Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 489 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11264 тіркелді.

Жаңартылған

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 489 бұйрығымен
бекітілген

Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 15.01.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - үміткерлер) арасында жүзеге асырылады.

2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 15.01.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу жөніндегі конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      4. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарауды және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуді Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.

      5. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын уәкілетті орган конкурсты өткізудің ұйымдастырушысы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) ретінде әрекет етеді.

      6. Конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

      7. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 17.01.2020 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ақпараттық хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) конкурсты өткізу уақыты, күні мен орны;

      2) елді мекендердің (аумақтың) атауын көрсете отырып, телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) және оларды пайдалану шарттары туралы мәліметтер;

      3) Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау және құжаттарды алу орны, жиіліктің нақты номиналын пайдалану бойынша техникалық, қаржылық және өзге де талаптар және конкурс туралы басқа да қосымша ақпарат, өтінімдерді қабылдауды бастау мен аяқтау мерзімдерін және конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі.

      9. Конкурсқа қатысуға уақтылы өтінім берген және осы Қағидаларға сәйкес рәсімделген құжаттарды тиісінше ұсынған үміткерлер жіберіледі.

      9-1. Үміткер өтінімге сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құжаттар тізбесін ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 15.01.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Үміткердің конкурсқа қатысуға берген өтінімі оның осы Қағидаларда белгіленген және конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада жарияланған шарттарда конкурсқа қатысуға ниетін білдіреді.

      11. Конкурсқа қатысуға үміткерлер осы Қағидалардың кез келген тармағы бойынша ұйымдастырушыға қажетті түсініктеме үшін жүгінеді.

      12. Тіркелген өтінім кері қайтарылып алынған жағдайда, үміткер ұйымдастырушыға жазбаша хабарлама жібереді.

      13. Конкурсқа қатысуға тапсырыс беруді үміткердің атынан әрекет етуге оның құқығын куәландыратын тиісінше рәсімделген сенімхатты көрсету арқылы үміткердің өкілі жүзеге асырады.

      14. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттар қабылданбайды.

      Себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы белгіні құжат қабылдауды жүзеге асыратын тұлға ұсынылған құжаттарға қояды.

      15. Ұйымдастырушы үміткерлердің конкурсқа қатысуға ұсынған өтінімдері мен оларға қоса берілген құжаттардың, сондай-ақ өтінім берген тұлғалар мен олар ұсынған құжаттардың мазмұны туралы құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

      16. Үміткер конкурсқа қатысу үшін ұйымдастырушыға осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша өтінім береді.

      17. Өтінімге осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың тізімі қоса беріледі.

      18. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған түрде мөр басылған конвертте ұйымдастырушының мекенжайына ұсынылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 15.01.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Комиссия конкурсты өткізу туралы ақпараттық бағдарламада көрсетілген мерзімде және орында үміткерлер мен олардың өкілдерінің қатысуымен өтінімдер мен басқа құжаттар салынған конверттерді ашады.

      20. Ұйымдастырушы конверттерді ашу хаттамасын бес жұмыс күні ішінде жасайды.

      Конверттерді ашу хаттамасына Комиссия төрағасы, комиссияның қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды.

      21. Комиссия ұсынылған өтінімдерді қарап, конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурс қорытындысын шығарады.

      22. Үміткердің және /немесе/ оның уәкілетті өкілінің Комиссия отырыстарына қатыспауы себебінен конкурстық өтінімді қайтаруға жол берілмейді.

      23. Үміткерлердің өтінімдерін қарау, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу, конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген телерадио хабарларын тарату мақсатына үшін жиіліктің, радиожиіліктің, (радиожиілік арналарының) әрбір жолағы бойынша жүзеге асырылады.

      24. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктің, радиожиіліктің (радиожиілік арналарының) әрбір жеке жолағына конкурсқа қатысуға кемінде екі үміткер жіберілетін болса, ол өткізілді деп есептеледі.

      25. Конкурс бойынша шешiмдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып есептеледі.

      Комиссия шешім қабылдайтын кезде Хатшының дауыс беруге құқығы жоқ.

