Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11328 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
      1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 6 мамыр

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ______________ В. Школьник
      2015 жылғы 21 сәуір

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 385 бұйрығына  
қосымша       

Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми,
коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы
аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету
қағидаларын бекіту туралы

      1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы
24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының
32-1)-тармақшасына сәйкес әзірленген осы Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану (бұдан әрі - геологиялық ақпарат) және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету тәртібін айқындайды.

2. Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты
оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану тәртібі

      2. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген геологиялық ақпаратты қоспағанда, геологиялық ақпаратты пайдалануға ұсынуды Қазақстан Республикасында геологиялық ақпараттың сақтаушысы болып табылатын жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      3. Қағидалар мемлекеттік құпияларды қамтитын геологиялық ақпаратқа қолданылмайды.
      4. Геологиялық ақпарат бастапқы және қайталама негізгі екі түрді қамтиды:
      Геологиялық бастапқы ақпаратқа:
      бұрғылау ұңғымаларының бағанасы, мұнай, су, газ сынамалары, тас материалдың үлгілері, сынамалары және коллекциялары, шлифтар, аншлифтар, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар арқылы білдірілген табиғи таратушыларға арналған ақпарат (заттай ақпарат);
      далалық байқау журналдары мен басқа да құжаттамаларда, оның ішінде сынау, сынамаларды талдау, геофизикалық байқауларды тіркеу журналдарында жасанды таратушыларда (қағаз және электронды) көрсетілген ақпарат жатады.
      Қайталама геологиялық ақпаратқа бастапқы ақпаратты өңдеу, мағынасын ашу, талдау және қорыту нәтижесінде алынған ақпарат жатады.
      5. Бастапқы және қайталама геологиялық ақпарат:
      табиғи тасымалдаушылардағы ақпараттың телнұсқалары және құжаттардың көшірмелері түрінде;
      геологиялық ақпаратты көшірме жасамай және алмай-ақ танысу жолымен берілуі мүмкін.
      6. Геологиялық ақпарат оқу мақсаттарында мемлекеттік, сондай-ақ аккредиттелген жеке оқу орындарына пайдалануға беріледі. Ғылыми мақсаттарда зерттеулер мемлекеттiк бюджеттен және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері болып табылатын ұлттық компаниялардың немесе олардың еншілес ұйымдарының қаражатынан қаржыландырылатын жағдайларда, ғылыми мақсаттарда геологиялық ақпарат беріледі. Мемлекеттік немесе жеке тұлға аккредиттелген оқу орнының немесе ғылыми ұйымның сұрау салуы негізінде уәкілетті орган геологиялық ақпаратты оқу немесе ғылыми мақсаттарда пайдалануға беру туралы не оны беруден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Сұрау салу сұрау салынатын геологиялық ақпараттың мақсаты мен көлемін, оқу бағдарламасы туралы жалпы мәліметтерді, ғылыми зерттеулердің сипатын қамтуы тиіс.
      Мына жағдайларда оқу немесе ғылыми мақсаттар үшiн геологиялық ақпаратты беруден бас тартылады:
      сұрау салынатын геологиялық ақпараттың көлемі мен мазмұны оқу бағдарламасының мазмұнына (егер геологиялық ақпаратқа оқу ұйымы сұрау салған жағдайда) немесе жүргізілетін ғылыми зерттеулердің сипатына (егер геологиялық ақпаратқа ғылыми ұйым сұрау салған жағдайда) сәйкес келмегенде;
      сұрау салынатын геологиялық ақпарат конкурсқа қойылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбесіне енгізілген жер қойнауы учаскесі жөніндегі геологиялық ақпарат пакетінің құрамына енгенде. Бұл ретте геологиялық ақпарат тек аталған жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт жасалғаннан кейін не оны конкурсқа қойылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбесінен алып тастаған жағдайда беріледі;
      сұрау салынатын геологиялық ақпарат мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді құрағанда.
      7. Геологиялық ақпаратты коммерциялық мақсаттарда мыналар пайдаланады:
      жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысушы - жұмыс бағдарламасы мен барлау және (немесе) өндіруді жүзеге асыру бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге жеткілікті геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өзге ақпарат көлемін қамтитын конкурстық пакет түрінде;
      келісімшарттық міндеттемелерді орындау мақсатында жер қойнауын пайдаланушы;
      уәкілетті органмен өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу туралы жасалған шарт негізінде мемлекеттік бюджеттік бағдарлама бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеуге байланысты жұмыстарды жүргізетін тұлға;
      мәлімделген мақсаттар үшін қажетті көлемде жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініш берген тұлға.
      8. Жер қойнауын пайдаланудан бос объектілер жөніндегі геологиялық ақпарат мүдделi тұлғаның сұрау салуы негiзiнде уәкiлеттi органның шешiмi бойынша танысу үшін үзінді көшірме мен көшірмесіз пайдаланылады.
      9. Геологиялық ақпарат тұрақты немесе уақытша пайдалануға беріледі.
      Геологиялық ақпарат уақытша пайдалануға уәкілетті органмен жасалған шарт бойынша жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды орындайтын тұлғаларға беріледі. Барлық өзге жағдайларда геологиялық ақпарат тұрақты пайдалануға беріледі.
