Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда № 11433 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-6/1112 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2020 № 4-6/1112 (осы бұйрық 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы " " _______



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/399
бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті
қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды
бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттің өзінің қаржылық-шаруашылық қызметімен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды.

      2. Бухгалтерлiк есепті (бұдан әрi – есеп) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агент жүзеге асырады.

      Осы Қағидаларды қолдану мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) агенттiң негiзгi қызметi – мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану жөнiндегi қызмет;

      2) агенттiң негiзгi емес қызметi – агенттің мемлекеттiк астық ресурстарын басқарумен байланысты заңнамамен тыйым салынбаған өзге қызметi;

      3) мемлекеттiк астық ресурстарын (бұдан әрі – мемлекеттік ресурстар) басқару – агенттің шарт негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған құзырет шегінде мемлекеттік ресурстарды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы.

      3. Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiң операцияларының есебiн жүргiзу агенттің өзiнiң қаржылық-шаруашылық қызметi жөніндегі операциялардан бөлек жүзеге асырылады.

      4. Жылдық қаржылық есептілік үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл есептік кезең болып табылады. Уәкiлеттi органға жылдық қаржылық есептілікке қосымша тоқсандық есептілік ұсынылады.

2. Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті
қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек
есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң тәртібі
Параграф 1. Кiрiстердiң есебi

      5. Негiзгi және негiзгi емес қызметтерден алынған кiрiстер мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялардан алынған жиынтық кiрiстi құрайды.

      6. Агенттiң негiзгi қызметiнен алынатын кiрiстерге:

      1) ресурстар түрлері бөлінісінде мемлекеттік ресурстарды пайдаланумен (өткізумен) байланысты кірістер;

      2) сатылған өнімнің қайтарылуы;

      3) бағаның және сатылымдардың жеңілдіктері жатады.

      7. Агенттің негізгі емес қызметiнен алынатын кiрiстерге:

      1) берiлген тауарлық несиелер бойынша сыйақылар жөніндегі кірістер;

      2) жедел салымдар мен ағымдағы және корреспонденттік шоттар бойынша сыйақылар жөніндегі кірістер;

      3) алынған қарыздар бойынша сыйлықақылар амортизациясы жөніндегі кірістер;

      4) мемлекеттік субсидиялардан түсетін кірістер;

      5) бағамдық айырмадан түсетін кірістер;

      6) өзге де кірістер жатады.

Параграф 2. Шығыстардың есебi

      8. Мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялар бойынша шығыстар мыналардан тұрады:

      1) өткізілген өнімнің өзiндiк құны;

      2) өнімді өткізу және қызметтер көрсету жөніндегі шығыстар;

      3) сақтауға арналған шығыстар;

      4) алынған қарыздар бойынша дисконт амортизациясы жөніндегі шығыстар;

      5) бағамдық айырма жөніндегі шығыстар;

      6) гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі шығыстар;

      7) корпоративтік табыс салығы жөніндегі шығыстар;

      8) дүлей зiлзалалар кезiнде шеккен шығыстар;

      9) комиссиялық сыйақы жөніндегі шығыстар;

      10) өзге де шығыстар.

Параграф 3. Қорлардың есебi

      9. Қорлар мыналардан тұрады:

      1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi;

      2) мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары;

      3) мемлекеттiк тұқым ресурстары;

      4) мемлекеттiк өткізілетін астық ресурстары;

      5) мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары.

      10. Қорлардың құнын бағалау агенттің есеп саясатында айқындалған әдіспен жүргізіледі.

Параграф 4. Ақшалай қаражаттардың және олардың баламаларының есебі

      11. Мемлекеттік ресурстармен байланысты ақшалай қаражаттар агенттің екінші деңгейлі банктерде ашылған ағымдағы банктік шоттарында есепке алынады.

      12. Депозиттік шоттарда орналастырылған ақшалай қаражаттар қаржылық инвестициялар ретінде есепке алынады және мемлекеттік астық ресурстарымен байланысты операциялар бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептілікте көрсетілмейді.