      26. Конкурс бойынша шешім қабылдау кезінде Комиссия мынадай өлшемдерді басшылыққа алады:

      қаржылық ұсыныстар (болжамды қаржыландыру көздерінің болуы, жоспарланған шығындар мен кірістердің оң теңгерімі);

      техникалық ұсыныстар (халықтың басым бөлігін қамтуға мүмкіндік беретін ақпараттық хабарламада көрсетілген нақты жиілік номиналын пайдалану жөніндегі техникалық талаптарға сәйкес келетін жабдықтың болуы);

      шығармашылық ұсыныстар (ретрансляцияланатын теле-, радиоарналардың саны, олардың тақырыптық бағытының әралуандығы).

      27. Конкурстың қорытындысы конкурс жеңімпаздары мен конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, сондай-ақ себептері көрсетіле отырып, хаттамамен ресімделеді.

      Хаттамаға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 17.01.2020 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Телерадио хабарларын тарату
мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн,
радиожиiлiктердi (радиожиiлiк
арналарын) бөлу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Телерадио хабарларын таратуды

      дамыту мәселелері жөніндегі

      комиссия төрағасына

Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурсқа қатысуға өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 15.01.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жалпы мәліметтер:

      1. Заңды тұлғаның толық атауы

      / жеке тұлғаныңтегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _____________________________________________________________

      2. Заңды мекенжайы:

      _____________________________________________________________

      3. Телефондардың, факстердің нөмірлері:

      _____________________________________________________________

      4. Конкурстық хабарландыруға сәйкес пайдалану жоспарланған жиілік номиналы:

      ___________________________________________________________

      5. Конкурстық хабарландыруға сәйкес таратушы станцияның қуаты, Ватт:

      _______________________________________________________________

      6. Таратушы станцияның орнатылу пункті

      _______________________________________________________________

      7. Жоспарланған ретрансляцияланатын телеарналар тізбесінің атауы

      ______________________________________________________________

      8. Хабар таратуға құқық алу сәтінен бастап қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі:

      ____________________________________________________________

      9. Теле-, радиоарналармен халықты қамтудың жоспарланған көлемі:

      _____________________________________________________________

      Қоса берілген құжаттар

      1.______________________________________

      2.______________________________________

      3.______________________________________

      бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы

      Мөр орны (бар болған жағдайда) 20__ ж. "__" ____________

  Телерадио хабарларын тарату
мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн,
радиожиiлiктердi (радиожиiлiк
арналарын) бөлу қағидаларына
2-қосымша

Құжаттардың тізімі

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері:

      заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;

      жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты растайтын құжаттар;

      2) теле-, радиоарналардың қамту аймағының шекаралары түсірілген және радиотарату жабдығының орнатылған орны көрсетілген болжамды қызмет көрсету аумағының жергілікті жерінің картасы;

      3) мынадай мәліметтер көрсетілетін түсіндірме жазба:

      телевизиялық сигналдың (бір сөйлеу, көп сөйлеу) дыбыстық сүйемелдеу түрі;

      теле-, радиоарналарды тарату үшін жоспарланатын жабдықтардың болуы, оның сипаттамалары, жай-күйі және түрі туралы ақпарат;

      білікті техникалық персоналдың болуы (дипломдар мен еңбек кітапшаларының көшірмелерін қоса беріп);

      болжамды қаржыландыру көздері, жоспарланатын шығындар мен кірістер, жобаның өтелу мерзімі;

      4) теле-, радиоарналарды тарату стандартының орындалуы туралы міндеттемелер;

      5) арнаның орташа ақпараттық жылдамдығын және жоспарланатын хабар тарату сапасының стандарттарын ұстап тұру туралы міндеттемелер;

      6) телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру немесе бір бағдарламалық хабар тарату схемасы;

      7) спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда қосымша:

      пайдаланылатын жердің жасанды спутниктерінің атауы, орналасқан жері және тиесілігі (спутниктік оператор), олардың орналасу нүктесі, қызмет көрсету аймағы;

      спутниктік оператор берген желіде пайдаланылатын қабылдағыш-таратқыш спутниктік станцияларының трансмиссиялық жоспарларының көшірмесі;

      жиіліктердің алатын белдеулері (пайдаланылатын спутниктік ресурс мөлшері);

      8) радиостанциялар үшін қосымша шығармашылық ұсыныстар:

      радиоарнаның хабар тарату торы (кейінгі айға);

      мынадай мәліметтерді қамтитын ақпарат:

      радиоарнаның тақырыптық бағытталуы;

      хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі радиобағдарламаларды тарату уақыты;

      меншіктік радиобағдарламалардың, сатып алынатын радиобағдарламалар мен ретрансляциялардың арақатынасы.

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.