"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11216 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):
      1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      Е. Досаев ______________
      2015 жылғы 27 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 478 бұйрығымен    
бекітілген      

«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық
преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске
асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Инвестициялар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап - 35 (отыз бес) жұмыс күні, инвестициялық субсидия беруді қоспағанда.
      Инвестициялық субсидия «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-5-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте және мерзімде беріледі.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) жасасу.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі инвестициялық преференцияларды беруге өтінім (бұдан әрі – Өтінім);
      2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк (есептік) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк* көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      3) заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;
      5) тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін инвестициялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды негіздейтін, құжаттардың көрсетілетін қызметті алушы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелері;
      6) көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде көрсетілген мемлекеттік заттай гранттың көрсетілетін қызметті алушы сұрау салған мөлшерін (құнын) және оны беру алдын ала келісілгенін куәландырылған құжаттар;
      7) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.
      Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, заңды тұлға басшысының қолымен, мөрімен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алды құжаттамасын ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушының тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде - кағаз тасығышта өтінімді қабылданғанын растауы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен кіріс номері көрсетілген кеңседе тіркелуі туралы белгісі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекттік қызметтер көрсету мәселері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2301 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 75 45 50, 75 45 85 бойынша көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына не Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1012 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 75 44 11, 75 45 46 бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылданғанын растау көрсетілген қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс номірі және күні) болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының басшысы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
      Көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып, қойылған өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz Интернет ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Инвестицияларды жүзеге асыруды және 
инвестициялық преференцияларды беруді 
көздейтiн инвестициялық жобаны іске 
асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу»
мемлекеттік көрсетілетін       
қызмет стандартына          
1-қосымша                 

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм

1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәлiмет

1.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы


2.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркеуден (қайта тiркеуден) өткені туралы ақпарат (күнi, негізі)


3.

Орналасқан жері:
- заңды мекенжайы
- нақты орналасқан жерi


4.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)


5.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы

______________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

______________________________
(телефон, факс,электрондық пошта)

6.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтерi

______________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты)

______________________________
(телефон, факс, электрондық пошта)

7.

Инвестициялық жобаның менеджері

_________________________________
    (тегі, аты әкесінің аты) _________________________________
(телефон, факс, электронды пошта)

2. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер

8

Инвестициялық жобаның атауы

_________________________

9.

Инвестициялық жобаның іске асырылатын орны

_________________________

10.

Инвестициялау үшiн таңдалған қызметтiң басым түрi(лері) (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жіктеуішінің сыныптарының деңгейінде)


11.

Қосылған құн салығын есепке алмастан, заңды тұлғаның тiркелген активтерге инвестициялардың көлемi (инвестициялық преференцияларды беруге өтінімді берген күнге дейін күнтізбелік он екі айға жұмсалған шығындар және (немесе) алдағы кезеңдердің шығындары есепке алынады)

__________________________
(теңге)

12.

Жобаны қаржыландыру көздерi, мыналардың болуы:
- меншiк қаражаты
- қарыз қаражаты
- бюджеттік қаражат

1)_______________________________
(меншікті қаражаттың болуын растайтын
құжаттың атауы, №, күні)
2)_______________________________
(жобаны қаржыландыру көздерін
белгілейтін құжаттың атауы, №,
күні, кредит беруші)
3)_______________________________
(бюджет қаражатынан қаржыландыруды
растайтын құжаттың атауы, №, күні)

3. Жобаны іске асыру үшiн талап етілетін инвестициялық преференциялар

13.

1) технологиялық жабдықтың, оған жинақтауыштарының;
2) технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектерінің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату

1)_______________________________
      (жеңілдетілген сома)

2)______________________________
      (жеңілдетілген сома)

14.

Кедендік тазарту жүргізу орны


15.

Мемлекеттік заттай грант

______________________________
(алдын ала келісімді растайтын
              құжат)

16.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер*

___________________________
        (мерзімі)

17.

Мүлікке салық бойынша жеңілдіктер*

___________________________
        (мерзімі)

18.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер?

___________________________
        (мерзімі)

19

Инвестициялық субсидия*

______________________
     (мың теңге)

мемлекеттік сараптама қорытындысы бар, жобалау алды құжаттамасында көзделген, шығындар құнының сома көрсетіледі
_________________________________
(субсидия беру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешімі)

20

Шетелдік жұмыс күшінің саны*, оның ішінде:
1) басшылар,
2) жоғары білімі бар мамандар,
3) білікті жұмысшылар

1._______________________________
           (адам саны)

2._______________________________
           (адам саны)

3._______________________________
            (адам саны)

      _______________________________________________________________
      Ескертпе *инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлға
үшін.

      4. Инвестициялық жобаның жұмыс бағдарламасы
      _______________________________________________________________
                           (атауы)

      Инвестордың атауы:_____________________________________________

1-бөлім: Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Шығын баптары

растайтын құжаттар

Тіркелген активтерді пайдалануға беру күні

күнтізбелік жыл

күнтізбелік жыл

Барлығы

Контрагент

күні

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Бір жыл бойынша жиыны

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Бір жыл бойынша жиыны

























1-бөлім бойынша жиыны:












2-бөлім: Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны

Шығын баптары

растайтын құжаттар

өлшем бірлігі

игеру кезеңі

игеру кезеңі

Барлығы

Контрагент

күні

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Бір жыл бойынша жиыны

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Бір жыл бойынша жиыны

1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде:
























2. Шикізат, материалдар, оның ішінде:
























2-бөлім бойынша жиыны:












3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер, заттай көрініс саны

р/с

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер атауы

Күнтізбелік жыл

Барлығы



1–жартыжылдық

2–жартыжылдық

Бір жыл бойынша жиыны

3-бөлім бойынша жиыны





      5. Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік бажды салудан
босатылатын, импортталатын технологиялық жабдық пен оған
жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың
тiзiмi және көлемi.


р/с

Атауы

КО СЭҚ ТН коды

Өлшем бірлігі

Саны

Тауарларды бірдей тіктеуге мүмкіндік беретін құжаттар*


1.







2.







Жиыны:

      ____________________________
      Ескертпе *Тауарларды жіктеу бойынша ақпарат тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауды, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және өзге де ақпаратты, оның ішінде бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін және өтініш берген заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған басқа да құжаттарды қамтуы тиіс.
      6. Өтiнiмге қосымшалар:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
      2) заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшiрмесі;
      3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7760 болып тіркелген, «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығымен бетіліген Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау жөніндегі талаптарға сәйкес құрастырылған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;
      4) тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын, тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн, құжаттардың заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелері;
      5) өтiнiм берген заңды тұлға сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оның берілуі алдын ала келiсiлгендігiн растайтын құжаттар;
      6) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
      7) егер өтінім инвестициялық субсидия алуды көздесе, заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алды құжаттамасы;
      8) шетел жұмыс күші тарылған жағдайда осы өтінімге сәйкес нысанда мәліметтер ұсынылады, сондай-ақ басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен расталған немесе нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармаларымен бірге:
      жеке басты куәландыратын құжат;
      7. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өтiнiмде және қоса берiліп отырған құжаттарда қамтылған ақпараттың дұрыстығын (растығын) мәлімдейді және кепiлдiк бередi, ұсынылған ақпарат үшін жауапты болады және «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жасалған инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату шарттарымен танысқан.
      8. Осымен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы:
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және білім беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымы;
      концессия шартты шенңберінде қызметін жүзеге асыратын ұйым;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтынын растайды.

_____________________________________         _______________________
(Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы          (қолы, мөрi және күнi)
басшысының тегі, аты, әкесінің аты)

Инвестициялық преференцияларды
беруге арналған өтінімге қосымша

Нысан

Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәлімет

Аты-жөні (сонымен қатар латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы / Тұрғылықты елі

Куәлігінің нөмірі, берілген күні мен берген орган (жеке басын куәландыратын құжат)

Тартылатын кезеңі (ай, жыл)







____________________________________         ________________________
(Қазақстан Республикасы заңды тұлға           (қолы, мөр және күні)
басшысының тегі, аты, әкесінің аты)

«Инвестицияларды жүзеге асыруды және  
инвестициялық преференцияларды беруді  
көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға
инвестициялық келісімшарт жасасу»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                  

Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

      1. Осы Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4) тармақшасы негізінде әзірленген және инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарын айқындайды.
      2. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) инвестордың қысқаша сипаттамасы;
      2) инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы;
      3) техникалық бөлім;
      4) коммерциялық бөлім;
      5) ұйымдық бөлім;
      6) әлеуметтік бөлім;
      7) қаржылық бөлім;
      8) экологиялық бөлім;
      9) экономикалық бөлім.
      3. Инвестордың қысқаша сипаттамасы өзіне мыналарды қамтиды:
      1) заңды тұлғаның атауы;
      2) заңды тұлғаның басшысы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты – болған кезде);
      3) заңды тұлғаның мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы;
      4) заңды тұлға қызметінің негiзгi бағыттарының қысқаша сипаттамасы, негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерi, осы салада Инвестициялық келiсiмшарт жасасу бойынша жоспарланатын жұмыс тәжiрибесi. Соңғы есептік кезең үшiн кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы қысқаша есебі.
      4. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы өзіне мыналарды қамтиды:
      1) инвестициялық жобаның атауы;
      2) инвестициялық жобаның негiзгi мақсаттары;
      3) инвестициялық жобаның тiкелей қатысушылары;
      4) инвестициялық жобаны iске асыру орны (облыс, аудан);
      5) қысқаша мазмұны:
      шығаруға болжанатын өнiм, болуы мүмкiн түрлену спектрін көрсете отырып, тауардың немесе қызметтің сипаттамасы, мақсаты мен қолдану саласы;
      болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңадан құру, қолданыстағы кәсiпорынды реконструкциялау немесе кеңейту);
      басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттардың көшірмесінің болуы: инвестициялық жоба бойынша техникалық құжаттама (ерешелік), техникалық-экономикалық негiздеме, жобалық-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаждық жұмыстары және жабдықты жеткiзуге шарттар мен келiсiмшарттар, жер телiмiне құқықтарды растайтын құжаттар, ғимараттарды, имараттарды жалдау шарттары мен басқа да құжаттар;
      жоба бойынша iске асыру және шектеудiң ерекше талаптары, оның ішінде лицензиялардың (егер қызмет түрi лицензиялауға жататын болса), патенттердiң, рұқсаттардың бар болуы, экспорттық және импорттық квоталардың, өткiзу нарығы және шикiзат, су, энергиямен қамтамасыз ету, көлiк, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шектеулер мен ұсынымдардың болуы, шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктер, технологиялық процестердiң экологиялық тазалығына талаптардың болуы;
      6) инвестициялық жобаны iске асыру құны, қаржыландыру көздерi:
      меншiк қаражаты;
      қарыз қаражаты (кредиттер немесе шаруашылық субъектiлерiнің тартылған қаражаты) және/немесе грант;
      7) инвестицияларды жүзеге асыру сәтiнен бастап жобаны iске асыру мерзiмi.
      5. Техникалық бөлім өзіне мыналарды қамтиды:
      1) инвестициялық жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы;
      2) технологиялық шешімді таңдаудың негіздемесі, атап айтқанда инвестициялық жобаның тұрған жері мен көлемін (ауқымы) таңдаудың негіздемесі (жеткізушілер мен нарықтар үшін орналасқан жердің қолайлылығы):
      ілеспе инфрақұрылым және көліктік мүмкіндіктер;
      қолданыстағы үй-жайларды пайдалану мүмкіндігі немесе реконструкциялау;
      инвестициялық жоба бойынша тауарларды өндіру (қызметтерді көрсету) көлемін анықтайтын факторлар.
      Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша балама шешімдерді салыстырмалы талдау (ұқсастармен салыстырғанда тауар өндірісі, қызмет көрсету үшін ұсынылатын техникалық деңгейі және құны, ақпарат көздеріне сілтеме).
      Шикізаттық ресурстарды ұтымды пайдалану дәрежесі:
      шикізатты қайта өңдеу дәрежесі;
      өндірістің қайталанбалылығы (қалдықтарды қайта өңдеу);
      жергілікті шикізатты пайдалану;
      Талаптарға 1-қосымшада көрсетілген жобаны іске асыру кестесі.
      6. Коммерциялық бөлiм өзіне мыналарды қамтиды:
      1) шикiзатты, материалдарды және жабдықтарды жеткiзу:
      шикiзатты, материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау:
      пайдаланатын шикiзат түрлерiнiң тiзбесi;
      көлiктiк шығыстарды есепке ала отырып, бағаның қол жетімділігі және деңгейi;
      қолданылған шикізат және материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, жоба бойынша қызмет түрі шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материал шығыстарының нормасы;
      шикізатты есептен шығару әдісі (Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының есептік саясаты);
      жабдықты өндiрушiлердi/жеткiзушiлердi таңдау:
      қажеттi жабдықтардың тiзбесi және оған негiзгi техникалық талаптар;
      жабдық пен технологияның әлемдiк және жергiлiктi нарықтағы жаңалығы;
      көлiктiк шығыстар, монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарды есепке ала отырып, жабдықтардың құны;
      жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);
      қосалқы бөлшектер немесе шығыс материалдармен қамтамасыз ету көздерi;
      2) маркетинг:
      Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімдік көрсеткіштер;
      қолданыстағы шектеулердi (квоталар, лицензиялар және т.б.) - (нарық сыйымдылығын) есепке ала отырып, өткiзу нарығын болжау, iшкi және сыртқы нарықтағы әлеуеттi төлем қабiлетi бар сұраныс, қазiргi уақытта оны қанағаттандыру деңгейi:
      өткiзу арналары - қандай өңiрлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегi қай елдерге жеткiзiлiм болжанатыны, нарықта ұқсас, өзара алмасатын, өзара толықтырылатын тауарлар, қызмет көрсетулердiң орын алуы, болашақтағы олардың өндiрiсiн бағалау, соңғы бiрнеше жыл iшiнде тауарлардың экспорты және/немесе импортының серпіні, көлемi мен бағалары, негiзгi бәсекелестер және олардың нарықтағы үлес салмағы; әлеуметтiк-экономикалық жағдайының өзгеру мүмкiндiктерi нәтижелерiнде нарықты болжау көрсетiлсiн;
      өткiзу мүмкiндiгiн растайтын құжаттар:
      тауарлардың жеткiзiлiмiне келiсiмшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды құжандырылған көшiрмелерi;
      тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге бағалар деңгейiн болжамды бағалау;
      коммерциялық тәуекел факторлары мен негiзгi маркетингтiк iс-шаралар.
      Жобаны қаржыландырудың айырбас валюта бағамы мен қолданыстағы салық базасының өзгеруiне әсер етудi бағалау.
      7. Ұйымдастыру бөлiмi өзіне мыналарды қамтиды:
      1) тартылатын ұйымдар:
      жобаны құрушы;
      жабдықты өндiрушiлер;
      жабдықты жеткiзушiлер;
      қаржыланатын ұйым;
      делдалдар;
      2) жобаны iске асыру процесiнде оған қатысушылар арасында мiндеттер мен жауапкершiлiктердi бөлу;
      3) ұйымдастыру құрылымы және тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің менеджментi мен сапасын бақылау жүйелері.
      8. Әлеуметтік бөлім өзіне мыналарды қамтиды:
      1) Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);
      2) Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны (инвестициялық басым жобаларды іске асыру кезінде толтырылады);
      3) Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы.
      9. Қаржы бөлiмi өзіне мыналарды қамтиды:
      1) инвестицияларды бағалау:
      толық инвестициялық шығындар (негiзгi және айналым капиталға инвестициялар);
      жобаны қаржыландыру мен инвестициялардың құрылымы (жобаны iске асыру үшiн қаржының жеткiлiктiгiн көрсететін инвестициялардың жалпы көлемiн бағалау, инвестициялардың құрылымы, қаржыландырудың схемасы мен шарттары, пайданың болжамды қолданылуы);
      2) тәуекелдердi бағалау:
      тәуекел түрлерi;
      тәуекелдiң деңгейi (дисконт мөлшерлемесі);
      3) қаржылық талдау:
      инвестициялық преференцияларды есептемей және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделі;
      жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi таза дисконттық табысы (NPV);
      жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi табыстылықтың iшкi нормасы (IRR);
      жобаның өтімділік мерзімі (қарапайым және дисконттық);
      жоба өмiрiнiң әр жылына табыстың қарапайым мөлшері (рентабельдiгi);
      түрлер бойынша бюджетке төленетiн салықтар, кедендік баждар мен төлемдерi;
      төленетiн салықтардың барлық түрлерi бойынша бюджеттiк тиiмдiлiктiң жиынтық есебi.
      Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.
      10. Экологиялық бөлiм өзіне жоба технологиясының қоршаған ортаға әсерi бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестiгiн қамтиды.
      11. Экономикалық бөлiм өзіне мыналарды қамтиды:
      жобаның мемлекет экономикасының қажеттiлiктерiне сәйкестігі:
      халық тұтынатын азық-түлiк тауарлары және азық-түлiктік емес тауарларын шығаруды ұлғайту;
      импорт алмастыру (импорт алмастырудың қабылданған бағдарламаларына сәйкестiгi);
      экспортты ұлғайту;
      жаңа жұмыс орындарын құру;
      халықтың бiлiмi мен бiлiктiлiк деңгейiн арттыру;
      озық технологияларды игеру, «ноу-хау»;
      жобаны iске асырудан мультипликатор тиiмдiлiгi;
      сапаның халықаралық стандарттар жүйесіне сәйкес өндiрiстi ұйымдастыру.
      12. Бизнес-жоспар Times new Roman қаріпімен, 14 кегелмен басылады (бірақ схеманы, сызбаны, кестені, нобайларды жасау кезінде 10 кем емес), қағаз тасығышта тапсырылады, бизнес-жоспардың әрбір басылып шыққан парағы мынадай жол өлшемдеріне ие:
      сол жағы – 2,5 сантиметр;
      оң жағы – 1,5 сантиметр;
      жоғарғы жағы – 2,5 сантиметр;
      төменгі жағы – 2,5 сантиметр.
      Бизнес-жоспар мәтінін рәсімдеу кезінде екінші және келесі беттері нөмірленуі тиіс (беттің реттік нөмірлері бизнес-жоспардың жоғарғы алаңының ортасында араб цифрымен тыныс белгісіз қойылады).

