Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11363 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отқан:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Инвестициялар және даму министрі          Ә. Исекешев

            "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е.Досаев
      2015 жылғы 13 мамыр

            "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      ____________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 14 мамыр

Қазақстан Республикасы    
Инвестиция және даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі   
№ 511 бұйрығына      
1-қосымша          

«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздікті комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
      3) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына берілетін аттестат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі — қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) Мемлекеттік корпорацияның - белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша /көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша/ көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша, «электрондық кезек» тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады;
      3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүргізген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес демалыс және мейрам күндері, өтінішті қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіп саласы мен жүзеге асырылатын қызмет түрі көрсетілген өтініш;
      3) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі.
      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс;
      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша білімін тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанындағы мәліметтер.
      Мемлекеттік корпорацияның, кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде электрондық көшірмені түпнұсқамен салыстырады, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаны қайтарады;
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі.
      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша білімін тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанындағы мәліметтер.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынғанда (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмауы;
      2) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе)
олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жіберіледі.
      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошта индексі, шығыс нөмірі мен күні. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылу тиіс.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген
жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің
ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен қабілетін немесе өздігінен қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдарлауды жүзеге асыру мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды оның тұрғылықты жеріне барып Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы хабарласу арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері жүргізеді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
      1) Министрліктің - www.mid.gov.kz;
      2) қызмет көрсетушінің - www.comprom.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      17. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 75-48-60, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.

«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
1-қосымша          

Заңды тұлғаның реквизиттері
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)

Қазақстан Республикасы ИДМ   
Индустриялық даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің төрағасы 
__________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына
аттестат алуға

Өтініш

__________________________________________ «Азаматтық қорғау туралы»
               (ұйым атауы)
2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап,_______________________________________________________________
                           (ұйым атауы)

өнеркәсіптің мынадай салаларында: ___________________________________
                                       (өнеркәсіп саласын көрсету)
өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына:
_____________________________________________________________________
                    (қызметтің түрін көрсету)
аттестат беруіңізді сұраймын.
Қосымшалар:
      1) Заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі.
      2) Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша білімдері тексеруден өткендігі туралы хаттаманың, мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі.

Ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын
ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

____________________________ _______________________________
(ұйым басшысының лауазымы)  (ұйым басшысының қолы, Т.А.Ә.)

«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
2-қосымша          

Ұйымдардын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі
туралы сараптама қорытындыларының құрамы

