Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 6 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес әзірленген, мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты (бұдан әрі - геологиялық ақпарат) оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану тәртібі
2. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген геологиялық ақпаратты қоспағанда, геологиялық ақпаратты пайдалануға ұсынуды Қазақстан Республикасында геологиялық ақпараттың сақтаушысы болып табылатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
3. Қағидалар мемлекеттік құпияларды қамтитын геологиялық ақпаратқа қолданылмайды.
4. Геологиялық ақпарат бастапқы және қайталама негізгі екі түрді қамтиды:
Геологиялық бастапқы ақпаратқа:
бұрғылау ұңғымаларының бағанасы, мұнай, су, газ сынамалары, тас материалдың үлгілері, сынамалары және коллекциялары, шлифтар, аншлифтар, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар арқылы білдірілген табиғи таратушыларға арналған ақпарат (заттай ақпарат);
далалық байқау журналдары мен басқа да құжаттамаларда, оның ішінде сынау, сынамаларды талдау, геофизикалық байқауларды тіркеу журналдарында жасанды таратушыларда (қағаз және электронды) көрсетілген ақпарат жатады.
Қайталама геологиялық ақпаратқа бастапқы ақпаратты өңдеу, мағынасын ашу, талдау және қорыту нәтижесінде алынған ақпарат жатады.
5. Бастапқы және қайталама геологиялық ақпарат:
табиғи тасымалдаушылардағы ақпараттың телнұсқалары және құжаттардың көшірмелері түрінде;
геологиялық ақпаратты көшірме жасамай және алмай-ақ танысу жолымен берілуі мүмкін.
6. Геологиялық ақпарат тұрақты немесе уақытша пайдалануға беріледі. Геологиялық ақпарат уақытша пайдалануға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, жер қойнауын геологиялық зерттеумен байланысты жұмыстарды орындайтын тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу туралы жасалған шарт бойынша жұмыстар аяқталған соң пайдаланушы уақытша пайдалануға алған геологиялық ақпаратты 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарып береді.
Өзге жағдайларда геологиялық ақпарат тұрақты пайдалануға беріледі.
7. Геологиялық ақпаратты ұсыну талаптарына қарамастан, оның көшірмесін жасау бойынша шығындарды геологиялық ақпаратты алушы жеке өтейді.
1-параграф. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты ақысыз негізде алу талаптары
8. Төлемақы алмай (өтеусіз) геологиялық ақпарат:
1) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жер қойнауын геологиялық зерттеуге байланысты жұмыстарды жүргiзетiн тұлғаларға;
2) ғылыми мақсаттар үшін, ғылыми зерттеулер мемлекеттiк бюджеттен және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері болып табылатын ұлттық компаниялардың немесе олардың еншілес ұйымдарының қаражатынан қаржыландырылатын жағдайларда;
3) оқу мақсаттарында – мемлекеттiк, сондай-ақ аккредиттелген жеке меншік оқу орындарына;
4) мемлекеттiк органдарға;
5) мемлекеттік геологиялық тапсырма бойынша өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді орындайтын ұлттық компанияларға берiледi.
Геологиялық ақпарат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құпиялылық туралы келісімнің негізінде өтеусіз негiзде берiледi.
9. Уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасындағы өтеусіз негіздегі құпиялылық туралы келісім жеке немесе заңды тұлғадан геологиялық ақпаратты алуға еркін нысандағы өтінім келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз)күннің мерзімінде жасалады.
Мемлекеттік немесе аккредиттелген жеке меншік оқу орнының немесе ғылыми ұйымның сұрау салуы негізінде уәкілетті орган геологиялық ақпаратты оқу немесе ғылыми мақсаттарда пайдалануға беру туралы не оны беруден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Сұрау салу сұрау салынатын геологиялық ақпараттың мақсаты мен көлемін, оқу бағдарламасы туралы жалпы мәліметтерді, ғылыми зерттеулердің сипатын қамтуы тиіс.
Геологиялық ақпаратты өтеусіз негізде беруден бас тарту негіздері осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген.
2-параграф. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты өтеулі негізде алу талаптары
10. Төлемақы алынып (өтеулі) геологиялық ақпарат:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушыларға – конкурстық топтама түрінде;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған тікелей келіссөздер қатысушыларына;
3) құзыретті органның шешімі негізінде жер қойнауын пайдалануға Келісімшартты жасасатын тұлғаларға;
4) келісімшарттық міндеттемелерді орындау мақсатында жер қойнауын пайдаланушыларға;
5) уәкілетті органмен өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу туралы жасалған шарт негізінде мемлекеттік бюджеттік бағдарлама бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеуге байланысты жұмыстарды жүргізетін тұлғаларға пайдалануға берiледi.
11. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамаларын конкурс туралы хабарлама берілгенге дейін дайындайды және оның құнын айқындайды. Топтама қолда бар геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өтініш берушінің конкурсқа қатысу туралы шешім қабылдауы үшін қажетті өзге де ақпарат көлемін қамтуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінім берушіге жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган өтінім беруші өтініш жасағаннан кейін бір ай ішінде шығарылатын жер қойнауы учаскесi бойынша геологиялық ақпарат топтамасын ақыға бередi.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жеңімпазымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер негізінде алған жеке немесе заңды тұлғамен уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің жүгінуінен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімінде ақылы негізде құпиялылық туралы келісім жасасады.
Құпиялылық туралы келісімдердің жобаларын қол қоюға алған заңды немесе жеке тұлға оларды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қойып, мөрмен (бар болса) куәландырады және уәкілетті органға қайтарады.
Құпиялылық туралы келісім негізінде конкурс жеңімпазы немесе жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер негізінде алған тұлға уәкілетті органнан жер қойнауын пайдалану объектісі бойынша геологиялық ақпараттың тарихи шығындары мен құны есебіне енгізілген геологиялық материалдардың көшірмелерін алуға құқылы.
Конкурс жеңімпазымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер негізінде алған тұлғамен жасалған өтеулі негіздегі құпиялылық туралы келісімге сәйкес геологиялық ақпарат ол 10 (он) жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке геологиялық ақпараттың құнын төлегеннен кейін беріледі. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес геологиялық ақпараттың құны төленгеннен кейінгі тарихи шығындардың қалған бөлігін өтеу пайдалы қазбаларды өндіру кезеңінің басынан бастап жүзеге асырылады.
12. Мына жағдайларда геологиялық ақпаратты беруден бас тартылады:
1) жеке немесе заңды тұлғаның ақылы немесе ақысыз негізінде құпиялылық туралы келісім жасасу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) жеке немесе заңды тұлғаның және (немесе) ақылы немесе ақысыз негізінде құпиялылық туралы келісім жасасу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-параграф. Жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекет меншігіндегі қайталама геологиялық ақпаратты ақылы негізде алу талаптары
13. Мемлекет меншiгiндегі қайталама геологиялық ақпарат жер қойнауын пайдаланудан бос болып табылады және:
1) үзінді алу мен көшірме жасау құқығынсыз кейіннен сатып алу мен танысу үшін;
2) өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге шарт жасасуға уәкілетті органның шешімі негізінде жобалық құжаттаманы жасау үшін. Өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жасалған шарт негізінде өтініш берушімен құпиялылық туралы келісім жасалады, онда геологиялық ақпараттың құны шартта көрсетілген координаттар шегінде айқындалады;
3) тікелей келіссөздер хаттамасы негізінде тау-кендік бөлу жобасын жасау үшін беріледі. Бұдан әрі өтініш берушімен құпиялылық туралы келісім жасалады, онда бекітілген тау-кендік немесе геологиялық бөлу шегінде тарихи шығындардың мөлшері және геологиялық ақпараттың құны айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланудан бос қайталама геологиялық ақпарат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық ақпаратты жарияламау туралы міндеттеменің және геологиялық ақпараттың құнын төлеу негізінде беріледі.
Геологиялық ақпаратты жарияламау туралы міндеттемеде айқындалған қайталама геологиялық ақпараттың құнын төлеу республикалық бюджетке 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Жұмыс істеп жатқан жер қойнауын пайдаланушы дайындаған өзінің келісімшарттық аумағы бойынша қайталама геологиялық ақпарат келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдаланудан бос емес (пайдалануда) болып табылады.
14. Уәкiлеттi органнан геологиялық ақпаратты алған жеке немесе заңды тұлға:
оның келiсiмшарттық аумағында жеке немесе заңды тұлғаның ресми түрде ресiмделген тапсырысы бойынша жұмыстарды орындайтын мердiгерге (бұдан әрi – мердiгер);
жеке немесе заңды тұлға мен инвестордың арасында жасалған құпиялылықты сақтау туралы жасалған шарт болған кезде инвесторға (бұдан әрі – инвестор) осы геологиялық ақпараттың көшiрмесiн уақытша пайдалануға бере алады.
Геологиялық ақпаратты беру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган, жер қойнауын пайдаланушы және оның мердiгерi немесе инвесторы арасындағы геологиялық ақпаратты беру үшжақты шартымен ресiмделедi. Мердiгердiң немесе инвестордың геологиялық ақпаратты пайдалану мерзiмi үшжақты шартпен айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушының тапсырысы бойынша оның келісімшарттық аумағында жұмыстарды орындайтын жеке немесе заңды тұлғаның мердігері немесе инвестициялау туралы шешім қабылдайтын инвестор осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес құпиялылық талаптарын сақтайды.
