Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11301 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу, қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министіріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 6 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
1-қосымша

"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою,
куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығына тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы телнұсқаны беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелеріне қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрмен расталады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымының ставкалары мынаны құрайды:

      1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;

      2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін алты ондық айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.

      Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

      Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электронды кезекті "брондауға" болады.

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғанда, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және қорытындысын беру келесі жүмыс күнінде жүзеге асырылады.)

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызмет алушы (немесе сенімхат арқылы оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарнаны есепке қою үшін:

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымының бюджетке төленгенін растайтын құжатты;

      2) теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (меншік иесінің ауысуына, не ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, сондай-ақ теле-, радиоарна атауының өзгеруіне байланысты):

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы (егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса);

      3) куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса):

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;

      отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты.

      порталға:

      4) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

      электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

      электрондық мәліметтер нысаны;

      бюджетке алымның төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа) құжаттың электрондық көшірмесі.

      5) теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

      теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы (егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса);

      6) куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса) көрсетілетін қызметті алушы төмендегі құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

      бюджетке алымның төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа) құжаттың электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, төлеу (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюз арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қайта жаңғыртып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзгесі көзделмесе, ақпараттың жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп (егер қағаз түрінде берілген болса алған орны көрсетілуі тиіс), мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Мыналар мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын дәл сондай атауы бар және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк беруі;

      2) мазмұны талаптарға сай келмейтін өтініш (өтініште: теле-, радиоарнаның меншік иесі – жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірінің, тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншік иесі – заңды тұлғаның орналасқан жерінің, бизнес сәйкестендіру нөмірінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, меншікті және ретрансляцияланатын хабар таратудың тәуліктік орташа көлемі көрсетілген теле-, радиоарнаның тақырыптық бағытының көрсетілмеуі);

      3) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;

      4) меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;

      5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлiмделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесiнің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш беруі;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) күмәнді екенінің анықталуы;

      7) қызмет алушыға қатысты белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, мемлекеттік корпорация басшысының атына не мынадай: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі;

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекетік корпорацияға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін толық немесе ішінара мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға Мемлекеттік корпорация қызметкерімен 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мекенжайлары Министрліктің: www.mic.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.goscorp.kz. сайтында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке, қайта есепке қою,
куәліктің телнұсқасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      Нысан

      __________________________________

      (отандық теле-, радиоарнаны есепке

      қою туралы куәлік беретін органның

      толық атауы)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      Сізден ______________________________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы)

      отандық теле-, радиоарнаны есепке қоюды сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: ___________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/меншік иесінің атауы және

      ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы: _______________________

      (тұратын орны/ орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН _____________________________________________________________

      Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ______________________________

      Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі ____________________

      Керітрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: ______

      __________________________________________________ _______________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)

      М.О. (мөр болған жағдайда) 20__ жылғы "___" _____________

  "Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      __________________________________

      (отандық теле-, радиоарнаны есепке

      қою туралы куәлік беретін органның

      толық атауы)

Өтініш

      ___________________________________________________ байланысты Сізден

      (себебін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы)

      отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қоюды жүзеге асыруды

      сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы:____________________________

      _____________________________________________________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы және

      ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы:________________________

      (тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН

      _____________________________________________________________________

      Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ______________________________

      Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі_____________________

      Керітрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі:_______

      Меншік иесінің ауысуы/меншік құқығының берілгенін растайтын

      құжаттардың деректері:

      ____________________________________________________________________

      (меншік құқығы берілетін тұлғаның құжатының деректері, құжаттың

      нөмір мен күні, ЖСН/БСН және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/

      атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны (меншік иесі ауысқан

      жағдайда толтырылады) көрсетіледі)

Р/с

Құжаттың деректері

1

2

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________ 20 __ ж. "__" ____

      (қолы)

      _________________________________________________ ________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты /атауы) (қолы)

      М.О. (мөр болған жағдайда) 20__ жылғы "___" ___________

  "Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

      __________________________________

      (отандық теле-, радиоарнаны есепке

      қою туралы куәлік беретін органның

      толық атауы)

Өтініш

      ___________________________________________________ байланысты Сізден

      (себебін көрсету)

      _____________________________________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы)

      отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын

      беруді сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы:____________________________

      _____________________________________________________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы

      _____________________________________________________________________

      және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы:________________________

      (тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс мәліметтері)

      БСН/ЖСН _____________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      ________________________________________________ _____________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________ 20 __ ж. "__" ____

      (қолы)

      М.О. (мөр болған жағдайда) 20__ жылғы "___" __________

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке, қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

      ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының

      тегі, аты, әкесінің аты (бұдан

      әрі – Т.А.Ә.А.) немесе ұйымының атауы)

      ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының

      мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация

      қызметкерінің Т.А.Ә.А. (қолы)

      Телефоны ______________________________________________________

      Алдым:_________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы

      20__ жылғы "___" ____________

  "Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша

      Нысан

Мәліметтер нысаны

      Ескерту. Стандарт 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің жеке кіретін есігі бар үй-жайларға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтары:

      (үй-жайлардың орналасқан жері және олардың сипаттамасы) (алаң.м, кадастрлық нөмірі, мүліктік құқықтың түрі, жалға алу шарттының деректері)

Р/с

Үй-жайдың типі

Мекенжайы

Сипаттамасы

1

Телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін (студиялық, аппараттық, қосалқы)

2

Шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыру үшін

3

Теле-, радиоарнаның меншік иесіне тиесілі әкімшілік-басқару персоналы үшін

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/меншік иесінің атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны) трансляцияланатын және рестрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды таспаға басуға және алты ай бойы сақтауға міндеттенеді.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін

      __________ 20__ ж. "__" _________

      (қолы)

      _________________________________________________ __________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)

      М.О. 20__ жылғы "___" ___________

      (мөр болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
2-қосымша

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Лицензияны, қайта рәсімделген лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрмен расталады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін ставкалар мынаны құрайды:

      1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш;

      2) лицензияны қайта рәсімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ы, бірақ 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

      Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

      "1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электронды кезекті "брондау" мүмкіндігі бар.

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғанда, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және қорытындысын беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.)

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызмет алушы (немесе сенімхат арқылы оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) лицензия алу үшін:

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      заңды тұлғаның теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия алу (қайта ресімдеу) туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініші немесе жеке тұлғаның теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия алу (қайта ресімдеу) туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес;

      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;

      біліктілік талаптарға сәйкес мәліметтер және құжаттар:

      осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мәліметтер нысаны;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы;

      телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы;

      спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда);

      метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі;

      өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттар;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде: қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); дара кәсіпкердің оның атауының және мекенжайының, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта өзгеру нысанында заңды тұлға, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде:

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      заңды тұлғаның теле-, радиоарналарды тарату үшін қызметпен айналысу үшін лицензия беру (қайта ресімдеу) туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес өтініші немесе жеке тұлғаның теле-, радиоарналарды тарату үшін қызметпен айналысу үшін лицензия беру (қайта ресімдеу) туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшасына сәйкес өтініші;

      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;

      порталға:

      3) лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

      лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы – электрондық көшірме түрінде;

      телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы – электрондық көшірме түрінде;

      спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда) – электрондық көшірме түрінде;

      метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі – электрондық құжат түрінде;

      4) лицензияны қайта ресімдеу үшін құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде: қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); дара кәсіпкердің оның атауының және мекенжайының, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта өзгеру нысанында заңды тұлға, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрану;

      лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) құжаттың электрондық көшірмесі;

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюз арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп (егер қағаз түрінде берілген болса алған орны көрсетілуі тиіс), мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленбеуі;

      3) қызмет алушыға қатысты теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      4) сотпен сот орындаушысы ұсынымының негізінде мемлекеттік қызмет алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салынуы;

      5) "Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген).

      Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, мемлекеттік корпорация басшысының атына не мынадай: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға Мемлекеттік корпорация қызметкерімен 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мекенжайлары Министрліктің: www.mic.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.goscorp.kz. сайтында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
лицензияны қайта рәсімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Лицензия алу (қайта рәсімдеу) үшін заңды тұлғаның
өтiнiші

      Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі

      Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату

      жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банктік шоты ________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жері)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ___ парақ қоса беріліп отыр

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып

      табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)

      кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатыны расталады.

      Ақпараттық жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемімн.

      __________ 20 __ ж. "__" ____

      (қолы)

      Басшы _________ ______________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Мөрдің орны Толтырылған күні: 20__ жылғы "___" ________

      (мөр болған жағдайда)

Лицензия алу (қайта рәсімдеу) үшін жеке тұлғаның
өтiнiші

      Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі

      Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы және

      ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату

      жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)

      Жеке тұлғаның мекенжайы _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банктік шоты ________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жері)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ___ парақ қоса беріліп отыр

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып

      табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)

      кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатыны расталады.

      Ақпараттық жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемімн.