      1. Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
      1) сараптама қорытындысының атауын;
      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген сарапшы-мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
      4) ұйым туралы деректерді;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама кезінде қарастырылған құжаттар туралы мәліметтерді;
      7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
      8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
      9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
      10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
      11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды қамтуы тиіс.
      2. Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша мыналарды:
      1) нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, оқу-әдістемелік материалдардың, оқу құралдары қорының болуы және мазмұны, олардың сарапталып отырған оқыту түрлері үшін жеткіліктілігі туралы мәліметтерді;
      2) әрбір оқу түрі, кәсібі бойынша оқу жұмыс жоспарлары, олардың оқу бағдарламаларына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      3) оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыру туралы мәліметтерді;
      4) материалдық база: оқу сыныптары (аудиториялар), олардың техникалық жабдықталуы, оның оқу үрдісін жүргізуге жеткіліктілігі, оқытылатындардың өндірістік іс-тәжірибесі үшін базаның болуы туралы мәліметтерді;
      5) оқу ұйымының (оқу орталығының) штатына кіретін оқытушылардың және/немесе оқытылатын пәнге сәйкес жоғары білімі бар құзіретті оқытушылар туралы мәліметтерді. Оқытылатын пәндер бойынша оқытуға олармен келісім шарттардың болуын қамтуы тиіс.
      3. Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, әдістемелік материалдар қорының болуы және мазмұны, олардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама жүргізу үшін жеткіліктілігі туралы мәліметтерді;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама жүргізу үшін ұйымның жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде техникалық жарақтандырылуы, технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі (сертификатталған жабдықтар, өлшеу мен бақылау құралдары) туралы мәліметтерді;
      3) мамандар мен бұзбай бақылау зертханасының жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде болуы туралы мәліметтерді;
      4) ғимараттардың (имараттардың) параметр жағдайын аңықтайтын диагностикалық аппаратуралар жөніңде мәліметтер, фотожабдықтары, навигациялық жабдықтары, тахеометрлер, өлшеу құралдары, ғимараттардың (имараттардың) конструктивтік элементтеріне жеткізетін құрал-саймандар; геофизикалық санды станция, жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде зерттеулер нәтижесін өңдеу үшін компьютермен жабдықталуы;
      5) жоғары техникалық білімі (тиісті өнеркәсіп саласына сай) бар, тұрақты жұмысқа кемінде үш маманды тағайындау туралы мәліметтер және бес жылдан астам қаупті өңдірстік нысандарда жұмыс іс-тәжірибесінің болуы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында дайындықтан өтуі мен білім тексерілуі, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіптілікті бағалау.
      4. Ұйымның жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша оқыту мен білімі тексерілген, жоғары техникалық білімі мен жарылыс жұмыстарында бес жылдан астам жұмыс тәжіребиесі, үш маманнан кем емес тұлғаны тұрақты жұмысқа тағайындау туралы мәліметтер;
      2) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу үшін сертификатталған құралдармен жабдықталған материалдық база, жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде өлшеу және бақылау құралдары туралы мәліметтер;
      3) жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде жарылғыш заттарды сынау үшін полигоны болу керек.
      5. Ұйымның қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша оқыту мен білімі тексерілген, жоғары техникалық білімі мен декларацияланатын нысандарда бес жылдан астам жұмыс тәжіребиесі, үш маманнан кем емес тұлғаны тұрақты жұмысқа тағайындау туралы мәліметтер;
      2) жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын жасау барысында қауіпті өңдірістік факторлардың зақымдау әсерін есептеу үшін арналған техникалық жарақтандырылуы керек.
      6. Ұйымның газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді (диагностикалау, газтұтыну жабдығын куәландыру) жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) газбен қамтамасыз ету обьектілер жүйесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы, қысыммен жұмыс жасайтын жабдықтарды қауіпсіз пайдалану, газқауіпті жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру бойынша оқыту мен білімі тексерілген, жоғары техникалық білімі мен газбен қамтамассыз ету нысандарында үш жылдан кем емес емес жұмыс тәжіребиесі, үш маманнан кем емес тұлғаны тұрақты жұмысқа тағайындау туралы мәліметтер;
      2) техникалық құрылғылардың қалған мерзімдерін аңықтау есептері, газбен қамтамасыз ету жүйесіне өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу мен материалдар, газбен қамтамасыз ету жүйесін зерттеуді жүргізу методикасы туралы мәлеметтер;
      3) жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде өңдірістік ғимараттар мен жабдықтар (цех, шеберхана), станоктар паркі, механизмдер, құрал-саймандар, өлшеп-бақылау құралдары туралы мәліметтер;
      4) көрсетілетін қызметтер сапасына өндірістік бақылау;
      метрологиялық бақылауды (өлшеп-бақылау құралдарына жөңдеу және қызмет көрсетуші мамандар, құралдармен бұзбай бақылау әдісі мен мамандар) қамтамасыз етуші қызметтер туралы мәліметтер.
      7.Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
      Сараптама қорытындысына сараптама ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.

«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік  
қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына аттестаттау»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына 3-қосымша       

(Тегі, аты, болған жағдайда      
әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.),
не көрсетілетін қызметті алушы    
ұйымның атауы)            
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету) «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ______________________________;
      2) ______________________________;
      3)....
      Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.
      _____________________________________________  ________________
      Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері)        (қолы)
      Орындаған: Т.А.Ә.А. ___________________ Телефоны ______________
      Алдым: ________________________________________________________
                  Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы

20___жылғы «__»________

Қазақстан Республикасы    
Инвестиция және даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі   
№ 511 бұйрығына      
2-қосымша          

