Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жерлерді резервте қалдыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық даму министрлігінің Экономика инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_________________ Б. Сұлтанов
14 мамыр 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылы 2 ақпанда № 178 бұйрығымен бекітілген |
Жерлерді резервте қалдыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Жерлерді резервте қалдыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабының 1-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру жағдайларынан басқа, жерлерді резервте қалдыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 5-3) тармақшасына, 17-бабы 4-1) тармақшасына және 18-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес жерлерді резервте қалдыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ал аудан шекаралары шегінде – аудандардың (қалалардағы аудандардан басқа) жергілікті атқарушы органдары, қала шекарасы (шегі) шегінде және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының әкімшілік бағынысына берілген аумақта – облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қаржыландыратын әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу үшін агломерацияға кіретін елді мекендердің аумағында жер учаскелерін резервте қалдыруды облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;
4) мемлекеттік жер кадастры – Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы, жер пайдаланудың есепке алынуы және жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.02.2024 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Жерлерді резервте қалдыру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Құзыретіне аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың белгіленген тәртіппен бекітілген кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, автомобиль және темір жолдардың өту жобаларын (схемаларын), қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту саласын айқындау туралы қорытындыларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламаларын және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс) сәйкес осындай резервте қалдыру үшін негіз болып табылатын, өзге де құжаттарды іске асыру кіретін мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың белгіленген тәртіппен бекітілген кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, автомобиль және темір жолдардың өту жобаларын (схемаларын), қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту саласын айқындау туралы қорытындыларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламаларын және Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексіне сәйкес осындай резервте қалдыру үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттар (бұдан әрі – Құжаттар) бекітілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде оларды одан әрі резервте қалдыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына хабарлайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары Құжаттарды қарайды және резерте қалдырылатын жер учаскелері республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан басқа елді мекендердің шекараларында орналасқан жағдайда хабарлама түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде аудандарың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына жолдайды.
6. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар хабарлама түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оның көшірмесін белгіленген тәртіпте жер-кадастры ақпаратын алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 № 782 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға резервте қалдырылатын жер учаскелері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ олардың орналасқан жерінің ахуалдық схемасын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен ұсынады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар жер-кадастры ақпаратын алған соң бес жұмыс күні ішінде өзінде бар және алынған мәліметтердің негізінде жерлердің резервте қалдырылуы туралы ұсыныс әзірлейді және оны хабарлама жолдаған мемлекеттік органдарға келісуге жолдайды.
жерлердің резервте қалдырылуы туралы ұсыныста мынадай мәліметтер:
1) резервте қалдырылатын жерлердің орналасқан жері, олардың жалпы көлемі, экспликациясы;
2) резервте қалдырудың мақсаттары мен мерзімі;
3) учаскелері резервте қалдырылатын жерлердің аумағында орналасқан меншік иелері, жер пайдаланушылар мен сервитут иеленушілері туралы (олар болған кезде);
4) аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы;
5) ахуалдық сұлбасы көрсетіледі.
9. Мемлекеттік органдар жерлерді резервте қалдыру туралы ұсыныс түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарға тиісті қорытындыны ұсынады.
10. Мемлекеттік органдармен жерлерді резервте қалдыру туралы ұсыныс келісілген жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар тиісті қорытынды түскен күннен соң үш жұмыс күні ішінде оны жергілікті атқарушы органға қарауға жолдайды.
11. Жергілікті атқарушы орган жерді резервке қою туралы ұсынысты қарау үшін құрамы жергілікті атқарушы органның өкілдерінен, жергілікті өкілді органның депутаттарынан, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары (олар бар болса) және жергілікті агломерация кеңесі өкілдерінен (олар бар болса) тұратын комиссия құрады.
Жергілікті атқарушы органның қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жерлерді резервте қалдыру туралы ұсынысты комиссия ол түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Комиссияның қорытындысы хаттамалық шешім нысанында екі данада рәсімделеді.
13. Резервте қалдырылатын жер учаскелері жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігінде болған жағдайда, комиссияның теріс қорытындысы шығарылады.
14. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган комиссияның теріс қорытындысы шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде көрсетілген қорытындының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік органдарға еркін нысанда хабарлама жібереді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Комиссияның оң қорытындысы жағдайында, оның шығарылған мерзімінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган жерлерді резервте қалдыру туралы шешім қабылдайды.
16. Жерлерді резервте қалдыру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінде:
1) резервке қою негіздемесі;
2) резервке қоюдың мақсаттары мен мерзімдері;
3) жерлердің жалпы ауданы мен санаты;
4) жерлерді пайдаланудағы шектеулер;
5) бұрын берілген жер учаскелерін жер пайдалану немесе шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен резервке қою кезінде – жер пайдаланушылар және сервитут иелері көрсетіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Жерлерді резервте қалдыру туралы шешім бір әкімшілік - аумақтық бірлік шегінде орналасқан жер учаскелеріне қатысты қабылданады.
18. Жергілікті атқарушы органның жерді резервке қою туралы шешімінің көшірмесі ол қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға оны 3 (үш) күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу үшін жіберіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Кодекстің 49-2-бабының 5-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган жерді резервте қалдыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде учаскелері резервте қалдырылған жерлердің құрамына енгізілген жер пайдаланушылар мен сервитут иелерін хабардар етеді, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы жерді резервте қалдыру туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
20. Жерлерді резервте қалдыру бойынша әрекеттерді тоқтату туралы шешім тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік шегінде таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ арнайы ақпарат ақпараттық стендтерде және осындай шешім қабылдаған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялануға жатады.
21. Жерлерді резервке қою жөніндегі іс-қимылды тоқтату туралы шешімнің көшірмесі ол қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен резервке қойылған жерлер туралы мәліметтерді 3 (үш) жұмыс күні ішінде алып тастау үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.