«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9379 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 маусымда жарияланған) және «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 313 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10157 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Стратегиялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы (келісім бойынша) осы бұйрықпен бекітілген регламенттерді халыққа қызмет көрсетілетін жерлерде пайдалануға ыңғайлы форматта орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
1-қосымша
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы;
зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
уәкілетті ұйымда – зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама;
порталда – көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет ұсынушы
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтарады.
Егер талап етілетін құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылмаса, қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім шығарады;
негіздемелер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға бұл туралы хабарлай отырып, ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің бөлім (басқарма) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
2) Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы екі жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтарады;
негіздемелер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға бұл туралы хабарлай отырып, ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
3) Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтарады;
негіздемелер болған кезде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға бұл туралы хабарлай отырып, ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ЭЦҚ арқылы шешім қабылдайды, тағайындау үшін негіздемелер болмаған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
қабылданған шешім автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама автоматты түрде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жіберіледі.
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы екі жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы екі жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде уәкілетті ұйымдармен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
11. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының қағаз түріндегі және электрондық іс макетін қалыптастырады. Бұл ретте мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:
1) тағайындау немесе төлеу фактісінің болуына уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне сұрау салу қалыптастырады. Тағайындау немесе төлеу фактісі болған кезде өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді;
2) табысы туралы анықтамада, салымшының транзиттік шоты бойынша айналымының электрондық үзінді көшірмесінде көрсетілген сомаға сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады.
Көрсетілген сомалар сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы растау-анықтама сұратады;
3) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салу қалыптастырады (бұдан әрі – АЖ):
«Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» АЖ-ға – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
АХАЖ АЖ-ға – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі бойынша немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е Қорғаншылық» АЖ-не – қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;
4) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
5) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;
6) сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
7) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылдағаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын;
8) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;
9) зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда немесе зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.
12. Уәкілетті ұйымның филиалы уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен бірге электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеудің дұрыстығын және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасының ресімделуін қарайды және тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жібереді.
13. Құжаттарды іс макетіне қосу қажеттілігіне көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда уәкілетті ұйымның бөлімшесі:
1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) 25 жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешім жобасын жете ресімдейді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін, зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасының ресімделуінің дұрыстығын тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жібереді.
14. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде береді.
Уәкілетті ұйым көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жібереді.
15. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне бұрын қағаз жеткізгіште ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызмет тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің (көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде қызмет алушының қадамдық әрекеттері мен шешімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН мен парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асыралады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда ЖСН мен пароль арқылы тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;
9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Тағайындалған зейнетақы төлемдері туралы ақпарат осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары графикалық нысанда осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.
16. Ақпаратты ұсыну уақыты – уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы
төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген қызметкерлер
арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің
сипаттамасы
Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының) |
Жүйелік-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу; |
2 жұмыс күні |
2 |
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу; |
2 жұмыс күні |
3 |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) Зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау; |
1 жұмыс күні |
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы
төлемдерiн тағайындау» мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігі
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
______________ бойынша департаменті
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат
Азамат (ша)__________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Зейнетақы төлемі ____________ теңге мөлшерінде тағайындалды.
Тағайындау күні 20__ жылғы «___»_________
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы
төлемдерiн тағайындау» мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары, графикалық нысанда
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы
төлемдерiн тағайындау» мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне 4-қосымша
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
2-қосымша
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін (бұдан әрі – МБЗТ) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
МБЗТ тағайындау, сондай-ақ МБЗТ тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған немесе ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
уәкілетті ұйымда немесе ХҚО-да - МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама;
порталда – МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы МБЗТ тағайындау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) МБЗТ тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің бөлім (басқарма) маманы екі жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтарады.
Егер талап етілетін құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім шығарады;
негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, МБЗТ тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде МБЗТ тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады.
МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
2) МБЗТ тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, МБЗТ тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде МБЗТ тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады.
МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
3) МБЗТ тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде МБЗТ тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.
МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлемге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде МБЗТ тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің бастығына (басшысына) жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес ұсынылған.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы;
2) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдайтын маман:
1) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тағайындау немесе төлеу фактісінің болуына сұрау салу қалыптастырады;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – АЖ) арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге:
«Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
«Е Қорғаншылық» АЖ-ға – қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша сұрау салу қалыптастырады;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;
5) сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
6) өтінішті тіркейді;
7) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын, ХҚО-да тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда немесе зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.
ХҚО өтінішті қабылдаған жағдайда, МБЗТ тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштен және көрсетілетін қызметті алушы тұпнұсқаларда ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді қоса алғанда, құжаттардың топтамасынан тұратын, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі, оның ішінде ХҚО-дан құжаттардың толық топтамасымен келіп түскен өтінішті қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде:
1) электрондық шешім жобасымен электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады;
2) МБЗТ мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
3) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап уәкілетті ұйымның филиалы екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
13. Қосымша құжаттарды іс макетіне қосу қажеттілігіне байланысты көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі:
1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) 25 жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жете ресімдейді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін, МБЗТ мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап уәкілетті ұйымның филиалы екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
14. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға өзі жүгінгенде береді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді.
15. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың МБЗТ тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің (көрсетілетін қызметті алущының) портал арқылы МБЗТ тағайындау туралы ақпаратты алу кезіндегі қадамдық іс-қимылы мен шешімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;
9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы туралы ақпарат осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Қызмет көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 3-қосымшада графикалық нысанда көрсетілген.
16. Ақпаратты ұсыну уақыты уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының МБЗТ тағайындауға өтінішті портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде беруге мүмкіндігі бар. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), ауданның коды бойынша уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесін автоматты түрде айқындау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу;
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін енгізу процесі;
9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету үшін сұрау салуды куәландыру және порталда көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ), «Қазпочта» акционерлік қоғамына жіберу;
13) 4-шарт – ЕДБ-да көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін ЭҮТШ арқылы тексеру;
14) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелері расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету үшін электрондық құжатты (сұрау салуды) куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы уәкілетті ұйымның ААЖ-ға жібереді;
16) 5-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ЭҮП-тен келіп түскен электрондық құжатты (сұрау салуды) қызметті көрсету үшін талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
17) 11-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
18) 12-процесс – ЗТМО ААЖ-да электрондық құжатты тіркеу және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау туралы хабарламаны жіберу;
19) 13-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметтің нәтижесін (МБЗТ тағайындау туралы не МБЗТ тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген хабарламаны) электрондық құжат нысанында алуы. Тағайындау және тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама осы Регламенттің 4 және 5-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары графикалық нысанда осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 6-қосымшада көрсетілген.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 7-қосымшаға сәйкес «Базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген қызметкерлер
арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің
сипаттамасы
Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының) |
Жүйелік-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және МБЗТ тағайындау(тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу; |
2 жұмыс күні |
2 |
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасы куәландыру және қызметті берушінің басшысына МБЗТ тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жолдау; |
1 жұмыс күні |
3 |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау; |
1 жұмыс күні |
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті бойынша ______________
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау
туралы ақпарат
Азамат (ша) _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі _____ теңге мөлшерінде тағайындалды.