      13. Агент екінші деңгейлі банктермен агенттің ағымдағы банктік шоттарындағы ақшалай қаражаттардың қалдығына сыйақы есептеуге арналған шарттар жасайды.

      Депозиттік және ағымдағы шоттарға есептелген сыйақы түрінде алынған ақшалай қаражаттар мемлекеттік астық ресурстарымен жасалатын операциялармен байланысты сақтау, салықтарды және/немесе өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі берешекті жабуға бағытталуы мүмкін.

Параграф 5. Дебиторлық берешектiң есебi

      14. Дебиторлық берешек:

      1) өткізілген мемлекеттiк ресурстар бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек;

      2) тауарлық несиелер бойынша дебиторлық берешек;

      3) салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер;

      4) берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді аванстар;

      5) алуға жататын қысқа мерзімді сыйақылар;

      6) өзге де дебиторлық берешек болып бөлінеді.

Параграф 6. Мiндеттемелердiң есебi

      15. Агенттiң мiндеттемелерi:

      1) сатып алынған мемлекеттік ресурстар бойынша өнім берушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

      2) мемлекеттік ресурстарды сақтау бойынша өнім берушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

      3) мемлекеттік ресурстарды жеткізуге алынған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді аванстар;

      4) мемлекеттiк астық ресурстарын сатып алуға алынған қаражат бойынша республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелер;

      5) агенттің өзінің қаржылық-шаруашылық қызметі алдындағы мемлекеттік ресурстар жөніндегі қызмет міндеттемелері;

      6) қосылған құн салығы бойынша бюджет алдындағы мiндеттемелер;

      7) корпоративтік табыс салығы және корпоративтік табыс салығы бойынша шегерілген салықтық міндеттемелер бойынша бюджет алдындағы міндеттемелер;

      8) өзге де кредиторлық берешек болып бөлінеді.

Параграф 7. Қорытынды кiрiс (залал)

      16. Есептік кезеңнің соңында кірістер мен шығыстар "Қорытынды пайда (Қорытынды залал)" шотында жинақталады, онда түпкілікті қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытылады.

      17. Мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялар жөніндегі есептiлiкке мыналар кіреді: осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттiк астық ресурстарымен байланысты операциялар бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп, мемлекеттiк астық ресурстары жөніндегі қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп, мемлекеттік астық ресурстарының қозғалысы туралы есеп.

      18. Мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялар жөнiндегi есептiлiкті агент уәкiлеттi органға әр тоқсанның қорытындысы бойынша есептiк тоқсаннан кейiнгi айдың 30-ына дейiнгi мерзiмде, сондай-ақ есептi жылдың қорытындысы бойынша есептiк жылдан кейiнгi жылдың 30 сәуіріне дейiнгі мерзімде ұсынады.

  Мемлекеттiк астық ресурстарымен
және агенттiң меншікті қаржы
-шаруашылық қызметiмен жасалатын
операцияларды бөлек есепке алу
бойынша бухгалтерлiк есептiң
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

20 __ жылғы ________ үшін мемлекеттік астық ресурстарымен
байланысты операциялар бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы
туралы есеп

      (мың теңге)

Көрсеткiштердiң атауы

Жолдың №

Сомасы

Кезең басындағы ақшалай қаражаттардың қалдығы

100


сатып алу бойынша

110


орнын ауыстыру бойынша

120


сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеу бойынша

130


өзгелері бойынша

140


Ақшалай қаржаттардың түсiмi, оның iшiнде

200


сатып алуға арналған

210


орнын ауыстыруға арналған

220


сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеуге арналған

230


өзгелері

240


Ақшалай қаражаттардың шығуы, оның iшiнде

300


сатып алуға арналған

310


орнын ауыстыруға арналған

320


сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеуге арналған

330


өзгелері

340


Кезең соңындағы ақшалай қаражаттардың қалдығы

400


сатып алуға арналған

410


орнын ауыстыруға арналған

420


сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеуге арналған

430


өзгелері

440



      Басшы _____________________

      Бас бухгалтер _____________________

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      "____"____________20___жыл

