Сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11339 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Сот сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Сот сарапшысы біліктілігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                       Б.Имашев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ____________________ Ә. Исекешев
      2015 жыл _______________________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жыл ________________

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің   
2015 жылғы 14 мамырдағы
№ 270 бұйрығына    
1-қосымша       

«Сот сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сот сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2. көрсетілетін қызметті берушінің Сот сараптамасы орталығының кеңсесі;
      3. «электронды үкімет»: www.egov.kz., www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі:
      1) құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау комиссиясының қорытындысы.
      Аттестаттау комиссиясының қорытындысы аттестаттаудан өткеннен кейін беріледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кездемемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне», аттестаттау комиссиясы төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
      Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.
      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген интернет-қорда орналастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітетін тізімге және көрсетілетін қызметті берушінің Сот сараптамасы орталығының директоры бекітетін кестеге сәйкес, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызметті берушінің сот сараптамасы органының аумақтық бөлімшесінің бастығы немесе басшысы дайындаған, сот сарапшысының кәсіптік дайындық дәрежесін көрсететін мінездеме;
      жоғарғы білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса - дипломдардың көшірмесі);
      соңғы бес жылдағы сарапшы қорытындыларына рецензиялар;
      соңғы алты айдағы көтермелеулері мен тәртіптілік жазалары (олар болған жағдайда) туралы бұйрықтардың көшірмелері;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
      2) порталға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      көрсетілетін қызметті берушінің сот сараптамасы органының аумақтық бөлімшесінің бастығы немесе басшысы дайындаған, сот сарапшысының кәсіптік дайындық дәрежесін көрсететін мінездеменің электрондық көшірмесі;
      жоғарғы білім туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса - дипломдардың электрондық көшірмесі);
      соңғы бес жылдағы сарапшы қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі;
      соңғы алты айдағы көтермелеулері мен тәртіптілік жазалары (олар болған жағдайда) туралы бұйрықтардың электрондық көшірмелері;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
      сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жоғарғы білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса - дипломдардың көшірмесі);
      соңғы бес жылдағы сарапшы қорытындыларына рецензиялар;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
      2) порталға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жоғарғы білім туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса - дипломдардың электрондық көшірмесі);
      соңғы бес жылдағы сарапшы қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, оның сот сараптамасын жүргізу құқығына біліктілік куәлігі, лицензиясы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюздері арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі;
      портал арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебесі жолданады.
      10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес, толық емес және белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар пакеті көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Астана қ., Орынбор көш., 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, телефоны – 8(7172)-74-07-72, 74-01-35 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайын көрсете отырып, қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz ресми интернет-қорында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алады.
      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Сот сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына     
1-қосымша        

Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
аттестаттау комиссиясының
20__ жылғы _______________ №______ қорытындысы

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 20 __ жылғы _______ № ____
бұйрығы негізінде әрекет ететін
Аттестаттау комиссиясы:
төрағасы                       _____________________________________
Комиссия мүшелері              _____________________________________
                               _____________________________________
                               _____________________________________
Хатшысы                        _____________________________________
құрамында __________________________________________________________
(сот сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы және жұмыс орны)
_______________________________________ аттестаттау ісін қарастырып
            (аттестаттау түрі)
Шешті: _____________________________________________________________
(аттестаттау қорытындысы, сот сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

_____________________
(комиссия төрағасының
қолы немесе ЭЦҚ)

«Сот сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына     
2-қосымша        

Нысан

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі  
аттестаттау комиссиясы
төрағасының орынбасарына

Өтініш

      Сізден, мені сот сарапшыларын аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.
      Сонымен бірге, аттестаттаудан өту үшін келесі құжаттарды жолдаймын:
      1.
      2.
      3.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы және
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

* - құжаттар тізімі осы Стандарттың 9 т. сәйкес болуы тиіс

«Сот сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына     
3-қосымша        

Нысан

Мәліметтер нысаны

Өтінім бойынша деректер
1. Өтініш нөмірі
2. Қалыптастыру күні
Негізгі мәліметтер
3. ЖСН
4. Тегі
5. Аты
6. Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер
7. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі
8. Нөмірі
9. Сериясы
10. Берілген күні
11. Аяқталу күні
12. Берген орган
Мекенжайы
13. Пошталық индексі
14. Ел, облысы, ауданы, елді мекені
15. Көшенің аты
16. Үйдің, ғимараттың нөмірі
17. Пәтердің, кеңсенің нөмірі
18. Телефондардың нөмірі
Жүзеге асыратын қызмет туралы мәліметтер
19. Сот сараптама қызметін жүзеге асырудың өз тәсіліңізді таңдаңыз
- Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері:
20. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлігі (оған қосымша)

Біліктілік куәлігі (оған қосымша)

Рұқсаттама құжатының күні

мамандық




- Сот сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам
21. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлігі (оған қосымша)

Біліктілік куәлігі (оған қосымша)

