«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою, есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министіріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 6 мамыр
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
1-қосымша
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою,
куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы ХҚО-ға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы телнұсқаны беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелеріне қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрмен расталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымының ставкалары мынаны құрайды:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін алты ондық айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз;
Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электронды кезекті «брондауға» мүмкіндігі бар.
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызмет алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталған уақытта, демалыс және мереке күндерінде өтініш жасаған жағдайда, өтініштерді қабылдау мен мемелекеттік қызметті көрсету туралы нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызмет алушы (немесе сенімхат арқылы оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ХҚО-ға:
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (меншік иесінің ауысуына, не ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, сондай-ақ теле-, радиоарна атауының өзгеруіне байланысты) мыналарды ұсынады:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы (егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса).
Куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса):
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
2) порталға:
Теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
бюджетке алымның төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа) құжаттың электрондық көшірмесі.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау.
теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы (егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса).
Куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса) көрсетілетін қызметті алушы төмендегі құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
бюджетке алымның төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа) құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, төлеу (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюз арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қайта жаңғыртып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
ХҚО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзгесі көзделмесе, ақпараттың жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.
ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басы куәлігін көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
ХҚО нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, ХҚО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде ХҚО-ға жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп (егер қағаз түрінде берілген болса алған орны көрсетілуі тиіс), мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын дәл сондай атауы бар және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк беруі;
2) мазмұны талаптарға сай келмейтін өтініш (өтініште: теле-, радиоарнаның меншік иесі – жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірінің, тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншік иесі – заңды тұлғаның орналасқан жерінің, бизнес сәйкестендіру нөмірінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, меншікті және ретрансляцияланатын хабар таратудың тәуліктік орташа көлемі көрсетілген теле-, радиоарнаның тақырыптық бағытының көрсетілмеуі);
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;
4) меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлiмделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесiнің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш беруі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.
Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стардартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардыңқызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 8 (7172) 24 24 19 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі.
ХҚО-ға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе ХҚО-ға қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Заңнамада белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін толық немесе ішінара мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға ХҚО қызметкерімен 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары: Министрліктің www.mid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін
органның толық атауы)
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
отандық теле-, радиоарнаны есепке қоюды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы:____________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/меншік иесінің атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы: _______________________
(тұратын орны/ орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН _____________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ______________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі_____________________
Керітрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі:_______
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің жеке кіретін есігі бар
үй-жайларға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтары:
(үй-жайлардың орналасқан жері және олардың сипаттамасы)
(алаң.м, кадастрлық нөмірі, мүліктік құқықтың түрі, жалға алу
шарттының деректері)
Р/с |
Үй-жайдың типі |
Мекенжайы |
Сипаттамасы |
1 |
Телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін (студиялық, аппараттық, қосалқы) |
||
2 |
Шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыру үшін |
||
3 |
Теле-, радиоарнаның меншік иесіне тиесілі әкімшілік-басқару персоналы үшін |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/меншік иесінің атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны) трансляцияланатын және рестрансляцияланатын
теле-, радиобағдарламаларды таспаға басуға және алты ай бойы сақтауға
міндеттенеді.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді
пайдалануға келісемін
__________ 20 __ ж. «__» ____
(қолы)
_________________________________________________ _________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)
М.О. (мөр болған жағдайда) 20__ жылғы «___»_____________
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін органның
толық атауы)
Өтініш
___________________________________________________ байланысты Сізден
(себебін көрсету)
____________________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қоюды жүзеге асыруды
сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы:____________________________
_____________________________________________________________________
(меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы:________________________
(тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН
_____________________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ______________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі_____________________
Керітрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі:_______
Меншік иесінің ауысуы/меншік құқығының берілгенін растайтын
құжаттардың деректері:
____________________________________________________________________
(меншік құқығы берілетін тұлғаның құжатының деректері, құжаттың
нөмір мен күні, ЖСН/БСН және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/
атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны (меншік иесі ауысқан
жағдайда толтырылады) көрсетіледі)
Р/с |
Құжаттың деректері |
1 |
|
2 |
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді
пайдалануға келісемін
__________ 20 __ ж. «__» ____
(қолы)
_________________________________________________ ________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты /атауы) (қолы)
М.О. (мөр болған жағдайда) 20__ жылғы «___» ___________
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
__________________________________
(отандық теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін органның
толық атауы)
Өтініш
___________________________________________________ байланысты Сізден
(себебін көрсету)
_____________________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын
беруді сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы:____________________________
_____________________________________________________________________
(меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы
_____________________________________________________________________
және ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы:________________________
(тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс мәліметтері)
БСН/ЖСН _____________________________________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
________________________________________________ _____________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді
пайдалануға келісемін
__________ 20 __ ж. «__» ____
(қолы)
М.О. (мөр болған жағдайда) 20__ жылғы «___» __________
«Облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың аумағында
таралатын шетелдiк мерзiмдi баспаcөз
басылымдарын есепке алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.)