15. Осы Қағидалардың 14-тармағында жазылған жағдайлардан басқа, геологиялық ақпаратты пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға оның құпиялылық талаптарын сақтайды: тираждамайды, үшінші тұлғаға бермейді, тек келісім мәні бойынша жұмыстарды орындау үшін ғана пайдаланады. Жеке немесе заңды тұлға құпиялылық талаптарын орындамаған жағдайда, құпиялылық туралы келісім бұзылады және жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органға алынған материалдарды қайтарады, сондай-ақ уәкілетті органға құпиялылық талаптарын бұзушылыққа байланысты құпиялылық туралы келісім бұзылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Құпиялылық талаптары Құпиялылық туралы келісімде реттеледі.
3-тарау. Геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету тәртібі
16. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкетуге жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі - Өтініш беруші) уәкілетті орган берген немесе жер қойнауын пайдалану процесінде алынған геологиялық ақпарат жатады.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкетуге Қағидалардың 4-тармағында айқындалған геологиялық ақпарат түрлері жатады.
17. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінен тыс жерлерге геологиялық ақпаратты әкету 2014 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық комиссияның "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі Алқалық шешіміне сәйкес, уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) берген лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орган лицензияларды уәкілетті органның келісуімен береді.
18. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінен тыс жерлерге геологиялық ақпаратты әкетуге лицензия беруді келісу үшін мемлекеттік орган, жеке немесе заңды тұлғадан еркін нысандағы өтініш түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні iшiнде, өтінімді уәкілетті органға келісуге жібереді.
Уәкілетті орган өтiнiмдi қарастырып, 3 (үш) жұмыс күні iшiнде оны уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Аумақтық бөлімше уәкілетті органнан келіп түскен өтінім негізінде әкетілетін геологиялық ақпаратты тексеріп қарауды жүргізеді және 5 (бес) жұмыс күні iшiнде уәкілетті органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи жеткізгіштердегі геологиялық ақпаратты тексеріп қарау актісін, сондай-ақ жасанды жеткізгіштердегі геологиялық ақпаратты әкету кезінде құпия геологиялық ақпараттың жоқ екені туралы анықтаманы жібереді.
Әкетілуі тиіс табиғи жеткізгіштердегі геологиялық ақпарат жер қойнауын пайдалану келісімшартына қосымша бекітілген жұмыс бағдарламасында көзделген іріктеп алынатын сынамалардың санына сәйкес болған кезде уәкілетті орган геологиялық ақпаратты тексеріп қарау актісі келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні iшiнде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінен тыс жерлерге геологиялық ақпаратты әкету лицензиясымен келісу туралы еркін нысандағы қорытындыны мемлекеттік органға жолдайды.
Тексеріп қаралған жасанды жеткізгіштердегі геологиялық ақпараттар ұсынылған құжаттамаға сәйкес болған кезде уәкiлеттi орган геологиялық ақпаратты тексеріп қарау актісі және құпия геологиялық ақпараттың жоқ екені туралы анықтама келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінен тыс жерлерге геологиялық ақпаратты әкету лицензиясымен келісу туралы еркін нысандағы қорытындыны мемлекеттік органға жолдайды.
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Өтеусіз негізде құпиялылық туралы келісім
20___ жылғы _________________№____
Осы өтеусіз негізде құпиялылық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі
Тараптар деп аталатын ____________________________________________________________
тиісті Өңіраралық департамент немесе
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
(бұдан әрі – уәкілетті орган) атынан _________________________________________________
негіздеме – құжаттың № және күні
негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және _____________________________________________________________________ атынан
жеке немесе заңды тұлғаның атауы
__________________________________________________________________негізінде әрекет
жарғының немесе сенімхаттың
ететін___________________________________________________________________________
жеке тұлғанның, бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі – пайдаланушы) арасында жасалды.
Мыналарды:
1) уәкілетті органның жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын; тарихи шығындар мөлшерін, құнын және геологиялық ақпаратты алу шарттарын белгілейтінін; жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды, оған қоса минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуді (байытуды) бақылауды жүзеге асыратынын назарға ала отырып;
2) уәкілетті орган мен пайдаланушы осы Келісімнің шарттары іске асырылған жағдайда, өздерінің өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы келісті.
Уәкілетті орган мен пайдаланушы төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
1. Келісімнің мәні
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11328 болып тіркелген) бекітілген Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету қағидаларының 8-тармағына сәйкес геологиялық ақпарат пайдаланушыға өтеусіз негізде беріледі.
2. Пайдаланушы геологиялық ақпаратты пайдалану құқығын аумақтық және республикалық геологиялық қорлардан ______________________________________________
құқық белгілейтін құжат
негізінде ________________________________________________________________ объектісі
объектінің атауы
(бұдан әрі – объект) бойынша, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын
жұмыстарды орындау үшін (_____________жылға дейін)
жұмыстарды орындау мерзімі
алады.
3. Пайдаланушы геологиялық ақпараттың көшірмелерін осы бөлімнің 2-тармағында көрсетілген мерзімге уақытша пайдалануға алады.
2. Геологиялық ақпаратты беру
1. Уәкілетті орган пайдаланушының жазбаша сұрау салу тізбесі бойынша геологиялық ақпаратты береді.
