Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11533 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналар:

      1) "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелімінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 9362 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымдағы № 111 (28335) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 245 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелімінде 2014 жылғы 25 шілдеде № 9629 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 тамыздағы № 161 (28385) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.

      3. Жоғары, жоғары оқу орнынан дейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.С. Ысмағұлова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына 1-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.02.2016 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мыналар:

      1) алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат не уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі кезеңінде стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе электронды сауалының болуы негіз болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы тікелей келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті не электронды сауалды қарау;

      2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын және конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру;

      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхатты не стандарттың 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу және беру;

      4) құжаттар топтамасы толық және құжаттар конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы туралы ақпаратты "еБолашақ" көпфункциялы ақпараттық жүйесіне енгізу және тіркеу.

      1), 2), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген рәсімдер 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Келесі рәсімдерді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар қабылдау;

      2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы немесе жұмыс органында жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат дайындау;

      3) конкурсқа қатысуға жіберу туралы немесе жұмыс органында жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат немесе құжаттарды қабылдаудан және тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бойынша жауапты уәкілетті қызметкері қатысады.

      Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркелген орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасайды.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қадамдық әрекет пен шешімдер (№ 1 диаграмма) осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

      Мемлекеттік корпорацияға қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз "электронды кезек" тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауына қарай портал арқылы электронды кезекті "броньдау" мүмкіндігі бар.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау процесінің сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алу:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация операторына дайын құжаттар топтамасын тапсырады;

      2-рәсім – Мемлекеттік корпорация операторының қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      3-рәсім – Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалнама нысанын қағаз нысандағы құжаттарының болуы туралы белгі бойынша толтыруы, алушы тапсырған құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына бекіту және ЭСҚ арқылы толтырылған нысанды (енгізілген деректерді) куәландыру;

      4-рәсім – сауалдың қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті алушыға қабылдау нөмірі мен күнін, сұратылған мемлекеттік қызмет түрін; қоса берілген құжаттардың саны мен атауын; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда) және олардың байланыс телефондарын көрсетіп, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған тиісті құжаттарды электронды көшірмелер нысанында қабылдау туралы қолхат беру (құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушының өзінде қалады) болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы оған сауал тапсырған күні берілген қолхатпен 2 (екі) жұмыс күнінен кейін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің 9-стандартына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсімдерінің (әрекеттерінің) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын ЭСҚ көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;

      2) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭСҚ тіркеу куәлігін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға алушының паролін енгізу процесін бекіту;

      3) 1-шарт – порталда логин (ЖСН) және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

      4) 2-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама жасау;

      5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталда "Білім" бөлімін таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сауал нысанын шығару және көрсетілетін қызмет алушының сауал нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде бекітумен оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке алып, нысанды толтыру (деректерді енгізу);

      6) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сауалды куәландыру (қол қою) үшін ЭСҚ тіркеу сертификатын таңдауы;

      7) 2-шарт – порталда ЭСҚ тіркеу сертификатының әрекет ету мерзімін және тізімде шақыртып алынған (жойылған) тіркеу сертификаттарының болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген ЖСН және ЭСҚ тіркеу сертификатында көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

      8) 5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;

      9) 6-рәсім – қызмет көрсетуге арналған сауалнаманың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭСҚ арқылы куәландыру (қол қою);

      10) 7-рәсім – "Жеке кабинет"/"Қызмет алу тарихы" бөлімінде 2 (екі) жұмыс күнінен кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу.

      Портал арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер (№ 2 диаграмма) осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

      9-1. Рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің нақты сипаттамасы, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясын тағайындау
конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау" мемлекеттік
қызмет регламентіне 1-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер
(әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы

  "Болашақ" халықаралық стипендиясын
тағайындау конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау" мемлекеттік
қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы қадамдық әрекет пен шешімдер
(№ 1 диаграмма)

Портал арқылы қадамдық әрекет мен шешімдер (№ 2 диаграмма)

  "Болашақ" халықаралық стипендиясын
тағайындау конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау" мемлекеттік
қызмет регламентіне 3-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету
бизнес-процесінің анықтамалығы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына 2-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.02.2016 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      3. Көрсетілетін қызметті берушіде, Мемлекеттік корпорацияда және порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішті ұсынуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қабылдауы және тіркеуі;

      2-рәсім – "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты мәртебесін тексеру және анықтаманы ресімдеу;

      3-рәсім – анықтамаға қол қою;

      4-рәсім – анықтаманы тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға беру.

