Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымда № 11416 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 1618116118119-баптарына және 333-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 167-ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4889 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы қараша, № 11, 290-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Көрсетілген қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерін ұсыну, қарау және келісу қағидалары»;
      14-тармақ алып тасталсын.
      2) «Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 292-ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5826 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 қарашадағы № 171 (1768) «Заң газеті» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрыққа 123456-қосымшалар осы бұйрыққа 123456-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                       Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы  
№ 381 бұйрығына      
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 292-ө бұйрығына    
1-қосымша         

Нысан

Кімге ___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы)
_________________________________
(ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының
бұзушылықтарын жою туралы
НҰСҚАМА № ____
20__ жылғы «__» __________

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 330-бабы 3) тармақшасына сәйкеc Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мынадай бұзушылықтарын жоюға нұсқама беремін:

Р/с №

Анықталған бұзушылықтар (нормативтік құқықтық актінің бабы немесе тармағы көрсетілуге тиіс) және оларды жою жөніндегі талаптар

Орындалу мерзімі

Ескертпе

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 332-бабы 2-тармағының
4) тармақшасына сәйкес 20 жылғы «__» _______ дейінгі мерзімге
нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат мына мекенжайға:
___________________________________________________________ берілсін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ ______________________
                                    (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
                                           (ол бар болса))

      Нұсқаманы алдым _______________ _________ ___________________
                        (лауазымы)     (қолы)   (Тегі, аты, әкесінің
                                                 аты (ол бар болса))

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы 
№ 381 бұйрығына    
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 292-ө бұйрығына   
2-қосымша         

Нысан

Кімге ________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы)
__________________________
(ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)

Жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауына
жол бермеу үшін өндірістік объектілер мен жабдықтарда,
сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы НҰСҚАМА № _____________
20__ жылғы «__» __________

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 333-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мынадай бұзушылықтарын жоюға нұсқама беремін:

Р/с №

Анықталған бұзушылықтар (нормативтік құқықтық актінің бабы немесе тармағы көрсетілуге тиіс) және оларды жою жөніндегі талаптар

Орындалу мерзімі

Ескертпе

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 332-бабы 2-тармағының
4) тармақшасына сәйкес 20 жылғы «__» _______ дейінгі мерзімге
нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат мына мекенжайға:
___________________________________________________________ берілсін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ ________________________
                                    (қолы)   (Тегі, аты, әкесінің аты
                                                   (ол бар болса))

      Нұсқаманы алдым _______________ _________ ___________________
                       (лауазымы)    (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
                                             (ол бар болса))

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы 
№ 381 бұйрығына    
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 292-ө бұйрығына   
3-қосымша         

Нысан

Кімге ________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы)
__________________________
(ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)

Жекелеген өндірістерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындары
мен жабдықтарды және ұйымның жалпылама қызметін пайдалануға
тыйым салу (тоқтата тұру) туралы
НҰСҚАМА

20__ жылғы «__» ________                                      № _____

      Қызметі тоқтатылатын адам туралы мәліметтер:
жеке не лауазымды тұлға, не жеке кәсіпкер ______________________
           (керегінің асты сызылсын)
____________________________________________________________________
               Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
___________________________________________________________________
                          жеке кәсіпкердің
_____________________________________________________________________
            мемлекеттік тіркеу куәлігінің № және берілген күні
туған күні __________________________________________________________
тұрғылықты жері _____________________________________________________
____________________________________________________________________
       жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері
_____________________________________________________________________
                    жеке сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
      тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер
Жұмыс орны, атқаратын лауазымы, ұйымның мекенжайы ___________________
_____________________________________________________________________
Заңды тұлға _________________________________________________________
              басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бр болса), атауы
____________________________________________________________________
                       ұйымдық-құқықтық нысаны
_____________________________________________________________________
                         орналасқан жері
_____________________________________________________________________
       заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және күні
_____________________________________________________________________
          бизнес-сәйкестендіру нөмірі және банк деректемелері

қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі ________________________________

      Мен, (Бас) мемлекеттік еңбек инспекторы _______________________
      (керегінің асты сызылсын)              (тегі, аты, әкесінің аты
                                                    (ол бар болса)
_____________________________________________________________________
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мыналарды анықтадым: _________________
                   еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
_____________________________________________________________________
нормативтік құқықтық актілердің бұзылған тармақтары, баптарының
талаптарын көрсету керек

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 330-бабы 5) тармақшасының және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 801-бабының негізінде НҰСҚАМА БЕРЕМІН:
      Ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтарды, механизмдерді пайдалануды сот шешімі шыққанға дейін 20__ жылғы «__» _______ бастап тоқтата тұрсын
_____________________________________________________________________
         (тоқтатыла тұратын қызметтің, жекелеген өндірістердің,
_____________________________________________________________________
   цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының және түрін жабдықтарды,
_____________________________________________________________________
              механизмдерді пайдалануды көрсету керек)
      Осы нұсқаманың орындалуына жауапкершілік
_________________________________________________________ жүктеледі
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 333-бабы 3-тармағына сәйкес лауазымды, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындауға міндетті.