«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
      3) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы.; www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - тіркеу шифрін бере отырып, қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу.
      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды қарап, қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды ұсынады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электронды түрде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) Мемлекеттік корпорацияның - белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша /көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша/ көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша, «электрондық кезек» тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады;
      3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүргізген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес демалыс және мейрам күндері, өтінішті қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
      3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі.
      4) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;
      сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс;
      Мемлекеттік корпорацияның, кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде электрондық көшірмені түпнұсқамен салыстырады, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаны қайтарады;
      порталда:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі;
      3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі ұсынылады.
      сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс;
      Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларға және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес келуі тиіс (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген).
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі заңды тұлғаның жеке басын, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынғанда (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сайкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе)
олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жіберіледі.
      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе ХҚО-да қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      жеке тұлға – аты, тегі, қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетеді;
      заңды тұлға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылу керек.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің
ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен қабілетін немесе өздігінен қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдарлауды жүзеге асыру мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды оның тұрғылықты жеріне барып Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы хабарласу арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері жүргізеді
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
      1) Министрліктің - www.mid.gov.kz;
      2) қызмет көрсетушінің - www.comprom.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      17. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 75-48-60, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.

«Қауіпті өндіріс объектісінің   
өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына        
1-қосымша             

Жеке немесе заңды тұлғаның реквизиттері
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)

Қазақстан Республикасы ИДМ     
Индустриялық даму және өнеркәсіптік 
қауіпсіздік комитетінің төрағасы  
_________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына тіркеу шифрін беруге

Өтініш

______________________________ «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы
          (ұйым атауы)
11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса беріліп отырған өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын қарауды және оған тіркеу шифрін беруді сұрайды.
      Қосымшалар:
      1) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі;
      2) сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі.

Ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.
_____________________________ _____________________________
(ұйым басшысының лауазымы)       (ұйым басшысының қолы)

«Қауіпті өндіріс объектісінің   
өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына        
2-қосымша             

Декларацияларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына
сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының құрамы

      1. Декларацияларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
      1) сараптама қорытындысының атауын;
      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы және мамандар туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
      4) ұйым туралы деректерді;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары), технологиялар, техникалық құрылғылар және сәйкестендіруге қажетті шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып, материалдар туралы мәліметтерді;
      7) сараптама объектісінің қысқаша сипаттамасы мен мақсатына;
      8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
      9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
      10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізімін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
      11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдық-техникалық іс-шараларды;
      12) декларацияда ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      13) декларацияда ұсынылған, қауіпті өндірістік объектідегі авариялардың, инциденттердің қаупін талдау нәтижелерінің негізділігі туралы мәліметтерді;
      14) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша әзірленген және/немесе жүзеге асырылған шаралардың жеткіліктілігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      2.Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
      Сараптама қорытындысына сарапта ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.

«Қауіпті өндіріс объектісінің   
өнеркәсіптік қауіпсіздік      
декларацияларын тіркеу»      
мемлекеттік көрсетілетін      
қызмет стандартына 3-қосымша    

(Тегі, аты, болған жағдайда     
әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.),
не көрсетілетін қызметті алушы    
ұйымның атауы)            
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету) «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ______________________________;
      2) ______________________________;
      3)....
      Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.
      _____________________________________________  ________________
      Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері)        (қолы)

      Орындаған: Т.А.Ә.А. ___________________ Телефоны ______________

      Алдым: ________________________________________________________
                 Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы

20___жылғы «__»________

Қазақстан Республикасы    
Инвестиция және даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі   
№ 511 бұйрығына      
3-қосымша          

«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздікті комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
      3) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық түрде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға (бұдан әрі — қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) Мемлекеттік корпорацияның - белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша /көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша/ көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша, «электрондық кезек» тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады;
      3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүргізген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес демалыс және мейрам күндері, өтінішті қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың қолданылу мақсаты және қолдану саласы туралы қысқаша ақпараты бар өтініш;
      3) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін ұсынады.
      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.
      Мемлекеттік корпорацияның, кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде электрондық көшірмені түпнұсқамен салыстырады, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаны қайтарады;
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.
      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.
      Заңды тұлғаның жеке басын, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынғанда (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сайкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе)
олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жіберіледі.
      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      жеке тұлға – аты, тегі, қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетеді;
      заңды тұлға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылу керек.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің
ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен қабілетін немесе өздігінен қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдарлауды жүзеге асыру мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды оның тұрғылықты жеріне барып Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы хабарласу арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері жүргізеді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
      1) Министрліктің - www.mid.gov.kz;
      2) қызмет көрсетушінің - www.comprom.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      17. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 75-48-60, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.

«Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын технологияларды,  
техникалық құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық құрылғыларды 
қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша           

Жеке немесе заңды тұлғаның реквизиттері
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)

Қазақстан Республикасы ИДМ     
Индустриялық даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің төрағасы   
_________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат беруге

Өтініш

________________________________ «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы
        (ұйым атауы)

11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап,
___________________________________________________________________
                        (ұйым атауы)
мынадай: __________________________________________________________
   (технологиялардың, техникалық құрылғылардың материалдардың атауы)
қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беруіңізді сұрайды.
Қысқаша сипаттама: __________________________________________________
                       (технологиялардың, техникалық құрылғылардың,
                              материалдардың қолданылу
_____________________________________________________________________
       мақсаты туралы қысқаша ақпарат және оларды қолдану
                        саласы көрсетіледі)
Қосымшалар:
Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электронды көшірмесі.

      Ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

      ___________________________ ______________________________
      (ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының қолы, Т.А.Ә.)

«Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын технологияларды,  
техникалық құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық құрылғыларды 
қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша           

Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы
сараптама қорытындысының құрамы

      1. Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
      1) сараптама қорытындысының атауын;
      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген сарапшы-мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
      4) ұйым туралы деректерді;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу), сәйкестендіруге қажетті шығарылған жылы, шығарған зауыты мен елі, шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып, технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәліметтерді;
      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде қолданылған жабдықтар туралы мәліметтерді;
      8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
      9) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
      10) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
      11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшы-мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, жүргізілген сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
      12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану үдерісіндегі, авария, инциденттер жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді;
      13) сараптама нәтижесінде алынған деректердің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормаларға сәйкестігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      2. Технологиялардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына
сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) осы технология бойынша технологиялық үдерісті жүзеге асыру кезінде пайда болатын зиянды қауіпті өндірістік факторлар, олардың шекті мәні туралы мәліметтерді;
      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті мәндерінің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік көрсеткіштерге сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      3) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шаралар, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      3. Техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) техникалық құрылғының жұмысы кезінде пайда болатын барлық зиянды және қауіпті факторлардың шекті көрсеткіштері туралы мәліметтерді;
      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін құрылымдық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      4. Материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
      1) осы материалды қолдану кезінде пайда болатын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті көрсеткіштері туралы мәліметтерді;
      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      5. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
      Сараптама қорытындысына сараптама ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.

«Қауіпті өндірістік объектілерде    
қолданылатын технологияларды,     
техникалық құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық құрылғыларды     
қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына    
3-қосымша              

(Тегі, аты, болған жағдайда         
әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.),    
не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету) «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ______________________________;
      2) ______________________________;
      3)....
      Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.
      ____________________________________________  ________________
      Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері)      (қолы)

      Орындаған: Т.А.Ә.А. ___________________ Телефоны _____________

      Алдым: _______________________________________________________
                 Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20___жылғы «__»________

Қазақстан Республикасы    
Инвестиция және даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі   
№ 511 бұйрығына      
4-қосымша          