немесе көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы)

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә.А. (қолы)
Телефоны ______________________________________________________
Алдым:_________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы
20__ жылғы «___» ____________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
2-қосымша
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Лицензияны, қайта рәсімделген лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрмен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін ставкалар мынаны құрайды:
1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта рәсімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ы, бірақ 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз;
Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электронды кезекті «брондауға» мүмкіндігі бар.
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызмет алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жұмыс күні аяқталған уақытта, демалыс және мейрам күндерінде өтініш жасаған жағдайда, өтініштерді қабылдау мен мемелекеттік қызметті көрсету туралы нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызмет алушы (немесе сенімхат арқылы оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ХҚО-ға:
Лицензия алу үшін:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
заңды немесе жеке тұлға үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
біліктілік талаптарға сәйкес мәліметтер және құжаттар:
осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы;
телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы;
спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда);
метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі;
өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттар.
Мыналар:
қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); дара кәсіпкердің оның атауының және мекенжайының;
бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта өзгеру нысанында заңды тұлға;
заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, лицензия қайта ресімделеді.
Құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта рәсімдеуге мынадай құжаттарды береді:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
заңды немесе жеке тұлға үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
2) порталға:
Лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрану;
лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) құжаттың электрондық көшірмесі;
талаптарға сәйкес құжаттар;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы – электрондық көшірме түрінде;
телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы – электрондық көшірме түрінде;
спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда) – электрондық көшірме түрінде;
метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі – электрондық құжат түрінде;
өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттар – электрондық көшірмелер түрінде.
Лицензияны қайта рәсімдеуге мынадай құжаттарды береді:
лицензияны қайта рәсімдеу туралы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, төлеу (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюз арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қайта жаңғыртып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
ХҚО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзгесі көзделмесе, ақпараттың жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.
ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басы куәлігін көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
ХҚО нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, ХҚО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде ХҚО-ға жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп (егер қағаз түрінде берілген болса алған орны көрсетілуі тиіс), мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленбеуі;
3) біліктілік талаптарының көрсетілетін қызметті алушы қызметіне сәйкес келмеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензия алуға тыйым салынуы.
Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стардартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардыңқызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 8 (7172) 24 24 19 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі.
ХҚО-ға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе ХҚО-ға қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Заңнамада белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін толық немесе ішінара мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға ХҚО қызметкерімен 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары: Министрліктің www.mid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
лицензияны қайта рәсімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Лицензия алу (қайта рәсімдеу) үшін заңды тұлғаның
өтiнiші
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
___ парақ қоса беріліп отыр
Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.
Ақпараттық жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемімн.
__________ 20 __ ж. «__» ____
(қолы)
Басшы _________ ______________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Мөрдің орны Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» ________
(мөр болған жағдайда)
Лицензия алу (қайта рәсімдеу) үшін жеке тұлғаның
өтiнiші
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны)
Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)
Жеке тұлғаның мекенжайы _____________________________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
___ парақ қоса беріліп отыр
Осы арқылы:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.
Ақпараттық жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемімн.
__________ 20 __ ж. «__» ____
(қолы)
_________ _____________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Жеке тұлға
____________ ____________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)
Толтырылған күні: « 20__ жылғы «___» ________
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
лицензияны қайта рәсімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге
асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы
мәліметтер нысаны
1. Қызметкерлер саны __________________________________________
Инженер-техник мамандар саны _________________________________;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
1 жылға дейін ________________________________________________;
бір жылдан астам _____________________________________________.
Маманның тегі |
Маманның аты |
Маманның әкесінің аты |
Мамандығы |
Жоғары білімі туралы дипломның № |
Диплом берілген күн |
Жоғары оқу орнының атауы |
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі |
Лауазымы |
2. Мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер:
телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы
стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар бағдарламасының техникалық
сапасын: иә/жоқ;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыруды:
иә/жоқ.