2. Пайдаланушы геологиялық ақпараттың цифрлауға немесе көшірмесін жасауға жұмсалған шығындарды осы жұмыстарды орындайтын ұйыммен жасасқан жеке шарт бойынша төлейді.
3. Уәкілетті органнан пайдаланушыға геологиялық ақпаратты беру геологиялық ақпаратты қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады, оған уәкілетті органның (уәкілетті органның өңіраралық департаментінің) бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін күнтізбелік күнтізбелік 30 күн бұрын пайдаланушыға жазбаша хабарлама бере отырып, оны бұзуға құқылы.
2. Уәкілетті орган пайдаланушының жазбаша сұрау салу тізбесіне сәйкес геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге міндетті.
3. Пайдаланушы:
1) пайдаланушының оның келісімшарттық аумағында ресми түрде ресімделген тапсырысы бойынша жұмыстарды орындайтын өзінің мердігеріне немесе инвестициялау туралы шешім қабылдайтын инвесторға (бұдан әрі – мердігер немесе инвестор) осы геологиялық ақпараттың көшірмесін беруге құқылы. Геологиялық ақпаратты мердігерге немесе инвесторға беру пайдаланушы, оның мердігері немесе инвесторы және уәкілетті орган арасында үшжақты шарт жасасу арқылы ресімделеді. Мердігердің немесе инвестордың геологиялық ақпаратты пайдалану мерзімі келісімшарттық аумақта мердігерлік жұмыстарды орындау мерзіміне немесе инвестициялау туралы шешім қабылдау байланысты белгіленеді.
Заңды немесе жеке тұлғаның мердігері немесе инвесторы осы Келісімнің құпиялылық шарттарын сақтайды.
2) уәкілетті органға Келісімді бұзғанға дейін 30 жұмыс күні бұрын жазбаша хабарлама бере отырып, алынған геологиялық ақпаратты қайтару арқылы, оны бұзуға құқылы.
4. Пайдаланушы:
1) ақпаратты жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында пайдалануға;
2) берілген геологиялық ақпаратты не қағаз, не электрондық жеткізгіштерде көбейтіп таратпауға;
3) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз ақпаратты үшінші тарапқа бермеуге;
4) Келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, берілген геологиялық ақпаратты толық көлемде, өзінде олардың көшірмелерін сақтау құқығынсыз, уәкілетті органға қайтарып беруге міндеттенеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
1. Міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
2. Осы Келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда пайдаланушы геологиялық ақпаратты пайдалану құқығынан айырылады, осы Келісім бұзылады және берілген геологиялық ақпарат уәкілетті органға қайтарылады.
5. Форс-мажор
1. Тараптардың ешқайсысы, егер орындамау немесе орындаудағы кідірістер еңсерілмейтін күштердің (форс-мажор) мән-жайларынан туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді ішінара не толық орындамағаны үшін жауапты болмайды.
2. Форс-мажорға әскери жанжалдар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың істен шығуы және т.б.) және басқа да төтенше және осы жағдайда еңсерілмейтін мән-жайлар жатады.
3. Тарап екінші тарапқа форс-мажорлық жағдайлар туындағаны немесе аяқталғаны, олардың сипаты мен ықтимал өту мерзімі туралы, олардың туындаған немесе тоқтаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде, тиісті ұйым берген тиісті құжатты қоса бере отырып, хабардар етуге міндетті.
4. Осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажорлық жағдайлардың әрекет ету мерзіміне және олардың жағымсыз салдарына қарай ұзартылады.
5. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар ақылға қонымды мерзімде қалыптасқан мән-жайларды шешу жолдарын іздеу үшін келіссөздер жүргізеді және осы мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық амалдарды пайдаланады.
6. Хабарламалар
Осы Келісімде көзделген барлық хабарламалар жазбаша ресімделуге тиіс және кейін пошта арқылы жіберіле отырып, мына мекенжайларға факсимильді байланыс арқылы жіберілуі тиіс:
Уәкілетті орган _____________ Пайдаланушы ________________
___________________________ _____________________________
Пошта мекенжайы: __________ Пошта мекенжайы: ____________
___________________________ _____________________________
___________________________ _____________________________
___________________________ _____________________________
Телефон:___________________ Телефон:_____________________
7. Құпиялылық
1. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оның мәніне жататын барлық құжаттар, ақпараттар және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын сақтайды.
2. Пайдаланушы, басқа Тараптан жазбаша келісім алмай, құпия болып табылатын және мына Келісім мазмұнына қатысты немесе осы Келісімнің ережелерін іске асырумен байланысты ақпаратты мына:
1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылған;
2) егер үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылығы шарттарын сақтау және ол ақпаратты Тараптар белгілеген мақсаттарда және Тараптар айқындаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, ақпарат Тараптардың біріне Келісім бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген;
3) егер кез келген ақпаратты, оның ішінде банктік құпия болып табылатын, пайдаланушының кез келген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктерінде ашылған банк шотына қатысты ақпаратты алуға мүмкіндігі бар салық немесе Қазақстан Республикасының басқа уәкілетті мемлекеттік органдарына ақпарат берілетін жағдайлардан басқа жағдайда жария етуге құқығы жоқ.
