"Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қаңтарда № 10157 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.05.2015 № 407 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      «Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9379 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Уәкілетті ұйымнан берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентінде:
      2-тармақта:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы;»;
      6-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
      ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;»;
      7-тармақ орыс тілінде өзгермейді, мемлекеттік тілде мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылады;
      «7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.»
      13-тармақта:
      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде анықталған қателерді түзетеді, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;»;
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) уәкілетті ұйымның филиалы екі жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемін есептеудің дұрыстығын және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасының ресімделуін тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.»;
      17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»;
      2-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» деген жол
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті»;
      «Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1 бабына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.» деген жол
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.»;
      4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентінде:
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
      МБЗТ тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша МБЗТ тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
      ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;»;
      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      Қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
      ХҚО жіберген қателер бойынша:
      1) ХҚО екі жұмыс күні ішінде анықталған қателерді түзетеді және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, МБЗТ мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      3) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен мен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;.
      Уәкілетті ұйымның бөлімшесі жіберген қателер бойынша:
      1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, МБЗТ мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.»;
      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:
      ХҚО арқылы:
      ХҚО бір жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, электрондық іс макетінің қағаз өткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, МБЗТ мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы:
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
      электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, МБЗТ мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.»;
      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. ХҚО немесе уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден МБЗТ тағайындау туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде:»;
      17-тармақта:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың МБЗТ тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.»;
      екінші абзацы алып тасталсын;
      19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»;
      2-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» деген жол
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті»;
      «Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1 бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.» деген жол
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.»;
      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
      3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентінде:
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
      жәрдемақы тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар тағайындау туралы ақпаратты алу бөлігінде (2015 жылғы 1 шілдеден бастап) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
      ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;»;
      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
      ХҚО жіберген қателер бойынша:
      1) ХҚО екі жұмыс күні ішінде анықталған қателерді түзетеді және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақының мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      3) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі жіберген қателер бойынша:
      1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақының мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.»;
      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:
      ХҚО арқылы:
      ХҚО бір жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақының мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді;
      уәкілетті ұйымының бөлімшесі арқылы:
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
      электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, МБЗТ мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.»;
      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. ХҚО немесе уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде:»;
      17-тармақта:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.»;
      екінші абзацы алып тасталсын:
      19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»;
      2 және 3-қосымшаларда:
      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» деген жол
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті»;
      «Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы 370-II ҚРЗ 1 бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.» деген жол
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.»;
      5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
      4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентінде:
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
      жәрдемақылар тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
      ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;»;
      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімінің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
      ХҚО жіберген қателер бойынша:
      1) ХҚО екі жұмыс күні ішінде анықталған қателерді түзетеді және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      3) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі жіберген қателер бойынша:
      1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.»;
      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:
      ХҚО арқылы:
      ХҚО бір жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы:
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
      электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.»;
      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. ХҚО немесе уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде:»;
      17-тармақта:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.»;
      екінші абзацы алып тасталсын:
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»;
      2-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті» деген жол
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті»;
      4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      5) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету Регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      6) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
      жәрдемақы тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
      5, 7-тармақтар орыс тілінде өзгермейді, 5, 7-тармақтарға мемлекеттік тілде өзгерістер енгізіледі.
      5-тармағы мынадай редакцияларда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармғында сәйкес ұсынылған құжаттараға қоса берілген көрсетілетін қызметі алушыларының өтінші негіздеме болып табылады »
      6-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
      ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;»;
      7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.»;
      9-тармақта:
      екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.»;
      үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.»;
      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      14. ХҚО немесе уәкілетті ұйымның бөлімшесі жіберген қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
      1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.»;
      15-тармақта:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда:»;
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:
      ХҚО арқылы:
      ХҚО бір жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы:
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
      электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.»;
      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. ХҚО немесе уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде:»;
      17-тармақта:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.»;
      екінші абзацы алып тасталсын:
      19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»;
      5-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
      7) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентінде:
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
      жәрдемақы тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.»;
      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
      ХҚО жіберген қателер бойынша:
      1) ХҚО екі жұмыс күні ішінде анықталған қателерді түзетеді және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      3) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі жіберген қателер бойынша:
      1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.»;
      15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда:
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО:
      1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;
      2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:
      ХҚО арқылы:
      ХҚО бір жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы:
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді; 
      электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.»;
      16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді:»;
      17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.»;
      19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»;
      5-қосымшада
      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті» деген жол
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті»;
      4-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      8) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсімі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентінде:
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік қызметті «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының құрылымдық бөлімшелері» (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.».
      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);»;
      9) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентінде:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
      12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы мемлекеттік қызметті көрсету Регламентіне 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»;
      2-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» деген жол
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті»;
      «Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1 бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.» деген жол
      мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.»;
      4-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
      10) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға)
жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентінде:
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
      жәрдемақы тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      6-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
      ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;»;
      10, 11, 12, 13, 15, 16-тармақтары орыс тілінде өзгермейді, 4-бөлімі мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылады;
      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. ХҚО немесе уәкілетті ұйымның бөлімшесі жіберген қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
      1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.»;
      17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»;
      2-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
      11) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентінде:
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы жүзеге асырылады.»;
      7-тармағы орыс тілінде өзгермейді, мемлекеттік тілде 7-тармақпен толықтырылады:
      3-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің бастығына (басшысына) жібереді;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде уәкілетті ұйыммен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
      11. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін тексереді;
      2) құжаттардың көшірмелерін сканерлейді;
      3) құжаттардың толық топтамасымен өтінішті тіркейді;
      4) өтінішті тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешімінің жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;
      Электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді, төлем мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
      12. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
      1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын қарайды және тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.
      13. Уәкілетті ұйымның филиалы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы шешімдер бойынша екі жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуге өтінім-қажеттілікті қалыптастырады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
      2. Стратегиялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің      
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 313 бұйрығына      
1-қосымша         