М. О. (Бас) Мемлекеттік еңбек инспекторы ____________________________
            (керегінің асты сызылсын)       тегі, аты, әкесінің аты
                                            (ол бар болса), қолы
_____________________________________________________________________

Нұсқаманы алды ______________________________________________________
                          (атқаратын лауазымы, тегі, аты,
                       әкесінің аты (ол бар болса), алған күні)
_____________________________________________________________________

      Нұсқама ______________ данада жасалды.

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы 
№ 381 бұйрығына    
4-қосымша        

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 292-ө бұйрығына   
4-қосымша         

Нысан

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
ХАТТАМА № ___

20__ жылғы «__» _________            _______________________________
                                    (жасалған күні, орны және уақыты)

      Мен, (Бас) мемлекеттік еңбек инспекторы _______________________
(керегінің асты сызылсын) (хаттаманы жасаған адамның тегі және
аты-жөні)

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 330-бабы 3) тармақшасына және
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы
Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 803-бабына сәйкес осы хаттаманы
жасадым.
_____________________________________________________________________
                     (жұмыс берушінің атауы, мекенжайы
____________________________________________________________________
                          және деректемелері)

қызметін тексеру кезінде мыналар анықталды: _________________________
                                           (орны, тексеру уақыты және
_____________________________________________________________________
      әкімшілік құқық бұзушылықты тексеруді жүзеге асыру барысында
_____________________________________________________________________
                    белгіленген бұзушылықтардың мәні)
бұл ҚР ӘҚБтК-ні бұзушылық болып табылады және ҚР ӘҚБтК-нің
____________________(баптары мен тармақтары) сәйкес жауапкершілікке
әкеп соқтырады.

      Егер бар болса, куәгерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар
болса), мекенжайы:
_____________________________________________________________________
                  (ҚР ӘҚБтК-нің 754-бабына сәйкес)

      Метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, күні, егер әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезінде техникалық құрал пайдаланылса оның көрсеткіштері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      ҚР ӘҚБтК-нің 738-бабы негізінде іс жүргізу тілін __________ деп
айқындаймын.
      Жол берілген құқық бұзушылықтар үшін
____________________________________________________________________
      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туған жылы, айы, күні,
тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен
деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың,
ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер бар болса)
_____________________________________________ жауапты болып табылады.

Жол берілген құқық бұзушылықтар үшін жауапты адамның түсініктемесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
               (ҚР ӘҚБтК-нің 744-бабына сәйкес)

______________
(қолы)   

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ ____________________
                                    (қолы)   (Тегі, аты, әкесінің
                                              аты (ол бар болса))

      Хаттаманың бір данасын алдым,
      құқықтарыммен және міндеттеріммен
      таныстым    ____________________________   ____________________
                 (әкімшілік құқық бұзушылықты   (Тегі, аты, әкесінің
                  жасаған адамның қолы)          аты (ол бар болса))

      Куәгерлер   ___________                    ____________________
                     (қолы)                     (Тегі, аты, әкесінің
                                                аты, (ол бар болса))

Әкімшілік істің қаралған күні, орны және уақыты туралы хабардар
етілдім: ______________________

      738-бап. Iс жүргiзу тiлi

      1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) сот ісін жүргізу тілін өзгерту қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.
      3. Iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде мәлiмдемелер жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеуге, шағымдар жасау, iс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, ҚР ӘҚБтК-те белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған, заң бойынша оларға қажеттi iс материалдарын iс жүргiзу тiліне тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.
      5. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға жататын процестік құжаттар олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылуға тиiс.
      6. Аударма бойынша шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметтерi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi.

      744-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға

      1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iсті қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға; iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға, одан үзiндi көшірме алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне ҚР ӘҚБтК-пен берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қатысуымен қаралады. Аталған тұлғаға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс оның өзi болмаған кезде қаралуы мүмкiн.
      3. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ шетелдiкті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жiберу немесе адамға берiлген арнайы құқықтан (көлiк құралдарын басқару құқығын қоспағанда) айыру түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның қатысуы мiндеттi.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған тұлғалар жүргiзуiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамға күштеп әкелу қолданылуы мүмкiн.
      Соттың күштеп әкелу туралы ұйғарымын – сот приставы немесе iшкi iстер органы; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын iшкi iстер органы (полиция) орындайды.
      5. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған терiс әсер етуi мүмкiн iстiң мән-жайларын қарау кезiнде шығарыла тұруы мүмкiн.

Құқықтарыммен және міндеттерімен таныстым ___________________________

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы 
№ 381 бұйрығына     
5-қосымша        

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 292-ө бұйрығына   
5-қосымша       

Нысан

20__ жылғы ______________________
_________________________________
(қаралған күні, орны және уақыты)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
№ ___ ҚАУЛЫ

      Мен, (Бас) мемлекеттік еңбек инспекторы _______________________
(керегінің асты сызылсын)     (қаулы шығарған лауазымды адамның тегі,
аты-жөні)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туған жылы, айы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бар болса)
_____________________________________________________________________
_______________ қатысты ________________ бойынша көзделген әкімшілік
                       (ҚР ӘҚБтК-нің бабы)
құқық бұзушылық туралы істі қарап, __________________________________
                            (істі қарау кезінде анықталған жағдайлар)
_________________________________________________________ белгіледім.