      Өтінішті Астана қаласындағы Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері осы күн ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

      Өтінішті басқа өңірлердегі Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 4 (төрт) жұмыс күні ішінде курьерлік байланыс арқылы қағаз түрінде жіберуді қамтамасыз етеді.

      Осы мерзімдерде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьерлік байланыс арқылы Мемлекеттік корпорацияға жіберуді қамтамасыз етеді.

      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:

      1) тіркелген өтініш және орындауға тапсыру;

      2) "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі;

      3) басшылықтың анықтамаға қол қоюы;

      4) көрсетілетін қызметті алушының анықтаманы алуы.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;

      2) түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімше (бұдан әрі – ТЖБ);

      3) оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі – ОҰБ);

      4) басшылық.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:

      1-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан не Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен өтінішті тіркеп, сол күні өтініштің келіп түскен нысаны бойынша стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құзырет бойынша ТЖБ-ға не ОҰБ-ға орындау үшін тапсырады;

      2-рәсім – ТЖБ және ОҰБ қызметкерлері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өз құзыреттері шеңберінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты мәртебесін тексереді, анықтама ресімдеп, сол күні оны басшылыққа қол қоюға тапсырады.

      3-рәсім – анықтама ресімделген күні басшылықта анықтамаға қол қою және құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеге тапсыру 30 минут ішінде жүзеге асырылады;

      4-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері 15 минут ішінде анықтаманы тіркейді және басшылықта оған қол қойылған күні көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға береді.

      9. Құрылымдық бөлімшелердің және Мемлекеттік корпорация арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.

      11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсімдерінің (әрекеттерінің) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;

      2) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу сертификатын, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға алушының парольді енгізу процесін бекіту;

      3) 1-шарт – порталда жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) логині және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

      4) 2-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама жасау;

      5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталда "Білім" бөліміндегі таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сауал нысанын шығару және көрсетілетін қызмет алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке алып, толтыруы (деректерді енгізу);

      6) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сауалды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу сертификатын таңдауы;

      7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу сертификатының әрекет ету мерзімін және тізімде шақыртып алынған (жойылған) тіркеу сертификаттарының болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу сертификатында көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

      8) 5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;

      9) 6-рәсім – қызмет көрсетуге арналған сауалнаманың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);

      10) 7-рәсім – "Жеке кабинет"/"Қызмет алу тарихы" бөлімінде 1 (бір) жұмыс күнінен кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу.

      Портал арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес диаграмма түрінде келтірілген.

      12. Рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиатының мәртебесі туралы
анықтама беру" мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

Рәсімдер (іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімшесі немесе Мемлекеттік корпорация

Түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімше (ТЖБ) не Оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (ОҰБ)

Басшы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Рәсім сипаттамасы

көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен өтінішті қабылдау және тіркеу

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесін тексеру және анықтама ресімдеу

анықтамаға қол қою

анықтаманы тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға беру

Орындау мерзімдері

Өтініш келіп түскен күні 15 минут ішінде

1 жұмыс күні

анықтаманы ресімдеген күні 30 минут ішінде

басшылықтан анықтаманы алған күні 15 минут ішінде

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиатының мәртебесі туралы
анықтама беру" мемлекеттік
қызмет регламентіне 2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер және Мемлекеттік корпорация арасындағы
рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиатының мәртебесі туралы
анықтама беру" мемлекеттік
қызмет регламентіне 3-қосымша

Портал арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер (диаграмма)