«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды
ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитет (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан бастап екі күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық екендігін тексеруі тиіс. Көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген мерзім ішінде арызды әрі қарай қараудан дәлелді бас тартылады.
      2) көрсетілетін қызметті берушіге, құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің, қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға (бұдан әрі — қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүргізген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес демалыс және мейрам күндері, өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат алуға өтініш;
      3) аттестатталған ұйым, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және өтініш беруші өкілінің комиссия құрамымен өткізілген тәжірибелі партиядағы қабылдау сынағының актісі электрондық құжат нысанында;
      4) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығы бар аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде бұйымдарды жасау мен пайдалану техникалық құжаттарында белгіленген, соның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттың түпнұсқасы мен электрондық көшірме түріндегі сараптама қорытындысы.
      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында қарастырылған талаптарды қамтуы тиіс. Сондай-ақ, бұйымдарды жасау мен пайдалану техникалық құжаттарында белгіленген, соның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      Кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде электрондық көшірменің түпнұсқамен сәйкестендіруін салыстырып, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаны қайтарады.
      порталда:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат алуға өтініш;
      2) аттестатталған ұйым, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және өтініш беруші өкілінің комиссия құрамында өткізілген тәжірибелі партияны қабылдау сынағы актісінің электрондық көшірмесі;
      3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығы бар аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды техникалық құжаттарында белгіленген, соның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі ұсынылады.
      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында қарастырылған талаптарды қамтуы тиіс. Сондай-ақ, бұйымдарды жасау мен пайдалану техникалық құжаттарында белгіленген, соның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      Көрсетілітен қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркеу) туралы құжаттарының мәліметтерін «электронды үкімет» шлюз арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы  арқылы) – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудықабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай Батыр данғылы, 32/1.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселерінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылу керек.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
      1) Министрліктің - www.mid.gov.kz;
      2) қызмет көрсетушінің - www.comprom.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 75-48-60, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.

«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде
жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына       
1-қосымша            

                                                            Нысан

Заңды тұлғаның реквизиттері
(мекенжайы, БСН, телефоны және т.б.)

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму министрлігінің
Индустриалдық даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің төрағасы  
_________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған
бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беруге
өтініш

__________________________________ Сізден ұсынылған құжаттар тізімін
          (ұйым атауы)
қарауды және ________ жарылыс заттар және олардың негізінде жасалған
          (ұйым атауы)
_____________________________________________________________________
      (жарылыс заттар және олардың негізінде жасалған атауы)
_________________________________________________________ бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беруді өтінеді.

      Техникалық шарттардың нөмірі (стандарттың) ____________________

      Әзірлеуші _____________________________________________________

Өндіруші (өндірушілер) ______________________________________________

Оның (олардың) мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ____________________

Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды ______________________________________________

Көлік қауіптілігінің классы _________________________________________

Көлік қауіптілігінің класс тармағы __________________________________

Топ үйлесімділігі ___________________________________________________

Біріккен ұлттар ұйымының сериялық нөмірі ____________________________

Жедел шаралар коды __________________________________________________

Тағайныдауы, облысы және қолдану шарты ______________________________

      Қосымшалар:
      1) тәжірибелі партиядағы қабылдау сынағының актісінің электрондық құжат нысанындағы көшірмесі;
      2) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығы бар аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық құжат нысанындағы көшірмесі.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

_______________________ ________________________________________
(ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің
                                аты (болған жағдайда), қолы)

«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде
жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына       
2-қосымша            

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардын
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы
сараптамалық қорытынсының құрамы