«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы
төлемдерін тағайындау»  
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне 4-қосымша

«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескертпе:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің      
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 313 бұйрығына      
2-қосымша         

«Мемлекеттік базалық    
зейнетақы төлемін тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне       
4-қосымша        

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік
қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      ХҚКО арқылы көрсетілген жағдайда:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 2-ҚФБ және 3-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
      **- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты

уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсетілген жағдайда

      Ескертпе:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің      
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 313 бұйрығына      
3-қосымша         

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша және жасына
байланысты мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне  
5-қосымша              

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің
анықтамалығы

      ХҚО арқылы көрсетілген жағдайда:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 2-ҚФБ және 3-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
      **- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты

уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсетілген жағдайда

      Ескертпе:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің      
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 313 бұйрығына      
4-қосымша         

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне     
4-қосымша           

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      ХҚО арқылы көрсетілген жағдайда:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 2-ҚФБ және 3-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
      **- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты

уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсетілген жағдайда

      Ескертпе:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс

Қазақстан Республикасы         
Денсаулық сақтау және әлеуметтік  
даму министрінің           
2014 жылғы 11 желтоқсандағы     
№ 313 бұйрығына           
5-қосымша              

Қазақстан Республикасы      
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 139-ө бұйрығына         
5-қосымша              

«Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу,
жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты
табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты
табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына
әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету
регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекiтiлген «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі – әлеуметтік төлемдер) тағайындау рәсімін айқындайды.
      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
      еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – әлеуметтік төлем тағайындау.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
      1) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
      уәкілетті ұйымның филиалынан келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
      уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін:
      уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
      қосымша құжатты (құжаттарды) талап ету қажет болған жағдайда – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
      ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
      электрондық іс макеті қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасын куәландырады;
      әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
      Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.
      Шешім жобасына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметі беруші пысықтау үшін 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
      Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.
      2) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) екі жұмыс күні ішінде:
      тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
      уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін:
      уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
      қосымша құжатты (құжаттарды) талап ету қажет болған жағдайда – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
      ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
      электрондық іс макеті қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасын куәландырады;
      әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің бастығына (басшысына) жібереді.
      Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.
      Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) бастығының (басшысының) ЭЦҚ-сымен куәландырылған, әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
      тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) бастығынан (басшысынан) келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
      уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін:
      уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
      қосымша құжатты (құжаттарды) талап ету қажет болған жағдайда – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
      ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
      электрондық іс макеті қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады;
      әлеуметтік төлемді тағайындау туралы автоматты режимде қабылданған шешімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
      ЭЦҚ-мен куәландырған кезде әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі;
      Әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлемге жіберу мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің бастығына (басшысына) жібереді;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы

      10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
      1) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы;
      2) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
      11. ХҚО:
      1) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттар көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі – ЖТМДҚ) ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша, «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - «Еңбек нарығы» ААЖ) көрсетілетін қызметті алушының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама бойынша сұрау салуды қалыптастырады;
      3) құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде ЖТМДҚ ақпараттық жүйесінен және «Еңбек нарығы» ААЖ алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
      4) құжаттардың толық топтамасымен өтінішті тіркейді;
      5) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
      өтініштің нөмірі, қабылданған күні және уақыты;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат береді;
      6) өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
      12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының қағаз түріндегі және электрондық іс макетін қалыптастырады. Бұл ретте мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті алушыдан және ХҚО-дан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін тексереді;
      2) ХҚО арқылы қабылданған өтінішті және құжаттардың топтамасын тіркейді және өтініштің уәкілетті ұйымда тіркелгені туралы ХҚО-ға хабарлама жібереді;
      3) құжаттарды уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы қабылдаған жағдайда:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша ЖТМДҚ АЖ-ға және мемлекеттік қызметті алушының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама бойынша «Еңбек нарығы» ААЖ-на сұрау салуды қалыптастырады;
      ақпараттық жүйелерден, оның ішінде ЖТМДҚ АЖ-дан және «Еңбек нарығы» ААЖ-нен алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттармен сәйкес келмеген жағдайда құжаттардың көшірмелерін сканерлейді;
      құжаттардың толық топтамасымен өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні және көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді;
      4) көрсетілетін қызметті алушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтаманы қалыптастырады;
      5) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;
      6) электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
      13. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын қарайды және есептеудің және рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.
      14. Қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық жобаның шешімімен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
      ХҚО жіберген қателер бойынша:
      1) ХҚО екі жұмыс күні ішінде анықталған қателерді түзетеді және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді уәкілетті органның бөлімшесіне жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, әлеуметтік төлем мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      3) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
      уәкілетті ұйымның бөлімшесі жіберген қателер бойынша:
      1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
      15. Электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға бес жұмыс күні ішінде телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.
      16. Көрсетілетін қызметті алушы тікелей немесе ХҚО арқылы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:
      ХҚО бір жұмыс күні ішінде:
      1) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
      2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
      Уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, әлеуметтік төлем мөлшерін есептеудің, электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
      уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.
      17. ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні  ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады.
      Уәкілетті ұйымның бөлімшесі белгіленген нысандағы әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарламаны уәкілетті ұйымның бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде береді.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

Еңбек ету қабілетінен айырылу,      
асыраушысынан айырылу, жұмысынан     
айырылу, жүктiлiкке және босануға    
байланысты табысынан айырылу, жаңа   
туған баланы асырап алуға байланысты   
табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға
дейін оның күтіміне байланысты табысынан
айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына
әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне       
1-қосымша                

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін
қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің
(іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы

Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының)

Жүйелік-функционалдық бірліктердің атауы

Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім)

Орындау мерзімдері

Келесі іс-қимылдың нөмірі

1

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы

Келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде қол қою үшін көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жіберу;
2) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтару

2 жұмыс күні

2

2

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы

Келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде қол қою үшін көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің бастығына (басшысына) жіберу;
2) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтару

2 жұмыс күні

3

3

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) Жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдау;
2) жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны уәкілетті ұйымға немесе ХҚО-ға жіберу;
2) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтару

1 жұмыс күні

0

«Еңбек ету қабілетінен айырылу,       
асыраушысынан айырылу, жұмысынан      
айырылу, жүктiлiкке және босануға     
байланысты табысынан айырылу, жаңа     
туған баланы асырап алуға байланысты    
табысынан айырылу, бала бір жасқа     
толғанға дейін оның күтіміне байланысты 
табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер  
жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне
2-қосымша                   

«Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу,
жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты
табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты
табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына
әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы

      ХҚО арқылы көрсетілген жағдайда:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 2-ҚФБ және 3-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
      **- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты

уәкілетті ұйымның бөлімшесімен тікелей көрсетілген жағдайда

      Ескертпе:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің        
2014 жылғы 11 желтоқсандағы  
№ 313 бұйрығына        
6-қосымша          

«Бала туғанда берілетін және   
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті 
көрсету регламентіне      
5-қосымша            

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі
жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы

      ХҚО арқылы көрсетілген жағдайда:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
      **- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты

уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсетілген жағдайда

      Ескертпе:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің        
2014 жылғы 11 желтоқсандағы  
№ 313 бұйрығына         
7-қосымша            

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне    
1-қосымша         

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

      ХҚКО арқылы көрсетілген жағдайда:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 2-ҚФБ және 3-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
      **- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты

уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсетілген жағдайда

      Ескертпе:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің        
2014 жылғы 11 желтоқсандағы  
№ 313 бұйрығына         
8-қосымша            

Қазақстан Республикасы     
Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрінің      
2014 жылғы «___» ________   
№ ____ бұйрығына       
2-қосымша          

«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескертпе:

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің       
2014 жылғы 11 желтоқсандағы  
№ 313 бұйрығына        
9-қосымша           

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған
анаға немесе әкеге, асырап алушыға,
қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне     
2-қосымша           

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала
асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

      ХҚКО арқылы көрсетілген жағдайда:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
      **- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты

уәкілетті ұйымның бөлімшесімен тікелей көрсетілген жағдайда

      Ескертпе:

      *- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің        
2014 жылғы 11 желтоқсандағы  
№ 313 бұйрығына        
10-қосымша          

«Жерлеуге арналған      
біржолғы төлемді тағайындау» 
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне         
2-қосымша          

«Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау»