Дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 5-3/261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11329 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 146 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2016 № 146 (02.06.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                          С. Омаров

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 13 мамыр

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 21 сәуір

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының 
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 5-3/261 бұйрығымен
бекітілген      

Дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер
қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді
жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып
алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшері

(теңге)

Өнімнің атауы Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші кодтары Өлшем бірлігі Баға

1

2

3

4

5

1.

Сауын тірі ірі қара мал

014110

килограмм

471

2.

Тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар

014310

килограмм

554

3.

Тірі түйелер және түйе тектілер

014410

килограмм

534

4.

Тірі қойлар мен ешкілер

014511, 014512

килограмм

480

5.

Тірі шошқалар

014610

килограмм

394

6.

Тірі үй құсы

01471

килограмм

266

7.

Тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы

014721

ондық

148

8.

Ірі қара малдың жас немесе тоңазытылған еті

101111

килограмм

1 079

9.

Қойлардың, ешкілердің жас немесе тоңазытылған еті

101113, 101114

килограмм

1 072

10.

Шошқалардың жас немесе тоңазытылған еті

101112

килограмм

846

11.

Жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті

101115

килограмм

1 240

12.

Сауын ірі қара малдың шикі сүті

014120

литр

78

13.

Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті

101210

килограмм

504

14.

Картоп

011351

килограмм

55

1

2

3

4

5

15.

Сәбіз

011341

килограмм

62

16.

Қырыққабат

011312

килограмм

51

17.

Баклажан

011333

килограмм

70

18.

Қызанақ

011334

килограмм

135

19.

Қияр

011332

килограмм

99

20.

Сарымсақ

011342

килограмм

420

21.

Пияз

011343

килограмм

38

22.

Қант қызылшасы

011371

килограмм

12

23.

Алмалар

012410

килограмм

182

24.

Алмұрттар

012421

килограмм

249

25.

Айва

012422

килограмм

450

26.

Өріктер

012423

килограмм

211

27.

Шие

012424

килограмм

242

28.

Шабдалы

012425

килограмм

259

29.

Қара өрік

012427

килограмм

202

30.

Түтілген жүн

101141

тонна

300 000

31.

Ірі қара малдың терісі мен иленбеген былғарысы

101142

бірлік

2 700

32.

Жылқы тұқымдас жануарлардың терісі мен иленбеген былғарысы

101142

бірлік

2 500