      1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындына мыналарды:
      1) сараптамалық қорытындының атауы;
      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген сарапшы-мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
      3) сараптамалық қорытындының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
      4) ұйым туралы деректерді;
      5) сараптама мақсатын;
      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама барысында қарастырылған құжаттар, соның ішінде бақылау және қабылдау сынақтарының бағдарламалары мен әдістемеліктері, сәйкестендіруге қажетті шығарылған жылы, шығарған зауыты мен елі, шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып, технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәліметтерді;
      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде қолданылған жабдықтар туралы мәліметтерді;
      8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
      9) жүргізілген сараптама, жүргізілген сынау, соның ішінде жарылғыш заттардың оларды әзірлеу кезіндегі қауіпсіздігін бағалауға қажетті көрсеткіштер бойынша нәтижелерін;
      10) негізделген қорытындыларын, техникалық шешімдер мен шаралар бойынша ұсыныстарды, жарылыс заттарының және оның негізіндегі бұйымдардың атауын, жарылыс затын немесе оның негізіндегі бұйымды әзірлеуші мен жасаушы туралы мәліметтерді, олардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік нөмірі, берілген күні, куәлік берген органның атауы), жарылыс затының немесе оның негізіндегі бұйымның техникалық шарттарының (стандартының) нөмірлерін, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының кодын, көлік қауіптілігінің санаты мен шағын санатын, сәйкестілік тобын, Біріккен ұлттар ұйымының сериялық нөмірін, шұғыл шаралар кодын, жарылыс заттарын немесе бұйымдарының белгіленуін, қолдану саласы мен шарттарын, қосымша талаптарды (қажет болған жағдайда);
      11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық актілерді, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшы-мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, жүргізілген бақылау және қабылдау сынақтардың актілерін, бақылау және қабылдау сынақтарының бағдарламалары мен әдістемеліктерін қамтитын қосымшаларды;
      12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану үдерісіндегі, авария, инциденттер жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді.
      2. Сараптамалық қорытынды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл көлемінде қолданыста болады.
      Сараптамалық қорытындыға жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестацияланған ұйымның басшысы қол қояды, сараптамалық ұйымның мөрімен бекітіледі, тігілген беттердің саны көрсетіле отырып тігіледі.

Қазақстан Республикасы    
Инвестиция және даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі   
№ 511 бұйрығына      
5-қосымша          

«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан бастап екі күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық екендігін тексеруі тиіс. Көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған құжаттардың толық еместігі аңықталған жағдайда көрсетілген мерзім ішінде арызды әрі қарай қараудан дәлелді бас тартылады.
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру не мемлекеттік қызметтің осы стандартының 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электронды түрде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі — қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызмет алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес демалыс және мейрам күндері немесе жұмыс күні аяқталғаннан кейін хабарласқан жағдайда, арызды қабылдау мен көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішті;
      3) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын нақтылайтын есептер, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтық, екпінді ауа толқынының әсері, жарылыс, сейсмикалық әсер ету кезінде улы газдардың әсері көрсетілген мәліметі бар құжаттың электронды көшірмесі;
      4) жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орынын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбыржолдарды, электр беру желілерін күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, жергілікті жер жоспарының электронды көшірмесі ұсынылады;
      5) жерасты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орынын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, кен өндіру жұмыстары жоспарының электронды көшірмесі, сондай-ақ шахтаның (кеніш, геологиялық барлау жұмыстары объектісі) газ және шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтер ұсынылады;
      6) жарылғыш материалдарды қолдана отырып, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жұмыс профильдері және қауіпті аймақты қорғау схемаларының электронды көшірмесі ұсынылады;
      порталда:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша, өтініш берушінің ЭСҚ куәландырылған, электрондық құжат түріндегі жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішті;
      2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын нақтылайтын есептер, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтық, екпінді ауа толқынының әсері, жарылыс, сейсмикалық әсер ету кезінде улы газдардың әсері көрсетілген мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
      3) жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбыржолдарды, электр беру желілерін күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, жергілікті жер жоспарының электрондық көшірмесі ұсынылады;
      4) жерасты жағдайларындағы жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, кен өндіру жұмыстары жоспарының электрондық көшірмесін; сондай-ақ шахтаның (кеніш, геологиялық барлау жұмыстары объектісі) газ және шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтер ұсынылады;
      5) жарылғыш материалдарды қолдана отырып, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жұмыс профильдері және қауіпті аймақты қорғау схемаларының электрондық көшірмесі ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркеу) туралы, лицензиялау туралы құжаттар мәліметін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйе «электронды үкімет» шлюз арқылы алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге бас тартудағы негіздеме:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
      2) толық ұсынылған құжаттар пакетіндегі ақпараттың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойышна шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 4-тармағының 13-тармақшасында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрліктің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитет басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай Батыр данғылы, 32/1.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселерінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылу керек.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын
өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
      1) Министрліктің - www.mid.gov.kz;
      2) қызмет көрсетушінің - www.comprom.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 75-48-60, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.