Рұқсаттама құжатының күні

мамандық




Сот сараптама қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия

Лицензия нөмірі

Лицензияны беру күні



Тізімге сәйкес тіркелетін құжаттар
ЭЦҚ

«Сот сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына     
4-қосымша          

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат

      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» ММ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, осы «Сот сарапшысын аттестатау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ______________________    ___________________________________
      орындаушының тегі, аты,   көрсетілетін қызметті алушының қолы
      әкесінің аты (ол болған
      жағдайда)

      Орынд.: орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
      Телефоны:
      Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20 __ жылғы «___» _______________

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2015 жылғы 14 мамырдағы
№ 270 бұйрығына   
2-қосымша     

«Сот сарапшысы біліктілігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің Сот сараптамасы орталығының кеңсесі;
      3) «электронды үкімет»: www.egov.kz., www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі:
      1) құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі (бұдан әрі – куәлік). Куәлік біліктілік емтиханынан оң нәтижемен өткен жағдайда беріледі.
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша (бұдан әрі – куәлікке қосымша). Куәлікке қосымша, куәлігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға біліктілік емтиханын оң нәтижемен тапсырған жағдайда беріледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде м млекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» біліктілік комиссиясы төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
      Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.
      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген интернет-қорда орналастырылған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітетін тізімге және көрсетілетін қызметті берушінің Сот сараптамасы орталығының директоры бекітетін кестеге сәйкес, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жоғарғы білім туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса - дипломдардың көшірмесі);
      арнайы кәсіптік даярлықтың қорытындысы бойынша пікір;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
      2) порталға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      жоғарғы білім туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса - дипломдардың электрондық көшірмесі);
      арнайы кәсіптік даярлықтың қорытындысы бойынша пікірдің электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюздері арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі.
      портал арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебесі жолданады.
      10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес, толық емес және белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар пакеті көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе: 010000, Астана қ., Орынбор көш., 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, телефоны – 8/7172/-74-07-72, 74-01-35 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайын көрсете отырып, қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz ресми интернет-қорында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алады.
      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Сот сарапшысы біліктілігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына       
1-қосымша          

Нысан

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
№ ______ сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі

___________________________________________________________________
       тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

берілді.
Себебі, оған біліктілік комиссиясының «__» 20 ж. № шешімімен ___________________________________________________________________

мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

М.О.                           Біліктілік комиссиясының
                               төрағасы
                               Хатшы

Астана қ. «__» ________ 20 __ ж. Тіркеу № ______

«Сот сарапшысы біліктілігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына       
2-қосымша          

Нысан

№______ сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша

____________________________________________________________________
      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
берілді.
Себебі, оған біліктілік комиссиясының «__» 20 ж. № шешімімен
____________________________________________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

М.О.                                 Біліктілік комиссиясының
                                     төрағасы
                                     Хатшы

Астана қ. «__» ________ 20 __ ж. Тіркеу № ______

«Сот сарапшысы біліктілігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Біліктілік комиссиясы
төрағасының орынбасарына

                             Өтініш

      Сізден, мені келесі____________________________________________
_____________________________________________________________________
мамандықтар бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуіңізді
                          сұраймын.

      Тіркелетін құжаттардың тізімі:
      1.
      2.
      3.

                                _____________________________________
                             көрсетілетін қызметті алушының қолы және
                         тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

                                                   Өтінішті беру күні

           * - құжаттар тізімі осы Стандарттың 9 т. сәйкес болуы тиіс

«Сот сарапшысы біліктілігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

                        Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер
      1. Өтініш нөмірі
      2. Қалыптастыру күні
      Негізгі мәліметтер
      3. ЖСН
      4. Тегі
      5. Аты
      6. Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер
      7. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі
      8. Нөмірі
      9. Сериясы
      10. Берілген күні
      11. Аяқталу күні
      12. Берген орган
      Мекенжайы
      13. Пошталық индексі
      14. Ел, облысы, ауданы, елді мекені
      15. Көшенің атауы
      16. Үйдің, ғимараттың нөмірі
      17. Пәтердің, кеңсенің нөмірі
      18. Телефондардың нөмірі
      Арнайы даярлықтан өту туралы мәліметтер
      19. Арнайы кәсіптік даярлықтан өту орны
      20. Мамандық
      21. Арнайы кәсіптік даярлықтан өтудің басталу күні
      22. Арнайы кәсіптік даярлықтан өтудің аяқталу күні
      23. Арнайы кәсіптік даярлықтан өту кезіндегі зерделенген материалдар
      24. Кәсіптік даярлық жетекшісінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
      25. Арнайы кәсіптік даярлықтан өту қорытындысы
      Тізімге сәйкес тіркелетін құжаттар
      ЭЦҚ

«Сот сарапшысы біліктілігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша

    Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту
                         туралы қолхат

      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» ММ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, осы «Сот сарапшысын аттестатау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      _________________________   _________________________________
      орындаушының тегі, аты,     көрсетілетін қызметті алушының қолы
      әкесінің аты (ол болған
      жағдайда)