Тағайындалған күні 20__ жылғы «___» ________
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары, графикалық нысанда
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
4-қосымша
Нысан
№ __________Тағайындау туралы хабарлама
_________________________________________________________
(төлемнің түрі)
20__ жылғы «___» ___________
Азамат (ша)__________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Туған күні ____ жылғы «___» ____________
Тағайындау туралы 20__ жылғы «___»______ № _______ шешім
Тағайындалған сома: 20__ жылғы «___» ____________ бастап
______________________________________________________________теңге
(сомасы жазбаша)
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
5-қосымша
Нысан
№ __________Тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама
_____________________________________________________________________
(төлемнің түрі)
20__ жылғы «___» ___________
Азамат (ша)__________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Туған күні ____ жылғы «___» ____________
Тағайындаудан бас тарту туралы 20__ жылғы «___»______ № _______ шешім

негіздеме (себебі көрсетілсін)
тағайындаудан бас тартылды
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
6-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында пайдаланылған ақпараттық
жүйелердің функционалдық өзара
іс-қимылының графикалық нысандағы диаграммалары
«Мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемін тағайындау» мемлекеттік
қызметін көрсету регламентіне
№ 7-қосымша
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
ХҚО арқылы көрсету кезінде:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсету кезінде:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
3-қосымша
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;
жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектігін алғашқы айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) жәрдемақыларды тағайындау үшін ХҚО арқылы жүгінген жағдайда – ХҚО;
2) жәрдемақыларды тағайындау үшін уәкілетті ұйым, көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген жағдайда – уәкілетті ұйым;
3) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін жүгінген жағдайда және жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде портал арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған немесе ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
уәкілетті ұйымда немесе ХҚО-да – жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама;
порталда – жасына байланысты жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
Егер талап етілетін құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім шығарады;
негіздемелер болған кезде уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде ұсынылған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттың дәйектілігін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып тексереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
2) Жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
жәрдемақыларды тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
негіздемелер болған кезде уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде ұсынылған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттың дәйектілігін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып тексереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
3) Жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
негіздемелер болған кезде уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде ұсынылған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттың дәйектілігін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып тексереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.
Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлемге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы екі жұмыс күні ішінде жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада ұсынылған.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы;
2) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы;
3) көрсетілетін қызметті берушіде жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне, көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдайтын маман:
1) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тиісті төлемдер тағайындау немесе жәрдемақылар тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына сұрау салуды қалыптастырады;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – АЖ) арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге:
«Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» АЖ-ға – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
«АХАЖ» АЖ-ға – он алты жасқа дейінгі мүгедек баланың туу туралы куәлігі бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е Қорғаншылық» АЖ-ға – қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;
«Интеграцияланған салық ақпараттық жүйесі» АЖ-ға – адамның дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы бойынша;
уәкілетті ұйымның немесе ХҚО маманы:
«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» АЖ-ға (бұдан әрі – МОДҚ АЖ) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтердің болуына сұрау салу қалыптастырады;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;
5) сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
6) өтінішті тіркейді;
7) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде, көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын, ХҚО-да тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда немесе жәрдемақы тағайындауға құқығы болмаған жағдайда, уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама, ХҚО – құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
ХҚО немесе көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған жағдайда, жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштен және көрсетілетін қызметті алушы тұпнұсқаларда ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоса алғанда, құжаттардың топтамасынан тұратын, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі, құжаттардың толық топтамасымен, оның ішінде ХҚО-дан немесе көрсетілетін қызметті берушіден келіп түскен өтінішті қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде:
1) электрондық шешім жобасымен электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады;
2) жәрдемақы мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
3) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
12. Уәкілетті ұйымның филиалы уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық іс макеті келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын қарайды және есептеудің және ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
13. Қосымша құжаттарды іс макетіне қосу қажеттілігіне байланысты көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі:
1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) 25 жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жете ресімдейді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін, жәрдемақы мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап уәкілетті ұйымның филиалы екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
14. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға өзі жүгінгенде береді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді.
15. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың МБЗТ тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің (көрсетілетін қызметті алущының) портал арқылы жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты алу кезіндегі қадамдық іс-қимылы мен шешімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;
9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат, жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат осы Регламенттің 2, 3 және 4-қосымшасының нысандары бойынша көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасымен қалыптастырылады.
Қызмет көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 5-қосымшада графикалық нысанда көрсетілген.
16. Ақпаратты ұсыну уақыты уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтінішті портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде беруге мүмкіндігі бар. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), ауданның коды бойынша уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесін автоматты түрде айқындау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу;
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін енгізу процесі;
9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету үшін сұрау салуды куәландыру және порталда көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ), «Қазпочта» акционерлік қоғамына жіберу;
13) 4-шарт – ЕДБ-да көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін ЭҮТШ арқылы тексеру;
14) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелері расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету үшін электрондық құжатты (сұрау салуды) куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы уәкілетті ұйымның ААЖ-ға жібереді;
16) 5-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ЭҮП-тен келіп түскен электрондық құжатты (сұрау салуды) қызметті көрсету үшін талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
17) 11-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
18) 12-процесс – ЗТМО ААЖ-да электрондық құжатты тіркеу және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау туралы хабарламаны жіберу;
19) 13-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметтің нәтижесін (жәрдемақы тағайындау туралы не жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген хабарламаны) электрондық құжат нысанында алуы. Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама 6 және 7-қосымшалардың нысандары бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары графикалық нысанда осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 8-қосымшада көрсетілген.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 9-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген қызметкерлер
арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің
сипаттамасы
Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының) |
Жүйелік-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу; |
2 жұмыс күні |
2 |
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және |
1 жұмыс күні |
3 |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау; |
1 жұмыс күні |
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№ 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
______________________бойынша
департаменті
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындау бас
тарту) туралы ақпарат
__________________________________________________________________
азаматқа (шаға)
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
___________ теңге мөлшерінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды
Тағайындау күні _____ жылғы «___» ___________ - ________жылғы «____» __________ аралығында.
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№ 3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
______________________бойынша
департаменті
Жасына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
азаматқа (шаға)
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
___________ теңге мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
тағайындалды
Тағайындау күні _____жылғы "___"___________
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қолқойылған деректерді қамтиды.
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№ 4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
______________________бойынша
департаменті
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
(тағайындау бас тарту) туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
азаматқа (шаға)
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
___________ теңге мөлшерінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды
Тағайындау күні _____жылғы «___» ___________ - ________жылғы «____» __________ аралығында.