      «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 738-бабына сәйкес іс жүргізу тілін _______________ деп айқындаймын.
      Осы айтылғандардың негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 693-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын және 821-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік еңбек инспекторы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
_____________________________________________________________________
(әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің _________ бабы бойынша _____ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ______________________________________ сомада айыппұл салынсын.              (сомасы жазбаша)

      Айыппұл заңды күшіне енген күнінен бастап __________ күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің банкіндегі № ____________ бюджеттік шотқа енгізілуге тиіс
      коды________________Мемлекеттік кірістер комитеті_____________,
      бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________
      банк бинифициары ______________________________________________
      банктік сәйкестендіру нөмірі (БСК) ___________________________,
      айыппұлды төлегені туралы түбіртек айыппұл салған мемлекеттік еңбек инспекторына ұсынылады.
      Қаулыға ҚР ӘКБтК-нің 830832-баптарында көзделген тәртіппен шағым және наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10 тәулік ішінде берілуі, ал істі қарауға қатыспаған адам оны алған күннен бастап беруі мүмкін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы __________ _____________________
                                    (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің
                                               аты (ол бар болса))
                                             20__ жылғы «__» ______

      Хаттаманың бір данасын алдым,
      құқықтарыммен және міндеттеріммен
      таныстым       ___________________         ____________________
                     (әкімшілік құқық бұзушылық (Тегі, аты, әкесінің
                      жасаған адамның қолы)      аты (ол бар болса))

20__ жылғы «__» __________

      830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, наразылық келтіру құқығы

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға ҚР ӘКБтК-тiң 744745746747 және 748-баптарында аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-ақ прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
      2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
      3. ҚР ӘКБтК-тің 818-бабы екінші бөлігінің тәртібімен судья (сот) шығарған сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша қаулыға жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулылары қайта қаралуға жатпайды.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуi мүмкiн.
      5. ҚР ӘКБтК-тiң 744745746747 және 748-баптарында аталған тұлғалардың жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны мәні бойынша қарауға және шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.

      832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, наразылық келтіру мерзiмi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер ҚР ӘКБтК-тiң 744745746747 және 748-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.
      2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтық міндеттеменің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына байланысты шығарылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшiрмесi тапсырылған немесе алынған күннен бастап отыз тәулік iшiнде берiлуi мүмкiн.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым жасалса, наразылық келтірілсе, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзім ҚР ӘКБтК-тiң 744745746747 және 748-баптарында аталған тұлғалардың шағым (наразылық) бойынша шешімнің көшірмелерін алған кезінен бастап есептеледі.
      4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмдi дәлелдi себептермен өткiзiп алған жағдайда, өзiне қатысты қаулы шығарылған адамның арызы бойынша шағымды қарауға құқылы сот, орган (лауазымды адам) бұл мерзімді қалпына келтiруi мүмкiн.

Құқықтарыммен және міндеттерімен таныстым ___________________________

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы 
№ 381 бұйрығына    
6-қосымша        

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 292-ө бұйрығына   
6-қосымша         

Нысан

20__ жылғы ______________________
____________________________
(қаралған күні, орны және уақыты)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
іс жүргізуді тоқтату туралы
№ ___ ҚАУЛЫ

      Мен, (Бас) мемлекеттік еңбек инспекторы _______________________
(керегінің асты сызылсын) (қаулы шығарған лауазымды адамның тегі,
аты-жөні)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туған жылы, айы, күні,
тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен
деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның,
факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер бұлар болса)
_____________________________________________________________ қатысты
_________________________ бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық
   (ҚР ӘҚБтК-нің бабы)
туралы істі қарап, __________________________________________________
                       (істі қарау кезінде анықталған жағдайлар)
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________ белгіледім.

      «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 738-бабына сәйкес іс жүргізу тілін _________________ деп айқындаймын.
      Осы айтылғандардың негізінде, ҚР ӘҚБтК-нің 693-бабы 3-тармағы 1) тармақшасын және 821-бабы 1-тармағы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік еңбек инспекторы
ҚАУЛЫ ЕТТІ: _________________________________________________________
(жауаптылыққа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар
болса)
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріс тоқтатылсын.
      Қаулыға ҚР ӘҚБтК-нің 830832-баптарында көзделген тәртіппен шағым және наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10 тәулік ішінде берілуі, ал істі қарауға қатыспаған адам, оны алған күннен бастап дәл сол мерзімде беруі мүмкін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы __________  ______________________
                                    (қолы)     (Тегі, аты, әкесінің
                                                аты (ол бар болса))

20__ жылғы «__» ________

      Хаттаманың бір данасын алдым,
      құқықтарыммен және міндеттеріммен
      таныстым       _________________          _____________________
                    (әкімшілік құқық бұзушылық  (Тегі, аты, әкесінің
                     жасаған адамның қолы)      аты, (ол бар болса))