      __________ 20 __ ж. "__" ____

      (қолы)

      _________ _____________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Жеке тұлға

      ____________ ____________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " 20__ жылғы "___" ________

  "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
лицензияны қайта рәсімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге
асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы
мәліметтер нысаны

      1. Қызметкерлер саны __________________________________________

      Инженер-техник мамандар саны _________________________________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі:

      1 жылға дейін ________________________________________________;

      бір жылдан астам _____________________________________________.

Маманның тегі

Маманның аты

Маманның әкесінің аты

Мамандығы

Жоғары білімі туралы дипломның №

Диплом берілген күн

Жоғары оқу орнының атауы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

Лауазымы

      2. Мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер:

      телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы

      стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар бағдарламасының техникалық

      сапасын: иә/жоқ;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыруды:

      иә/жоқ.

      3. Техникалық мәліметтер:

      1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/кабельдік/спутниктік;

      2) хабар таратумен қамту аумағы ______________________________;

      3) желі типі _________________________________________________;

      стандарт атауы _______________________________________________;

      стандарт нөмірі ______________________________________________;

      4) таратылатын теле-, радиоарналардың тізімі _________________;

      даму кезеңдері бойынша тізбе _________________________________;

      қысқаша сипаттама ____________________________________________;

      5) пайдаланған жағдайда, шартты қолжетімділік жүйесі _________;

      6) желіні басқару және пайдалану желісін ұйымдастыру

      қағидаттары;

      7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны, оның

      ішінде даму кезеңдері бойынша;

      МГц көлемі ___________________________________________________;

      қосылушылар саны _____________________________________________;

      8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс

      желілерімен өзара іс-қимыл:

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      шарт жасалған күн ____________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық

      байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:

      меншікті техникалық құралдар бойынша _________________________;

      басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша ______________;

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      шарт жасалған күн ____________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне

      қосуды ұйымдастыру тәсілі:

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      шарт жасалған күн ____________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы _____________________;

      12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу

      көздері мен тәсілдері;

      студияның орналасқан жері ____________________________________;

      пайдаланылатын желінің типі __________________________________;

      13) жиілік берілген жабдықтың санитарлық төлқұжаты:

      нөмірі мен берілген күні

      ____________________________________;

      төлқұжатты берген мекеме атауы

      ____________________________________;

      төлқұжаттың мерзімі

      ____________________________________;

      14) жердің жасанды жерсеріктері (спутниктік байланыс арналары

      пайдаланылған жағдайда):

      атауы ________________________________________________________;

      тиесілігі ____________________________________________________;

      орналасқан жері ______________________________________________;

      қызмет көрсету аймағы ________________________________________;

      жиіліктің орналасқан белдеуі _________________________________;

      арнаның жылдамдығы ___________________________________________;

      спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы ________________.

      4. Құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен (көп бағдарламалы

      хабар тарату үшін) ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар:

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      жасалған күні ________________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      шартта көрсетілген арналардың тізбесі ________________________.

      5. Техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға

      арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы:

      жалға алынған алаң ___________________________________________;

      жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;

      жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;

      жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;

      шарт кіммен жасалды __________________________________________.

      6. Әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайлар мен

      алаңдардың болуы:

      жалға алынған алаң ___________________________________________;

      жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;

      жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;

      жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;

      жалға алу шарты кіммен жасалды _______________________________.

      7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар мен алаңдардың

      болуы:

      жалға алынған алаң ___________________________________________;

      жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;

      жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;

      жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;

      жалға алу шарты кіммен жасалды ______________________________.

  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру, лицензияны
қайта рәсімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      __________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының

      тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі

      – Т.А.Ә.А.) немесе ұйымының атауы)

      __________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының

      мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпоррациясы" акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация

      қызметкерінің Т.А.Ә.А. (қолы)

      Телефоны ______________________________________________________

      Алдым:_________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы

      20__ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік
теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 24.03.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою, Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою туралы куәлiктің телнұсқасын беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған рұқсаттар туралы мәліметтер "Мемлекеттік ақпараттар жүйесі "Е-лицензиялау" жүйесіне енгізіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес (Салық кодексі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымның ставкалары мынаны құрайды:

      1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күнін қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;

      2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін алты ондық айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.

      Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

      Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн;

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру 9.00-ден 17.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;

      заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

      Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның атауының, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;

      заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты.

      Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлігінің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;

      заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

      теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы.

      Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;

      заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

      шетелдік теле-, радиоарнаның куәлігінің телнұсқасын алу үшін төленген алымның бюджетке растайтын құжат.

      Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесіне оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылып, құжаттардың қабылданған күні мен уақытының көрсетіле отырып өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Мыналар мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      1) өтініштің мазмұны талаптарға сәйкес келмейді (өтініште: теле-, радиоарнаның меншік иесі – жеке тұлға тегінің, атының, әкесі атының (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірінің, тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншік иесі – заңды тұлғаның орналасқан жерінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, теле-, радиобағдарламалардың тілінің (тілдерінің), теле-, радиоарнаның тарату кестесінің, теле-, радиоарнаның тақырыптық бағытының, бас редактордың (редактордың) тегінің, атының, әкесі атының (бар болса), теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайының, теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы міндеттемесінің көрсетілмеуі);

      2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;

      3) шетелдік теле-, радиоарна материалдары конституциялық құрылыстың күштеп өзгертілуін насихаттау немесе үгіттеуден, Қазақстан Республикасы тұтастығын бұзудан, мемлекет қауіпсіздігін бұзудан, соғыс, экстремизм немесе терроризмді насихаттаудан, мейірімсіздік және зорлық-зомбылыққа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық үстемшілікке табынудан, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті тұтатуға бағытталған ақпараттан, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино және бейне өнімнен, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпараттан тұруы;

      4) дін тану сараптамасының нәтижелері бойынша жағымсыз қорытынды болуы;

      5) шетелдік теле-, радиоарна өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болуы;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, мемлекеттік корпорация басшысының атына не мынадай: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекетік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мекенжайлары Министрліктің: www.mic.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Қазақстан Республикасының
аумағына таралатын шетелдік теле-,
радиоарнаны есепке, қайта есепке
қою, куәліктің телнұсқасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша

      _______________________________________________

      (шетелдік теле-, радиоарнаны есепке

      қою туралы куәлік беретін органның толық атауы)

      _______________________________________________

      (шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы

      куәлік беретін орган басшысының Т.А.Ә.А.)

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (қайта есепке алу жүргізілген және телнұсқа берілген

      жағдайда, себептері көрсетіледі)

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қою, телнұсқа

      беруді жүзеге асыруды) сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы:______________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұратын жері/орналасқан

      жері, ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері):_________________________

      Теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесi:____________________________

      (кейінгі ай)

      Теле-, радиоарнаның негiзгi тақырыптық бағыты:_______________________

      Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы:_________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы:_____________________________

      (индексі, қала, аудан, көше, үй, телефон, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау

      туралы мiндеттемесi__________________________________________________

      Өтiнiшке қоса беріледі:

      1._____________________________________________________________

      2._____________________________________________________________

      3._____________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)

      М.О. 20__ ж. "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
4-қосымша

"Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – 10 (он ) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымның ставкалары мынаны құрайды:

      1) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желелік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiш;

      өзге тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептiк көрсеткiш;

      2) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылым есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептiк көрсеткiш;

      өзге де тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептiк көрсеткiш.

      Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

      Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүргізіледі.

      8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ға дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушының таңдауы бойынша шұғыл қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушы қалаған жағдайда, электрондық кезек портал арқылы "брондалуы" мүмкін.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға (жеке тұлғасын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда немесе оның нотариалды бекітілген сенімхат бойынша өкіліне) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою үшін алымының бюджетке төленгенін растайтын құжаты.

      Мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды қайта есепке қою үшін (меншiк иесiнің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, меншік иесінің атауының, мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттiк және желілік басылым атауының, сондай-ақ шығу жиілігі және негізгі тақырыптық бағыты мен таралу аумағының өзгеруiне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы;

      мерзімді баспасөз басылымына, ақпараттық агенттікке және желілік басылымға меншік құқығының басқа тұлғаға берілгенін растайтын шарттан үзінді көшірме.

      Көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын алу үшін өтiнiшті жоғалу себебін көрсете отырып, ерікіті нысанда ұсынады;

      мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаты.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюз арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы жазбаша қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке тұлғаны растайтын құжат ұсынылған кезде (не оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілін) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы жазбаша қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай мерзім өткен соң жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша екі жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      10. Мыналар мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) бұрын дәл сондай және дәл сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның есепке қойылғаны туралы бұрын берілген куәлік;

      2) мазмұны талаптарға сай келмейтін өтініш (өтініште: меншік иесі атауының және ұйымдық-құқықтық нысанының, сондай-ақ заңды мекенжайының, меншік иесінің бизнес және жеке сәйкестендіру нөмірінің, мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым атауының, тілінің (тілдерінің), болжамды шығу жиілігінің, негізгі тақырыптық бағытының, таралу аумағының, бас редактордың (редактордың) тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), редакцияның мекенжайының көрсетілмеуі);