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиатының мәртебесі туралы
анықтама беру" мемлекеттік
қызмет регламентіне 4-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі
туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету
бизнес-процесінің анықтамалығы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына 3-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.02.2016 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Көрсетілетін қызметті берушіде және Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға шығатындар үшін қағаз жүзіндегі жоғары оқу орнына/тілдік мектепке/елшілікке кепілхат (бұдан әрі – кепілхат) болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар қоса берілген өтініштін болуы негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қабылдауы және тіркеуі 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің келіп түскен құжаттарды тексеруі (өңдеуі) 4 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      3-рәсім – кепілхат ресімдеу және оған басшылықта қол қою 4 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      4-рәсім – кепілхатты тіркеу және көрсетілетін қызметті алушының қолына не Мемлекеттік корпорация арқылы беру 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Өтінішті Астана қаласындағы Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері осы күн ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

      Өтінішті басқа өңірлердегі Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 4 (төрт) жұмыс күні ішінде курьерлік байланыс арқылы қағаз түрінде жіберуді қамтамасыз етеді.

      Осы мерзімдерде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьерлік байланыс арқылы Мемлекеттік корпорацияға жіберуді қамтамасыз етеді.

      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:

      1) тіркелген өтініш;

      2) құжаттардың толық топтамасы және көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің кепілхат беру талаптарына сәйкес келуі;

      3) кепілхатқа қол қою;

      4) кепілхатты беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;

      2) оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ОҰБ);

      3) басшылық.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:

      1-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан не Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен өтінішті 15 минут ішінде тіркеп, қосымша берілген құжаттарымен бірге өтінішті 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОҰБ-ға қарауға тапсырады.

      2-рәсім – ОҰБ қызметкері мыналарды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін;

      2) көрсетілетін қызметті алушының өткен семестрге бағаларын және транскрипттің түпнұсқасы бойынша немесе студенттік аккаунт арқылы алдағы семестрдің курстарына тіркеудің болуын;

      3) көрсетілетін қызметті алушының шарттық міндеттемелерін орындауын тексереді (өңдейді).

      Бұл рәсім 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      3-рәсім – ОҰБ қызметкері кепілхатты ресімдейді және басшылықта оған қол қояды, кейін құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеге 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тапсырады;

      4-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде кепілхатты тіркеп, оны көрсетілетін қызметті алушыға қолына не Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырады.

      9. Құрылымдық бөлімшелердің және Мемлекеттік корпорация арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

      9-1. Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Болашақ" халықаралық стипендиясының
стипендиаты ретінде оқуға баратындар
үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік
қызмет регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

Рәсімдер

(іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

Атауы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше немесе Мемлекеттік корпорация

Оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше

Оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Рәсім сипаттамасы

көрсетілетін қызметті алушыдан түскен өтінішті қабылдау және тіркеу

келіп түскен құжаттарды тексеру (өңдеу)

кепілхатты ресімдеу және басшылықта оған қол қою, кейін құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеге тапсыру

тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға кепілхатты беру

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

4 жұмыс күні

4 жұмыс күні

1 жұмыс күні

  "Болашақ" халықаралық стипендиясының
стипендиаты ретінде оқуға баратындар
үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік
қызмет регламентіне 2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер және Мемлекеттік корпорация арасындағы
рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы

  "Болашақ" халықаралық стипендиясының
стипендиаты ретінде оқуға баратындар
үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік
қызмет регламентіне 3-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде
шетелге оқуға шығатындар үшін кепілхат ұсыну" мемлекеттік
қызметін көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына
4-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды
өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына шығыстарды өтеу бойынша қаражатты теңгемен аудару.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің
сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге өтінішті тапсыруы негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің

      1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар пакетін қабылдауы, өтінішті тіркеуі;

      2-рәсім – құжаттың толықтығын, бұған дейінгі төлемнің болуын және стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының шығыстарын растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеру;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының деректерін "Болашақ" халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтерді тексеру;

      4-рәсім – ұсынылған құжаттар осы регламенттің 5-тармағының 2 және 3-абзацтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда шығыстарды өтеу ведомосын дайындау және оны басшылықта бекіту;

      5-рәсім – шығыстарды өтеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша бухгалтерияға тапсыру;

      6-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына шығыстарды өтеу бойынша қаражатты аудару.

