"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13240 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут";

      8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияның - белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіп саласы мен жүзеге асырылатын қызмет түрі көрсетілген өтініш;

      3) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі.

      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша білімін тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанындағы мәліметтер.

      Мемлекеттік корпорацияның, кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде электрондық көшірмені түпнұсқамен салыстырады, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаны қайтарады;

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі.

      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша білімін тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанындағы мәліметтер.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынғанда (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.";

      төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жіберіледі.

      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен қабілетін немесе өздігінен қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдарлауды жүзеге асыру мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды оның тұрғылықты жеріне барып Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы хабарласу арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері жүргізеді";

      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған";

      көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут";

      8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияның - белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі.

      4) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;

      сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс;

      Мемлекеттік корпорацияның, кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде электрондық көшірмені түпнұсқамен салыстырады, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаны қайтарады;

      порталда:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі;

      3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі ұсынылады.

      сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс;

      Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларға және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес келуі тиіс (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген).

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі заңды тұлғаның жеке басын, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынғанда (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сайкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.";

      төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жіберіледі.

      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен қабілетін немесе өздігінен қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдарлауды жүзеге асыру мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды оның тұрғылықты жеріне барып Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы хабарласу арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері жүргізеді";

      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған";

      көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтын 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут";

      8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияның - белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың қолданылу мақсаты және қолдану саласы туралы қысқаша ақпараты бар өтініш;

      3) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін ұсынады.

      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.

      Мемлекеттік корпорацияның, кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде электрондық көшірмені түпнұсқамен салыстырады, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаны қайтарады;

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.

      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.

      Заңды тұлғаның жеке басын, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынғанда (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сайкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.";

      төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жіберіледі.

      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен қабілетін немесе өздігінен қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдарлауды жүзеге асыру мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды оның тұрғылықты жеріне барып Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы хабарласу арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері жүргізеді";

      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған";

      көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтын 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 20 (жиырма) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.";

      6-тармақтын екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электронды түрде."

      9-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жобалық құжаттаманың электрондық және қағаз көшірмесі.";

      4) тармақша және екінші бөлік алынып тасталсын;

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар";

      көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 2-қосымша алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________________Е. Досаев

      2016 жылғы 28 қаңтар"КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы 27 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрiнiң
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 48 бұйрығына 1-қосымша
  "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

      (Тегі, аты, болған жағдайда

      әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.),

      не көрсетілетін қызметті алушы

      ұйымның атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету) "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________________;

      2) ______________________________;

      3)....

      Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.

      _____________________________________________ ________________

      Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаған: Т.А.Ә.А. ___________________ Телефоны ______________

      Алдым: ________________________________________________________

      Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20___жылғы "__"________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрiнiң
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 48 бұйрығына 2-қосымша
  "Қауіпті өндіріс объектісінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша

      (Тегі, аты, болған жағдайда

      әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.),

      не көрсетілетін қызметті алушы

      ұйымның атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету) "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________________;

      2) ______________________________;

      3)....

      Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.

      _____________________________________________ ________________

      Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаған: Т.А.Ә.А. ___________________ Телефоны ______________

      Алдым: ________________________________________________________

      Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20___жылғы "__"________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрiнiң
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 48 бұйрығына 3-қосымша
  "Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық құрылғыларды
қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      (Тегі, аты, болған жағдайда

      әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.),

      не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)

      _____________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету) "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________________;

      2) ______________________________;

      3)....

      Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.

      ____________________________________________ ________________

      Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаған: Т.А.Ә.А. ___________________ Телефоны _____________

      Алдым: _______________________________________________________

      Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20___жылғы "__"________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрiнiң
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 48 бұйрығына 4-қосымша
  "Қауіпті өндірістік объектілерді
салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға,
жаңғыртуға, консервациялауға және
жоюға арналған жобалау құжаттамасын
келісу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

      Заңды (жеке) тұлғаның деректемелері

      (мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)

      Қазақстан Республикасы ИДМ

      Индустриялық даму және өнеркәсіптік

      қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      немесе ҚРИДМ ИДӨҚК (облыстар, Астана,

      Алматы қалаларының) департамент басшысы

      _________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге,

      реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға

      арналған жобалау құжаттамасын келісуге

Өтініш

      ___________________________________________ "Азаматтық қорғау туралы"

      (заңды (жеке) тұлғаның атауы)

      2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабын

      басшылыққа ала отырып, Сізге жобалық құжаттаманы келісуге жібереді

      _____________________________________________________________________

      (жоба атауы)

      Қосымша - жобалық құжаттаманың электрондық және қағаз түріндегі көшірмесі.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________ ______________________________

      (ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының қолы, Т.А.)