8. Дауларды реттеу
1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
9. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтату
1. Осы Келісім __________________________дейінгі мерзімге жасалады.
2. Осы Келісім қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
3. 20____жылғы "____"_______________ ___________ қаласында мемлекеттік және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, әрбір Тарапқа 1 (бір) данадан жасалды. Егер осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Уәкілетті орган Пайдаланушы _________________
_____________________________ ______________________________
_____________________________ ______________________________
_____________________________ ______________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты басшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) (бар болса)
_____________________________ ______________________________
қолы қолы
Мөрдің орны (бар болса) Мөрдің орны (бар болса)
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Құпиялылық туралы келісім
20___ жылғы _________________№____
Осы Құпиялылық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі Тараптар деп аталатын
________________________________________________________________________________
тиісті Өңіраралық департамент немесе Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
(бұдан әрі – уәкілетті орган) атынан _________________________________________________
негіздеме – құжаттың № және күні
негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және _____________________________________________________________________ атынан
жеке немесе заңды тұлғаның атауы
_________________________негізінде әрекет ететін ___________________________________
жарғы немесе сенімхаттың бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә
(бұдан әрі – пайдаланушы) арасында жасалды.
Мыналарды:
1) уәкілетті органның жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын; тарихи шығындар мөлшерін, құнын және геологиялық ақпаратты алу шарттарын белгілейтінін; жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды, оған қоса минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуді (байытуды) бақылауды жүзеге асыратынын назарға ала отырып;
2) уәкілетті орган мен пайдаланушы Келісімнің шарттары іске асырылған жағдайда, ол өздерінің өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы келісті.
Уәкілетті орган мен пайдаланушы төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
1. Келісімнің мәні
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11328 болып тіркелген) бекітілген Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету қағидаларының 10-тармағына сәйкес геологиялық ақпарат пайдалануға ақылы негізде Қазақстан Республикасының бюджетіне оның құны төленген жағдайда беріледі.
2. Тарихи шығындарды және жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 386 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11330 болып тіркелген) бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидалармен реттеледі.
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.
3. Пайдаланушы геологиялық ақпаратты пайдалану құқығын аумақтық және республикалық геологиялық қорлардан______________________________________________
құқық белгілейтін құжат
негізінде ____________________объектісі (бұдан әрі – объект) бойынша және
объектінің атауы
геологиялық ақпаратты өтеулі негізде беру туралы жазбаша сұрау салу негізінде алады.
4. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының бюджетіне геологиялық ақпараттың құнын төлеген жағдайда, оның көшірмелерін жұмыстарды орындау мерзіміне уақытша пайдалануға алады.
2. Геологиялық ақпарат үшін төлемдер
1. Геологиялық ақпарат пакетінің құны тарихи шығындардың мөлшеріне байланысты айқындалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жұмсалған объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындарының құны ___________(______________________) теңгені құрайды.
ашып жазу
3. Пайдаланушы Келісімге қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Келісімнің 1-бөлімінің 2-тармағына сәйкес ___________________________________________
(__________________________________) теңгені құрайтын геологиялық ақпарат үшін тарихи
ашып жазу
шығындар сомасының ___%-ын төлеуге міндеттенеді.
4. Келісімнің 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетілген соманы төлеу "Мемлекеттік меншіктегі жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін ақы" 201 903 бюджеттік сыныптама кодына және 911 төлем тағайындау кодына төленетін жердегі салық қызметі органының деректемелері бойынша пайдаланушының БСН (ЖСН) бойынша теңгемен жүргізіледі. Төлем тапсырмасында банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі болуы қажет.
5. Келісімнің 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетілген соманы төлегеннен кейін тарихи шығындарды өтеу тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 328-бабына сәйкес айқындалады.
6. Уәкілетті органға төлем тапсырмасының көшірмесі ұсынылғаннан кейін пайдаланушының геологиялық ақпарат үшін төлем міндеттемелері орындалды деп есептеледі.
7. Геологиялық ақпарат құнына оның көшірмесін жасауға жұмсалған шығындар кірмейді.
3. Геологиялық ақпаратты беру
1. Уәкілетті орган пайдаланушының жазбаша сұрау салу тізбесі бойынша геологиялық ақпаратты оған осы Келісімнің 2-бөлімінің 4-тармағына сәйкес оның құны төленгеннен кейін береді. Ақпараттық жиынтыққа тарихи шығындарды есептеу негізінде келісімшарттық аумаққа жататын материалдар ғана енгізіледі.
2. Пайдаланушы геологиялық ақпаратты цифрлауға немесе оның көшірмесін жасауға жұмсалған шығындарды осы жұмыстарды орындайтын ұйыммен жасасқан геологиялық ақпаратты көшіруге жеке шарт бойынша төлейді.