  Мемлекеттiк астық ресурстарымен
және агенттiң меншікті қаржы-
шаруашылық қызметiмен жасалатын
операцияларды бөлек есепке алу
бойынша бухгалтерлiк есептiң
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

20 ___ жылғы ___________ үшін мемлекеттік астық ресурстары
жөніндегі қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп

      (мың теңге)

Көрсеткіштің атауы

Жолдың №

Сомасы

Кіріс, оның ішінде

010


мемлекеттік жемдік астық ресурстарын өткізуден түскен кіріс

011


мемлекеттік тұқым ресурстарын өткізуден түскен кіріс

012


мемлекеттік өткізілетін астық ресурстарын өткізуден түскен кіріс

013


мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын өткізуден түскен кіріс

014


Өткізілген мемлекеттік ресурстардың өзіндік құны, оның ішінде

020


өткізілген мемлекеттік жемдік астық ресурстарының өзіндік құны

021


өткізілген мемлекеттік тұқым ресурстарының өзіндік құны

022


өткізілген мемлекеттік өткізілетін астық ресурстарының өзіндік құны

023


өткізілген мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының өзіндік құны

024


Жалпы пайда (010 жол-020 жол)

030


Өткізу бойынша шығыстар, оның ішінде:

040


мемлекеттік ресурстарды сақтау бойынша шығыстар

041


тасымалдау бойынша шығыстар және мемлекеттік ресурстарды өткізумен байланысты басқа да шығыстар

042


Өзге шығыстар

050


Өзге кірістер

060


Операциялық пайданың (залалдың) жиыны ( +/-030 жолдан 060 жолға дейін)

070


Қаржыландыру бойынша кірістер

080


Қаржыландыру бойынша шығыстар

090


Өзге операциялық емес кірістер

100


Өзге операциялық емес шығыстар

110


Кезең үшін пайда (залал) (070 жол+080жол-090 жол+100 жол-110 жол)

120


Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар

130


Кезең үшін қорытынды пайда (залал) (120 жол-130 жол)

140



      Басшы _____________________

      Бас бухгалтер _____________________

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      "____"____________20___жыл

  Мемлекеттiк астық ресурстарымен және
агенттiң меншікті қаржылық-шаруашылық
қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек
есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң
қағидалары 3-қосымша

      Нысан

20 __ жылғы ________ үшін мемлекеттік астық ресурстарының
қозғалысы туралы есеп

      мың теңге

Мемлекеттік ресурстардың түрлері

Кезеңнің басындағы мемлекеттік ресурстардың қалдығы

Кіріс

Шығарылғаны

Кезеңнің соңындағы мемлекеттік ресурстардың қалдығы

Мемлекеттік ресурстарға сатып алынғаны

Тауарлық несиелердің қайтарылғаны

Өзгелері

Барлығы:

Мемлекеттік астық ресурстарының өткізілгені

Тауарлық несиеге берілгені

Өзгелері

Барлығы:

көлемі, мың тонна

сомасы, мың теңге

көлемі, мың тонна

сомасы, мың теңге

көлемі, мың тонна

сомасы, мың теңге

көлемі, мың тонна

сомасы, мың теңге

көлемі, мың тонна

сомасы, мың теңге

көлемі, мың тонна

сомасы, мың теңге

көлемі, мың тонна

сомасы, мың теңге

көлемі, мың тонна

сомасы, мың теңге

көлемі, мың тонна

сомасы, мың теңге

көлемі, мың тонна

сомасы, мың теңге

Мемлекеттік азық-түліктік астық резерві





















Мемлекеттік жемдік астық ресурстары





















Мемлекеттік тұқым ресурстары





















Мемлекеттік өткізілетін астық ресурстары





















Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары





















Барлығы:






















      Басшы ____________________

      Бас бухгалтер________________

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      "____"____________20___жыл