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№ 5-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары, графикалық нысанда
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№ 6-қосымша
Нысан
№ __________Тағайындау туралы хабарлама
_________________________________________________________
(төлемнің түрі)
20__ жылғы «___» ___________
Азамат (ша)__________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Туған күні ____ жылғы «___» ____________
Тағайындау туралы 20__ жылғы «___»______ № _______ шешім
Тағайындалған сома: 20__ жылғы «___» ____________ бастап
______________________________________________________________теңге
(сомасы жазбаша)
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды
__________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№ 7-қосымша
Нысан
№ __________Тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама ________________________________________________________
(төлемнің түрі)
20__ жылғы «___» ___________
Азамат (ша)__________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Туған күні ____ жылғы «___» ____________
Тағайындаудан бас тарту туралы 20__ жылғы «___»______ № _______ шешім
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
негіздеме (себебі көрсетілсін)
тағайындаудан бас тартылды
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№ 8-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында пайдаланылған
ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара
іс-қимылының графикалық нысандағы диаграммалары
«Мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айырылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
№ 9-қосымша
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
ХҚО арқылы көрсету кезінде:
тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету кезінде:
тікелей уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы көрсету кезінде:
Ескертпе:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы
- нұсқаны талдау
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
4-қосымша
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және мемлекеттік арнайы жәрдемақылар (бұдан әрі – жәрдемақылар) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
уәкілетті ұйымда немесе ХҚО-да – жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама;
порталда – көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
Егер талап етілетін құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім шығарады;
негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады.
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
2) Жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
3) Жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.
Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы екі жұмыс күні ішінде жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада ұсынылған.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы;
2) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдайтын маман:
1) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жәрдемақы тағайындау немесе төлеу фактісінің болуына сұрау салу қалыптастырады;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – АЖ) арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге:
«Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
«АХАЖ» АЖ-ға – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі бойынша немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е Қорғаншылық» АЖ-ға – қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша сұрау салу қалыптастырады;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;
5) сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
6) өтінішті тіркейді;
7) уәкілетті органның бөлімшесінде көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын, ХҚО-да тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда немесе жәрдемақыларды тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.
ХҚО өтінішті қабылдаған жағдайда, жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштен және көрсетілетін қызметті алушы тұпнұсқаларда ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді қоса алғанда, құжаттардың топтамасынан тұратын, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі, оның ішінде ХҚО-дан құжаттардың толық топтамасымен келіп түскен өтінішті қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде:
1) электрондық шешім жобасымен электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады;
2) жәрдемақы мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
3) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
12. Уәкілетті ұйымның филиалы уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық іс макеті келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын қарайды және есептеудің және ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
13. Қосымша құжаттарды іс макетіне қосу қажеттілігіне байланысты көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі:
1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) 25 жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жете ресімдейді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін, жәрдемақы мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап уәкілетті ұйымның филиалы екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
14. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға өзі жүгінгенде береді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді.
15. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің (көрсетілетін қызметті алушының) портал арқылы жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпаратты алу кезіндегі қадамдық іс-қимылы мен шешімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректердіенгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;
9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қалыптастырылады.
Қызмет көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 3-қосымшада графикалық нысанда көрсетілген.
16. Ақпаратты ұсыну уақыты уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметін көрсету
регламентіне № 1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген қызметкерлер
арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің
сипаттамасы
Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының) |
Жүйелік-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы |
Келіп түскен электрондық іс макетін электрондық шешім жобасымен қарау. |
1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу; |
2 жұмыс күні |
2 |
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы |
Келіп түскен электрондық іс макетін электрондық шешім жобасымен қарау. |
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәләндіру және қызметті берушінің басшысына жәрдемақы тағайындау туралы электрондық іс макетін электрондық шешім жобасымен автоматтық режимде жолдау; |
1 жұмыс күні |
3 |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Келіп түскен электрондық іс макетін электрондық шешім жобасымен қарау. |
1) Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау; |
1 жұмыс күні |
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметін көрсету
регламентіне № 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
______________________бойынша
департаменті
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат
Азаматқа (шаға)______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
___________ теңге мөлшерінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындалды
Тағайындау күні _____жылғы "___"___________
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код "ЗТМО" ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметін көрсету
регламентіне № 3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары, графикалық нысанда
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметін көрсету
регламентіне № 4-қосымша
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
ХҚО арқылы көрсету кезінде:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсету кезінде:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы
28 мамырдағы № 407 бұйрығына
5-қосымша
«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер
тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан
айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты
табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты
табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекiтiлген «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі – әлеуметтік төлемдер) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:
еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына (егер жүгінген сәтте адамға жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылу жағдайына, жұмысынан айырылу жағдайына (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтамасы болған кезде), жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлем тағайындау үшін – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы;
еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына (егер жүгінген сәтте адамға еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылу жағдайына, жұмысынан айырылу жағдайына (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтамасы болған кезде) әлеуметтік төлем тағайындау үшін – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;
жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
жұмыссыз мәртебесін алған кезде жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін – Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) арқылы;
жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау кезінде – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) әлеуметтік төлемді тағайындау үшін ХҚО арқылы жүгінген жағдайда – ХҚО;
2) әлеуметтік төлемді тағайындау үшін уәкілетті ұйым, көрсетілетін қызметті беруші, ЖАО арқылы жүгінген жағдайда – уәкілетті ұйым;
3) әлеуметтік төлем тағайындау үшін портал арқылы жүгінген жағдайда – портал арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз және (немесе) электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11224 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрде.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды элктрондық іс макетіне қосуға негіз болған жағдайда отыз жұмыс күніне аспайтын мерзімге электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйым бөлімшесіне қайтарады.
егер отыз жұмыс күні ішінде құжаттар ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін қажеттілігіне қарай бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасын куәландырады;
әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.
2) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы екі жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды элктрондық іс макетіне қосуға негіз болған жағдайда отыз жұмыс күніне аспайтын мерзімге электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйым бөлімшесіне қайтарады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін қажеттілігіне қарай бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасын куәландырады;
тағайындауға негіз болмаған жағдайда ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешімнің жобасын, бас тарту себебін көрсете отырып, куәландырады.
әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды элктрондық іс макетіне қосуға негіз болған жағдайда отыз жұмыс күніне аспайтын мерзімге электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйым бөлімшесіне қайтарады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін қажеттілігіне қарай бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасын куәландырады;
тағайындауға негіз болмаған жағдайда ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешімнің жобасын, бас тарту себебін көрсете отырып, куәландырады;
автоматты режимде қабылданған шешімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі;
Әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің бастығына (басшысына) жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-мен, көрсетілетін қызметті берушімен, ЖАО-мен және (немесе) уәкілетті ұйыммен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы;
2) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы;
3) көрсетілетін қызметті берушіде;
4) ЖАО-да жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне, көрсетілетін қызметті берушіге, ЖАО-ға немесе ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдайтын маман:
1) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тағайындау немесе төлеу фактісінің болуына сұрау салуды қалыптастырады;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) мынадай мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ):
жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
«Еңбек нарығы» АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы бойынша;
«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқоры» АЖ-ға жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы және куәландыру жүргізу және мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтамалар бойынша;
«Е қорғаншылық» АЖ-ға балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы анықтама бойынша;
«Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» АЖ-ға жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы анықтама бойынша;
«АХАЖ» АЖ-ға баланың (балалардың) туу туралы куәлiгі не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме бойынша сұрау салуды қалыптастырады;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;
5) сканерлеу сапасын және электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
6) өтінішті тіркейді;
7) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде, көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын, ХҚО-да тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда немесе әлеуметтік төлем тағайындауға құқығы болмаған жағдайда, уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе көрсетілетін қызметті беруші, ЖАО өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама, ХҚО – құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі құжаттардың толық топтамасымен, оның ішінде ХҚО-дан, көрсетілетін қызметті берушіден немесе ЖАО-дан келіп түскен өтінішті қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде:
1) көрсетілетін қызметті алушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтаманы қалыптастырады;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады;
3) әлеуметтік төлем мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;
4) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
12. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын қарайды және есептеудің және рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.
13. Электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға бес жұмыс күні ішінде телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.
14. Көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:
ХҚО арқылы:
1) ХҚО бір жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
2) уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, әлеуметтік төлем мөлшерін есептеудің, электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.
уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, сканерленген құжаттардың сапасын, әлеуметтік төлем мөлшерін есептеудің, электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.
15. ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі белгіленген нысандағы әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны уәкілетті ұйымның бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде береді. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына SMS -хабар жібереді.
15-1. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде беруге мүмкіндігі бар. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН-нің және парольдің көмегімен порталға тіркелуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), ауданның коды бойынша уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесін автоматты түрде айқындау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу;
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін енгізу процесі;
9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – қызметті көрсету үшін сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру және порталда көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) және «Қазпошта» акционерлік қоғамына жіберу;
13) 4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін ЕДБ-да ЭҮТШ арқылы тексеру;
14) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерінің расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
15) 10-процесс – қызметті көрсету үшін электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы уәкілетті ұйымның АЖ-ға жібереді;
16) 5-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің порталдан келіп түскен электрондық құжатты (сұрау салуды) қызметті көрсету үшін талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
17) 11-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
18) 12-процесс – электрондық құжатты ЗТМО АЖ-да тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдау туралы хабарламаны жіберу;
19) 13-процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметтің нәтижесін (жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген хабарламаны) электрондық құжат нысанында алуы. Тағайындау және тағайындаудан бас тарту туралы хабарламалар осы регламентке тиісті 1-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының графикалық нысандағы диаграммалары осы регламентке 1-2-қосымшада көрсетілген.
Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына
әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке
қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу,
жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға
байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы
асырап алуға байланысты табысынан айырылу,
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін
қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің
(іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы
Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының) |
Жүйелік-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы |
Келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде қол қою үшін көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жіберу; |
2 жұмыс күні |
2 |
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы |
Келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде қол қою үшін көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысына жіберу; |
2 жұмыс күні |
3 |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) Жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдау; |
1 жұмыс күні |
0 |
«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына
әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке
қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан
айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен
босануға байланысты табысынан айырылу,
жаңа туған баланы асырап алуға байланысты
табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты табысынан
айырылу» мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне
1-1-қосымша
_________________________________________________________
(төлемнің түрі)
тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы
№ _________ хабарлама
Ескерту. Регламент 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
«___» _________20 ___ ж.
Азамат (ша) _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)
Туған күні 20 ___ ж. «__» ____________
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы 20__ж. «__» _____________
№_______шешімі
Тағайындалған сома 20__ ж. «____» ____________ бастап
____________________________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
_______________________________________ тағайындаудан тас тартылды.
негіздеме (себебі көрсетілсін)
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)
«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына
әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке
қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан
айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен
босануға байланысты табысынан айырылу,
жаңа туған баланы асырап алуға байланысты
табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты табысынан
айырылу» мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне
1-2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының графикалық нысандағы
диаграммалары
Ескерту. Регламент 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Бастапқы хабарлама
Аяқтаушы хабарлама
Аяқтаушы қарапайым оқиға
Қате
Ақпараттық жүйе
Процесс
Шарт
Хабарламалар ағыны
Басқару ағыны
Соңғы көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын
электрондық құжат
«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына
әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке
қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан
айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен
босануға байланысты табысынан айырылу,
жаңа туған баланы асырап алуға байланысты
табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты табысынан
айырылу» мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне
2-қосымша
«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер
тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан
айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты
табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты
табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
ХҚО арқылы көрсету кезінде:
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау процесі және оны
уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзетуі 2-ҚФБ-да және 3-ҚФБ-да бастапқы
көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
**- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты
көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету кезінде:

ЖАО арқылы көрсету кезінде:
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау процесі және оны
уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзетуі 2-ҚФБ-да және 3-ҚФБ-да бастапқы
көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
**- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты
тікелей уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы көрсету кезінде:
Ескертпе:
- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
- көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ҚФБ рәсімінің (іс-қимылының) атауы
- нұсқаны талдау
- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау процесі және оны
уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзетуі 1-ҚФБ-да және 2-ҚФБ-да бастапқы
көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
6-қосымша
«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі
жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекiтiлген «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау рәсімін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
жәрдемақы тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармғында сәйкес ұсынылған құжаттараға қоса берілген көрсетілетін қызметі алушыларының өтінші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы бір жұмыс күні ішінде:
уәкілетті ұйымның филиалынан келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін қажеттілік туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.
Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
электрондық іс макеті Стандартқа сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы жәрдемақы (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын куәландырады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Қызмет беруші бөлімінің маманы ЭЦҚ-мен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің нәтижесі.
2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін қажеттілік туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
электрондық іс макетінің Стандарт толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау туралы электрондық іс жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Қызмет беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) ЭЦҚ – мен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің нәтижесі.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) бастығынан (басшысынан) келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін қажеттілік туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
электрондық іс макетінің Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады;
автоматты режимде қабылданған шешімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қабылдау және төлеуге арналған шешімді автоматты тәртіптемеде жолдау осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы тармағында және 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.
