Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда № 11428 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 22 мамыр

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі       
№ 555 бұйрығына             
1-қосымша               

«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi портал арқылы жүгінген сәттен бастап:
      1) лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      2) қайта ресімделген лицензияны беру – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісін анықтаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу (бұдан әрі - лицензия), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздерде дәлелді бас тарту.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
      Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар ставкасы бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
      1) лицензияны беру үшін – алым төленетін күні қолданыстағы алты еселенген айлық есептік көрсеткіш;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі алым ставкасынан 10% -ын.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау беру жағдайында, төлем «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Мемлекеттік қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) лицензияны алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес не 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) не 5-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, лицензия туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы растауды көрсетілетін қызметті беруші «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебесі жіберіледі.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен (жеке немесе заңды тұлғалардың) осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;
      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салса негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта немесе электрондық түрде не қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымның қабылдағанын растау нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөр, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады (жеткендігі, тіркелгендігі, орындалуы туралы белгілер, қаралғандығы немесе қараудан бас тартуы туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ, ниеті бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы керек.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетудің
ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.mid.gov.kz интернет-ресурсында Көлік комитеті бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтаманы қызметті алушы Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. не көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында Көлік комитеті бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде алу мүмкіндігі бар.

«Теміржол көлігі саласында 
жүктерді тасымалдауға   
лицензия беру»       
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына      
1-қосымша           

Лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

____________________________________________________________________
                   (лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
      филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық
атауы көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
_____________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз
тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi
сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы,
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)
нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
           (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
             атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі
дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет
көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Басшы ______________ _______________________________________________
          (қолы)          (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

«Теміржол көлігі саласында 
жүктерді тасымалдауға   
лицензия беру»       
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына      
2-қосымша           

Лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші

____________________________________________________________________
                  (лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
     (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),
                   жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық
атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған
жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта __________________________________________________
Телефондары ________________________________________________________
Факс _______________________________________________________________
Банк шоты __________________________________________________________
              (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
         (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
           көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға
келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет
көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға __________ ______________________________________________
             (қолы)     (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны
Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________

«Теміржол көлігі саласында 
жүктерді тасымалдауға   
лицензия беру»       
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына      
3-қосымша           

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне
қойылатын  бiлiктiлiк талаптары мен оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер

      1. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау бойынша кіші қызмет
түрі үшін мыналардың болуы:
      1) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде
өндірістік активтердің, оның ішінде:
      вагон жөндеу депосы;
      кірме жолдары, олар мыналарды қамтиды:
      өндірістік активтерді сатып алу-сату не жалға алу шарттарының
нөмірі және қол қойған күні _______________________________________;
вагон жөндеуші зауыттармен және (немесе) жылжымалы құрамға қызмет
көрсету және жөндеу деполарымен және шеберханаларымен шарттардың
нөмірі және қол қойған күні _______________________________________;
меншік түрі _______________________________________________________;
жалға алу мерзімі _________________________________________________;
орналасқан станциясы ______________________________________________;
құқық белгілеуші құжаттың түрі ____________________________________;
басқа _____________________________________________________________;
жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі ____________________________;
бағдарламалық-техникалық құралдардың (тауар кассирінің
автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының
автоматтандырылған жұмыс орны) болуы туралы ақпарат _______________;
      2) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде
қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда,
жарамды жылжымалы құрам, ол мыналарды қамтиды:
жылжымалы құрамды сатып алу-сату, жалға алу және (немесе) лизинг
шарттарының нөмірі және қол қойған күні ___________________________;
жылжымалы мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және
күні ______________________________________________________________;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6581
нөмірмен тіркелген) бекітілген теміржол көлігі қызметкерлері
лауазымдарының (мамандықтарының) тізбесіне және оларға қойылатын
біліктілік талаптарына сәйкес білікті қызметкерлердің штаты, ол
мыналарды қамтиды:
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________;
      лауазымы ____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және қол қойған күні _____;
      мамандығы бойынша жұмыс өтілі _______________________________;
      білімі бойынша мамандығы ____________________________________;
      арнайы білім туралы дипломның нөмірі және берілген күні _____;
      дипломды берген оқу орнының атауы ___________________________;
      білім алуы туралы құжаттарының нострификациялау ақпараты ____;
      4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-І бұйрығымен (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 нөмірмен тіркелген)
бекітілген теміржол көлігімен тасымалдау кезіңде әскерилендірілген
күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесіне сәйкес күзет
қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жүкті күзетуге
арналған шарты, ол мыналарды қамтиды:
өндірістік активтерді күзету шартының нөмірі және қол қойған күні
__________________________________________________________________;
шарт жасалған мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне
арналған лицензиясының нөмірі және берілген күні _________________;
      5) тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам
паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға
арналған инвестициялық бағдарлама, ол мыналарды қамтиды:
      бекітілген инвестициялық бағдарламаның нөмірі және күні ____;
      6) қауіпсіздікті басқару жүйесі, ол мыналарды қамтиды:
      аудиттің қорытындысын жасау нөмірі және күні _______________.

