«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті (С.Т. Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің бастығы әділет генерал-майоры С.Т. Құсетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты М. Демеуов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 462 бұйрығына
1-қосымша
«Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығымен бекітілген «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: лицензия беру, қайта ресімдеу, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензияның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдар) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызмет алушының өтінішін және өзге де құжаттарын алуы немесе Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызмет алушының электрондық сұрау салуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындау ұзақтығы:
1) өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне келіп түскен күні тіркеу;
2) өтінішті лицензиялау басқармасы бастығының келіп түскен күні қарауы;
3) өтінішті қарау, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін тексеру және лицензиялау басқармасы қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын жасауы:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қалыптастырылады;
лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 1 (бір) күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) мемлекеттік қызметі көрсету нәтижесін қалыптастыруды көрсетілетін қызметті берушінің басшысы:
лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда - мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде 2 (екі) күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қол қойған күні көрсетілетін қызметті алушыға жіберу.
6. Рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесін:
1) нөмірі және тіркелген күні бар тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушының ұйғарымы;
3) ұсынылған құжаттардың толықтығы/толық еместігі және көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келуі/сәйкес келмеуі фактісін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жобасының дайын жобасы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат түріндегі қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хат немесе хат-хабарларды беру тізілімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы белгі (егер мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз тасымалдағышта жүгінген жағдайда).
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) жұмылдырылды:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) лицензиялау басқармасының бастығы;
4) орындаушы;
8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және лицензиялау басқармасы бастығының қарауына береді, бұл ретте өтінішке келіп түскен күні мен кіріс нөмірін көрсете отырып, тіркеу мөртаңбасын қояды;
2) лицензиялау басқармасының бастығы құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;
3) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызмет алушының өтінішін қарайды, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырып, көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қалыптастырылады;
лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 2 (екі) күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруды көрсетілетін қызметті берушінің басшысы:
лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда - мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде 2 (екі) күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қол қойған күні көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол береді немесе көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына пошта арқылы жолдайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл
жасасу және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы
9. Өтініштің тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсетуде жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл жасасуының диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаты графикалық нысанда осы регламентке қосымшада (бизнес-процестер анықтамасы) келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жолдаған сұрау салуы көрсетілетін қызметті берушіге қарауға келіп түседі.
Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және іске қосылуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу үшін порталда «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беруді» таңдайды. Портал ол көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салудың бірінші қадамын қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы тиісті терезелердегі деректерді:
1) бюджетке лицензиялық алымды электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеу туралы ақпарат. Қағаз тасымалдағышта түбіртек болған жағдайда оның сканерленген көшірмесін электрондық сұрау салуға тігіледі;
2) біліктілік талаптарға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды. Портал арқылы сұрау салуды жөнелту кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» сұрау салу туралы ақпарат қолжетімді, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркегені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
10. Портал арқылы өтініш тәртібі мен көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимыл) реттілігінің сипаты:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан сұрау салу келіп түскен күні порталда сұрау салуды тіркеуді жүргізеді және лицензиялау басқармасының бастығына қарауға портал арқылы сұрау салуды қайта жолдайды;
2) лицензиялау басқармасының бастығы сұрау салу келіп түскен күні портал арқылы соңғысына сұрау салуды қарауға қайта жолдау арқылы орындаушыны белгілейді;
3) сұрау салуды портал арқылы алған сәттен бастап орындаушы сұрау салуды қарайды, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қалыптастырылады;
лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда - мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны телнұсқасын беру кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
«Есірткі құралдарының,
психотроптық заттар мен
олардың прекурсорларының
айналымына байланысты
қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
«Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 462 бұйрығына
2-қосымша
«Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығымен бекітілген «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарларды экспорттауға және импорттауға лицензия, лицензияның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдар) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызмет алушының өтінішін және өзге де құжаттарын алуы немесе Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызмет алушының электрондық сұрау салуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындау ұзақтығы:
1) өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне келіп түскен күні тіркеу;
2) өтінішті лицензиялау басқармасы бастығының келіп түскен күні қарауы;
3) өтінішті қарау, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін тексеру және лицензиялау басқармасы қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын жасауы:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қалыптастырылады;
лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 2 (екі) (екі күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) мемлекеттік қызметі көрсету нәтижесін қалыптастыруды көрсетілетін қызметті берушінің басшысы:
лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру күні;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қол қойған күні көрсетілетін қызметті алушыға жіберу.
6. Рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесін:
1) нөмірі және тіркелген күні бар тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушының ұйғарымы;
3) ұсынылған құжаттардың толықтығы/толық еместігі және көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келуі/сәйкес келмеуі фактісін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жобасының дайын жобасы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат түріндегі қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хат немесе хат-хабарларды беру тізілімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы белгі (егер мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз тасымалдағышта жүгінген жағдайда).