      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:

      1) тіркелген өтініш;

      2) құжаттардың толық пакетін растау және келісуге тапсыру;

      3) стипендиат мәртебесін растау, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтер ұсыну;

      4) шығыстарды өтеу ведомосы;

      5) шығыстарды өтеудің бекітілген ведомосы;

      6) көрсетілетін қызметті алушының банк шотына шығыстарды өтеу сомасын аудару.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;

      2) оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ОҚБ);

      3) оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ОҰБ);

      4) басшылық (вице-президент);

      5) бухгалтерия.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:

      1-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері құжаттарды қабылдайды, өтінішті тіркеп, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОҚБ-ға орындау үшін тапсырады;

      2-рәсім – ОҚБ құжаттың толықтығын, бұған дейінгі төлемнің болуын және стандартқа 2-қосымшада көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының шығыстарын растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеріп, ҚҰБ-ға 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісуге тапсырады;

      3-рәсім – ОҰБ көрсетілетін қызметті алушының деректерін "Болашақ" халықаралық бағдарламасы стипендиаты мәртебесінің болуына тексереді, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметті ұсынады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісілген өтінішті ОҚБ-ға қайтарады;

      4-рәсім – ОҚБ шығыстарды өтеу ведомосын дайындайды және ОҰБ-дан өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде оны басшылыққа бекітуге жібереді;

      5-рәсім – басшылық бекіткеннен кейін ОҚБ шығыстарды өтеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде бухгалтерияға тапсырады;

      6-рәсім – бухгалтерия көрсетілетін қызметті алушының банк шотына шығыстарды өтеу бойынша соманы ОҚБ-дан бекітілген ведомосты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аударады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.04.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Құрылымдық бөлімшелердің арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

      9-1. Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясы стипендиаттарына
шығыстарды өтеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.04.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Рәсімдер (іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

5

6

Құрылымдық бөлімше атауы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (ОҰБ)

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Бухгалтерия

Рәсім сипаттамасы

Құжаттар топтамасын қабылдау, өтінішті тіркеу және оны оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімшеге тапсыру

Құжаттың толықтығын, олардың стандартқа 2-қосымшада көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының шығыстарын растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеру

Көрсетілетін қызметті алушының деректерін "Болашақ" халықаралық бағдарламасы стипендиаты мәртебесінің болуына тексеру, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметті ұсыну

Шығыстарды өтеу ведомосын дайындау және ведомосты басшылықта бекіту

Шығыстарды өтеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша бухгалтерияға тапсыру

Көрсетілетін қызметті алушының банк шотына шығыстарды өтеу сомасын аудару

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясы стипендиаттарына
шығыстарды өтеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.04.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясы стипендиаттарына
шығыстарды өтеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.04.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына
5-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аванстық соманы теңгемен аудару.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің
сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге өтінішті тапсыруы негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің

      1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар пакетін қабылдауы, өтінішті тіркеуі;

      2-рәсім – стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толықтығын және шығыстарға авансты мақсатты тағайындаудың сәйкестігін тексеру;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының деректерін "Болашақ" халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтерді тексеру;

      4-рәсім – ұсынылған құжаттар осы регламенттің 5-тармағының 2 және 3-абзацтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда аванс төлеу ведомосын дайындау және оны басшылықта бекіту;

      5-рәсім – аванс төлеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша бухгалтерияға тапсыру;

      6-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аванс аудару.

      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:

      1) тіркелген өтініш және орындауға тапсыру;

      2) құжаттардың толық пакетін растау және келісуге тапсыру;

      3) стипендиат мәртебесін растау, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтер ұсыну;

      4) аванс төлеу ведомосы;

      5) аванс төлеудің бекітілген ведомосы;

      6) көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аванс сомасын аудару.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;

      2) оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ОҚБ);

      3) оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ОҰБ);

      4) басшылық (вице-президент);

      5) бухгалтерия.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:

      1-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері құжаттарды қабылдайды, өтінішті 15 минут ішінде тіркеп, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОҚБ-ға орындау үшін тапсырады;

      2-рәсім – ОҚБ қызметкері стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толықтығын және шығыстарға аванстың мақсатты тағайындалуының сәйкестігін тексеріп, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОҰБ-ға келісуге тапсырады;

      3-рәсім – ОҰБ көрсетілетін қызметті алушының деректерін "Болашақ" халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына тексереді, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметті ұсынады және 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісілген өтінішті ОҚБ-ға қайтарады;

      4-рәсім – ОҚБ аванс төлеу ведомосын дайындайды және ОҰБ-дан өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде оны басшылыққа бекітуге жібереді;

      5-рәсім – басшылық бекіткеннен кейін ОҚБ аванс төлеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде бухгалтерияға тапсырады;

      6-рәсім – бухгалтерия көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аванс сомасын ОҚБ-дан бекітілген ведомосты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аударады.