Қызмет берушінің басшысы бір жұмыс күннін ішінде электрондық іс макеті Стандартқа толық сай келетін жағдайда және ЭЦҚ арқылы куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды, қабылданған шешімді автоматты тәртіптемеде уәкілетті мекеме бөліміне жолдайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
1) ХҚО-да құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы;
2) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
11. ХҚО:
1) ақпараттық жүйелеріне көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
2) мынадай ақпарат жүйелеріне:
жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі –МДҚЖТ) ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
АХАЖ АЖ-не баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлігі бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е Қамқоршылық» АЖ-не қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты бойынша сұрау салуды қалыптастырады;
3) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЗТМО ААЖ) өтініш берушіге жәрдемақылар тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактілерінің болуына сұрау салу қалыптастырады;
4) құжаттарды, оның ішінде МДҚЖТ ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжатқа сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
5) өтінішті тіркейді;
6) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
7) көрсетілетін қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерін тұпнұсқамен сәйкестігін және сканерлеу сапасымен қамтамасыз етеді;
8) өтініш тіркелген күннен бастап бір күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттың жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық іс макетін қалыптастырады. Бұл ретте мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш пен құжаттардың топтамасын қабылдаған кезде ЗТМО АЖЖ тағайындау немесе төлеу фактісінің болмауына тексеруді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) мынадай ақпарат жүйелеріне:
жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі –МДҚЖТ) ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
АХАЖ АЖ-не баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлігі бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е Қамқоршылық» АЖ-не қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты бойынша сұрау салуды қалыптастырады;
4) құжаттарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжатқа сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
5) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні және көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді;
6) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;
7) көрсетілетін қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерін тұпнұсқамен сәйкестігін және сканерлеу сапасымен қамтамасыз етеді, жәрдемақы мөлшерін есептеу, электрондық шешім жобасын ресімдеу дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
13. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық іс макеті келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын қарайды және есептеудің және ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
14. ХҚО немесе уәкілетті ұйымның бөлімшесі жіберген қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
15. Электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда:
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО:
1) хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабарлайды;
2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:
ХҚО арқылы:
ХҚО бір жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді;
уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, көрсетілетін қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерін тұпнұсқамен сәйкестігін және сканерлеу сапасымен қамтамасыз етеді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.
16. ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде:
жәрдемақыны тағайындау туралы хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама түскен уақыттан бастап:
істің электрондық макетін шығарады және жәрдемақыны алушы ісінің қағаз нұсқасын қалыптастырады;
көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы немесе жеке жүгінген кезде жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру жолымен көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің (көрсетілетін қызметті алущының) портал арқылы жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты алу кезіндегі қадамдық іс-қимылы мен шешімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;
9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Бала туғанда берілетін және (немесе) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша берілетін біржолғы жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Қызмет көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 3-қосымшада графикалық нысанда көрсетілген.
18. Ақпаратты ұсыну уақыты уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
19. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жәрдемақы тағайындауға өтінішті портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде беруге мүмкіндігі бар. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), ауданның коды бойынша уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесін автоматты түрде айқындау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу;
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін енгізу процесі;
9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету үшін сұрау салуды куәландыру және порталда көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ), «Қазпочта» акционерлік қоғамына жіберу;
13) 4-шарт – ЕДБ-да көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін ЭҮТШ арқылы тексеру;
14) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелері расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету үшін электрондық құжатты (сұрау салуды) куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы уәкілетті ұйымның ААЖ-ға жібереді;
16) 5-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ЭҮП-тен келіп түскен электрондық құжатты (сұрау салуды) қызметті көрсету үшін талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
17) 11-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
18) 12-процесс – ЗТМО ААЖ-да электрондық құжатты тіркеу және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау туралы хабарламаны жіберу;
19) 13-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметтің нәтижесін (МБЗТ тағайындау туралы не МБЗТ тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген хабарламаны) электрондық құжат нысанында алуы. Бала туғанда берілетін және (немесе) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша берілетін біржолғы жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама осы Регламенттің 2 және 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары графикалық нысанда осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 6-қосымшада көрсетілген.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 7-қосымшаға сәйкес «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Бала туғанда берілетін және
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы
рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы
Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының) |
Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматтық режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің бастығына (басшысына) жіберу; |
1 жұмыс күні |
2 |
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматтық режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің бастығына (басшысына) жіберу; |
1 жұмыс күні |
3 |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) Жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдау; |
1 жұмыс күні |
«Бала туғанда берілетін және
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
2-қосымша
Нысан
Бала туғанда берілетін және (немесе) бала бiр жасқа толғанға
дейiн оның күтiмi бойынша берілетін біржолғы жәрдемақы
тағайындау туралы хабарлама
20__ ж. «___» _______________
Азамат ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Туған күні ________ ж. «____» ___________
Тағайындау туралы шешім 20 ____ ж. «___» ____________ № ____
Бала туғанда берілетін жәрдемақының тағайындалған сомасы
20__ ж. «___» ________ бастап _____ теңге (_________________________)
(сомасы жазбаша)
Бала күтімі жөніндегі жәрдемақының тағайындалған сомасы
20__ ж. «___» ________ бастап _____ теңге (_________________________)
(сомасы жазбаша)
Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған _____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
*штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Бала туғанда берілетін және
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
3-қосымша
Нысан
Бала туғанда берілетін және/немесе бала бiр жасқа
толғанға дейiн оның күтiмi бойынша берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы
№ ___ хабарлама
20__ ж. ____________ «___»
Азамат ______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты(ол болған кезде))
Туған күні ________ ж. «____» _______________________________________
Баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және туған күні ______________________________________
Тағайындаудан бас тартылды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(негіз (себебін көрсету))
Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған _____________________________________________________________________
(Жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
*штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Бала туғанда берілетін және
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің
функционалдық іс-қимылының диаграммалары, графикалық нысанда
«Бала туғанда берілетін және
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
5-қосымша
«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі
жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы
ХҚО арқылы көрсетілген жағдайда:
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
**- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты
уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсетілген жағдайда
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
7-қосымша
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекiтiлген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы;
жәрдемақы тағайындау үшін алғаш рет жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;
I, II және III топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектігін алғашқы айқындау кезінде – көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу кезінде – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
жәрдемақы тағайындауға ХҚО арқылы жүгінген жағдайда – ХҚО арқылы;
жәрдемақы тағайындауға уәкілетті ұйым, көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген жағдайда – уәкілетті ұйым арқылы;
жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде – портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – әлеуметтік төлем тағайындау.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
уәкілетті ұйымның филиалынан келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.
Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
электрондық іс макеті Стандартқа сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы жәрдемақы (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын куәландырады;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) екі жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.
Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
электрондық іс макеті Стандартқа сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы жәрдемақы (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын куәландырады;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жумыс күні ішінде:
Тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім( басқарма) бастығынан (басшысынан) келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.
Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
электрондық іс макеті Стандартқа сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы жәрдемақы (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын куәландырады;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырылған кезде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы екі жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау туралы шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасында рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы тармақта, сондай-ақ осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде электрондық іс макеті Стандартқа толық сай келген жағдайда жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады, қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
1) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы;
2) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы;
3) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
11. ХҚО:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттар көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін тексереді.
