«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы « » _______
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/399
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті
қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды
бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттің өзінің қаржылық-шаруашылық қызметімен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Бухгалтерлiк есепті (бұдан әрi – есеп) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агент жүзеге асырады.
Осы Қағидаларды қолдану мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агенттiң негiзгi қызметi – мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану жөнiндегi қызмет;
2) агенттiң негiзгi емес қызметi – агенттің мемлекеттiк астық ресурстарын басқарумен байланысты заңнамамен тыйым салынбаған өзге қызметi;
3) мемлекеттiк астық ресурстарын (бұдан әрі – мемлекеттік ресурстар) басқару – агенттің шарт негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған құзырет шегінде мемлекеттік ресурстарды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы.
3. Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiң операцияларының есебiн жүргiзу агенттің өзiнiң қаржылық-шаруашылық қызметi жөніндегі операциялардан бөлек жүзеге асырылады.
4. Жылдық қаржылық есептілік үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл есептік кезең болып табылады. Уәкiлеттi органға жылдық қаржылық есептілікке қосымша тоқсандық есептілік ұсынылады.
2. Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті
қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек
есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң тәртібі
Параграф 1. Кiрiстердiң есебi
5. Негiзгi және негiзгi емес қызметтерден алынған кiрiстер мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялардан алынған жиынтық кiрiстi құрайды.
6. Агенттiң негiзгi қызметiнен алынатын кiрiстерге:
1) ресурстар түрлері бөлінісінде мемлекеттік ресурстарды пайдаланумен (өткізумен) байланысты кірістер;
2) сатылған өнімнің қайтарылуы;
3) бағаның және сатылымдардың жеңілдіктері жатады.
7. Агенттің негізгі емес қызметiнен алынатын кiрiстерге:
1) берiлген тауарлық несиелер бойынша сыйақылар жөніндегі кірістер;
2) жедел салымдар мен ағымдағы және корреспонденттік шоттар бойынша сыйақылар жөніндегі кірістер;
3) алынған қарыздар бойынша сыйлықақылар амортизациясы жөніндегі кірістер;
4) мемлекеттік субсидиялардан түсетін кірістер;
5) бағамдық айырмадан түсетін кірістер;
6) өзге де кірістер жатады.
Параграф 2. Шығыстардың есебi
8. Мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялар бойынша шығыстар мыналардан тұрады:
1) өткізілген өнімнің өзiндiк құны;
2) өнімді өткізу және қызметтер көрсету жөніндегі шығыстар;
3) сақтауға арналған шығыстар;
4) алынған қарыздар бойынша дисконт амортизациясы жөніндегі шығыстар;
5) бағамдық айырма жөніндегі шығыстар;
6) гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі шығыстар;
7) корпоративтік табыс салығы жөніндегі шығыстар;
8) дүлей зiлзалалар кезiнде шеккен шығыстар;
9) комиссиялық сыйақы жөніндегі шығыстар;
10) өзге де шығыстар.
Параграф 3. Қорлардың есебi
9. Қорлар мыналардан тұрады:
1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi;
2) мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары;
3) мемлекеттiк тұқым ресурстары;
4) мемлекеттiк өткізілетін астық ресурстары;
5) мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары.
10. Қорлардың құнын бағалау агенттің есеп саясатында айқындалған әдіспен жүргізіледі.
Параграф 4. Ақшалай қаражаттардың және олардың баламаларының есебі
11. Мемлекеттік ресурстармен байланысты ақшалай қаражаттар агенттің екінші деңгейлі банктерде ашылған ағымдағы банктік шоттарында есепке алынады.
12. Депозиттік шоттарда орналастырылған ақшалай қаражаттар қаржылық инвестициялар ретінде есепке алынады және мемлекеттік астық ресурстарымен байланысты операциялар бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептілікте көрсетілмейді.
13. Агент екінші деңгейлі банктермен агенттің ағымдағы банктік шоттарындағы ақшалай қаражаттардың қалдығына сыйақы есептеуге арналған шарттар жасайды.
Депозиттік және ағымдағы шоттарға есептелген сыйақы түрінде алынған ақшалай қаражаттар мемлекеттік астық ресурстарымен жасалатын операциялармен байланысты сақтау, салықтарды және/немесе өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі берешекті жабуға бағытталуы мүмкін.