«Теміржол көлігі саласында 
жүктерді тасымалдауға   
лицензия беру»       
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына      
4-қосымша           

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

____________________________________________________________________
                 (лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық
атауы)
20___ жылғы « » ___________ № ____________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты
сызылсын)
қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған
жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша
(тиістіжолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес
(тиісті жолға Х қою қажет): бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада
көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына
объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша
берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия
үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып,
объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі
____
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап
болған жағдайларда ____
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді
сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
              (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
          (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі,
          облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
                        (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді
пайдалануға келісімін береді;
      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің
өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа
қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________ ________________________________________________
           (қолы)        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

«Теміржол көлігі саласында 
жүктерді тасымалдауға   
лицензия беру»       
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына      
5-қосымша        

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

____________________________________________________________________
                    (лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
_____________________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы « » ___________ № ____________, _______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (керектің асты сызылсын)
қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған
жағдайда Х белгісін қою керек)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
өзгеруі _______
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы
өзгеруі _______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада
көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына
объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша
берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия
үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып,
объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап
болған жағдайларда _______
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
      үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға
келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет
көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға ____________ _______________________________________
      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі       
№ 555 бұйрығына             
2-қосымша               