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) жұмылдырылды:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) лицензиялау басқармасының бастығы;
4) орындаушы;
8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және лицензиялау басқармасы бастығының қарауына береді, бұл ретте өтінішке келіп түскен күні мен кіріс нөмірін көрсете отырып, тіркеу мөртаңбасын қояды;
2) лицензиялау басқармасының бастығы құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;
3) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызмет алушының өтінішін қарайды, көрсетілетін қызметті алушының белгіленген біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырып, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
Лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қалыптастырылады;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды:
лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру күні;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қол қойған күні көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол береді немесе мекенжайына пошта арқылы жолдайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл
жасасу және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы
9. Өтініштің тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсетуде жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл жасасуының диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаты графикалық нысанда осы регламентке қосымшада (бизнес-процестер анықтамасы) келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жолдаған сұрау салуы көрсетілетін қызметті берушіге қарауға келіп түседі.
Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және іске қосылуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу үшін порталда «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беруді» таңдайды. Портал ол көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салудың бірінші қадамын қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы тиісті терезелердегі деректерді толтырады:
1) бюджетке лицензиялық алымды электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеу туралы ақпарат. Қағаз тасымалдағышта түбіртек болған жағдайда оның сканерленгенкөшірмесін электрондық сұрау салуға тігіледі;
2) сыртқы сауда келісімшарты (келісім) туралы ақпарат, қоса берілген қосымшалар мен (немесе) оған қосымшалар (бірреттік лицензия үшін), ал сыртқы сауда келісімшарты (келісім) болмаған жағдайда - тараптардың әрекеттерін растайтын өзге де құжаттарының көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды. Портал арқылы сұрау салуды жөнелту кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» сұрау салу туралы ақпарат қолжетімді, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркегені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
10. Портал арқылы өтініш тәртібі мен көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимыл) реттілігінің сипаты:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан сұрау салу келіп түскен күні порталда сұрау салуды тіркеуді, жүргізуді және лицензиялау басқармасының бастығына қарауға портал арқылы сұрау салуды қайта жолдайды;
2) лицензиялау басқармасының бастығы сұрау салу келіп түскен күні портал арқылы соңғысына сұрау салуды қарауға қайта жолдау арқылы орындаушыны белгілейді;
3) сұрау салуды портал арқылы алған сәттен бастап орындаушы сұрау салуды қарайды, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды:
лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қалыптастырылады;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды:
лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру күні;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
«Құрамында есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен олардың
прекурсорлары бар тауарлардың
экспорты мен импортына лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
«Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия
беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 462 бұйрығына
3-қосымша
«Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығымен бекітілген «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдар) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызмет алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзге де құжаттарын алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар келіп түскен күні, оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді 2 (екі) сағат ішінде жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар түскен күні 1 (бір) сағат ішінде бұрыштамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басқарма бастығына тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма бастығы құжаттар түскен күні 1 (бір) сағат ішінде бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басқарманың орындаушысына тапсырады;
4) орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты ресімдеп, қол қояды және қызмет берушінің кеңсе қызметкеріне береді;
5) мемлекеттік қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
6. Рәсімдерді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдар) нәтижесін:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдап, тексеріп, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштамаға қол қойып, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшылығына тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшылығы бұрыштамаға қол қойып құжаттарды басқарманың жауапты орындаушысына тапсырады;
4) орындаушы рұқсатты ресімдейді және қол қояды, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсатты береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне мынадай көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) жұмылдырылды:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма бастығы;
4) орындаушы.
8. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар келіп түскен күні, оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді 2 (екі) сағат ішінде жүзеге асырып, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар түскен күні 1 (бір) сағат ішінде бұрыштамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшылығына тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшылығы құжаттар түскен күні 1 (бір) сағат ішінде бұрыштамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басқарманың орындаушысына береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлімнің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты ресімдейді және қол қояды және қызмет берушінің кеңсе қызметкеріне береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
9. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту жүйелілігін сипаттаудың блок-сызбасы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасында келтірілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл жасасуы рәсімдердің (іс-қимылдардың) толық реттілігін, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасасудың тәртібінің сипаттамасы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында Регламентке 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге
де көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің симапттамасы
11. «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығында және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
Есірткі құралдарын, психотроптық
заттар мен олардың прекурсорларын
әкелуге, әкетуге және транзиттеуге
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) өту жүйелілігін сипаттау блок-сызбасы
Есірткі құралдарын, психотроптық
заттар мен олардың прекурсорларын
әкелуге, әкетуге және транзиттеуге
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)
ҚФБ – құрымдылық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрымдылық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;
- |
мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы; |
|
- |
көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы; |
|
- |
келесі рәсімге (іс-қимылға) өту. |