Параграф 5. Дебиторлық берешектiң есебi
14. Дебиторлық берешек:
1) өткізілген мемлекеттiк ресурстар бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек;
2) тауарлық несиелер бойынша дебиторлық берешек;
3) салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер;
4) берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді аванстар;
5) алуға жататын қысқа мерзімді сыйақылар;
6) өзге де дебиторлық берешек болып бөлінеді.
Параграф 6. Мiндеттемелердiң есебi
15. Агенттiң мiндеттемелерi:
1) сатып алынған мемлекеттік ресурстар бойынша өнім берушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
2) мемлекеттік ресурстарды сақтау бойынша өнім берушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
3) мемлекеттік ресурстарды жеткізуге алынған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді аванстар;
4) мемлекеттiк астық ресурстарын сатып алуға алынған қаражат бойынша республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелер;
5) агенттің өзінің қаржылық-шаруашылық қызметі алдындағы мемлекеттік ресурстар жөніндегі қызмет міндеттемелері;
6) қосылған құн салығы бойынша бюджет алдындағы мiндеттемелер;
7) корпоративтік табыс салығы және корпоративтік табыс салығы бойынша шегерілген салықтық міндеттемелер бойынша бюджет алдындағы міндеттемелер;
8) өзге де кредиторлық берешек болып бөлінеді.
Параграф 7. Қорытынды кiрiс (залал)
16. Есептік кезеңнің соңында кірістер мен шығыстар «Қорытынды пайда (Қорытынды залал)» шотында жинақталады, онда түпкілікті қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытылады.
17. Мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялар жөніндегі есептiлiкке мыналар кіреді: осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттiк астық ресурстарымен байланысты операциялар бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп, мемлекеттiк астық ресурстары жөніндегі қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп, мемлекеттік астық ресурстарының қозғалысы туралы есеп.
18. Мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялар жөнiндегi есептiлiкті агент уәкiлеттi органға әр тоқсанның қорытындысы бойынша есептiк тоқсаннан кейiнгi айдың 30-ына дейiнгi мерзiмде, сондай-ақ есептi жылдың қорытындысы бойынша есептiк жылдан кейiнгi жылдың 30 сәуіріне дейiнгі мерзімде ұсынады.
Мемлекеттiк астық ресурстарымен
және агенттiң меншікті қаржы
-шаруашылық қызметiмен жасалатын
операцияларды бөлек есепке алу
бойынша бухгалтерлiк есептiң
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
20 __ жылғы ________ үшін мемлекеттік астық ресурстарымен
байланысты операциялар бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы
туралы есеп
(мың теңге)
Көрсеткiштердiң атауы |
Жолдың № |
Сомасы |
Кезең басындағы ақшалай қаражаттардың қалдығы |
100 |
|
сатып алу бойынша |
110 |
|
орнын ауыстыру бойынша |
120 |
|
сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеу бойынша |
130 |
|
өзгелері бойынша |
140 |
|
Ақшалай қаржаттардың түсiмi, оның iшiнде |
200 |
|
сатып алуға арналған |
210 |
|
орнын ауыстыруға арналған |
220 |
|
сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеуге арналған |
230 |
|
өзгелері |
240 |
|
Ақшалай қаражаттардың шығуы, оның iшiнде |
300 |
|
сатып алуға арналған |
310 |
|
орнын ауыстыруға арналған |
320 |
|
сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеуге арналған |
330 |
|
өзгелері |
340 |
|
Кезең соңындағы ақшалай қаражаттардың қалдығы |
400 |
|
сатып алуға арналған |
410 |
|
орнын ауыстыруға арналған |
420 |
|
сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеуге арналған |
430 |
|
өзгелері |
440 |
Басшы _____________________