3. Уәкілетті органнан пайдаланушыға геологиялық ақпаратты беру қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады, оған уәкілетті органның (уәкілетті органның өңіраралық департаментінің) бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын пайдаланушыға жазбаша хабарлама бере отырып, оны бұзуға құқылы.
2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджетіне геологиялық ақпараттың құны төленген жағдайда, пайдаланушының жазбаша сұрау салу тізбесіне сәйкес геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге міндетті.
3. Пайдаланушы:
1) пайдаланушының оның келісімшарттық аумағында ресми түрде ресімделген тапсырысы бойынша жұмыстарды орындайтын өзінің мердігеріне немесе инвестициялау туралы шешім қабылдайтын инвесторға (бұдан әрі – мердігер немесе инвестор) осы геологиялық ақпараттың көшірмесін беруге құқылы. Геологиялық ақпаратты мердігерге немесе инвесторға беру пайдаланушы, оның мердігері немесе инвесторы және уәкілетті орган арасында үшжақты шарт жасасу арқылы ресімделеді. Мердігердің немесе инвестордың геологиялық ақпаратты пайдалану мерзімі келісімшарттық аумақта мердігерлік жұмыстарды орындау мерзіміне немесе инвестициялау туралы шешім қабылдау байланысты белгіленеді.
Заңды немесе жеке тұлғаның мердігері немесе инвесторы осы Келісімнің құпиялылық шарттарын сақтайды.
2) уәкілетті орган Келісімді бұзғанға дейін 30 жұмыс күн бұрын пайдаланушыға жазбаша хабарлама бере отырып, алынған геологиялық ақпаратты қайтару арқылы, оны бұзуға құқылы.
4. Пайдаланушы:
1) ақпаратты жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында пайдалануға;
2) берілген геологиялық ақпаратты не қағаз, не электрондық жеткізгіштерде көбейтіп таратпауға;
3) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз ақпаратты үшінші тарапқа бермеуге;
4) Келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, берілген геологиялық ақпаратты толық көлемде, өзінде олардың көшірмелерін сақтау құқығынсыз, уәкілетті органға қайтарып беруге міндеттенеді.
5. Кепілдік міндеттемелер
Уәкілетті орган пайдаланушыға геологиялық ақпаратты беруге толық заңды құқығы мен өкілеттілігі бар екеніне кепілдік береді.
6. Тараптардың жауапкершілігі
1. Міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
2. Осы Келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда, пайдаланушы геологиялық ақпаратты пайдалану құқығынан айырылады, осы Келісім бұзылады және берілген геологиялық ақпарат уәкілетті органға қайтарылады, бұл ретте геологиялық ақпарат жиынтығының құны қайтарылмайды.
7. Форс-мажор
1. Тараптардың ешқайсысы, егер орындамау немесе орындаудағы кідірістер еңсерілмейтін күштердің (форс-мажор) мән-жайларынан туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді ішінара не толық орындамағаны үшін жауапты болмайды.
2. Форс-мажорға әскери жанжалдар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың істен шығуы және т.б.) және басқа да төтенше және осы жағдайда еңсерілмейтін мән-жайлар жатады.
3. Тарап екінші тарапқа форс-мажорлық жағдайлар туындағаны немесе аяқталғаны, олардың сипаты мен ықтимал өту мерзімі туралы, олардың туындаған немесе тоқтаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде, тиісті ұйым берген тиісті құжатты қоса бере отырып, хабардар етуге міндетті.
4. Осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажорлық жағдайлардың әрекет ету мерзіміне және олардың жағымсыз салдарына қарай ұзартылады.
5. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар ақылға қонымды мерзімде қалыптасқан мән-жайларды шешу жолдарын іздеу үшін келіссөздер жүргізеді және осы мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық амалдарды пайдаланады.
8. Хабарламалар
Осы Келісімде көзделген барлық хабарламалар жазбаша ресімделуге тиіс және кейін пошта арқылы жіберіле отырып, мына мекенжайларға факсимильді байланыс арқылы жіберілуі тиіс:
Уәкілетті орган _____________ Пайдаланушы ________________
___________________________ _____________________________
Пошта мекенжайы: __________ Пошта мекенжайы: ____________
___________________________ _____________________________
___________________________ _____________________________
___________________________ _____________________________
Телефон:___________________ Телефон:_____________________
9. Құпиялылық
1. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оның мәніне жататын барлық құжаттар, ақпараттар және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын сақтайды.
2. Пайдаланушы, басқа Тараптан жазбаша келісім алмай, құпия болып табылатын және мына Келісім мазмұнына қатысты немесе осы Келісімнің ережелерін іске асырумен байланысты ақпаратты мына:
1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылған;
2) егер үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылығы шарттарын сақтау және ол ақпаратты Тараптар белгілеген мақсаттарда және Тараптар айқындаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, ақпарат Тараптардың біріне Келісім бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген;
3) егер кез келген ақпаратты, оның ішінде банктік құпия болып табылатын, пайдаланушының кез келген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктерінде ашылған банк шотына қатысты ақпаратты алуға мүмкіндігі бар салық немесе Қазақстан Республикасының басқа уәкілетті мемлекеттік органдарына ақпарат берілетін жағдайлардан басқа жағдайда жария етуге құқығы жоқ.