      10. Геологиялық ақпарат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құпиялылық туралы келісімнің негізінде ақылы негiзде (төлемақы алынып) немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құпиялылық туралы келісімнің негізінде өтеусiз негiзде (төлемақы алынбай) берiледi.
      Төлемақы алмай (өтеусiз) геологиялық ақпарат:
      1) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жер қойнауын геологиялық зерделеуге байланысты жұмыстарды жүргiзетiн тұлғаларға;
      2) ғылыми зерттеулер мемлекеттiк бюджеттен және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері болып табылатын ұлттық компаниялардың немесе олардың еншілес ұйымдарының қаражатынан қаржыландырылатын жағдайларда;
      3) оқу мақсаттарында – мемлекеттiк, сондай-ақ аккредиттелген жеке меншік оқу орындарына;
      4) мемлекеттiк органдарға берiледi;
      5) мемлекеттік геологиялық тапсырма бойынша өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді орындайтын ұлттық компанияларға өтеусіз негiзде пайдалануға берiледi.
      Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауы туралы ақпарат ақылы негізде беріледі. Жер қойнауы туралы ақпаратты беру шарттарына қарамастан, оны көшіру жөніндегі шығыстарды ақпаратты алушы бөлек өтейді.
      11. Конкурс туралы хабарландыруға дейін уәкілетті орган конкурсқа қойылатын жер қойнауының учаскелері жөнінде геологиялық ақпарат пакеттерін дайындайды және олардың құнын анықтайды. Пакет өтініш берушінің конкурсқа қатысу туралы шешім қабылдауға қажетті геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өзге де ақпараттардың көлемін қамтуы тиіс.
      Конкурсқа қатысуға өтініш қабылданғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушінің жүгінуінен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде өтініш берушіге ақыға қойылатын жер қойнауы учаскесі жөнінде геологиялық ақпарат пакеті ұсынады.
      Тікелей келіссөздерге қатысуға өтініш қабылданғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушінің жүгінуінен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде ақыға қойылатын жер қойнауы учаскесі жөнінде геологиялық ақпарат пакетін ұсынады.
      12. Геологиялық ақпарат уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасындағы құпиялылық туралы келісімнің негізінде ұсынылады. Құпиялылық туралы келісім жеке немесе заңды тұлғадан геологиялық ақпаратты алуға өтінім келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде жасалады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жеңімпазымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер негізінде алған тұлғамен уәкілетті орган құпиялылық туралы келісім жасасады. Құпиялылық туралы келісім негізінде жеңімпаз уәкілетті органнан конкурстық объект бойынша тарихи шығындар есебіне енгізілген барлық геологиялық материалдардың көшірмелерін ақылы негізде алады.
      Егер жер қойнауын пайдаланушыға мемлекет қаражаты есебінен алынбаған, бірақ мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты алу қажет болса, онда жер қойнауын пайдаланушыға геологиялық ақпарат құпиялылық туралы келісімге толықтыру жасағаннан кейін ақылы негізде беріледі.
      Уәкілетті органмен мемлекеттік бюджет есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу туралы жасалған шарт бойынша жұмыстар аяқталған соң пайдаланушы уақытша пайдалануға алынған барлық геологиялық ақпаратты он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарып береді.
      Конкурс жеңімпазымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер негізінде алған тұлғамен жасалған ақылы негіздегі құпиялылық туралы келісімге сәйкес геологиялық ақпарат 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде олар Қазақстан Республикасының бюджетіне геологиялық ақпараттың құнын төлегеннен кейін беріледі. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес геологиялық ақпараттың құны төленгеннен кейінгі тарихи шығындардың қалған бөлігін өтеу пайдалы қазбаларды өндіру сатысының басынан бастап жүзеге асырылады.
      13. Қағидалардың 15-тармағында баяндалған жағдайдан басқа, геологиялық ақпаратты пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға оның құпиялылығын сақтайды: тираждамайды, үшінші тұлғаға бермейді, тек келісім мәні бойынша жұмыстарды орындау үшін ғана пайдаланады. Жеке немесе заңды тұлғамен құпиялылық талаптарын орындамаған жағдайда, құпиялылық туралы келісім бұзылады және жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органға барлық алынған материалдарды қайтарады.
      Құпиялылық талаптары Келісімде реттеледі.
      14. Уәкiлеттi органнан ақылы негiзде геологиялық ақпарат алған жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттық аумағында оның ресми түрде ресiмделген мердігерлік тапсырма туралы шарт бойынша жұмыстарды орындайтын өзiнiң мердiгерiне (бұдан әрi – мердiгер) осы геологиялық ақпараттың көшiрмесiн уақытша пайдалануға бере алады. Мердiгерге геологиялық ақпаратты беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлға, оның мердiгерi мен уәкiлеттi орган арасындағы үшжақты шартпен ресiмделедi. Мердiгердiң геологиялық ақпаратты пайдалану мерзiмi келiсiмшарттық аумақта мердiгерлiк жұмыстарды орындау мерзiмiмен айқындалады.
      Жер қойнауын пайдаланушының тапсырысы бойынша оның келісімшарттық аумағында жұмыстарын орындайтын мердігер Қағидаларының 14-тармағына сәйкес құпиялылық талаптарын сақтайды.
      15. Геологиялық ақпарат геологиялық ақпараттың көшірмелер түрінде ұсынылады. Геологиялық ақпаратты ұсыну талаптарына байланыссыз оған көшірме жасау жөніндегі шығыстарды геологиялық ақпаратты алушы жеке өтейді.

3. Геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының
аумағынан тысқары жерлерге әкету тәртібі

      16. Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкетуге жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі - Өтініш беруші) уәкілетті орган берген немесе жер қойнауын пайдалану процесінде алынған геологиялық ақпарат жатады.
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкетуге Қағидаларның 4-тармағында анықталған геологиялық ақпарат түрлері жатады.
      17. Геологиялық ақпарат Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының аумағында да, сондай-ақ Кеден одағының аумағынан (бұдан әрі - Кеден одағының аумағы) тысқары жерлерге әкетілуі мүмкін.
      18. Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты әкету кеден одағы елінің уәкілетті мемлекеттік органы берген (бұдан әрі - мемлекеттік орган), уәкілетті органмен келісілген лицензиялардың негізінде, ал кеден одағының аумағында геологиялық ақпаратты әкету уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.
      19. Табиғи жеткізгіштердегі геологиялық ақпаратты Кеден одағының аумағынан тысқары жерге әкету үшiн өтiнiм берушi мемлекеттік органға еркін түрде өтінім (бұдар әрі – өтінім) береді, оған:
      1) өтiнiм берушiнiң қолы қойылған геологиялық ақпаратты iрiктеу актiсi;
      2) әкетiлетiн геологиялық ақпарат тізбесі;
      3) кедендiк зертхананың сараптамалық қорытындысы қоса беріледі.
      Мемлекеттік орган көрсетілген тізбе ұсынылған кезде екі жұмыс күні ішінде өтінімді тиісті уәкілетті органға келісуге жібереді.
      Уәкілетті орган өтiнiмдi қарап, 3 (үш) күнтізбелік күннің iшiнде оны уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшеге жібереді.
      Аумақтық бөлімше уәкілетті органнан келіп түскен өтінім негізінде әкетілетін геологиялық ақпаратты тексеріп қарауды жүргізеді және 5 (бес) күнтізбелік күннің iшiнде уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық ақпаратты тексеріп қарау актісін жібереді.
      Тексеріп қаралған сынамалар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болған кезде уәкiлеттi орган геологиялық ақпаратты тексеріп қарау акті келіп түскен кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күннің ішінде мемлекеттік органға геологиялық ақпаратты Кеден одағының аумағының шекарасы арқылы әкетуге рұқсат беруге арналған өтінімге келісім беретіні туралы хат жолдайды.
      Тексеріп қаралған сынамалар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болмаған кезде, сондай-ақ:
      1) геологиялық ақпарат жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылмайтын;
      2) геологиялық ақпарат тарихи шығындардың есебіне енгізілмеген;
      3) әкетілуге тиіс геологиялық ақпарат осы Қағидалардың 17-тармағына қайшы келген;
      4) мемлекеттік құпиясы бар мәліметтер болған жағдайларда, уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік күннің ішінде келісім беруден бас тартады.
      20. Жасанды жеткізгіштердегі геологиялық ақпаратты Кеден одағының аумағынан тысқары жерге әкету үшiн өтiнiм берушi мемлекеттік органға өтiнiм беріп, оған әкетiлетiн геологиялық ақпарат тізбесін қоса бередi.
      Мемлекеттік орган көрсетілген тізбе ұсынылған кезде екі жұмыс күні ішінде өтінімді тиісті уәкілетті органға келісуге жібереді.
      Уәкілетті орган өтiнiмдi қарап, 3 (үш) күнтізбелік күннің iшiнде оны уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшеге жібереді.
      Аумақтық бөлімше уәкілетті органнан келіп түскен өтінім негізінде әкетілетін геологиялық ақпаратты тексеріп қарауды жүргізеді және 5 (бес) күнтізбелік күннің iшiнде уәкілетті органға геологиялық ақпаратты тексеріп қарау актісін және құпия геологиялық ақпараттың жоқ екені туралы анықтаманы жібереді.
      Тексеріп қаралған жасанды жеткізгіштердегі геологиялық ақпараттар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болған кезде уәкiлеттi орган геологиялық ақпаратты тексеріп қарау акті құпия геологиялық ақпараттың жоқ екені туралы анықтама келіп түскен кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күннің ішінде мемлекеттік органға Кеден одағы аумағының шекарасы арқылы геологиялық ақпаратты әкетуге рұқсат беруге арналған өтінімге келісім беретіні туралы хат жолдайды.
      Тексеріп қаралған сынамалар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болмаған кезде, сондай-ақ:
      1) геологиялық ақпарат жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылмайтын;
      2) геологиялық ақпарат тарихи шығындардың есебіне енгізілмеген;
      3) әкетілуге тиіс геологиялық ақпарат осы Қағидалардың 17-тармағына қайшы келген;
      4) мемлекеттік құпиясы бар мәліметтер болған жағдайларда, уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік күннің ішінде келісім беруден бас тартады.