«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) Министрліктің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 8 (сегіз) жұмыс күні;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісін анықтаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
      құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде 5 (бес) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.
      6. Мемлекет қызметті көрсету нәтижесі - жылжымалы құрамды тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) және (немесе) Жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен шығару туралы хабарлама беру.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жеткізгіште.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қөрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қөрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берішінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы және ақысыз негізде көрсетіледі.
      Ақылы негізде көрсетілетін тартқыш, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, жүк, жолаушылар, арнайы жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу ақысыз негізде көрсетіледі.
      Тіркеу алымы жергілікті бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар және тәртіп бойынша төленеді және мыналарды қамтиды:
      1) тіркеу үшін – алымды төлеу күнінде қолданыстағы 0,25 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
      2) қайта тіркеу үшін – алымды төлеу күнінде қолданыстағы 0,25 АЕК.
      Алым сомасы екінші денгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен жүргізіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға веб-портал арқылы электрондық сұрау беру кезінде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;
      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауымен жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
      2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жылжымалы құрамды мемлекеттік тізілімде мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) ХҚО-ға:
      жылжымалы құрамды мемлекеттік тізілімде мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметке белгіленген үлгідегі өтініш;
      тіркеуге не қайта тіркеуге жататын темір жол жылжымалы құрамды түгіндеу паркінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2345 - қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша тізбесі;
      меншік құқығын растайтын құжаттың не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг не мүлікті сенімгерлік басқару шартын растайтын құжат;
      жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне берген зауыт-өндірушінің техникалық паспорты (формуляры);
      тартқыш, сондай-ақ, мотор-вагонды жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу кезінде – тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
      өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
      Жылжымалы құрамды мемлекеттік тізілімнен шығару үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      жылжымалы құрамды есептен шығару туралы еркін нысандағы акті, не оның зақымдануы, жоғалуы туралы құжат, не мүлікті сенімгерлік (жалға алу), лизинг келісім шарты;
      2) порталда:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметке белгіленген үлгідегі өтініштің электрондық көшірмесі;
      тіркеуге не қайта тіркеуге жататын темір жол жылжымалы құрамды түгіндеу паркінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2345 - қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша тізбесінің электрондық көшірмесі;
      меншік құқығын растайтын құжаттың не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг не мүлікті сенімгерлік басқару шартын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне берген зауыт-өндірушінің техникалық паспортының (формуляры) электрондық көшірмесі;
      тартқыш, сондай-ақ, мотор-вагонды жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу кезінде – тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      Жылжымалы құрамды мемлекеттік тізілімнен шығару үшін:
      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      жылжымалы құрамды есептен шығару туралы еркін нысандағы акті, не оның зақымдануы, жоғалуы туралы құжат, не мүлікті сенімгерлік (жалға алу), лизинг келісім шартының электрондық көшірмесі;
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті ХҚО қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
      ХҚО нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға бұдан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-на көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттардың берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметке сұрауды қабылдау туралы мәртебесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
      1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаса;
      2) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшiрулер, қолжазбаларында не машина жазбаларында түзетулер не көшiрмелердi куәландыратын қолы және оларды растауды талап ететін даналарында мөрi болмаған және/немесе электронды өтініш толтыру кезінде талап етілетін мәліметтерде қателер жоқтығы;
      3) Заң тәртібінде белгіленген сот қабылдаған шешiмге сәйкес жылжымалы құрамға тыйым салынған жағдайларда;
      4) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көзделген негіздер бойынша.
      11. Тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы бар маусымдылығы және шектеулі мақсатқа арналған жылжымалы құрамды қоспағанда, бұрын ұзартылған қызмет ету мерзімі бар вагондар, сондай-ақ қалдықты қызмет мерзімі жасалған кездегі тағайындалған қызмет мерзімінен 60% кем құрайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы тіркелетін жүктерді тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды тіркеуге рұқсат етілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет стандартының  9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздгіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды төлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
      13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                    

_____________ облысы (қаласы) бойынша
уәкілетті органының басшысына
_____________________________________
(Т.А.Ә.А.)             

Нысан          

Өтiнiш

__________________________________________________ құқығында тиесiлi
(меншiк, мүлiктiк жалдау, жалға алу немесе лизинг) саны ____________
бiрлiк жылжымалы құрамды тiркеудi (қайта тiркеудi),мемлекеттік
тізілімнен шығаруды сұраймын (керек емесін сызып тастау)
      Мекенжайы:
__________________________ қаласы __________________________ көшесi.
ЖСН/БЖН: __________________________________________________________
байланыс телефондары (факс) __________________________
Тiзбе ______________________________________ парақта қоса берiледi.
      Өтiнiш берушi ________________/_________________________
                     (басшының қолы)          (Т.А.Ә.)
      М.О. (болған жағдайда)
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
2-қосымша          

Нысан      

__________________________________________________________________
                    (иесiнiң толық атауы)

тиесiлi тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тiзбесi

Р/с

Сериясы

Санаты

Жалға
алушы

Жалға
алу мерзімі

Қатынау
өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу
нөмiрi

Жасалған
күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9










кестенің жалғасы

Нормативтік
қызмет
ету
мерзiмi

Соңғы
жөндеу күнi

Келесі
жөндеу
күні

Техникалық
жай-күйі

Дейін
жарам-
ды

Тір-
кел-
ген
депо-
сы

Көлік
құрамының
жалпы
қуаты,
квт

(КЖ-1)*

(КЖ-2)**

жарам-
ды

есептен
шыға-
рылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      Басшы ______________________/_________________________________/
                    (қолы)                      Т.А.Ә.)