10. Дауларды реттеу
1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
11. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтату
1. Осы Келісім оған Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және Келісімшарттың қолданылу мерзіміне сәйкес аяқталады.
2. Осы Келісім қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
3. 20 жылғы "___" ______________ _____________ қаласында қазақ және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, әрбір Тарапқа 1 (бір) данадан жасалды. Егер осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Уәкілетті орган Пайдаланушы _________________
_____________________________ ______________________________
_____________________________ ______________________________
_____________________________ ______________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты басшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) (бар болса)
_____________________________ ______________________________
қолы қолы
Мөрдің орны (бар болса) Мөрдің орны (бар болса)
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Геологиялық ақпаратты жарияламау туралы
міндеттеме
20___ жылғы "___"_________ №______
1. Міндеттеменің мәні
Геологиялық ақпарат тізбесі
№ | Түгендеу нөмірі | Авторы | Атауы |
Құны, |
1 | ||||
2 | ||||
3 | Жиыны: |
2. Геологиялық ақпарат үшін төлемдер
1. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 386 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11330 болып тіркелген) бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидаларының 11-тармағының алтыншы абзацына сәйкес айқындалады.
2. Жер қойнауын пайдаланудан бос геологиялық ақпараттың құны
_______________ (__________) теңгені құрайды.
ашып жазу
Осы міндеттемеге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он күн) ішінде төлем жүргізіледі. Осы жағдайды орындамаған кезде, Міндеттеме жарамсыз болып саналады.
3. Міндеттеменің 2-тармағында көрсетілген сома 201 903 "Мемлекет меншiгiндегі жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін ақы" бюджеттік сыныптама кодына және 911 төлем тағайындау кодына төленетін жердегі салық қызметі органының деректемелері бойынша пайдаланушының БСН (ЖСН) бойынша теңгемен жүргізіледі. Төлем тапсырмасында банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі болуы қажет.
4. Төлем тапсырмасының көшірмесі уәкілетті органға ұсынылғаннан кейін геологиялық ақпарат үшін төлемдер бойынша пайдаланушының міндеттемелері орындалған деп саналатын болады.
5. Геологиялық ақпарат құнына оның көшірмесін жасауға шығындар кірмейді.
3. Құпиялылық
6. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Міндеттеменің мәніне жататын барлық құжаттар, ақпараттар және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын сақтайды.
7. Пайдаланушы, уәкілетті органнан жазбаша келісім алмай, құпия болып табылатын және мына Міндеттеме мазмұнына қатысты немесе осы Міндеттеменің ережелерін іске асырумен байланысты ақпаратты мына:
1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылған;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11328 болып тіркелген) бекітілген Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету қағидаларының 14-тармағымен қарастырылған үшінші тұлғаларға берілген;
3) егер кез келген ақпаратты, оның ішінде банктік құпия болып табылатын, пайдаланушының кез келген, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетел банктерінде ашылған банк шотына қатысты ақпаратты алуға мүмкіндігі бар салық немесе Қазақстан Республикасының басқа уәкілетті мемлекеттік органдарына ақпарат берілетін жағдайлардан басқа жағдайда жария етуге құқығы жоқ.
Пайдаланушы:
Мен, _____________________________________________________________________,
(Жарғының, бұйрықтың, сенімхаттың № мен күні)
негізінде әрекет етуші _____________________________________________________________
_______________________________________________________________________________,
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, ұйымы)
осы Геологиялық ақпаратты жарияламау туралы міндеттеме талаптарын сақтауға және мен сатып алған геологиялық ақпаратты үшінші жаққа жарияламауға, тираждамауға міндеттенемін.
______________
(күні, қолы) Мөрдің орны (бар болса)
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Геологиялық ақпаратты беру үшжақты шарты
20___ жылғы _________________№____
Осы геологиялық ақпаратты беру үшжақты шарты (бұдан әрі – Шарт) бұдан әрі
Тараптар деп аталатын ____________________________________________________________
тиісті Өңіраралық департамент немесе Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
(бұдан әрі – уәкілетті орган) атынан _________________________________________________
негіздеме – құжаттың № және күні
негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), негізінде әрекет ететін
және_______________________________ атынан ______________________________ негізінде
жеке немесе заңды тұлғаның атауы жарғы немесе сенімхат
әрекет ететін______________________________________________(бұдан әрі – пайдаланушы)
бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және ______________________________ атынан_______________________________ негізінде
жеке немесе заңды тұлғаның атауы жарғы немесе сенімхат
әрекет ететін ___________________________________ (бұдан әрі – мердігер немесе инвестор)
бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
арасында жасалды.