      9. Құрылымдық бөлімшелердің арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

      9-1. Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына аванс беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

Рәсімдер (іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

5

6

Құрылымдық бөлімше атауы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Оқуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше (ОҰБ)

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)

Бухгалтерия

Рәсім сипаттамасы

Құжаттар топтамасын қабылдау, өтінішті тіркеу және оны оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімшеге тапсыру

Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын және шығыстарға аванстың мақсатты тағайындалуының сәйкестігін тексеру

Көрсетілетін қызметті алушының деректерін "Болашақ" халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына тексеру, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметті ұсыну

Аванс төлеу ведомосын дайындау және оны басшылықта бекіту

Аванс төлеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша бухгалтерияға тапсыру

Көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аванс сомасын аудару

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

3 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына аванс беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (әрекеттер)
реттілігінің сипаттамасы

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына аванс беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру"
мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына
6-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын
беру" мемлекеттік қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген) бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жылжымайтын мүлік кепіл шарты (бұдан әрі – Кепіл шарты) болып табылады.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген толық құжаттар топтамасын тапсыруы негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:

      1-рәсім – стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған құжаттарды қабылдау – 1 (бір) жұмыс күні;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі – 1 (бір) жұмыс күні;

      3-рәсім – заң қызметінің кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты ресімдеуі, көрсетілетін қызметті алушының Кепіл шартына қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні;

      4-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басшысының кепіл шартына, кепіл шартын тіркеуге сенімхатқа, мемлекеттік тіркеуші органға хатқа қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні;

      5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушыға кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты беру – 1 (бір) жұмыс күні.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:

      1) құжаттарды қабылдау;

      2) ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес келуі;

      3) жылжымайтын мүлікке кепіл шарты, кепіл шартын тіркеуге сенімхат, мемлекеттік тіркеуші органға хат;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған кепіл шарты, кепіл шартын тіркеуге сенімхат, мемлекеттік тіркеуші органға хат;

      5) көрсетілетін қызметті алушының кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты алуы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі;

      3) басшы (Президент).

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:

      1-рәсім – құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметіне орындау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде тапсырады;

      2-рәсім – заң қызметінің қызметкері көрсетілген қызметті алушы ұсынған құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексереді, сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға сол сәйкессіздіктер себебін көрсетеді;

      3-рәсім – ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, заң қызметінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде кепіл шартын рәсімдейді және тіркейді, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеу органына хатты рәсімдейді, көрсетілетін қызметті алушы Кепіл шартына қол қояды, ал заң қызметінің қызметкері ресімделген құжаттарды Президентке қол қоюға тапсырады;

      4-рәсім – Президенттің кепіл шартқа, кепіл шартын тіркеуге сенімхатқа, мемлекеттік тіркеуші органға хатқа қол қоюы, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін жұмыс беруші мөрінің баспа-таңбасын қою;

      5-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімше көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты береді.

      9. Құрылымдық бөлімшелердің арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

      9-1. Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы.

      Ескерту. Регламент 4-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркелген орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасайды.

      Мемлекеттік корпорацияға қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз "электронды кезек" тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауына қарай портал арқылы электронды кезекті "броньдау" мүмкіндігі бар.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау процесінің сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу:

      1-рәсім:

      – көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қызметкеріне дайын құжаттар топтамасын тапсырады;

      – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сауал нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсетуге сауал нысанын қағаз нысандағы құжаттардың болуы туралы белгі бойынша толтыруы, алушы тапсырған құжаттарды сканерлеуі, оларды сауал нысанына бекітуі және толтырылған нысанды (енгізілген деректерді) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландыруы;

      – көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған, қабылдау нөмірі мен күнін, сұратылған мемлекеттік қызмет түрін; қоса берілген құжаттардың саны мен атауын; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда) және олардың байланыс телефондарын көрсетіп, тиісті құжаттарды электронды көшірмелер нысанында (құжаттар түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыда қалады) қабылдау туралы қолхат беру – 15 (он бес) минут;

      2-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жіберуі және құжаттарды қабылдау күнінен бастап пошта немесе курьер арқылы:

      1) Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жеткізуі;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған құжаттарды қабылдауы – 1 (бір) жұмыс күні;

      4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі – 1 (бір) жұмыс күні;

      5-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты және мемлекеттік тіркеуші органға хатты ресімдеуі, көрсетілетін қызметті алушының Кепіл шартына қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні;

      6-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты және мемлекеттік тіркеуші органға хатты жіберуі және пошта немесе курьер арқылы:

      1) Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясына – 1 (бір) жұмыс күні;

      2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясына – 2 (екі) жұмыс күні жеткізуі;

      7-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыға кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты және мемлекеттік тіркеуші органға хатты беруі – 15 (он бес) минут.

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиаттарының міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл
шартын беру" мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

Рәсімдер (іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

5

Құрылымдық бөлімше атауы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Заң қызметі

Заң қызметі

Басшы (Президент)

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Рәсім сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау

Заң қызметінің ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеруі

Заң қызметінің кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты ресімдеу, көрсетілетін қызметті алушының Кепіл шартына қол қоюы

Көрсетілетін қызметті беруші басшысының кепіл шартына, кепіл шартын тіркеуге сенімхатқа, мемлекеттік тіркеуші органға хатқа қол қоюы

Көрсетілетін қызметті алушыға кепіл шартын, кепіл шартын тіркеуге сенімхатты, мемлекеттік тіркеуші органға хатты беру

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиаттарының міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл
шартын беру" мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (әрекеттер)
реттілігінің сипаттамасы

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиаттарының міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл
шартын беру" мемлекеттік
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының
міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған
жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік қызметін
көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына
7-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау
кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік
қызметінің регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11195 болып тіркелген) бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауына байланысты жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) болып табылады.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар қосымша берілген өтініші негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған құжаттарды қабылдауы, өтінішті тіркеуі және ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің тексеруге уәкілетті құрылымдық бөлімшелеріне беруі – 1 (бір) жұмыс күні;

      2-рәсім:

      – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеруі – 1 (бір) жұмыс күні;

      – көрсетілетін қызметті берушінің оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші алдындағы қаржылық берешегін тексеруі және көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші алдындағы берешегінің бар/жоқ болуы туралы ақпаратты заң қызметіне беруі – 5 (бес) жұмыс күні;

      – көрсетілетін қызметті берушінің түлектермен жұмыс жүргізетін бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбекпен өтеу бойынша міндеттемесін орындауын тексеруі және көрсетілетін қызметті алушының еңбекпен өтеу бойынша міндеттемесін орындауы туралы ақпаратты заң қызметіне беруі – 5 (бес) жұмыс күні;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің, "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты міндеттемелерін орындаған жағдайда, жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хатты ресімдеуі және құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеге беруі – 3 (үш) жұмыс күні;

      4-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің, "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаты міндеттемелерін орындаған жағдайда, жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хатты тіркеуі және көрсетілетін қызметті алушыға беруі – 1 (бір) жұмыс күні.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Төмендегі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижелері:

      1) тіркелген өтініш;

      2) құжаттардың толық пакетінің сәйкес келуі және жұмысқа қабылдау;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші алдында қаржылық қарызының болмауын растауы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бес жыл жұмыс істеу бойынша міндеттемесін орындауын растауы;

      5) "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемені орындауы туралы хабарлама;

      6) көрсетілетін қызметті алушыға "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемені орындауы туралы хабарламаны беру.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

      1) құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше;

      2) оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (бұдан әрі – ОҚБ);

      3) түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімше (бұдан әрі - ТЖБ);

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:

      1-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, өтінішті 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және орындау үшін заң қызметіне, ОҚБ және ТЖБ-ға өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді.