Мемлекет меншігіндегі 
геологиялық ақпаратты оқу,
ғылыми, коммерциялық  
мақсаттарда пайдалану және
Қазақстан Республикасы 
аумағының шегінен тыс жерге
геологиялық ақпаратты әкету
қағидаларына      
1-қосымша        

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

20___ жылғы _________________№____

      Осы Құпиялылық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі Тараптар деп аталатын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) атынан 20____ жылғы ___________________ № ____ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________.
            басшының Т.А.Ә., негізінде әрекет ететін
және жеке немесе заңды тұлға атынан
____________________________________________________ негізінде әрекет
           жарғының немесе шарттың
ететін
_____________________________________________________________________
        бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә

_____________________________________________________________________
           (бұдан әрі – пайдаланушы) арасында жасалды.

      Мыналарды:
      1) уәкілетті органның жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын; тарихи шығындар мөлшерін, құнын және геологиялық ақпаратты алу шарттарын белгілейтінін; жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды, оған қоса минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуді (байытуды) бақылауды жүзеге асыратынын назарға ала отырып;
      2) уәкілетті орган мен пайдаланушы Келісімнің шарттары іске асырылған жағдайда, ол өздерінің өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы келісті.
      Уәкілетті орган мен пайдаланушы төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.

1. Келісімнің мәні

      1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы
24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының
32-1)-тармақшасына сәйкес бекітілетін Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету қағидаларының 10-тармағына сәйкес геологиялық ақпарат пайдалануға ақылы негізде Қазақстан Республикасының бюджетіне оның құны төленген жағдайда беріледі.
      2. Тарихи шығындарды және жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 32-2)-тармақшасына сәйкес бекітілетін Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидалармен реттеледі.
      Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.
      3. Пайдаланушы геологиялық ақпаратты пайдалану құқығын аумақтық және республикалық геологиялық қорлардан
______________________________________ негізінде ____________________
       құқық белгілейтін құжат
___________________________________________________________ объектісі (бұдан әрі – объект) бойынша және геологиялық ақпаратты ақылы негізде беру туралы жазбаша өтінім негізінде алады.
      4. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының бюджетіне геологиялық ақпараттың құнын төлеген жағдайда, оның көшірмелерін жұмыстарды орындау мерзіміне уақытша пайдалануға алады.

2. Геологиялық ақпарат үшін төлемдер

      1. Геологиялық ақпарат жиынтығының құны тарихи шығындардың көлеміне байланысты айқындалады.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жұмсалған объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындарының құны ____________(______________________________)
теңгені құрайды.
      3. Пайдаланушы Келісімге қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Келісімнің 1-бөлімінің 2-тармағына сәйкес геологиялық ақпарат үшін тарихи шығындар сомасының ___%-ын төлеуге міндеттенеді, бұл___________________ (_______________) теңгені құрайды.
      4. Келісімнің 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетілген соманы төлеу «Мемлекеттік меншіктегі жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға ұсыну төлемі» 201 903 бюджеттік жіктеу кодына және 911 төлем тағайындау кодына төленетін жердегі салық қызметі органының деректемелері бойынша пайдаланушының СТН (БСН, ЖСН) бойынша теңгемен жүргізіледі. Төлем тапсырмасында банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі болуы қажет.
      5. Келісімнің 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетілген соманы төлегеннен кейін тарихи шығындарды өтеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленеді.
      6. Уәкілетті органға төлем тапсырмасының көшірмесі ұсынылғаннан кейін пайдаланушының геологиялық ақпарат үшін төлем міндеттемелері орындалды деп есептеледі.
      7. Геологиялық ақпарат құнына оның көшірмесін жасауға жұмсалған шығындар кірмейді.