«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге
рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша          

                                                            Нысан

Заңды тұлғаның реквизиттері
(мекенжайы, БСН, телефоны және т.б.)

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің
басшысына               
__________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге өтініш

_________________________________________________ Сізден қарауды және
                   (ұйымның атауы)
__________________________________________________________ мақсатында
____________________________________________________________________
                   (ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
      (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)

жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.
Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау __________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай
              кітапшасының нөмірі, берілген күні)
___________________________________________________________ жүктелді.

Жарылыс материалдарын сақтау орны ___________________________________
                                        (атауы, орналасқан жері)
_____________________________________________________________________

      Салалық тиістілігі бойынша лицензияны беру күні мен нөмірі көрсетілсін (бірінші және екінші тармақтарда екі лицензияның болуы да міндетті); негізгі қызмет түрі лицензиялануға жатпайтын болса, 3 тармақта көрсетілген лицензияның болуы жеткілікті:
      1. Мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия, лицензияға мұнай; газ; газ конденсаты; айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары қызметінің кіші түріне қосымшасымен және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
      2. Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, лицензияға пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу қызметінің кіші түріне қосымшасымен және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
      3. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, лицензияға жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алу қызметінің кіші түріне қосымшасымен.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

___________________________ ________________________________
(ұйым басшысының лауазымы)     (ұйым басшының тегі, аты,
                             әкесінің аты (бар болса) қолы)

Қазақстан Республикасы    
Инвестиция және даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі   
№ 511 бұйрығына      
6-қосымша          

«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға
арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетлетін қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      Нәтижені беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 20 (жиырма) жұмыс күні;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жобалық құжаттаманы келісу туралы оң шешім.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электронды түрде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тулғасының куәландырылған электрондық цифрлік қол қою (бұдан әрі - ЭЦҚҚ) электрондық құжат үлгісінде қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
      Қағаз тасымалдағышта мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық үлгіде толтырылады, шығарылады, қызмет берушінің басшысының қолы және жеке мөрімен куәландырылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
      3) жобалық құжаттаманың электрондық және қағаз көшірмесі.
      4) алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      Кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде электрондық көшірменің түпнұсқамен сәйкестендіруін салыстырып, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаны қайтарады.
      Заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын, мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электронды үкімет» шлюз арқылы алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойышна шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 4-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрліктің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитет басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай Батыр данғылы, 32/1.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның кеңседе қабылдануын растау болып табылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңселерінде қолма-қол беріледі.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      жеке тұлға – аты, тегі, қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетеді;
      заңды тұлға – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылу керек.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын
өзге талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
      1) Министрліктің - www.mid.gov.kz;
      2) қызмет көрсетушінің - www.comprom.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 75-48-60, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.

«Қауіпті өндірістік объектілерді   
салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға,
жаңғыртуға, консервациялауға және  
жоюға арналған жобалау құжаттамасын 
келісу» мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына 1-қосымша    

Заңды (жеке) тұлғаның деректемелері  
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)

Қазақстан Республикасы ИДМ       
Индустриялық даму және өнеркәсіптік 
қауіпсіздік комитетінің төрағасы   
немесе ҚРИДМ ИДӨҚК (облыстар, Астана, 
Алматы қалаларының) департамент басшысы
_________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға
арналған жобалау құжаттамасын келісуге
Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

___________________________________________ «Азаматтық қорғау туралы»
      (заңды (жеке) тұлғаның атауы)
2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабын
басшылыққа ала отырып, Сізге жобалық құжаттаманы келісуге жібереді
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (жоба атауы)

      Қосымша - жобалық құжаттаманың электрондық және қағаз түріндегі көшірмесі.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________     ______________________________
       (ұйым басшысының лауазымы)       (ұйым басшысының қолы, Т.А.)

«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға,
кеңейтуге, реконструкциялауға,   
жаңғыртуға, консервациялауға және   
жоюға арналған жобалау құжаттамасын  
келісу» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына         
2-қосымша               

Жобалау құжаттамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына
сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының мазмұны

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 48 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.