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі-ЖТМДҚ) ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері бойынша сұрау салуды қалыптастырады;
Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбасынан көшірме (2007 жылдың 13 тамызынан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жасалған тіркеу бойынша), неке қию туралы куәлігі (2008 жылдың 1 маусымынан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жасалған тіркеу бойынша) жөніндегі «ЗАГС» (бұдан әрі – ИС ЗАГС) ақпараттық жүйесіне,
Мүгедектік тобын анықтау туралы анықтама бойынша ЦБДИ-ға
3) құжаттардың көшірмелеріноның ішінде ЖТМДҚ ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
4) өтінішті тіркейді;
5) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
6) өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне:
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді жібереді;
7) тағайындаудан бас тартылған жағдайда ұсынылған барлық құжаттарды, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бас тарту себептері туралы хатымен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
11-1. Көрсетілетін қызметті беруші:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
2) «ЖТМД» АЖ-ға – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
«АХАЖ» АЖ-ға – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылдың 13 тамызынан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдың 1 маусымынан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша) бойынша сұрау салуды қалыптастырады;
3) құжаттарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
4) өтінішті тіркейді;
5) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
6) өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне:
көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді жібереді.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі құжаттар қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының қағаз түріндегі және электрондық іс макетін қалыптастырады. Бұл ретте мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан, ХҚО-дан және көрсетілетін қызметті берушіден өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдаған кезде «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тағайындау немесе төлеу фактісінің болмауына тексеруді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін тексереді;
3) жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖТМД АЖ) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
АХАЖ АЖ-ға баланың (балалардың) туу туралы куәлігі бойынша немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтама бойынша МОДБ-ға сұрау салуды қалыптастырады;
4) құжаттарды, оның шінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
5) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні және көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді;
6) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық және қағаз түрінде іс макетін қалыптастырады;
7) электрондық іс макетін қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда ұсынылған барлық құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті ұйымның бас тарту себептері туралы хатымен қайтарылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
13. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шеші жобасын қарайды және есептеудің және рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
14. Қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете рәсімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын рәсімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
15. Электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО:
1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде телефон, почтабайланысы, электрондық почта арқылы хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бір жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.
16. ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алышуға береді.
уәкілетті ұйымның бөлімшесі қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне үндеугенде белгіленген ретте жәрдемақыны тағайындау немесе бас тартылған туралы хабарлайды;
уәкілетті ұйымның бөлімшесі электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызмет тағайындау туралы ақпаратты алған сәтке көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер электрондық түрде уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында бар көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылы мен шешімдері (функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы):
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуден өтуге тиіс (тіркелмеген көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған қателіктерге байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;
9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7-процесс – орын алған қателіктерге байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.Мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары графикалық нысанда осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
18. Ақпаратты ұсыну уақыты уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы
рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы
Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының) |
Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматтық режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің бастығына (басшысына) жіберу; |
2 жұмыс күні |
2 |
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматтық режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің бастығына (басшысына) жіберу; |
1 жұмыс күні |
3 |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) Жәрдемақы тағайындау туралы шешімі қабылдау; |
1 жұмыс күні |
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
(тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат
Азамат (ша) _________________________________________________________
(тегі, аты, әкеснің аты (ол болған кезде), туған күні)
____________ жылғы «_________» ____________ № _____________ шешімімен
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ____________ теңге сомада тағайындалды.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау күні 20__ жылғы «_» __
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылсын _______________________________
(бас тарту себебі)
*штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің
функционалдық іс-қимылының диаграммалары, графикалық нысанда
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
4-қосымша
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік
қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
ХҚО арқылы көрсету кезінде:
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау процесі және оны
уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзетуі 2-ҚФБ-да және 3-ҚФБ-да бастапқы
көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
**- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты
көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету кезінде:
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау процесі және оны
уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзетуі 2-ҚФБ-да және 3-ҚФБ-да бастапқы
көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
**- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты
тікелей уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы көрсету кезінде
Ескертпе:
- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
- көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ҚФБ рәсімінің (іс-қимылының) атауы
- нұсқаны талдау
- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
8-қосымша
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының
түсімі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті
көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсімі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсімі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсімі және қозғалысы туралы ақпарат беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары, уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұлдар, сондай-ақ қате аударылған сомаларды (инвестициялық табысты қоспағанда) қайтару туралы ақпарат.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Қызмет толықтай автоматтандырылуына байланысты мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі көзделмеген.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету
орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау ХҚО-да «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылы мен шешімдері осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген:
1) 1-процесс – қызмет көрсету үшін ХҚО қызметкерінің ХҚО ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – АЖ) автоматтандырылған жұмыс орнына логин мен парольді (авторизациялау процесі) енгізуі;
2) 2-процесс – ХҚО қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және ХҚО қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты бойынша деректерді енгізуі (нотариалдық куәландырылған сенімхат болған кезде, сенімхат өзгеше куәландырылған кезде – сенімхат деректері толтырылмайды);
3) 3-процесс – Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЖТМДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ)көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрау салуды «электрондық үкіметтің шлюзі» (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жіберу;
4) 1-шарт –ЖТМДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болуын тексеру;
5) 4-процесс – ЖТМДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
6) 5-процесс – ХҚО қызметкерінің қағаз нысандағы құжаттардың болуы туралы белгі қою бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (деректер енгізілген) ЭЦҚ арқылы куәландыру, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ААЖ-да (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ) өңдеуге жіберу;
7) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеу нәтижесін тексеру;
8) 6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-да сұрау салынған деректердің болмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің ХҚО АЖ автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – АЖО) қалыптастырылған қызметтің (анықтаманың) нәтижесін ХҚО қызметкері арқылы және порталдағы жеке кабинеттен алу. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатының түсімі және қозғалысы туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы қадамдық іс-қимылы мен шешімдері осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті алушыға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ҰКО АЖ) тұтынушының ЭЦҚ-сын қалыптастыру және тексеру процесін іске асыратын, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған, көрсетілетін қызметті берушіге электрондық құжат түрінде берілген сұрау салудың негізінде ұсынылады;
3) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алуы үшін порталда ЖСН мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі), ЖСН мен пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің порталда дұрыстығын тексеру, ХҚО-ның 1-ақпараттық жүйесінен (1-АЖ) қажетті ақпаратқа сұрау салу;
4) 2-процесс – порталдың көрсетілетін қызметті алушы деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 4-процесс – «ҰКО» АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру деректеріне және ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі туралы деректерге сұрау салу;
7) 1-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тіркеу куәліктерінің кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкестігін тексеру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-процесс – қызметті көрсету үшін сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);
10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-нен қажетті деректерге сұрау салу;
11) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-нен келіп түскен деректерді тексеру;
12) 8-процесс – сұрау салынған деректердің көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-де болмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қызмет нәтижесін (анықтамасын) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатының түсімі және қозғалысы туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының салымшысы қаражатының
түсімі және қозғалысы туралы
ақпарат беру» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
1-қосымша
ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық
өзара іс-қимыл диаграммасы
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының салымшысы қаражатының
түсімі және қозғалысы туралы
ақпарат беру» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
2-қосымша
Нысан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының
түсімі және қозғалысы туралы ақпарат
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының салымшысы қаражатының
түсімі және қозғалысы туралы
ақпарат беру» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
3-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
9-қосымша
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті беруші;
мүгедектікті растау туралы ақпарат алу бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушыға мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектік туралы анықтама;
көрсетілетін қызметті алушыға оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі – ОБЖ) әлеуметтік және кәсіптік бөлігі әзірленген жағдайда – мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме;
көрсетілетін қызметті алушыға жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда – жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
көрсетілетін қызметті алушыға кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда – кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірме және медициналық-әлеуметтік сараптаманың актісі;
зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы айқындалған жағдайларда – зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды;
кезекті қайта куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған көрсетілетін қызметті алушыға – толық оңалғандығы туралы хабарлама;
медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) қорытындысы туралы денсаулық сақтау ұйымының хабарламасы;
порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мүгедектікті растау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Жүгінген күні көрсетілетін қызметті беруші сараптамалық қорытынды шығарады.