3. Геологиялық ақпаратты беру

      1. Уәкілетті орган пайдаланушының жазбаша өтініміне тізбе бойынша геологиялық ақпаратты оған осы Келісімнің 2-бөлімінің 4-тармағына сәйкес оның құны төленгеннен кейін береді. Ақпараттық жиынтыққа тарихи шығындарды есептеу негізінде келісімшарттық аумаққа жататын материалдар ғана енгізіледі.
      2. Пайдаланушы геологиялық ақпараттың көшірмесін жасауға жұмсалған шығындарды осы жұмыстарды орындайтын ұйыммен жасасқан жеке геологиялық ақпаратты көшіру шарт бойынша төлейді.
      3. Уәкілетті органнан пайдаланушыға геологиялық ақпаратты беру қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады, оған уәкілетті органның (уәкілетті органның өңіраралық департаментінің) бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын пайдаланушыға жазбаша хабарлама бере отырып, оны бұзуға құқылы.
      2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджетіне геологиялық ақпараттың құны төленген жағдайда, пайдаланушының жазбаша өтініміндегі тізбеге сәйкес геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге міндетті.
      3. Пайдаланушы:
      1) пайдаланушының оның келісімшарттық аумағында ресми түрде ресімделген тапсырысы бойынша жұмыстарды орындайтын өзінің мердігеріне (бұдан әрі – мердігер) осы геологиялық ақпараттың көшірмесін беруге құқылы. Геологиялық ақпаратты мердігерге беру пайдаланушы, оның мердігері және уәкілетті орган арасында үшжақты шарт жасасу арқылы ресімделеді. Мердігердің геологиялық ақпаратты пайдалану мерзімі келісімшарттық аумақта мердігерлік жұмыстарды орындау мерзіміне байланысты белгіленеді.
      Пайдаланушының тапсырысы бойынша оның келісімшарттық аумағында жұмыстарды орындайтын заңды немесе жеке тұлғаның мердігері осы Келісімнің құпиялылық шарттарын сақтайды.
      2) уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін 30 жұмыс күн бұрын пайдаланушыға жазбаша хабарлама бере отырып, алынған геологиялық ақпаратты қайтару арқылы, оны бұзуға құқылы.
      4. Пайдаланушы:
      1) ақпаратты жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында пайдалануға;
      2) берілген геологиялық ақпаратты не қағаз, не электрондық жеткізгіштерде көбейтіп таратпауға;
      3) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз ақпаратты үшінші тарапқа бермеуге;
      4) Келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, берілген геологиялық ақпаратты толық көлемде, өзінде олардың көшірмелерін сақтау құқығынсыз, уәкілетті органға қайтарып беруге міндеттенеді.

5. Кепілдік міндеттемелер

      Уәкілетті орган пайдаланушыға геологиялық ақпаратты беруге толық заңды құқығы мен өкілеттілігі бар екеніне кепілдік береді.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      2. Осы Келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда, пайдаланушы геологиялық ақпаратты пайдалану құқығынан айырылады, осы Келісім бұзылады және берілген геологиялық ақпарат уәкілетті органға қайтарылады, бұл ретте геологиялық ақпарат жиынтығының құны қайтарылмайды.

7. Форс-мажор

      1. Тараптардың ешқайсысы, егер орындамау немесе орындаудағы кідірістер еңсерілмейтін күштердің (форс-мажор) мән-жайларынан туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді ішінара не толық орындамағаны үшін жауапты болмайды.
      2. Форс-мажорға әскери жанжалдар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың істен шығуы және т.б.) және басқа да төтенше және осы жағдайда еңсерілмейтін мән-жайлар жатады.
      3. Тарап екінші тарапқа форс-мажорлық жағдайлар туындағаны немесе аяқталғаны, олардың сипаты мен ықтимал өту мерзімі туралы, олардың туындаған немесе тоқтаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы берген тиісті құжатты қоса бере отырып, хабардар етуге міндетті.
      4. Осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажорлық жағдайлардың әрекет ету мерзіміне және олардың жағымсыз салдарына қарай ұзартылады.
      5. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар ақылға қонымды мерзімде қалыптасқан мән-жайларды шешу жолдарын іздеу үшін келіссөздер жүргізеді және осы мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық амалдарды пайдаланады.

8. Хабарламалар

      Осы Келісімде көзделген барлық хабарламалар жазбаша ресімделуге тиіс және кейін пошта арқылы жіберіле отырып, мына мекенжайларға факсимильді байланыс арқылы жіберілуі тиіс:

Уәкілетті орган _________       Пайдаланушы ________________
_________________________       ____________________________
Пошта мекенжайы: ________       Пошта мекенжайы: ___________
_________________________       ____________________________
_________________________       ____________________________
_________________________       ____________________________
Тел. ____________________       Тел. _______________________

9. Құпиялылық

      1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оның мәніне жататын барлық құжаттар, ақпараттар және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын сақтайды.
      2. Тараптардың ешқайсысы, басқа Тараптан жазбаша келісім алмай, құпия болып табылатын және мына Келісім мазмұнына қатысты немесе осы Келісімнің ережелерін іске асырумен байланысты ақпаратты мына:
      1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылған;
      2) егер үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылығы шарттарын сақтау және ол ақпаратты Тараптар белгілеген мақсаттарда және Тараптар анықтаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, ақпарат Тараптардың біріне Келісім бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген;
      3) егер кез келген ақпаратты, соның ішінде банктік құпия болып табылатын, пайдаланушының кез келген, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетел банктерінде ашылған банк шотына қатысты ақпаратты алуға мүмкіндігі бар салық немесе Қазақстан Республикасының басқа уәкілетті мемлекеттік органдарына ақпарат берілетін жағдайлардан басқа жағдайда жария етуге құқығы жоқ.