      2-рәсім:

      – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді және құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеден құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті жұмысқа қабылдайды;

      – ОҚБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші алдында берешегінің болуын тексереді және құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеден құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде берешек туралы ақпаратты заң қызметіне ұсынады;

      – ТЖБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушының алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бес жылдық еңбекпен өтеу бойынша міндеттемені орындағанын тексереді және құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеден құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде еңбекпен өтеу туралы ақпаратты заң қызметіне ұсынады;

      3-рәсім – заң қызметінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және ОҚБ мен ТЖБ-ден ұсынылған ақпарат негізінде, "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаты міндеттемелерін орындаған жағдайда, ОҚБ мен ТЖБ-ден ақпарат алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хатты ресімдеп, құжаттарды қыбылдау жөніндегі бөлімшеге береді;

      4-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері, "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаты міндеттемелерін орындаған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хатты тіркеп, көрсетілетін қызметті алушының қолына береді не пошта арқылы жолдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Құрылымдық бөлімшелердің арасындағы рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

      9-1. Рәсімдердің реттілігінің нақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдар осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. Регламент 4-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы қызмет алу үшін тіркелген орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасайды.

      Мемлекеттік корпорацияға қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз "электронды кезек" тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауына қарай портал арқылы электронды кезекті "броньдау" мүмкіндігі бар.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау процесінің сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу:

      1-процесс:

      – көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қызметкеріне дайын құжаттар топтамасын тапсырады;

      – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сауал нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсетуге сауал нысанын қағаз нысандағы құжаттардың болуы туралы белгі бойынша толтыруы, алушы тапсырған құжаттарды сканерлеуі, оларды сауал нысанына бекітуі және толтырылған нысанды (енгізілген деректерді) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландыруы;

      – көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған, қабылдау нөмірі мен күнін, сұратылған мемлекеттік қызмет түрін; қоса берілген құжаттардың саны мен атауын; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда) және олардың байланыс телефондарын көрсетіп, тиісті құжаттарды электронды көшірмелер нысанында (құжаттар түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыда қалады) қабылдау туралы қолхат беру – 15 (он бес) минут;

      2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жіберуі және құжаттарды қабылдау күнінен бастап пошта немесе курьер арқылы:

      1) Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жеткізуі;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшесінің қызметкері Мемлекеттік корпорациядан құжаттар топтамасын қабылдайды, өтінішті 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және орындау үшін заң қызметіне, ОҚБ және ТЖБ-ға құжаттар қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді;

      4-процесс:

      – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді және құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеден құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті жұмысқа қабылдайды;

      – ОҚБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші алдында берешегінің болуын тексереді және құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеден құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде берешек туралы ақпаратты заң қызметіне ұсынады;

      – ТЖБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушының алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бес жылдық еңбекпен өтеу бойынша міндеттемені орындағанын тексереді және құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшеден құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде еңбекпен өтеу туралы ақпаратты заң қызметіне ұсынады;

      5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және ОҚБ мен ТЖБ-ден ұсынылған ақпарат негізінде, "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаты міндеттемелерін орындаған жағдайда, ОҚБ мен ТЖБ-ден ақпарат алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хатты ресімдеп, құжаттарды қыбылдау жөніндегі бөлімшеге береді;

      6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хатты жіберуі және оларды пошта немесе курьер арқылы:

      1) Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясына – 1 (бір) жұмыс күнінде;

      2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясына – 2 (екі) жұмыс күнінде жеткізуі;

      7-процесс – Мемлекеттік корпорациясының көрсетілетін қызметті алушыға жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хатты беруі – 15 (он бес) минут.

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиатының міндеттемелерін
орындау кезінде жылжымайтын мүлік
кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Рәсімдер (іс-әрекеттер) №

1

2

3

4

Құрылымдық бөлімше атауы

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Заң қызметі
көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының стандартың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес келуін тексеру;
Оқуды қаржыландыру жөніндегі бөлімше (ОҚБ)
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші алдындағы қаржылық қарызын тексеру;
Түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімше (ТЖБ)
Көрсетілетін қызметті алушының алған мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бес жыл жұмыс істеу бойынша міндеттемесін орындауын тексеру.