МӘС бөлімі куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындымен МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген жағдайларда - өтінішті тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы және кемінде екі бас маманы 45 минут ішінде:
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды және деректерін автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорына тіркеуді жүргізеді;
ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарайды;
куәландырылатын адамды тексеріп-қарауды жүргізеді;
медициналық айғақтар, негізгі организм функциялары бұзылушылықтарының және тыныс-тіршілігі шектелуінің сыныптауышы негізінде организм функцияларының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін бағалауды жүргізеді;
организмнің жай-күйін кешенді бағалауға және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне қарай:
сараптамалық қорытынды шығарады;
МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысы қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыны және/немесе көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне жібереді.
Егер куәландырылатын адам МӘС бөліміне және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөліміне келмесе, МӘС бөлімі оныншы жұмыс күні алдын ала сараптамалық қорытындыға сәйкес және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысын ескере отырып, сараптамалық қорытынды шығарады.
Куәландырылатын адамның деректері МӘС актілері, хаттамалар журналдары мен құжаттар, оның ішінде осы регламенттің 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері қалыптастырылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорына енгізіледі.
Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу/белгілемеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау туралы алқалы сараптамалық қорытынды осы кезеңдегі мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелеріне бөлім басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
2) көрсетілетін қызметті берушінің МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің кемінде екі бас маманы 45 минут ішінде:
ұсынылған құжаттарды қарайды және/немесе көрсетілетін қызметті алушыны тексеріп-қарауды, организм функцияларының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін бағалауды жүргізеді;
құжаттарды қарау және/немесе тексеріп-қарау нәтижелері бойынша консультациялық қорытынды шығарады.
Тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі туралы алқалы консультациялық қорытынды осы кезеңдегі мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті берушінің МӘС бөлімінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің МӘС бөлімінің бас мамандары;
көрсетілетін қызметті берушінің МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің бас мамандары.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген қызметкерлер арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген. Бөлімнің басшысы мен кемінде екі бас маманы 45 минут ішінде қарайды және алқалы сараптамалық қорытынды шығарады.
Қажет болған жағдайда бөлім басшысы көрсетілетін қызметті алушыны және/немесе көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне жібереді.
МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің кемінде екі бас маманы 45 минут ішінде консультациялық қорытынды шығарады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған жағдайда мүгедектікті растау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті беруші бұрын мүгедек деп таныған көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады және мүгедектікті растау туралы ақпаратты алған сәтте көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында электрондық түрде болады.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдар:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН мен парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асыралады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда ЖСН мен пароль арқылы тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкестігін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;
9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Мүгедектікті растау туралы осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 2-қосымшадғы нысанға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары графикалық нысанда осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 3-қосымшада көрсетілген.
11. Ақпаратты ұсыну уақыты уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 4-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Мүгедектікті және/немесе еңбек
ету қабілетінен айырылу дәрежесін
белгілеу және/немесе қажетті
әлеуметтік қорғау шараларын айқындау»
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне 1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген қызметкерлер
арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы
Негізгі процесс (жұмыстар барысы, легі) іс-қимылы |
|||||
Іс-қимыл (жұмыстар барысы, легі) № |
Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимыл (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипатталуы |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Бөлім басшысы және бөлімінің кемінде екі бас маманы |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау және ААЖ дерекқорына тіркеу. |
1) көрсетілетін қызметті алушыға мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектігі туралы анықтама; |
1) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні; |
- |
1) көрсетілетін қызметті алушыны және/немесе оның құжаттарын консультация үшін МӘС әдіснама және бақылау бөліміне жіберу |
МОДҚ деректері |
көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні |
2 |
||
2 |
МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің кемінде екі бас маманы |
1) ұсынылған құжаттарды қарау және/немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыны тексеріп-қарау, организм функцияларының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін бағалау. |
консультациялық қорытынды шығару және консультация деректерін мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорына енгізу |
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы жүгінген және/немесе оның құжаттары келіп түскен күні |
1 |
«Мүгедектікті және/немесе еңбек
ету қабілетінен айырылу дәрежесін
белгілеу және/немесе қажетті
әлеуметтік қорғау шараларын айқындау»
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
департаменті
Мүгедектікті растау туралы
АҚПАРАТ
Азамат (ша) _________________________________________________________
( тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Туған күні __________________________________________________________
Өтініш берушінің мекенжайы __________________________________________
(МОДҚ-да тіркелген сәтте)
_____________________________________________ мүгедегі болып табылады
(санаты*)
_____________________________________________________________________
(мүгедектік себебі)
Белгіленген күні ______._______.______.
Мүгедектік ____________.__________._____. дейінгі мерзімге белгіленді
Негіздеме: 20__ жылғы «___» _______ № ________ сараптамалық қорытынды
(сараптаманың аяқталған күні) (МӘС актісінің №)
Мүгедектік санаты* – мүгедектіктің бірінші, екінші немесе үшінші тобы, он алты жасқа дейінгі адамға «мүгедек бала» санаты, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейін бірінші, екінші немесе үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Мүгедектікті және/немесе еңбек
ету қабілетінен айырылу дәрежесін
белгілеу және/немесе қажетті
әлеуметтік қорғау шараларын айқындау»
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің
функционалдық іс-қимылының диаграммалары, графикалық нысанда
«Мүгедектікті және/немесе еңбек
ету қабілетінен айырылу дәрежесін
белгілеу және/немесе қажетті
әлеуметтік қорғау шараларын айқындау»
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне 4-қосымша
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
10-қосымша
«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала
асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекiтiлген «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
жәрдемақы тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің бөлім (басқарма) маманы бір жұмыс күні ішінде:
уәкілетті ұйымның филиалынан келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.
Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) екі жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілін тексеру үшін қажеттілігіне қарай не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасын куәландырады және ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім (басқарма) бастығының (басшысының) ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) бастығынан (басшысынан) электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілін тексеру үшін қажеттілігіне қарай не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады;
қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.
Тағайындау туралы шешімді қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы бір жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау туралы шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау туралы шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады, қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-мен және
(немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
1) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы;
2) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
11. ХҚО:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
2) мынадай ақпараттық жүйелерге:
жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі – ЖТМДҚ) ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
АХАЖ АЖ-не баланың (балалардың) туу туралы куәлігі не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е Қорғаншылық» АЖ-не балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжат бойынша;
«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқоры» ААЖ-не (бұдан әрі – ММОБ АЖ) баланың мүгедектігі туралы анықтама бойынша сұрау салу қалыптастырады;
3) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЗТМО ААЖ) өтініш берушіде жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына сұрау салу қалыптастырады;
4) құжаттарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжатқа сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
5) өтінішті тіркейді;
6) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
7) электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың тұпнұсқаларына сәйкестігін сканерлеу сапасын және қамтамасыз етеді;
8) өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштердің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық іс макетін қалыптастырады. Бұл ретте мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш құжаттар топтамасы қабылданған кезде ЗТМО ААЖ-да жәрдемақы тағайындау немесе төлеу фактісінің болмауына тексеруді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан және ХҚО-дан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) мынадай ақпараттық жүйелерге:
жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі – ЖТМДҚ) ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
АХАЖ АЖ-не баланың (балалардың) туу туралы куәлігі не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е Қорғаншылық» АЖ-не балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжат бойынша;
«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқоры» ААЖ-не (бұдан әрі – ММОБ АЖ) баланың мүгедектігі туралы анықтама бойынша сұрау салу қалыптастырады;
3) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЗТМО ААЖ) өтініш берушіде жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына сұрау салу қалыптастырады;
4) құжаттарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжатқа сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
5) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні және көрсетілетін қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді;
6) электрондық шешім жобасымен көрсетілетін қызметті алушының электрондық іс макетін қалыптастырады;
7) құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған тұпнұсқаларға сәйкестігін, сканерлеу сапасын және жәрдемақы мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеу дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
13. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық іс макеті түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
14. ХҚО немесе уәкілетті ұйымның бөлімшесі жіберген қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
15. Құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО:
1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) тікелей немесе ХҚО арқылы ұсынған кезде:
ХҚО бір жұмыс күні ішінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді жібереді.
уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешім жобасын жете ресімдейді, құжаттарды сканерлеу сапасын асырады, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның филиалы электрондық іс макеті түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
істің электрондық макетін және шешімнің электрондық жобасын қосымша ресімдеп, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін, жәрдемақы мөлшерінің және шешімнің электрондық жобасының ресімделуінің дұрыстығын қамтамасыз етеді, шешімнің электрондық жобасын ЭЦҚ жолымен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жолдайды;
уәкілетті ұйымның филиалы электрондық іс макеті түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
16. ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде:
жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде:
электрондық іс макетін басып шығарады және жәрдемақы алушы ісінің қағаз нұсқасын қалыптастырады;
көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы немесе өзі жүгінген кезде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны табыстау жолымен көрсетілетін қызметті алушыны уәкілетті орган қабылдаған шешім туралы хабардар етеді.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған
анаға немесе әкеге, бала асырап
алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға)
жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы
рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы
Іс-қимыл (жұмыстар барысы, легі) № |
Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимыл (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипатталуы |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жіберу; |
1 жұмыс күні |
2 |
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жіберу; |
1 жұмыс күні |
3 |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау |
1) Жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдау; |
1 жұмыс күні |
«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған
анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға,
қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
2-қосымша
«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала
асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
ХҚО арқылы көрсетілген жағдайда:
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
**- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты
уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсетілген жағдайда:
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету пр оцесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
11-қосымша
«Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) бұйрығымен бекiтiлген «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және жерлеуге арналған біржолғы төлемді (бұдан әрі – төлем) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандартың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішіндегі мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) төлемді тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетті қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы электрондық жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздеме болмаған жағдайда, төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
2) төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетті қарайды (төлем мөлшерін есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, төлем тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздеме болмаған жағдайда, төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
3) төлем тағайындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (төлем мөлшерін есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздеме болмаған жағдайда, тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жолдайды;
ЭЦҚ куәландырған кезде төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама автоматты түрде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жіберіледі;
Тағайындау туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада ұсынылған.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде уәкілетті ұйыммен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
11. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады. Бұл ретте мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді:
3) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты- жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын, ХҚО-да тіркелген күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
4) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешімінің жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;
5) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
12. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын қарайды және тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жібереді;
13. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушы өзі жүгінген кезде береді.
14. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi тағайындау туралы алынған шешімдер бойынша бір жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуге өтінім қалыптастырады. Уәкілетті ұйым қалыптастырылған өтінім негізінде бір жұмыс күні ішінде қызметті алушыға жерлеуге арналған біржолғы төлемді аударады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне
1-қосымша
Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының) |
Жүйелік-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жерлеуге арналған |
1 жұмыс күні |
2 |
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жерлеуге арналған |
3 |
|
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау; |
«Жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне 2-қосымша
«Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
12-қосымша
«Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу
жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн
банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Ескерту. Бұйрық 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1024 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. «Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бекiтiлген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерін (бұдан әрі – ай сайынғы төлемдер) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген нысан бойынша қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына өкілетті ұйымнан ай сайынғы төлем тағайындау туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
негіздемелер болған кезде ұсынылған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың дәйектілігін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы хабарлай отырып, бес жұмыс күні ішінде тексереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда ай сайынғы төлемдерді тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған жағдайда ай сайынғы төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің бөлім (басқарма) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
2) Ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы екі жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
негіздемелер болған кезде ұсынылған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың дәйектілігін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы хабарлай отырып, бес жұмыс күні ішінде тексереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда ай сайынғы төлемдерді тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған жағдайда ай сайынғы төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
3) Ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
негіздемелер болған кезде ұсынылған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың дәйектілігін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы хабарлай отырып, бес жұмыс күні ішінде тексереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда ай сайынғы төлемдерді тағайындау туралы ЭЦҚ арқылы шешім қабылдайды, тағайындау үшін негіздемелер болмаған жағдайда ай сайынғы төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
қабылданған шешім автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама автоматты түрде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жіберіледі.
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы екі жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде уәкілетті ұйыммен
өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
11. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады. Бұл ретте мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:
1) тағайындау немесе төлеу фактісінің болуына уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне сұрау салу қалыптастырады. Тағайындау немесе төлеу фактісі болған кезде өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – АЖ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салу қалыптастырады:
«Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» АЖ-ға – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ААЖ-ға жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу туралы және куәландыру жүргізу және мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтамалар бойынша;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріден алынатын мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;
5) сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
6) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын береді;
7) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;
8) ай сайынғы төлемнің мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда немесе ай сайынғы төлемдерді тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.
12. Уәкілетті ұйымның филиалы уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) ай сайынғы төлемнің мөлшерін есептеудің дұрыстығын және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасының ресімделуін қарайды және тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жібереді.
13. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде береді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес «Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына
келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi
капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық
салдарынан таратылған заңды тұлғалардың
Қазақстан Республикасының азаматтарына
ай сайынғы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген қызметкерлер
арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілігінің
сипаттамасы
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) № |
Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы |
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) |
Орындау мерзімдері |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу; |
2 жұмыс күні |
2 |
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және ай сайынғы төлемдерді тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу; |
2 жұмыс күні |
3 |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау |
1) Ай сайынғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау; |