10. Дауларды реттеу

      1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
      2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

11. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтату

      1. Осы Келісім оған Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және Келісімшарттың қолданылу мерзіміне сәйкес аяқталады.
      2. Осы Келісім қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
      3. 20 жылғы « » Астана қаласында қазақ және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, әрбір тарапқа 1 (бір) данадан жасалды. Егер осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Уәкілетті орган ______________     Пайдаланушы ___________________
______________________________     _______________________________
______________________________     _______________________________
______________________________     _______________________________
      басшының Т.А.Ә.                      басшының Т.А.Ә.
______________________________     _______________________________
          қолы                                   қолы

      М.О. (бар кезде)                     М.О. (бар кезде)

Мемлекет меншігіндегі 
геологиялық ақпаратты оқу,
ғылыми, коммерциялық  
мақсаттарда пайдалану және
Қазақстан Республикасы 
аумағының шегінен тыс жерге
геологиялық ақпаратты әкету
қағидаларына      
2-қосымша        

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
20___ жылғы _________________№____

      Осы Құпиялылық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі Тараптар деп аталатын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) атынан 20____ жылғы ___________________ № ____ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________.
               басшының Т.А.Ә., негізінде әрекет ететін
және жеке немесе заңды тұлға атынан
____________________________________________________ негізінде әрекет
          жарғының немесе шарттың
ететін
_____________________________________________________________________
       бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә
_____________________________________________________________________
             (бұдан әрі – пайдаланушы) арасында жасалды.

      Мыналарды:
      1) уәкілетті органның жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын; тарихи шығындар мөлшерін, құнын және геологиялық ақпаратты алу шарттарын белгілейтінін; жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды, оған қоса минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуді (байытуды) бақылауды жүзеге асыратынын назарға ала отырып;
      2) уәкілетті орган мен пайдаланушы осы Келісімнің шарттары іске асырылған жағдайда, ол өздерінің өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы келісті.
      Уәкілетті орган мен пайдаланушы төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.

1. Келісімнің мәні

      1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы
24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының
32-1)-тармақшасына сәйкес бекітілетін Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидаларының 10-тармағына сәйкес геологиялық ақпарат пайдаланушыға өтеусіз негізде беріледі.
      2. Пайдаланушы геологиялық ақпаратты пайдалану құқығын аумақтық және республикалық геологиялық қорлардан ____________________________
_________________________ негізінде _________________________________
құқық белгілейтін құжат
___________________________________________________________ объектісі
(бұдан әрі – объект) бойынша, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыстарды орындау үшін (________________________)
                                          жұмыстарды орындау мерзімі
дейін алады.
      3. Пайдаланушы геологиялық ақпараттың көшірмелерін осы баптың
1.2. тармағында көрсетілген жұмыстарды орындау мерзіміне уақытша пайдалануға алады.

2. Геологиялық ақпаратты беру

      1. Уәкілетті орган пайдаланушының жазбаша өтініміндегі тізбеге сәйкес геологиялық ақпаратты береді.
      2. Пайдаланушы геологиялық ақпараттың цифрлауға немесе көшірмесін жасауға жұмсалған шығындарды осы жұмыстарды орындайтын ұйыммен жасасқан жеке шарт бойынша төлейді.
      3. Уәкілетті органнан пайдаланушыға геологиялық ақпаратты беру геологиялық ақпаратты қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады, оған уәкілетті органның (уәкілетті органның өңіраралық департаментінің) бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын пайдаланушыға жазбаша хабарлама бере отырып, оны бұзуға құқылы.
      2. Уәкілетті орган пайдаланушының жазбаша өтініміндегі тізбеге сәйкес геологиялық ақпаратты пайдалануға өтеусіз беруге міндетті.
      3. Пайдаланушы:
      1) пайдаланушының оның келісімшарттық аумағында ресми түрде ресімделген тапсырысы бойынша жұмыстарды орындайтын өзінің мердігеріне (бұдан әрі – мердігер) осы геологиялық ақпараттың көшірмесін беруге құқылы. Геологиялық ақпаратты мердігерге беру пайдаланушы, оның мердігері және уәкілетті орган арасында үшжақты шарт жасасу арқылы ресімделеді. Мердігердің геологиялық ақпаратты пайдалану мерзімі келісімшарттық аумақта мердігерлік жұмыстарды орындау мерзіміне байланысты белгіленеді.
      Пайдаланушының тапсырысы бойынша оның келісімшарттық аумағында жұмыстарды орындайтын заңды немесе жеке тұлғаның мердігері осы Келісімнің құпиялылық шарттарын сақтайды.
      2) уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін 30 жұмыс күні бұрын жазбаша хабарлама бере отырып, алынған геологиялық ақпаратты қайтару арқылы, оны бұзуға құқылы.
      4. Пайдаланушы:
      1) ақпаратты жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында пайдалануға;
      2) берілген геологиялық ақпаратты не қағаз, не электрондық жеткізгіштерде көбейтіп таратпауға;
      3) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз ақпаратты үшінші тарапқа бермеуге;
      4) Келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, берілген геологиялық ақпаратты толық көлемде, өзінде олардың көшірмелерін сақтау құқығынсыз, уәкілетті органға қайтарып беруге міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      2. Осы Келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда пайдаланушы геологиялық ақпаратты пайдалану құқығынан айырылады, осы Келісім бұзылады және берілген геологиялық ақпарат уәкілетті органға қайтарылады.

