынша орындалған жұмыстар актісі және шот-фактуралар;

      4) вагондарды сатып алынған ұйымнан төлем шоттарын (субсидияланған сомасын тасымалдаушының есебіне аударылғаннан кейін) 7 банкт күн ішінде ұсынысы вагондарды сатып алу жөніндегі төлем тапсырмасының түпнұсқасы;

      5) кредит шарттарының көшірмелерін және қаржы лизинг туралы шарттарын сатып алынатын вагондарды ай сайынғы төлем кестесімен қоса беріліп отырған қосымшаларды жасауға шаралары бойынша ұсынылған қосымша шегінде куәләндырылған;

      6) осы Қағидалардың 13 және 13-1 тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын өзге де құжаттар.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Уәкілетті немесе республикалық маңызы бар қалалар, облыстар, астаналардың жергілікті атқарушы органдармен 15 күнтізбелік күні ішінде осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген тасымалдаушы құжаттарын ұсынған күннен бастап, орындалған жұмыстары актілеріне қол қойылады және есептік кезеңіне шығыстардың тізілімі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес және төлем шотымен бірге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына ұсынылады.

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2020 № 236 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды орындау туралы ай сайынғы есеп 20 __ жылғы _________

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кезең (ай)

Поездың

Қатынас

Ара қашықтық, км.

Қатынау жиілігі

Вагон типі

Вагондардың азаймайтын жүрген жолы
мың.ваг/км

Вагондардың жүрісі,
мың.ваг/км

Жолаушылар айналымы
мың.жол. км

Тасымалданған жолаушылар, мың. адам

Халық саны, адам/вагон

Тасымалдау шығыстары, мың.теңге

Шығыстардың барлығы
мың. теңге

МТЖЖ қызметі

локомотивпен тарту қызметі

вагондарды жалдау

вагондарды сатып алу

вагондарды ұстау

Басқа шығыстар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Басшы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2020 № 236 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың орындалуы туралы жыл басынан өсу бойынша есеп 20 __ жылғы ____________

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кезең

Пойыздың №

Қатынас

Ара қашықтық
км.

Қатынау жиілігі

Вагон типі

Вагондардың азаймайтын жүрген жолы мың.ваг/км

Вагондардың жүрген жолы,
мың.ваг/км

Жолаушылар айналымы
мың.жол.км

Жолаушылардың тасымалдануы, мың. адам

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      кестенің жалғасы

Тасымалдау жөніндегі шығыстар, мың.теңге

Шығыстардың барлығы
мың.теңге

Шығыстарды ұзақ мерзімді субсидиялау көлемі, мың.теңге

МТЖЖ қызметі

локомотивпен тарту қызметіне

вагондарды жалдау

вагондарды сатып алу 

вагондарды дұрыс ұстау

Басқа шығыстар

жыл басынан төленген субсидия

субсидиялауға жатады

11

12

13

14

      Басшы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Әлеуметтік маңызы бар
  қатынастар бойынша
  жолаушылар тасымалын жүзеге
  асырумен байланысты
  тасымалдаушылар шығыстарын
  ұзақ мерзімді субсидиялау
  Қағидасына
  3-қосымша
  Нысан

Орындалған жұмыстар актісі

      20___жыл "____"________

      Біз, төменде қол қойып отырғандар ____________________________________________

      (қолы, акт қабылдауға жауапты басшының аты-жөні (бар болған жағдайда))

      Бір тараптан _______________________________________________________________

      (қолы, басшының, бас бухгалтердің аты-жөні(бар болған жағдайда))

      ________________ 20___жылы екінші тараптан осы орындалған жұмыстар актісін жасап

Пойыз №
 

Қатынау күндерінің саны
 

Вагоның типі
 

Вагон айналымы, мың.ваг-км
 

Азаймайтын вагон айналымы, мың.ваг-км
 

Субсидиялау сомасы (мың.теңге)
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 



Купе
 




Плацкарт
 



Жалпы
 



Қызмет-техникалық
 



электрпоезд
 



дизельпоезд
 




БАРЛЫҒЫ
 





      20 ___ жылғы _______________ субсидиялау сомасы

      _____________________________________________________________ құрайды

      (сомасы санмен және сөзбен теңгеде жазылады)

      Тараптардың заңды мекен-жайы:

      Уәкілетті орган: Тасымалдаушы:

      БЖН БЖН

      Банк реквизиттері Банк реквизиттері

      _________________ ___________________

      (қолы, басшыңың аты-жөні (қолы, басшының аты-жөні

      (бар болған жағдайда)) (бар болған жағдайда))

      _________________________ _____________________________

      (қолы, акт қабылдауға (қолы, бас бухгалтердің аты-жөні

      жауапты басшының аты-жөні (бар болған жағдайда))

      (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Әлеуметтік маңызы бар
  қатынастар бойынша
  жолаушылар тасымалын
  жүзеге асырумен байланысты
  тасымалдаушылар
  шығыстарын ұзақ мерзімді
  субсидиялау Қағидасына
  4-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушыларының
жүзеге асыруына байланысты тасымалдаушылар
шығындарының тізілімі
__________ айы _________ жылы
(тасымалдаушының атауы)

Кезең
 

Шығындардың атауы
 

Шығындар құжаты
 

Шығындар құжатының сомасы
 
мың.теңге
 

Вагондардың жалпы жүрісі мың.ваг/км
 

Субсидиялау вагондар бойынша жүрісі мың.ваг/км
 

Субсидиялау вагондар бойынша шығындар сомасы, мың.теңге
 

      Басшы                   Бас бухгалтер

      ________________________       ___________________

      Қолы аты-жөні             Қолы аты-жөні

      (бар болған жағдайда)       (бар болған жағдайда)

  Әлеуметтік маңызы бар
  қатынастар бойынша
  жолаушылар тасымалын
  жүзеге асырумен байланысты
  тасымалдаушылар
  шығыстарын ұзақ мерзімді
  субсидиялау Қағидасына
  5-қосымша
  Нысан

Субсидиялау маршруттарының тізілімі

      "___"______________20___ жыл

№ п/п
 

Пойыздың №
 

Жөнелту станцасы
 

Жету станцасы
 

Субсидиялау сомасы (мың.теңге)
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 


      Субсидиялау сомасының барлығы:

      __________________________________________________________________________

      (сомасы санмен және сөзбен теңгеде жазылады)

      Осы тізілімге қоса беріліп отыр:

      1. _______________________________

      2. _______________________________

      3. _______________________________

      Тараптардың заңды мекен-жайы:

      Уәкілетті орган: Тасымалдаушы:

      БЖН БЖН

      Банк реквизиттері Банк реквизиттері

      _________________ ___________________

      (қолы, басшыңың аты-жөні (қолы, басшының аты-жөні

      (бар болған жағдайда)) (бар болған жағдайда))

      _________________________ _____________________________

      (қолы, акт қабылдауға (қолы, бас бухгалтердің аты-жөні

      жауапты басшының аты-жөні (бар болған жағдайда))

      (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (бар болған жағдайда)