      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:
      *(КЖ-1) – 1-көлемдегi күрделi жөндеу
      **(КЖ-2) – 2-көлемдегi күрделi жөндеу

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
3-қосымша          

Нысан      

      _________________________________________________________
                        (иесiнiң толық атауы)

                  тиесiлi жүк жылжымалы құрамының тiзбесi

Р/с

Вагон
түрi

Санаты

Жалға
алушы

Жалға
алу
мерзімі

Қатынау
өңірі

Зауыт
нөмiрi

Түгендеу
нөмiрi

Жасалған
күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Норма-
тивтік
қызмет
ету
мерзiмi

Соңғы
жөндеу
күні
(ДЖ)*

Соңғы
жөндеу күнi
(КЖ)

Келесі
жөндеу
күні

Техникалық
жай-күйі

Дейін
жарамды

Тіркел-
ген
орыны

(КЖ)**

(ҚМҰКЖ) ***

жарам-
ды

есеп-
тен
шыға-
рыл-
ған

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      Басшы ______________________/_________________________________/
                  (қолы)                        (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)
      Ескертпе:
      *(ДЖ) – деполық жөндеу
      **(КЖ) – күрделi жөндеу
      ***(ҚМҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделi жөндеу
      **** жүк вагондарының меншiк иелерi үшiн
_____________________

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
4-қосымша          

Нысан      

             _________________________________________
                      (иесiнiң толық атауы)

               тиесiлi жолаушы жылжымалы құрамының тiзбесi

Р/с

Вагон
түрi

Санаты

Жалға
алушы

Жалға
алу
мер-
зімі

Қатынау
өңірі

Зауыт
нөмiрi

Түгендеу
нөмiрi

Жасал-
ған
күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Норма-
тивтік
қызмет
ету
мер-
зiмi

Соңғы
жөндеу
күні
(ДЖ)*

Соңғы жөндеу күнi
(КЖ)

Келесі
жөндеу
күні

Техникалық
жай-күйі

Дейін
жара-
мды

Тіркел-
ген
депосы

(КЖ-1)
**

(КЖ-2)
***

(ҚМҰКЖ)
****

(ҚККЖ)
*****

жара-
мды

есеп-
тен
шыға-
рыл-
ған

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20












      Басшы ______________________/_________________________________/
                  (қолы)                       (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:
      *(ДЖ) – деполық жөндеу
      **(КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу
      ***(КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу
      **** (ҚМҰКЖ) – қызмет ету мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу
      ***** (ҚККЖ) – қалпына келтіре отырып, күрделі жөндеу

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
5-қосымша          

          ___________________________________________
                   (иесiнiң толық атауы)

               тиесілі арнайы жылжымалы құрамының тiзбесi

Р/с

Сериясы

Санаты

Жалға
алушы

Жалға
алу
мерзімі

Қатынау
өңірі

Зауыт
нөмiрi

Түген-
деу
нөмiрi

Жасалған
күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік
қызмет ету
мерзiмi

Соңғы
жөндеу
күнi
(КЖ)

Келесі
жөндеу
күні

Техникалық
жай-күйі

Дейін
жарамды

Тіркел-
ген
орыны

(КЖ-1)
**

(КЖ-2)
***

жарам-
ды

есеп-
тен
шыға-
рыл-
ған

10

11

12

13

14

15

16

17









      Басшы ______________________/_________________________________/
                   (қолы)                      (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:
      *(КЖ-1) – 1-көлемдегі жөндеу
      **(КЖ-2) – 2-күрделi жөндеу

«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша           

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,  
аты, болса әкесінің аты не көрсетілетін  
қызметті алушы ұйымының атауы)        
__________________________________________   
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)   

Нысан               

             Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Жылжымалы
құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды
қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында
көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға
байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3) ........
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә.А. (ХКО қызметкері)                        (қолы)

Телефон:
Алдым: Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ ж. «___» _________

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі       
№ 555 бұйрығына             
3-қосымша               

«Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
      2) екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) ХҚО;
      2) ЕДБ;
      3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
      құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) ЕДБ арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні;
      мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген бас тарту өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жылжымалы құрам кепілін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жеткізгіште.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қөрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қөрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берішінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
      Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алым жергілікті бюджетке тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар және тәртібі бойынша төленеді және мыналарды құрайды:
      жеке тұлғалар үшін – 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
      заңды тұлғалар үшін – 5 (бес) АЕК.
      Алым сомасын төлеу ЕДБ және операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшасыз аудару не қолма-қол ақшаны төлеу арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;
      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауымен жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
      2) ЕДБ-де - ЕДБ-нің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
      3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес толтырылған өтініш;
      өтініш беруші өкілін дәлелдейтін құжат;
      тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      кепілдік туралы шарт немесе кепілдік талаптары қамтылған шарт.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті ХҚО қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      ХҚО қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
      ХҚО нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға бұдан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, ХҚО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-на көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
      2) ЕДБ жүгінген кезде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЕДБ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған белгіленген нысандағы өтініш;
      тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      кепілдік туралы шарт немесе мемлекеттік қызметті алушының және ЕДБ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында кепілдік талаптары қамтылған шарт.
      ЕДБ-де құжаттарды қабылдауды және электрондық өтінішті жіберуді ЕДБ қызметкері жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан мынадай негіздер бойынша бас тарту үшін:
      1) егер кепілдік туралы шартта кепілдік нысанасы және оның бағасы, мәні, кепілдікпен қамтамасыз етілетін міндеттемелерді орындау көлемі және мерзімі көрсетілмесе, сондай-ақ кепілдікке қойылған мүліктің тараптардың қайсысында екені және оны пайдалануға қолжетімділік туралы нұсқау қамтылмаса;
      2) кепілді тіркеу туралы өтініш осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес келмесе;
      3) кепілді тіркеу туралы өтінішпен тиісті адам жүгінбесе;
      4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымды бюджетке төлегенін растайтын құжат болмаса негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсету шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым ХҚО басшысының атына беріледі.
      Жазбаша және поштамен келіп түскен щағымды ХҚО-да қабылдаудың растауы тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің - www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде;
      ХҚО-ның - www.con.gov.kz интернет-ресурстарда орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«Жылжымалы құрам кепілін   
мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша     

Нысан        

         _________________________________________________
                   тіркеуші органның атауы

                       Өтініш № _____

                        Кепіл беруші

Жеке тұлғаның Т.А.Ә.А., тұрғылықты жері, туған күні;
заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: ___________________
____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________серия _________№_______
_________________________________ берген, берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Почталық мекенжайы, телефон ________________________________________
_______________________________________________ атынан әрекет етеді
      (уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________________
__________________________________________________________ негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

Кепіл ұстаушы

Жеке тұлғаның Т.А.Ә.А., тұрғылықты жері, туған күні;
заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: ___________________
____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________серия _________№_______
_________________________________ берген, берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефон ________________________________________
_________________________________________________атынан әрекет етеді
      (уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________________
__________________________________________________________ негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепіл шартын тіркеуді өтінемін: ___________________
___________________________________________________________________
Шарттың жасалған күні______________________________________________
Шарттың жасалған орны______________________________________________
Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)______
___________________________________________________________________
Кепілге салынған мүліктің құны ____________________________________
Шарттың қолданылу мерзімі _________________________________________
Кепілге салынған мүлік
____________________________________________________ кепіл берушінің
___________________________________________________ кепіл ұстаушының
иелігінде және пайдалануында қалады
Пайдалануға болатыны: Иә Жоқ
Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: Иә Жоқ (керек емесін сызып тастау
керек)
Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, серия, нөмір, қашан
және кім берген)
1. ________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Иә Жоқ (керек емесін сызып тастау керек)
-------------------------------------------------------------------
Өтініш берілген күн: 20__ ж. _______________
Өтініш қабылданған күн: 20___ ж. ___________
Өтініш берушінің қолы: ____________________________________________
Уақыт: _______________ сағат _______________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә.А. және қолы ____________________________________
Ақпараттық жүйедегі заңмен сақталынатын мағлұматтарды пайдалануға
келісемін

                                           (қолы) Т.А.Ә.А.
                                           20__ж. «__» _______

«Жылжымалы құрам кепілін    
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша       

нысан         

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, болса әкесінің аты не көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы)     
_________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      4) _______________________________;
      5) _______________________________;
      6) ......
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Т.А.Ә.А. (көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері)  (қолы)

Телефон:
Алдым: Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ ж. «___» _________