Заң қызметі

Құжаттар қабылдау жөніндегі бөлімше

Рәсім сипаттамасы

Құжаттар топтамасын қабылдауы, өтінішті тіркеу

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемені орындауы туралы хабарламаны ресімдеу

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемесін орындауы туралы хабарламаны тіркеу және оны көрсетілетін қызметті алушыға беру

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

5 жұмыс күні

3 жұмыс күні

1 жұмыс күні

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиатының міндеттемелерін
орындау кезінде жылжымайтын мүлік
кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиатының міндеттемелерін
орындау кезінде жылжымайтын
мүлік кепілін тоқтату туралы
хабарлама беру" мемлекеттік қызмет
регламентіне 3-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерді орындауы кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына
№ 8 қосымша

"Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11195 тіркелген) бекітілген "Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттардың қабылдануы туралы қолхат.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге беретін негіздеме-өтінішінің болуы негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттарды қабылдау – 15 (он бес) минут;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру – 30 (отыз) минут;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру не көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) анық емес болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша түрде бас тарту – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған уақыттан бастап 7 (жеті) жұмыс сағат 15 (он бес) минут.

      1, 2 және 3 рәсімдерді орындау ұзақтығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар қабылдау;

      2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру;

      3) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру не көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) анық емес болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша түрде бас тарту.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру үшін жауапты уәкілетті қызметкерлері қатысады.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген рәсімдерден тұрады:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттарды қабылдауы – 15 (он бес) минут;

      2-рәсім – конкурсты ұйымдастыру үшін жауапты бөлімшенің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеруі – 30 (отыз) минут;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру не көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) анық емес болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша түрде бас тарту – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған уақыттан бастап 7 (жеті) жұмыс сағат 15 (он бес) минут.

      1, 2 және 3 рәсімдерді орындау ұзақтығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

  "Білім беру саласындағы
халықаралық шарттар
шеңберінде шетелде оқу
конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

"Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына 9-қосымша

"Шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Бұйрық регламентпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген) бекітілген "Шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына (бұдан әрі – конкурс) қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз жүзінде.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге беретін өтінішінің болуы немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық нысанда жүктелген, электрондық құжат нысанындағы сауал негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттарды қабылдау және толықтығын тексеру – 15 (он бес) минут;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру – 30 (отыз) минут;

      3-рәсім – конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы қолхатты не көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) анық емес болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша түрде бас тартуды беру – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған уақыттан бастап 7 (жеті) жұмыс сағат 15 (он бес) минут.

      1, 2 және 3 рәсімдерді орындау ұзақтығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, оның ішінде электрондық нысандағы құжаттарды қабылдау және толықтығын тексеру;

      2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру;

      3) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру не көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) анық емес болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша түрде бас тарту.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің құжаттарды қабылдау және тексеру үшін жауапты уәкілетті Қызметкерлері қатысады.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген рәсімдерден тұрады:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттарды қабылдауы және толықтығын тексеруі – 15 (он бес) минут;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеруі – 30 (отыз) минут;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру не көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) анық емес болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша түрде бас тарту – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған уақыттан бастап 7 (жеті) жұмыс сағат 15 (он бес) минут.

      1, 2 және 3 рәсімдерді орындау ұзақтығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы.

      9. Осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен рәсімдер (іс-әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметке тапсырысқа онлайн бастама жасайды;

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін өзінің жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы порталда авторизациялауды жүзеге асырады;

      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сауал нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сауал нысанына стандарттың 9-қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды электронды түрде тіркей отырып, электронды өтініш нысанын құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізуі);

      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының жоғары оқу орнын таңдауы, содан кейін сауалды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;

      5) 4-процесс – қызмет көрсетуге арналған сауалдың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);

      6) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сының тұпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      7) 6-процесс – электронды құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) тіркеу және порталда сауалды өңдеу;

      8) 7-процесс көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызмет нәтижесін алуы.

  "Шетелде академиялық
ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

"Шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

  "Шетелде академиялық
ұтқырлық шеңберінде оқу