Бас бухгалтер _____________________
Мөр орны (бар болған жағдайда)
«____»____________20___жыл
Мемлекеттiк астық ресурстарымен
және агенттiң меншікті қаржы-
шаруашылық қызметiмен жасалатын
операцияларды бөлек есепке алу
бойынша бухгалтерлiк есептiң
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
20 ___ жылғы ___________ үшін мемлекеттік астық ресурстары
жөніндегі қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп
(мың теңге)
Көрсеткіштің атауы |
Жолдың № |
Сомасы |
Кіріс, оның ішінде |
010 |
|
мемлекеттік жемдік астық ресурстарын өткізуден түскен кіріс |
011 |
|
мемлекеттік тұқым ресурстарын өткізуден түскен кіріс |
012 |
|
мемлекеттік өткізілетін астық ресурстарын өткізуден түскен кіріс |
013 |
|
мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын өткізуден түскен кіріс |
014 |
|
Өткізілген мемлекеттік ресурстардың өзіндік құны, оның ішінде |
020 |
|
өткізілген мемлекеттік жемдік астық ресурстарының өзіндік құны |
021 |
|
өткізілген мемлекеттік тұқым ресурстарының өзіндік құны |
022 |
|
өткізілген мемлекеттік өткізілетін астық ресурстарының өзіндік құны |
023 |
|
өткізілген мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының өзіндік құны |
024 |
|
Жалпы пайда (010 жол-020 жол) |
030 |
|
Өткізу бойынша шығыстар, оның ішінде: |
040 |
|
мемлекеттік ресурстарды сақтау бойынша шығыстар |
041 |
|
тасымалдау бойынша шығыстар және мемлекеттік ресурстарды өткізумен байланысты басқа да шығыстар |
042 |
|
Өзге шығыстар |
050 |
|
Өзге кірістер |
060 |
|
Операциялық пайданың (залалдың) жиыны ( +/-030 жолдан 060 жолға дейін) |
070 |
|
Қаржыландыру бойынша кірістер |
080 |
|
Қаржыландыру бойынша шығыстар |
090 |
|
Өзге операциялық емес кірістер |
100 |
|
Өзге операциялық емес шығыстар |
110 |
|
Кезең үшін пайда (залал) (070 жол+080жол-090 жол+100 жол-110 жол) |
120 |
|
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар |
130 |
|
Кезең үшін қорытынды пайда (залал) (120 жол-130 жол) |
140 |
Басшы _____________________
Бас бухгалтер _____________________
Мөр орны (бар болған жағдайда)
«____»____________20___жыл
Мемлекеттiк астық ресурстарымен және
агенттiң меншікті қаржылық-шаруашылық
қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек
есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң
қағидалары 3-қосымша
Нысан
20 __ жылғы ________ үшін мемлекеттік астық ресурстарының
қозғалысы туралы есеп
мың теңге
Мемлекеттік ресурстардың түрлері |
Кезеңнің басындағы мемлекеттік ресурстардың қалдығы |
Кіріс |
Шығарылғаны |
Кезеңнің соңындағы мемлекеттік ресурстардың қалдығы |
||||||||||||||||
Мемлекеттік ресурстарға сатып алынғаны |
Тауарлық несиелердің қайтарылғаны |
Өзгелері |
Барлығы: |
Мемлекеттік астық ресурстарының өткізілгені |
Тауарлық несиеге берілгені |
Өзгелері |
Барлығы: |
|||||||||||||
көлемі, мың тонна |
сомасы, мың теңге |
көлемі, мың тонна |
сомасы, мың теңге |
көлемі, мың тонна |
сомасы, мың теңге |
көлемі, мың тонна |
сомасы, мың теңге |
көлемі, мың тонна |
сомасы, мың теңге |
көлемі, мың тонна |
сомасы, мың теңге |
көлемі, мың тонна |
сомасы, мың теңге |
көлемі, мың тонна |
сомасы, мың теңге |
көлемі, мың тонна |
сомасы, мың теңге |
көлемі, мың тонна |
сомасы, мың теңге |
|
Мемлекеттік азық-түліктік астық резерві |
||||||||||||||||||||
Мемлекеттік жемдік астық ресурстары |
||||||||||||||||||||
Мемлекеттік тұқым ресурстары |
||||||||||||||||||||
Мемлекеттік өткізілетін астық ресурстары |
||||||||||||||||||||
Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары |
||||||||||||||||||||
Барлығы: |
Басшы ____________________
Бас бухгалтер________________
Мөр орны (бар болған жағдайда)
«____»____________20___жыл