Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11283 тіркелді.

Жаңартылған

      "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтын 2) және 3)-тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 6 мамыр

       "КЕЛІСІЛДI"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _____________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 11 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 8 сәуірде
№ 276 бұйрығымен бекітілген

Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін
қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7)-тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

       1) жүк жөнелтуші - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларға немесе келісімшарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында мұнайды өндіруді жүзеге асыратын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға, мұнайды тасымалдау жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген, олар уәкілеттік берген тұлға;

      2) мұнай тасымалдаушы ұйым - мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және/немесе басқа көлік түрінің меншік иесі;

      3) графиктен үзінділер – операторларға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жөнелтушілер мұнай тасымалдауға қағаз және электрондық тасығышта ай сайын уәкілетті орган жіберетін толық ақпарат;

      4) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері – Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін қажетті мұнай көлемі;

      5) магистральдық мұнай құбыры мұнайды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;

      6) мұнайды тасымалдау графигі – уәкілетті орган бекіткен мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен және/немесе басқа көлік түрімен тасымалдау графигі;

      7) оператор – мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық мұнай құбырының меншік иесі немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым;

      8) тасымалдауға арналған өтiнiм – мұнай тасымалдауға арналған өтінім (жылдық, айлық);

      9) уәкілетті орган – магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 09.12.2016 № 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.

2. Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдау
графигін жасау тәртібі

      3. Мұнайды тасымалдау графигі (бұдан әрі - график) магистральдық құбырдың меншік иесінің және/немесе басқа көлік түрінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес негіздерде не магистральдық құбырға және/немесе басқа көлік түріне өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның немесе олардың атынан осындай қызметтер көрсетуге уәкілетті оператордың және мұнай жөнелтушінің арасындағы тиісті шарттар ескеріле отырып әзірленеді.

      4. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12)-тармақшасына сәйкес графикті әзірлеу кезінде уәкілетті орган белгілейтін көлемдерде Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері ескеріледі.

      5. Графикті жасау үшін жөнелтушілер уәкілетті органға есепті жыл басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір жылға график құру үшін мұнай жөнелтушінің өтінімін ұсынады, графиктен үзіндіні қалыптастыру үшін жөнелтушілер ай сайын уәкілетті органға есепті айдың алдындағы айдың он күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарлы айға арналған мұнай тасымалдауға өтiнiм ұсынады.

      6. График есепті жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін бекітіледі және тиісті операторлардың назарына жеткізіледі.

      7. Ай сайын уәкілетті орган графиктен үзінділерді есепті айдың алдындағы айдың жиырма күнінен кешіктірмей қарастырады және оператор мұнай тасымалдаудың қызмет көрсету техникалық мүмкіндіктерді растауы болғанда жөнелтушілер мен тиісті операторларға, сондай-ақ Комитетке орындау үшін жіберіледі.

      Операторға (нетто салмағы бойынша), Комитетке (брутто салмағы бойынша) жолданатын графиктің үзіндісінде жөнелтушінің экспорт үшін және Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға жататын басқа оператордың магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне немесе көліктің басқа түріне (теміржол, теңіз) беру (ауыстырып құюға) үшін, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (беру) үшін қарастырылған мұнай мөлшері, сондай-ақ басқа да ақпарат көрсетіледі (келісімшарттың нөмірі және жөнелту маршруты).

      Мұнайдың брутто массасы балласт массасын қосқанда мұнайдың жалпы массасы ретінде айқындалады. Балласт массасы мұнайдағы судың, хлорлы тұздардың және механикалық қоспалардың жалпы массасы ретінде айқындалады.

      Мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балласт массасының айырымы ретінде айқындайды.

      8. Уәкілетті орган графикке өзгерістер мен толықтыруларды түзетуге арналған өтінімді жөнелтушіден жоспарлы айға арналған мұнай тасымалдауға өтінімді қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Графиктер, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігіне оператордың туынды нысанда растауы болған ретте бекітіледі.

      Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігі туралы растауды оператор уәкілетті органның жедел сұратуы бойынша бір күн ішінде оған ұсынады.

      Графиктен үзінділер графикке өзгерістер мен толықтыруларды қарау нәтижесінде операторға орындау үшін және Комитетке (мұнай экспорты кезінде) жіберіледі.

      9. Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсету техникалық мүмкіндігін растау болмаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы жөнелтушіні хабардар етеді.

  Мұнайды магистральдық
мұнай құбырларымен
тасымалдау графигін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан бойынша

Жөнелтушінің бір жылға арналған графикті қалыптастыруға
өтiнiмі

Магистральдық мұнай құбырлары

Мұнай көлемі
(мың тоннада)

Жөнелту уақыты

Ескертпелер

1. мұнай құбыры




2. мұнай құбыры




3. мұнай құбыры





      Жөнелтушінің

      бірінші басшысы ____________________________________________________

  Мұнайды магистральдық
мұнай құбырларымен
тасымалдау графигін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан бойынша

Мұнайды жоспарланған айда тасымалдауға арналған өтінім

Компанияның атауы:




















Есепті ай:





Жоспарланған айы:















Көрсеткіштер

Есепті ай (нетто)

Жоспарланған айға өтінім

жоспар

факт

нетто

брутто

1.

Барлық ресурстар





1)

Барлық өнделген мұнай, оның ішінде: келісімшарттың № бойынша, келісімшарттық ауымақтың атауы





2)

Басқа көзден алынған мұнай*





3)

Ай басына ауысатын қалдық











2.

Операторға тапсыру











3.

Ресурстарды тарату, оның ішінде: (4.1.+4.2.+4.3.+4.4.+4.5.+4.6.+4.7.)













1)

ҚР МӨЗ жеткізу, он.іш. (4.1.1.+4.1.2.+4.1.3.)








АМӨЗ






ПМХЗ






ПКОП











2)

Роялти тапсыру











3)

КТК (келісімшарттар бойынша)





4)

Атырау-Самара (келісімшарттар бойынша), оның ішінде: (4.41.+4.4.2.)








Алыстағысы






Таяудағысы











5)

Ақтау порты (келісімшарттар бойынша), он.іш. (4.5.1.+4.5.2.+4.5.3.)








Иран






Әзірбайжан






Махачкала











6)

Т/ж көлігі (келісімшарттар бойынша) оның ішінде: (4.6.1.+4.6.2.+4.6.3.+4.6.4.)








Экспорт, МҚЭ-дан (атауы)






Атырау, МҚЭ-дан құйып беру (атауы)






Актау порты МҚЭ-дан (атауы)






МӨЗ, МҚЭ-дан (атауы)











7)

Орынбор ГӨЗ-і











4.

Ай соңына ауысатын қалдық











Ескертпе:
*- оның ішінде, мұнайдың шығу заңдылығын растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса беріп басқа заңды және/немесе жеке тұлғалардан сатып алынғаны


Бірінші басшы:


Қолы: