Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11533 тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламенті бекітілсін.
      2. Мыналар:
      1) «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелімінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 9362 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымдағы № 111 (28335) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 245 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелімінде 2014 жылғы 25 шілдеде № 9629 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 тамыздағы № 161 (28385) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
      3. Жоғары, жоғары оқу орнынан дейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.С. Ысмағұлова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым
      министрі                                   А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы 
№ 346 бұйрығына 1-қосымша

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.02.2016 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мыналар:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және (немесе) қағаз жүзінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      көрсетілетін қызметті берушіде – конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып табылатын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органына (бұдан әрі – жұмыс органы) жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат не құжаттарды қабылдаудан және тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      Мемлекеттік корпорацияда – конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе жұмыс органына жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат не құжаттарды қабылдаудан және тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      порталда – уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе жұмыс органына жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат не құжаттарды қабылдаудан және тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін стандарттың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімі кезеңінде стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе электронды сұранысының болуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан тікелей келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішін не сұранысын қарауы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын шарттар мен талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруы;
      4) құжаттар конкурсқа қатысудың шарттары мен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы қолхат/электронды хабарлама ресімдеу және беру;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің «еБолашақ» көп функционалды ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушы туралы ақпаратты енгізуі және тіркеуі;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа қатысуға рұқсат туралы немесе жеке тәртіпте қарау үшін жұмыс органына құжаттарын жіберу туралы қолхат/электронды хабарлама не құжаттарды қабылдаудан және тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
      1), 2) тармақшаларда көрсетілген рәсімдерді орындау ұзақтығы 20 минут ішінде, 3), 4), 5), 6) тармақшаларда көрсетілген рәсімдерді орындау ұзақтығы құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      6. Келесі рәсімдерді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар қабылдау;
      2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы немесе жұмыс органында жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат дайындау;
      3) конкурсқа қатысуға жіберу туралы немесе жұмыс органында жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат немесе құжаттарды қабылдаудан және тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бойынша жауапты уәкілетті қызметкері қатысады.
      Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      8. Қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркелген орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасайды.
      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік корпорация арқылы қадамдық әрекет пен шешімдер (№ 1 диаграмма) осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      Мемлекеттік корпорацияға қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауына қарай портал арқылы электронды кезекті «броньдау» мүмкіндігі бар.
      Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау процесінің сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алу:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация операторына дайын құжаттар топтамасын тапсырады;
      2-рәсім – Мемлекеттік корпорация операторының қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
      3-рәсім – Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалнама нысанын қағаз нысандағы құжаттарының болуы туралы белгі бойынша толтыруы, алушы тапсырған құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына бекіту және ЭСҚ арқылы толтырылған нысанды (енгізілген деректерді) куәландыру;
      4-рәсім – сауалдың қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті алушыға қабылдау нөмірі мен күнін, сұратылған мемлекеттік қызмет түрін; қоса берілген құжаттардың саны мен атауын; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда) және олардың байланыс телефондарын көрсетіп, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған тиісті құжаттарды электронды көшірмелер нысанында қабылдау туралы қолхат беру (құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушының өзінде қалады) болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы оған сауал тапсырған күні берілген қолхатпен 2 (екі) жұмыс күнінен кейін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасайды.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің 9-стандартына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсімдерінің (әрекеттерінің) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын ЭСҚ көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;
      2) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭСҚ тіркеу куәлігін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға алушының паролін енгізу процесін бекіту;
      3) 1-шарт – порталда логин (ЖСН) және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама жасау;
      5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталда «Білім» бөлімін таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сауал нысанын шығару және көрсетілетін қызмет алушының сауал нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде бекітумен оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке алып, нысанды толтыру (деректерді енгізу);
      6) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сауалды куәландыру (қол қою) үшін ЭСҚ тіркеу сертификатын таңдауы;
      7) 2-шарт – порталда ЭСҚ тіркеу сертификатының әрекет ету мерзімін және тізімде шақыртып алынған (жойылған) тіркеу сертификаттарының болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген ЖСН және ЭСҚ тіркеу сертификатында көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;
      9) 6-рәсім – қызмет көрсетуге арналған сауалнаманың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭСҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      10) 7-рәсім – «Жеке кабинет»/«Қызмет алу тарихы» бөлімінде 2 (екі) жұмыс күнінен кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу.
      Портал арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер (№ 2 диаграмма) осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      9-1. Рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің нақты сипаттамасы, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын
тағайындау конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау» мемлекеттік
қызмет регламентіне 1-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер
(әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы

     

«Болашақ» халықаралық стипендиясын
тағайындау конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау» мемлекеттік
қызмет регламентіне 2-қосымша 

Мемлекеттік корпорация арқылы қадамдық әрекет пен шешімдер
(№ 1 диаграмма)

Портал арқылы қадамдық әрекет мен шешімдер (№ 2 диаграмма)


 
 
 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын
тағайындау конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау» мемлекеттік 
қызмет регламентіне 3-қосымша  

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету
бизнес-процесінің анықтамалығы

      

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің 
2015 жылғы 1 маусымдағы  
№ 346 бұйрығына 2-қосымша 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі
туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.02.2016 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік  корпорация);
      3) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      3. Көрсетілетін қызметті берушіде, Мемлекеттік корпорацияда және порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішті ұсынуы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қабылдауы және тіркеуі;
      2-рәсім – «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты мәртебесін тексеру және анықтаманы ресімдеу;
      3-рәсім – анықтамаға қол қою;
      4-рәсім – анықтаманы тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға беру.
      Өтінішті Астана қаласындағы Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері осы күн ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
      Өтінішті басқа өңірлердегі Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 4 (төрт) жұмыс күні ішінде курьерлік байланыс арқылы қағаз түрінде жіберуді қамтамасыз етеді.
      Осы мерзімдерде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьерлік байланыс арқылы Мемлекеттік корпорацияға жіберуді қамтамасыз етеді.
      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:
      1) тіркелген өтініш және орындауға тапсыру;
      2) «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі;
      3) басшылықтың анықтамаға қол қоюы;
      4) көрсетілетін қызметті алушының анықтаманы алуы.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;
      2) түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімше (бұдан әрі – ТЖБ);
      3) оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі – ОҰБ);
      4) басшылық.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:
      1-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан не Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен өтінішті тіркеп, сол күні өтініштің келіп түскен нысаны бойынша стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құзырет бойынша ТЖБ-ға не ОҰБ-ға орындау үшін тапсырады;
      2-рәсім – ТЖБ және ОҰБ қызметкерлері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өз құзыреттері шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты мәртебесін тексереді, анықтама ресімдеп, сол күні оны басшылыққа қол қоюға тапсырады.
      3-рәсім – анықтама ресімделген күні басшылықта анықтамаға қол қою және құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеге тапсыру 30 минут ішінде жүзеге асырылады;
      4-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері 15 минут ішінде анықтаманы тіркейді және басшылықта оған қол қойылған күні көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға береді.
      9. Құрылымдық бөлімшелердің және Мемлекеттік корпорация арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
      11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсімдерінің (әрекеттерінің) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;
      2) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу сертификатын, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға алушының парольді енгізу процесін бекіту;
      3) 1-шарт – порталда жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) логині және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама жасау;
      5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталда «Білім» бөліміндегі таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сауал нысанын шығару және көрсетілетін қызмет алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке алып, толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сауалды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу сертификатын таңдауы;
      7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу сертификатының әрекет ету мерзімін және тізімде шақыртып алынған (жойылған) тіркеу сертификаттарының болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу сертификатында көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;
      9) 6-рәсім – қызмет көрсетуге арналған сауалнаманың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);
      10) 7-рәсім – «Жеке кабинет»/«Қызмет алу тарихы» бөлімінде 1 (бір) жұмыс күнінен кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу.
      Портал арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес диаграмма түрінде келтірілген.
      12. Рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиатының мәртебесі туралы 
анықтама беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша     

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі
 

Рәсімдер
(іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімшесі немесе Мемлекеттік корпорация

Түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімше (ТЖБ) не Оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (ОҰБ)

Басшы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Рәсім сипаттамасы

көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен өтінішті қабылдау және тіркеу

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесін тексеру және анықтама ресімдеу

анықтамаға қол қою

анықтаманы тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға беру

Орындау мерзімдері

Өтініш келіп түскен  күні 15 минут ішінде

1 жұмыс күні

анықтаманы ресімдеген күні 30 минут ішінде

басшылықтан анықтаманы алған күні 15 минут ішінде

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиатының мәртебесі туралы 
анықтама беру» мемлекеттік   
қызмет регламентіне 2-қосымша  

Құрылымдық бөлімшелер және Мемлекеттік корпорация арасындағы
рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы

       

 «Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиатының мәртебесі туралы
анықтама беру» мемлекеттік  
қызмет регламентіне 3-қосымша 

Портал арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер (диаграмма)

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиатының мәртебесі туралы
анықтама беру» мемлекеттік  
қызмет регламентіне 4-қосымша 
 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі
туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету
бизнес-процесінің анықтамалығы

      

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы 
№ 346 бұйрығына 3-қосымша 

«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.02.2016 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мыналар:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік  корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Көрсетілетін қызметті берушіде және Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға шығатындар үшін қағаз жүзіндегі жоғары оқу орнына/тілдік мектепке/елшілікке кепілхат (бұдан әрі – кепілхат) болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар қоса берілген өтініштін болуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қабылдауы және тіркеуі 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің келіп түскен құжаттарды тексеруі (өңдеуі) 4 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      3-рәсім – кепілхат ресімдеу және оған басшылықта қол қою 4 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      4-рәсім – кепілхатты тіркеу және көрсетілетін қызметті алушының қолына не Мемлекеттік корпорация арқылы беру 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Өтінішті Астана қаласындағы Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері осы күн ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
      Өтінішті басқа өңірлердегі Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 4 (төрт) жұмыс күні ішінде курьерлік байланыс арқылы қағаз түрінде жіберуді қамтамасыз етеді.
      Осы мерзімдерде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьерлік байланыс арқылы Мемлекеттік корпорацияға жіберуді қамтамасыз етеді.
      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:
      1) тіркелген өтініш;
      2) құжаттардың толық топтамасы және көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің кепілхат беру талаптарына сәйкес келуі;
      3) кепілхатқа қол қою;
      4) кепілхатты беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;
      2) оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ОҰБ);
      3) басшылық.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:
      1-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан не Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен өтінішті 15 минут ішінде тіркеп, қосымша берілген құжаттарымен бірге өтінішті 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОҰБ-ға қарауға тапсырады.
      2-рәсім – ОҰБ қызметкері мыналарды:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін;
      2) көрсетілетін қызметті алушының өткен семестрге бағаларын және транскрипттің түпнұсқасы бойынша немесе студенттік аккаунт арқылы алдағы семестрдің курстарына тіркеудің болуын;
      3) көрсетілетін қызметті алушының шарттық міндеттемелерін орындауын тексереді (өңдейді).
      Бұл рәсім 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      3-рәсім – ОҰБ қызметкері кепілхатты ресімдейді және басшылықта оған қол қояды, кейін құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеге 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тапсырады;
      4-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде кепілхатты тіркеп, оны көрсетілетін қызметті алушыға қолына не Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырады.
      9. Құрылымдық бөлімшелердің және Мемлекеттік корпорация арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
      9-1. Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының
стипендиаты ретінде оқуға баратындар
үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне 1-қосымша 

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі
 

Рәсімдер
(іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

Атауы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше немесе Мемлекеттік корпорация

Оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше

Оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Рәсім сипаттамасы

көрсетілетін қызметті алушыдан түскен өтінішті қабылдау және тіркеу

келіп түскен құжаттарды тексеру (өңдеу)

кепілхатты ресімдеу және басшылықта оған қол қою, кейін құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеге тапсыру

тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға кепілхатты беру

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

4 жұмыс күні

4 жұмыс күні

1 жұмыс күні

«Болашақ» халықаралық стипендиясының
стипендиаты ретінде оқуға баратындар
үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне 2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер және Мемлекеттік корпорация арасындағы
рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы

      

«Болашақ» халықаралық стипендиясының
стипендиаты ретінде оқуға баратындар
үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне 3-қосымша   

«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде
шетелге оқуға шығатындар үшін кепілхат ұсыну» мемлекеттік
қызметін көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

      

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы  
№ 346 бұйрығына      
4-қосымша          

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды
өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына шығыстарды өтеу бойынша қаражатты теңгемен аудару.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің
сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге өтінішті тапсыруы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің
1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар пакетін қабылдауы, өтінішті тіркеуі;
      2-рәсім – құжаттың толықтығын, бұған дейінгі төлемнің болуын және стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының шығыстарын растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеру;
      3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының деректерін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтерді тексеру;
      4-рәсім – ұсынылған құжаттар осы регламенттің 5-тармағының 2 және 3-абзацтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда шығыстарды өтеу ведомосын дайындау және оны басшылықта бекіту;
      5-рәсім – шығыстарды өтеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша бухгалтерияға тапсыру;
      6-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына шығыстарды өтеу бойынша қаражатты аудару.
      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:
      1) тіркелген өтініш;
      2) құжаттардың толық пакетін растау және келісуге тапсыру;
      3) стипендиат мәртебесін растау, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтер ұсыну;
      4) шығыстарды өтеу ведомосы;
      5) шығыстарды өтеудің бекітілген ведомосы;
      6) көрсетілетін қызметті алушының банк шотына шығыстарды өтеу сомасын аудару.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;
      2) оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ОҚБ);
      3) оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ОҰБ);
      4) басшылық (вице-президент);
      5) бухгалтерия.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:
      1-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері құжаттарды қабылдайды, өтінішті тіркеп, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОҚБ-ға орындау үшін тапсырады;
      2-рәсім – ОҚБ құжаттың толықтығын, бұған дейінгі төлемнің болуын және стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының шығыстарын растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеріп, ҚҰБ-ға 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісуге тапсырады;
      3-рәсім – ОҰБ көрсетілетін қызметті алушының деректерін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына тексереді, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметті ұсынады және 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісілген өтінішті ОҚБ-ға қайтарады;
      4-рәсім – ОҚБ шығыстарды өтеу ведомосын дайындайды және ОҰБ-дан өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде оны басшылыққа бекітуге жібереді;
      5-рәсім – басшылық бекіткеннен кейін ОҚБ шығыстарды өтеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде бухгалтерияға тапсырады;
      6-рәсім – бухгалтерия көрсетілетін қызметті алушының банк шотына шығыстарды өтеу бойынша соманы ОҚБ-дан бекітілген ведомосты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аударады.
      9. Құрылымдық бөлімшелердің арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
      9-1. Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына шығыстарды өтеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша            

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

Рәсімдер (іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

5

6

Құрылымдық бөлімше атауы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (ОҰБ)

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Бухгалтерия

Рәсім сипаттамасы

Құжаттар топтамасын қабылдау, өтінішті тіркеу және оны оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімшеге тапсыру

Құжаттың толықтығын, олардың стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының шығыстарын растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеру

Көрсетілетін қызметті алушының деректерін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына тексеру, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметті ұсыну

Шығыстарды өтеу ведомосын дайындау және ведомосты басшылықта бекіту

Шығыстарды өтеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша бухгалтерияға тапсыру

Көрсетілетін қызметті алушының банк шотына шығыстарды өтеу сомасын аудару

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

3 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына шығыстарды өтеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша            

Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (әрекеттер)
реттілігінің сипаттамасы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына шығыстарды өтеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша            

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарды
өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесінің
анықтамалығы

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы  
№ 346 бұйрығына      
5-қосымша          

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аванстық соманы теңгемен аудару.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің
сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге өтінішті тапсыруы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің
1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар пакетін қабылдауы, өтінішті тіркеуі;
      2-рәсім – стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толықтығын және шығыстарға авансты мақсатты тағайындаудың сәйкестігін тексеру;
      3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының деректерін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтерді тексеру;
      4-рәсім – ұсынылған құжаттар осы регламенттің 5-тармағының 2 және 3-абзацтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда аванс төлеу ведомосын дайындау және оны басшылықта бекіту;
      5-рәсім – аванс төлеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша бухгалтерияға тапсыру;
      6-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аванс аудару.
      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:
      1) тіркелген өтініш және орындауға тапсыру;
      2) құжаттардың толық пакетін растау және келісуге тапсыру;
      3) стипендиат мәртебесін растау, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтер ұсыну;
      4) аванс төлеу ведомосы;
      5) аванс төлеудің бекітілген ведомосы;
      6) көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аванс сомасын аудару.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;
      2) оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ОҚБ);
      3) оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ОҰБ);
      4) басшылық (вице-президент);
      5) бухгалтерия.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:
      1-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері құжаттарды қабылдайды, өтінішті 15 минут ішінде тіркеп, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОҚБ-ға орындау үшін тапсырады;
      2-рәсім – ОҚБ қызметкері стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толықтығын және шығыстарға аванстың мақсатты тағайындалуының сәйкестігін тексеріп, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОҰБ-ға келісуге тапсырады;
      3-рәсім – ОҰБ көрсетілетін қызметті алушының деректерін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына тексереді, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметті ұсынады және 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісілген өтінішті ОҚБ-ға қайтарады;
      4-рәсім – ОҚБ аванс төлеу ведомосын дайындайды және ОҰБ-дан өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде оны басшылыққа бекітуге жібереді;
      5-рәсім – басшылық бекіткеннен кейін ОҚБ аванс төлеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде бухгалтерияға тапсырады;
      6-рәсім – бухгалтерия көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аванс сомасын ОҚБ-дан бекітілген ведомосты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аударады.
      9. Құрылымдық бөлімшелердің арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
      9-1. Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына аванс беру» 
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша            

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

Рәсімдер (іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

5

6

Құрылымдық бөлімше атауы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (ОҰБ)

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Бухгалтерия

Рәсім сипаттамасы

Құжаттар топтамасын қабылдау, өтінішті тіркеу және оны оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімшеге тапсыру

Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын және шығыстарға аванстың мақсатты тағайындалуының сәйкестігін тексеру

Көрсетілетін қызметті алушының деректерін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына тексеру, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметті ұсыну

Аванс төлеу ведомосын дайындау және оны басшылықта бекіту

Аванс төлеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша бухгалтерияға тапсыру

Көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аванс сомасын аудару

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

3 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына аванс беру» 
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша            

Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (әрекеттер)
реттілігінің сипаттамасы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына аванс беру» 
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша            

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру»
мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы  
№ 346 бұйрығына      
6-қосымша          

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының
міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған
жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жылжымайтын мүлік кепіл шарты (бұдан әрі – Кепіл шарты) болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің
сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген толық құжаттар топтамасын тапсыруы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы;
      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі;
      3-рәсім – заң қызметінің кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты ресімдеуі, көрсетілетін қызметті алушының Кепіл шартына қол қоюы;
      4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысының кепіл шартына, кепіл шартын тіркеуге сенімхатқа, мемлекеттік тіркеуші органға хатқа қол қоюы;
      5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушыға кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты беру.
      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:
      1) құжаттарды қабылдау;
      2) ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес келуі;
      3) жылжымайтын мүлікке кепіл шарты, кепіл шартын тіркеуге сенімхат, мемлекеттік тіркеуші органға хат;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған кепіл шарты, кепіл шартын тіркеуге сенімхат, мемлекеттік тіркеуші органға хат;
      5) көрсетілетін қызметті алушының кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты алуы.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі;
      3) басшы (Президент).
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:
      1-рәсім – құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметіне орындау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде тапсырады;
      2-рәсім – заң қызметінің қызметкері көрсетілген қызметті алушы ұсынған құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексереді, сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға сол сәйкессіздіктер себебін көрсетеді;
      3-рәсім – ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, заң қызметінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде кепіл шартын рәсімдейді және тіркейді, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеу органына хатты рәсімдейді, көрсетілетін қызметті алушы Кепіл шартына қол қояды, ал заң қызметінің қызметкері ресімделген құжаттарды Президентке қол қоюға тапсырады;
      4-рәсім – Президенттің кепіл шартқа, кепіл шартын тіркеуге сенімхатқа, мемлекеттік тіркеуші органға хатқа қол қоюы, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін жұмыс беруші мөрінің баспа-таңбасын қою;
      5-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімше көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты береді.
      9. Құрылымдық бөлімшелердің арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
      9-1. Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиаттарының міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл
шартын беру» мемлекеттік   
қызмет регламентіне      
1-қосымша             

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

Рәсімдер (іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

5

Құрылымдық бөлімше атауы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Заң қызметі

Заң қызметі

Басшы (Президент)

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Рәсім сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау

Заң қызметінің ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеруі

Заң қызметінің кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты ресімдеу, көрсетілетін қызметті алушының Кепіл шартына қол қоюы

Көрсетілетін қызметті беруші басшысының кепіл шартына, кепіл шартын тіркеуге сенімхатқа, мемлекеттік тіркеуші органға хатқа қол қоюы

Көрсетілетін қызметті алушыға кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты беру

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиаттарының міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл
шартын беру» мемлекеттік   
қызмет регламентіне      
2-қосымша             

Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (әрекеттер)
реттілігінің сипаттамасы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы
стипендиаттарының міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл
шартын беру» мемлекеттік   
қызмет регламентіне      
3-қосымша             

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының
міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған
жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік қызметін
көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы  
№ 346 бұйрығына      
7-қосымша          