5. Форс-мажор

      1. Тараптардың ешқайсысы, егер орындамау немесе орындаудағы кідірістер еңсерілмейтін күштердің (форс-мажор) мән-жайларынан туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді ішінара не толық орындамағаны үшін жауапты болмайды.
      2. Форс-мажорға әскери жанжалдар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың істен шығуы және т.б.) және басқа да төтенше және осы жағдайда еңсерілмейтін мән-жайлар жатады.
      3. Тарап екінші тарапқа форс-мажорлық жағдайлар туындағаны немесе аяқталғаны, олардың сипаты мен ықтимал өту мерзімі туралы, олардың туындаған немесе тоқтаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы берген тиісті құжатты қоса бере отырып, хабардар етуге міндетті.
      4. Осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажорлық жағдайлардың әрекет ету мерзіміне және олардың жағымсыз салдарына қарай ұзартылады.
      5. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар ақылға қонымды мерзімде қалыптасқан мән-жайларды шешу жолдарын іздеу үшін келіссөздер жүргізеді және осы мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық амалдарды пайдаланады.

6. Хабарламалар

      Осы Келісімде көзделген барлық хабарламалар жазбаша ресімделуге тиіс және кейін пошта арқылы жіберіле отырып, мына мекенжайларға факсимильді байланыс арқылы жіберілуі тиіс:

Уәкілетті орган _____________     Пайдаланушы ________________
_____________________________     ____________________________
Пошта мекенжайы: ____________     Пошта мекенжайы: ___________
_____________________________     ____________________________
_____________________________     ____________________________
_____________________________     ____________________________
Тел. ________________________     Тел. _______________________

7. Құпиялылық

      1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оның мәніне жататын барлық құжаттар, ақпараттар және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын сақтайды.
      2. Тараптардың ешқайсысы, басқа Тараптан жазбаша келісім алмай, құпия болып табылатын және мына Келісім мазмұнына қатысты немесе осы Келісімнің ережелерін іске асырумен байланысты ақпаратты мына:
      1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылған;
      2) егер үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылығы шарттарын сақтау және ол ақпаратты Тараптар белгілеген мақсаттарда және Тараптар анықтаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, ақпарат Тараптардың біріне Келісім бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген;
      3) егер кез келген ақпаратты, соның ішінде банктік құпия болып табылатын, пайдаланушының кез келген, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетел банктерінде ашылған банк шотына қатысты ақпаратты алуға мүмкіндігі бар салық немесе Қазақстан Республикасының басқа уәкілетті мемлекеттік органдарына ақпарат берілетін жағдайлардан басқа жағдайда жария етуге құқығы жоқ.

8. Дауларды реттеу

      1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
      2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

9. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және
қолданысын тоқтату

      1. Осы Келісім __________________________дейінгі мерзімге жасалады.
      2. Осы Келісім қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
      3. 20____жылғы «____»_______________ Астана қаласында мемлекеттік және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, әрбір тарапқа 1 (бір) данадан жасалды. Егер осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Уәкілетті орган                   Пайдаланушы _________________
_____________________________     _____________________________
_____________________________     _____________________________
_____________________________     _____________________________
      басшының Т.А.Ә.                    басшының Т.А.Ә.
_____________________________      ____________________________
           қолы                                қолы

       М.О. (бар кезде)                 М.О. (бар кезде)

Мемлекет меншігіндегі 
геологиялық ақпаратты оқу,
ғылыми, коммерциялық  
мақсаттарда пайдалану және
Қазақстан Республикасы 
аумағының шегінен тыс жерге
геологиялық ақпаратты әкету
қағидаларына      
3-қосымша        

Геологиялық ақпаратты беру шарты

Астана қаласы                                                  №____

      Осы геологиялық ақпаратты беру шарты (бұдан әрі – Шарт) бұдан әрі Тараптар деп аталатын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) атынан 20____ жылғы ___________________ № ____ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде әрекет ететін ______________________
                                                  басшының Т.А.Ә.
және ____________________ негізінде __________________________ атынан
    жарғы немесе сенімхат
әрекет ететін _____________________________ (бұдан әрі – пайдаланушы)
          бірінші басшының немесе өзге уәкілетті
                     тұлғаның Т.А.Ә.
және ____________________ негізінде __________________________ атынан
    жарғы немесе сенімхат
әрекет ететін ________________________________ (бұдан әрі – мердігер)
            бірінші басшының немесе өзге уәкілетті
                      тұлғаның Т.А.Ә.
арасында жасалды.

      Мыналарды:
      1) уәкілетті органның жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын; тарихи шығындар көлемін, құнын және геологиялық ақпаратты алу шарттарын белгілейтінін; жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды, оған қоса минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуді (байытуды) бақылауды жүзеге асыратынын назарға ала отырып;
      2) уәкілетті орган мен пайдаланушы Келісімнің шарттары іске асырылған жағдайда ол өздерінің өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы келісті.
      Уәкілетті орган мен пайдаланушы төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.