3. Техникалық мәліметтер:
1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/кабельдік/спутниктік;
2) хабар таратумен қамту аумағы ______________________________;
3) желі типі _________________________________________________;
стандарт атауы _______________________________________________;
стандарт нөмірі ______________________________________________;
4) таратылатын теле-, радиоарналардың тізімі _________________;
даму кезеңдері бойынша тізбе _________________________________;
қысқаша сипаттама ____________________________________________;
5) пайдаланған жағдайда, шартты қолжетімділік жүйесі _________;
6) желіні басқару және пайдалану желісін ұйымдастыру
қағидаттары;
7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны, оның
ішінде даму кезеңдері бойынша;
МГц көлемі ___________________________________________________;
қосылушылар саны _____________________________________________;
8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс
желілерімен өзара іс-қимыл:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарт жасалған күн ____________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық
байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:
меншікті техникалық құралдар бойынша _________________________;
басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша ______________;
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарт жасалған күн ____________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне
қосуды ұйымдастыру тәсілі:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарт жасалған күн ____________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы _____________________;
12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу
көздері мен тәсілдері;
студияның орналасқан жері ____________________________________;
пайдаланылатын желінің типі __________________________________;
13) жиілік берілген жабдықтың санитарлық төлқұжаты:
нөмірі мен берілген күні
____________________________________;
төлқұжатты берген мекеме атауы
____________________________________;
төлқұжаттың мерзімі
____________________________________;
14) жердің жасанды жерсеріктері (спутниктік байланыс арналары
пайдаланылған жағдайда):
атауы ________________________________________________________;
тиесілігі ____________________________________________________;
орналасқан жері ______________________________________________;
қызмет көрсету аймағы ________________________________________;
жиіліктің орналасқан белдеуі _________________________________;
арнаның жылдамдығы ___________________________________________;
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы ________________.
4. Құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен (көп бағдарламалы
хабар тарату үшін) ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
жасалған күні ________________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
шартта көрсетілген арналардың тізбесі ________________________.
5. Техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға
арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы:
жалға алынған алаң ___________________________________________;
жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;
жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;
жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;
шарт кіммен жасалды __________________________________________.
6. Әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайлар мен
алаңдардың болуы:
жалға алынған алаң ___________________________________________;
жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;
жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;
жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;
жалға алу шарты кіммен жасалды _______________________________.
7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар мен алаңдардың
болуы:
жалға алынған алаң ___________________________________________;
жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;
жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;
жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;
жалға алу шарты кіммен жасалды ______________________________.
«Облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың аумағында
таралатын шетелдiк мерзiмдi
баспаcөз басылымдарын есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.)
немесе көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә.А. (қолы)
Телефоны ______________________________________________________
Алдым:_________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы
20__ жылғы «___» ____________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік
теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) Көрсетілетін қызметті берушімен;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы ХҚО-ға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою, Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою туралы куәлiктің телнұсқасын беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған рұқсаттар туралы мәліметтер «Мемлекеттік ақпараттар жүйесі «Е-лицензиялау» жүйесіне енгізіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес (Салық кодексі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымның ставкалары мынаны құрайды:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күнін қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін алты ондық айлық есептік көрсеткіш;
өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн;
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру 9.00-ден 17.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;
жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның атауының, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;
жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы.
Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;
жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесіне оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылып, құжаттардың қабылданған күні мен уақытының көрсетіле отырып өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
10. Мыналар:
1) өтініш мазмұнының талаптарға сай келмеуі (өтініште: теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, теле-, радиобағдарламалардың тілінің (тілдерінің), теле-, радиоарнаның хабар тарату торының, теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытының, теле-, радиоарнаның бас редакторының (редакторының) тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы міндеттемесінің көрсетілмеуі);
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;
3) шетелдiк теле-, радиоарнаның материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмдi, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеудi, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпараттың, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино және бейнеөнiмдердi, сондай-ақ суицидтi насихаттайтын ақпараттың қамтылуы;
4) дiнтану сараптамасы нәтижелерi бойынша терiс қорытындының болуы;
5) шетелдiк теле-, радиоарна өнiмдерiне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы сот шешiмiнің болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 8 (7172) 24 24 19 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі.
ХҚО-ға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе ХҚО-ға қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Қазақстан Республикасының
аумағына таралатын шетелдік теле-,
радиоарнаны есепке, қайта есепке
қою, куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
_______________________________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін органның толық атауы)
_______________________________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы
куәлік беретін орган басшысының Т.А.Ә.А.)
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
(қайта есепке алу жүргізілген және телнұсқа берілген
жағдайда, себептері көрсетіледі)
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қою, телнұсқа
беруді жүзеге асыруды) сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы:______________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұратын жері/орналасқан
жері, ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)
Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері):_________________________
Теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесi:____________________________
(кейінгі ай)
Теле-, радиоарнаның негiзгi тақырыптық бағыты:_______________________
Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы:_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы:_____________________________
(индексі, қала, аудан, көше, үй, телефон, электрондық мекенжайы)
Теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау
туралы мiндеттемесi__________________________________________________
Өтiнiшке қоса беріледі:
1._____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3._____________________________________________________________
_______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)
М.О. 20__ ж. «___» ____________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
4-қосымша
«Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке
қою, қайта есепке қою, есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың
телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою, есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасын беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымның стсавкалары мынаны құрайды:
1) мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiш;
өзге тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептiк көрсеткiш;
2) мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептiк көрсеткiш;
өзге де тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептiк көрсеткiш.
Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру 9.00-ден 17.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, алдын-ала жазылусыз және қызмет көрсету шұғылсыз түрде көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;
мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою үшін алымының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiкті қайта есепке қою үшін (меншiк иесiнің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, меншік иесінің атауының, мерзiмдi баспасөз басылымының және ақпараттық агенттiк атауының, сондай-ақ шығу жиілігі мен таралу аумағының өзгеруiне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;
мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiкті есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы;
мерзімді баспасөз басылымына және ақпараттық агенттікке меншік құқығының басқа тұлғаға берілгенін растайтын шарттан үзінді көшірме.
Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден куәлік туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
жоғалу себебі көрсетілген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы.
10. Мыналар:
1) бұрын дәл сондай және дәл сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің есепке қойылғаны туралы бұрын берілген куәлік;
2) мазмұны талаптарға сай келмейтін өтініш (өтініште: меншік иесінің атауының және ұйымдық-құқықтық нысанының, сондай-ақ заңды мекенжайының, меншік иесінің бизнес және жеке сәйкестендіру нөмірінің, мерзімді баспасөз басылымы және ақпараттық агенттік атауының, тілінің (тілдерінің), болжамды шығу жиілігінің, негізгі тақырыптық бағытының, таралу аумағының, бас редактордың (редактордың) тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), редакцияның мекенжайының көрсетілмеуі);
3) мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті есепке қою үшін немесе куәліктің телнұсқасын алу үшін алымның төленуі;
4) меншік иесінің ауысына орай мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті қайта есепке қою туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке меншік құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті есепке қою кезінде өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардыңқызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 8 (7172) 24 24 19 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі.
ХҚО-ға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе ХҚО-ға қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Мерзімді баспасөз басылымын және
ақпараттық агенттікті есепке, қайта
есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
____________________________________________
(мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық
агенттiкті есепке қою туралы куәлiк беретін
органның толық атауы
____________________________________________
(мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық
агенттiкті есепке қою туралы куәлiк беретін
орган басшының Т.А.Ә.А.)
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
(мерзімді баспасөз басылымдарында немесе ақпараттық агенттіктің
атауы, түрі)
мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті есепке
қоюды (қайта есепке қоюды, куәліктің телнұсқасын беруді) сұраймын.
Меншік иесі____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы және ұйымдық-құқықтық
нысаны)
БСН/ЖСН________________________________________________________
Меншік иесінің мекенжайы_______________________________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің
атауы________________________________________________________________
Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің
тілі_________________________________________________________________
Шығу жиілігі___________________________________________________
Тақырыптық бағыты______________________________________________
Таралу аумағы__________________________________________________
Редакцияның мекенжайы__________________________________________
Бас редактордың Т.А.Ә.А._______________________________________
М.О. (мөр болған жағдайда)
____________________
(қолы) 20__ жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
5-қосымша
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын
есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі саясат басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Анықтаманы қағаз тасығышта алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді және басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолы қойылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз;
Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электронды кезекті «брондауға» мүмкіндігі бар.
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызмет алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталған уақытта, демалыс және мереке күндерінде өтініш жасаған жағдайда, өтініштерді қабылдау мен мемелекеттік қызметті көрсету туралы нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ХҚО-ға:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш (мерзімді баспасөз басылымдарының атаулары, таралу аймағы, тілі, негізгі тақырыптық бағыты, шығу жиілігі, таралатын даналардың саны);
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрану;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, төлеу (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюз арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қайта жаңғыртып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
ХҚО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзгесі көзделмесе, ақпараттың жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.
ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басы куәлігін көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
ХҚО нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, ХҚО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде ХҚО-ға жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп (егер қағаз түрінде берілген болса алған орны көрсетілуі тиіс), мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стардартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардыңқызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 8 (7172) 24 24 19 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі.
ХҚО-ға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе ХҚО-ға қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және
халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызмет
көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар
13. Заңнамада белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін толық немесе ішінара мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға ХҚО қызметкерімен 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары: Министрліктің www.mid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың аумағында
таралатын шетелдiк мерзiмдi
баспасөз басылымдарын есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
___________________________________________
(анықтаманы берген органның толық атауы)
Өтініш
Қазақстан Республикасында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз
басылымын есепке алуды сұраймын.
Таратушының деректері:
_____________________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, дара кәсіпкердің/заңды
тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
(ЖСН/БСН, СТН, тіркеу құжатының нөмірі мен берілген күні)
_____________________________________________________________________
(тіркелген жері, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық
поштасы)
Р/с |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауларының тізбесі |
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының таралу аймағы |
Таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының тілі (тілдері) |
Негізгі тақырыптық бағыты |
Шығу жиілігі |
Таралатын даналардың болжамды саны |
1. |
||||||
2. |
Қосымшалар: 1. ______________________________________________________
2. ______________________________________________________
бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
М.О. 20__ жылғы «___» ___________