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының
міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін
тоқтату туралы хабарлама беру» мемлекеттік қызметінің
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауына байланысты жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар қосымша берілген өтініші негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасын қабылдауы, өтінішті тіркеу;
      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының стандартың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес келуін тексеруі;
      3-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінінің оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші алдындағы қаржылық қарызын тексеруі;
      4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің түлектермен жұмыс бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бес жыл жұмыс істеу бойынша міндеттемесін орындауын тексеру;
      5-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемені орындауы туралы хабарламаны ресімдеуі;
      6-рәсім – «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемесін орындауы туралы хабарламаны тіркеу және оны көрсетілетін қызметті алушыға беру.
      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:
      1) тіркелген өтініш;
      2) құжаттардың толық пакетінің сәйкес келуі және жұмысқа қабылдау;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші алдында қаржылық қарызының болмауын растауы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бес жыл жұмыс істеу бойынша міндеттемесін орындауын растауы;
      5) «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемені орындауы туралы хабарлама;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемені орындауы туралы хабарламаны беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;
      2) оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі – ОҚБ);
      3) түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ТЖБ);
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:
      1-рәсім – құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, өтініштерді тіркейді және заң қызметіне, ОҚБ және ТЖБ-ға өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орындауға тапсырады.
      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің қызметкері көрсетілген қызметті алушы ұсынған құжаттарды стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді және құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеден құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш қабылдайды;
      3-рәсім – ОҚБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші алдындағы қарызының болуын тексереді және заң қызметіне құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімшелерден құжаттар алу сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде заң қызметіне қарыз туралы ақпаратты ұсынады;
      4-рәсім – ТЖБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушының алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бес жыл жұмыс істеу бойынша міндеттемені орындауын тексереді және құжаттарды қабылдау бөлімшесінен құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде заң қызметіне ақпарат ұсынады;
      5-рәсім – заң қызметінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарап, ОҚБ мен ТЖБ-ден ұсынылған ақпарат негізінде, ОҚБ мен ТЖБ-ден ақпарат алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауы туралы хабарламаны ресімдейді;
      6-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемені орындауы туралы хабарламаны тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде өзінің қолына, не почта бойынша тапсырады.
      9. Құрылымдық бөлімшелердің арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
      9-1. Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 
стипендиатының міндеттемелерін  
орындау кезінде жылжымайтын мүлік 
кепілін тоқтату туралы хабарлама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне  
1-қосымша              

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

Рәсімдер
(іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

5

6

Құрылымдық бөлімше атауы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Заң қызметі

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімше (ТЖБ)

Заң қызметі

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Рәсім сипаттамасы

Құжаттар топтамасын қабылдауы, өтінішті тіркеу

көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының стандартың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес келуін тексеру

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші алдындағы қаржылық қарызын тексеру

Көрсетілетін қызметті алушының алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бес жыл жұмыс істеу бойынша міндеттемесін орындауын тексеру

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемені орындауы туралы хабарламаны ресімдеу

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемесін орындауы туралы хабарламаны тіркеу және оны көрсетілетін қызметті алушыға беру

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

5 жұмыс күні

5 жұмыс күні

3 жұмыс күні

1 жұмыс күні

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 
стипендиатының міндеттемелерін  
орындау кезінде жылжымайтын мүлік 
кепілін тоқтату туралы хабарлама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне  
2-қосымша              

Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (әрекеттер)
реттілігінің сипаттамасы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 
стипендиатының міндеттемелерін  
орындау кезінде жылжымайтын мүлік 
кепілін тоқтату туралы хабарлама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне  
3-қосымша              

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының
міндеттемелерді орындауы кезінде жылжымайтын мүлік кепілін
тоқтату туралы хабарлама беру» мемлекеттік қызметін көрсету
бизнес-процесінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы  
№ 346 бұйрығына      
8-қосымша          

«Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу
конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы қолхат.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге беретін өтінішінің болуы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттарын қабылдауы – 15 минут;
      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі – 5 минут;
      3-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын шарттар мен талаптарға сәйкестігін тексеруі – 5 минут;
      4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа қатысуға жіберу туралы қолхат беру – 15 минут.
      6. Келесі рәсімдерді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар қабылдау;
      2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы қолхат дайындау;
      3) конкурсқа қатысуға жіберу туралы қолхат беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бойынша жауапты уәкілетті қызметкері қатысады.
      8. Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
      Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Шетелде, оның ішінде академиялық
ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша              

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер
(әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы

«Шетелде, оның ішінде академиялық
ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша              

«Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу
конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін
көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы