БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Абаев |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 14 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11271 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу туралы қағидаларда:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Конкурстың қорытындысы конкурс жеңімпаздары мен конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, сондай-ақ себептері көрсетіле отырып, хаттамамен ресімделеді.
Хаттамаға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.".
2. "Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 489 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11264 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Конкурстың қорытындысы конкурс жеңімпаздары мен конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, сондай-ақ себептері көрсетіле отырып, хаттамамен ресімделеді.
Хаттамаға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.".
3. "Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11272 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Конкурстың қорытындысы конкурс жеңімпаздары мен конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, сондай-ақ себептері көрсетіле отырып, хаттамамен ресімделеді.
Хаттамаға Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.".