      3) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою үшін немесе куәліктің телнұсқасын алу үшін алымның төленуі;

      4) меншік иесінің ауысына орай мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті қайта есепке қою туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына, ақпараттық агенттікке немесе желілік басылымға меншік құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;

      5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою кезінде өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық емес екенінің анықталуы;

      7) көрсетілетін қызмет алушыға қатысты белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, мемлекеттік корпорация басшысының атына не мынадай: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі, оның қабылданғанын растау (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 8 800 080 7777, 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мекенжайлары Министрліктің: www.mic.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.goscorp.kz. сайтында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
туралы куәлiк беретін органның
толық атауы
____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою туралы куәлiк беретін орган
басшының тегі, аты және
әкесінің аты)

Өтініш

      Сізден __________________________________________________________________________

      (мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның

      атауы, түрі)

      мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды

      есепке қоюды сұраймын.

      Меншік иесі_____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесі атының (егер бар болғанда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      БСН/ЖСН_______________________________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы________________________________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы

      _______________________________________________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның тілі

      _______________________________________________________________________________

      Шығу жиілігі____________________________________________________________________

      Тақырыптық бағыты______________________________________________________________

      Таралу аумағы___________________________________________________________________

      Редакцияның мекенжайы__________________________________________________________

      Бас редактордың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда)/атауы ________________________

      Мөрдің орны

      (егер бар болғанда)

      ____________________

      (қолы)                              20__ жылғы "___" __________

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
туралы куәлiк беретін органның
толық атауы
____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою туралы куәлiк беретін орган
басшының тегі, аты және
әкесінің аты)

Өтініш

      Сізден __________________________________________________________________________

      (мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымдардың

      атауы, түрі)

      мерзімді баспасөз басылымды, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды

      _____________ байланысты қайта есепке қоюды сұраймын.

      Меншік иесі_____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      БСН/ЖСН_______________________________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы________________________________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы

      ________________________________________________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның

      тілі__________________________________________________

      Шығу жиілігі____________________________________________________________________

      Тақырыптық бағыты______________________________________________________________

      Таралу аумағы___________________________________________________________________

      Редакцияның мекенжайы__________________________________________________________

      Бас редактордың тегі, аты, әкесінің аты (егер болғанда)/атауы ___________________________

      Мөрдің орны

      (егер бар болғанда)

      ____________________

      (қолы)                              20__ жылғы "___" __________

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болғанда)/атауы немесе
ұйымының атауы)
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация

      қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда)                  (қолы)

      Телефоны ______________________________________________________

      Алдым:________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда/атауы (қолы)

      20__ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
5-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Қызмет берушінің жұмыс істеу кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электронды кезекті "брондауға" мүмкіндігі бар.;

      2) порталға – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді алып тастағанда тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақытының аяқталғанынан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінетін болса Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен іске асады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш (мерзімді баспасөз басылымдарының атаулары, таралу аймағы, тілі, негізгі тақырыптық бағыты, шығу жиілігі, таралатын даналардың саны);

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюз арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қайта жаңғыртып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басы куәлігін көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп (егер қағаз түрінде берілген болса алған орны көрсетілуі тиіс), мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, мемлекеттік корпорация басшысының атына не мынадай: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнасында белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін толық немесе ішінара мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға Мемлекеттік корпорация қызметкерімен 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мекенжайлары Министрліктің: www.mic.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның - www.goscorp.kz. сайтында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспасөз
басылымдарын есепке қою,
қайта есепке қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ___________________________________________

      (анықтаманы берген органның толық атауы)

Өтініш

      Қазақстан Республикасында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз

      басылымын есепке алуды сұраймын.

      Таратушының деректері:

      _____________________________________________________________________

      (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, дара кәсіпкердің/заңды

      тұлғаның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (ЖСН/БСН, СТН, тіркеу құжатының нөмірі мен берілген күні)

      _____________________________________________________________________

      (тіркелген жері, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық

      поштасы)

Р/с

Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауларының тізбесі

Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының таралу аймағы

Таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының тілі (тілдері)

Негізгі тақырыптық бағыты

Шығу жиілігі

Таралатын даналардың болжамды саны

1.

2.

      Қосымшалар: 1. ______________________________________________________

      2. ______________________________________________________

      бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      М.О. 20__ жылғы "___" ___________

      (мөр болған жағдайда)

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспасөз
басылымдарын есепке қою,
қайта есепке қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      _____________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі,

      аты, әкесінің аты (бұдан әрі –

      Т.А.Ә.А.) немесе ұйымының атауы)

      ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының

      мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.