1) Уәкілетті органның жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын; тарихи шығындар мөлшерін, құнын және геологиялық ақпаратты алу шарттарын айқындайтынын; жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды, оған қоса минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуді (байытуды) бақылауды жүзеге асыратынын;
2) уәкілетті орган мен пайдаланушы Шарт талаптарын іске асырған кезде Шарт өздерінің өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы келіскенін назарға ала отыра,
Уәкілетті орган мен пайдаланушы төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
1. Пайдаланушы уәкілетті органмен немесе аумақтық органмен жасалған _____________________ құпиялылық туралы келісімнің негізінде
келісімнің күні және №
уәкілетті органнан _______________________________________________ (бұдан әрі – объект)
объектінің атауы
бойынша геологиялық ақпараттың толық топтамасын алды.
2. Мердігер немесе инвестор _________________________________________________
____________________________________________________________________ жұмыстарын
жер қойнауын пайдаланушы мен мердігер немесе инвестор арасындағы шарттың күні және №
орындау шартына сәйкес пайдаланушыдан геологиялық ақпаратты алады. Пайдаланушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11328 болып тіркелген) Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету қағидаларының 14-тармағына сәйкес геологиялық ақпаратты өзінің мердігеріне немесе инвесторға уақытша пайдалануға беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірді.
Уәкілетті орган осы өтінішті қарастырып, қоса берілген тізбеге сәйкес түгендеу ведомосі есебіне енгізілген және объект бойынша уәкілетті органнан мынадай шарттармен алынған геологиялық ақпаратты уақытша пайдалануға мердігерге немесе инвесторға беруге пайдаланушыға рұқсат береді:
1) мердігерге немесе инвесторға берілген геологиялық ақпарат үшін және оның қайтарылуы үшін пайдаланушы жауапты болады;
2) пайдаланушы алынған ақпаратты осы Шартқа қол қойған сәттен бастап мердігерге немесе инвесторға:
мердігерге – жұмыстарды орындау шарты бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін;
инвесторға – инвестициялауды жасау шешім қабылдағанға дейін береді.
Мердігер немесе инвестор Шартқа қол қойғаннан кейін пайдаланушыдан объект бойынша геологиялық ақпаратты қабылдау-беру актісі бойынша алады;
3) мердігер немесе инвестор алынған құпия емес ақпаратты пайдалану кезінде құпиялылықты сақтауға, көбейтіп таратпауға, үшінші тарапқа бермеуге, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетпеуге және оларды осы Шартта көрсетілген мақсаттарды орындау үшін ғана пайдалануға міндеттенеді;
4) мердігер немесе инвестор геологиялық ақпаратты пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін қабылдау-беру актісі бойынша алған көлемінде пайдаланушыға қайтарып беруге міндеттенеді;
5) пайдаланушы не мердігер немесе инвестор геологиялық ақпараттың құпиялылығын бұзғаны үшін кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады, ақпаратты пайдалану құқығынан айырылады және оны уәкілетті органға дереу қайтаруға міндеттенеді.
3. Қорытынды ережелер
Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндірілуі тиіс және мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптар үшін бірдей заңды күші бар 3 (үш) данада қол қойылды, барлық даналары түпнұсқа болып табылады. Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Мөрмен және қолдармен расталды:
Берді Қабылдады
Пайдаланушы Мердігер немесе Инвестор
Басшы _______________________ Басшы _______________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы, мөр (бар болса) қолы, мөр (бар болса)
Келісілді
Уәкілетті орган
Басшы ___________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы, мөр (бар болса)
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
______________________________________________компаниясының
(компанияның атауы)
табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпаратын тексеріп қарау актісі
_________________ қ. Күні
(қала, облыс)
Мынадай құрамдағы комиссия:
аумақтық органның маманы ________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және компания өкілі ______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________________________________________________объектісінен
(кен орнының, учаскенің, алаңның және т.б. атауы)
іріктелген ________________________________________________________ компаниясының
(компанияның атауы)
табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпараттарының үлгілерін қарады.
_________________________________________________________________ компаниясының
(компанияның атауы)
табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпараты нөмірленіп, ________________________________
(салынған ыдыс атауы)
салынды.
Табиғи жеткізгіштегі тексерілген геологиялық ақпарат сипаттамаға сәйкес келеді.
Өтініш беруші табиғи жеткізгіштегі жалпы салмағы ______________________________
(геологиялық ақпараттың жалпы салмағы)
саны ______________ осы геологиялық ақпаратты оның құрамы мен
(саны)
мазмұнын анықтау үшін_____________________________________________________ арнайы
(геологиялық ақпараттың түрі)
талдауға тапсырды.
Табиғи жеткізгіштегі геологиялық ақпаратты жеткізу мекенжайы:
________________________________________________________________________________
(облыс, аудан, қала, көше, үй, телефон)
Аумақтық орган _______________________________________
(қолы)
Өтініш беруші _____________________________________
(қолы)