1. Шарттың мәні

      1. Пайдаланушы _________________________ _____ ______ негізінде
                  уәкілетті орган, аумақтық бөлімше, жасасқан
                            келісімнің күні және №
уәкілетті органнан _____________________________ (бұдан әрі – объект)
                         объектінің атауы
бойынша геологиялық ақпараттың толық жиынтығын алды.
      2. Мердігер ___________________________________________________
                                    жұмыс түрлері
__________________________________________________ жұмыстарын орындау
жер қойнауын пайдаланушы мен мердігер арасындағы
             шарттың күні және №
шартына сәйкес пайдаланушыдан геологиялық ақпаратты алады.
Пайдаланушы ____________________________ тармағына сәйкес геологиялық
            нормативтік құжатқа сілтеме
ақпаратты жұмыстарды орындау шарты бойынша өзінің жұмыстарды орындайтын мердігеріне уақытша пайдалануға беру жөнінде уәкілетті органға өтініш білдірді.
      Уәкілетті орган осы өтінішті қарап, қоса берілген тізбеге сәйкес тарихи шығындар есебіне енгізілген және объект бойынша уәкілетті органнан мынадай шарттармен алынған геологиялық ақпаратты уақытша пайдалануға мердігерге беруге пайдаланушыға рұқсат береді:
      1) мердігерге берілген геологиялық ақпарат үшін және оның қайтарылуы үшін пайдаланушы жауапты болады;
      2) пайдаланушы алынған ақпаратты осы Шартқа қол қойған күннен бастап жұмыстарды орындау шарты бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін мердігерге береді.
      Мердігер Шартқа қол қойғаннан кейін пайдаланушыдан объект бойынша геологиялық ақпаратты қабылдау-беру актісі бойынша алады;
      3) мердігер алынған құпия емес ақпаратты пайдалану кезінде құпиялылықты сақтауға, көбейтіп таратпауға, үшінші тарапқа бермеуге, Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкетпеуге және оларды осы Шартта көрсетілген жұмыстарды орындау үшін ғана пайдалануға міндеттенеді;
      4) мердігер геологиялық ақпаратты пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін қабылдау-беру актісі бойынша алған көлемінде пайдаланушыға қайтарып беруге міндеттенеді;
      5) геологиялық ақпараттың құпиялылығы бұзылғаны үшін пайдаланушы не мердігер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке сәйкес бірдей жауапты болады, ақпаратты пайдалану құқығынан айырылады және оны уәкілетті органға дереу қайтаруға міндеттенеді.

2. Қолданылу мерзімі

      Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және жұмыстарды орындау шартының мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.

3. Қорытынды ережелер

      Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндірілуі тиіс және мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптар үшін бірдей заңды күші бар 3 (үш) данада қол қойылды, барлық даналары түпнұсқа болып табылады. Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
      Мөрмен және қолдармен расталды:

Берді                                   Қабылдады
Жер қойнауын пайдаланушы                Мердігер
Басшы _______________________           Басшы _______________________
    Т.А.Ә., қолы, мөр (бар кезде)       Т.А.Ә., қолы, мөр (бар кезде)

Келісілді
Уәкілетті орган

Басшы ___________________________
      Т.А.Ә., қолы, мөр (бар кезде)

Мемлекет меншігіндегі 
геологиялық ақпаратты оқу,
ғылыми, коммерциялық  
мақсаттарда пайдалану және
Қазақстан Республикасы 
аумағының шегінен тыс жерге
геологиялық ақпаратты әкету
қағидаларына      
4-қосымша        

             ____________________________ компаниясының
                   (компанияның атауы)
       табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпаратын тексеріп
                          қарау актісі

_________________ қ.                                             Күні
  (қала, облыс)
      Мынадай құрамдағы комиссия:
аумақтық органның маманы ____________________________________________
                                           (Т.А.Ә.)
және компания өкілі _________________________________________________
                                         (Т.А.Ә.)
________________________________________________________ объектісінен
    (кен орнының, учаскенің, алаңның және т.б. атауы)
іріктелген ____________________________________________ компаниясының
                     (компанияның атауы)
табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпараттарының үлгілерін қарады.
_______________________________________________________ компаниясының
              (компанияның атауы)
табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпараты нөмірленіп, _______________
                                                (салынған ыдыс атауы)
салынды.
      Табиғи жеткізгіштегі тексерілген геологиялық ақпарат сипаттамаға сәйкес келеді.
      Өтініш беруші табиғи жеткізгіштегі жалпы салмағы ______________
                               (геологиялық ақпараттың жалпы салмағы)
саны ______________ осы геологиялық ақпаратты оның құрамы мен
        (саны)
мазмұнын анықтау үшін ________________________________________ арнайы
                          (геологиялық ақпараттың түрі)
талдауға тапсырды.
      Табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпаратты жеткізу мекенжайы
_____________________________________________________________________
              (облыс, аудан, қала, көше, үй, телефон)
Аумақтық орган _______________________________________
                               (қолы)
Өтініш беруші ________________________________________
                               (қолы)