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға 
1-қосымша     

Нысан

Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша балама шешiмдердi
салыстырмалы талдау (ұқсастармен салыстыруда тауарлар өндiрiсі
мен қызмет көрсету үшiн ұсынылатын техникалық деңгейi мен құны,
ақпарат көзiне сiлтемелер)

Көрсеткiштердiң атауы

Көрсеткiштердiң мәнi

ұсынылатын үлгi

ұқсастар

1.



2.



Жобаны iске асыру кестесi

Жұмыстардың атауы

Күнтізбелік жыл

Күнтізбелік жыл

Жиыны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан


Тiркелген активтерге инвестициялар (теңге)

1.










2.










3.










Шикізат және материалдарға инвестициялар (теңге)

1.










2.










3.










Жобалық қуаттарды игеру










Құрылатын және/немесе сақталатын жұмыс орындарының саны










Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға 
2-қосымша     

Нысан

Өндірістік көрсеткіштер

Өндіріс қуаты ___________

Жылдар

Тауар, жұмыс, қызмет атауы

Өнімнің заттай көрсеткіш көлемі

Өнімнің құндық көрсеткіш көлемі

Кәсіпорынның жүктелімі, %







Барлығы:




Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға  
3-қосымша     

Нысан

Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны)

Құрылыс кезіндегі

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін (1 жыл)

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші





Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға 
4-қосымша     

Нысан

Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны

Мамандығының атауы (тарифтік дәрежесі, санат)

Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы /Тұрғылықты елі

Тартылатын кезеңі (ай, жыл)

1. Басшылар:






2. Жоғары білімі бар мамандар:






3. Білікті жұмысшылар:






Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға 
5-қосымша     

Нысан

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы

р/с

Кәсіптің атауы

Біліктілік деңгейі (тарифтік разряды, санаты)

Саны





Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға 
6-қосымша    

Нысан

Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен
кірістердің есебі

Бюджетке міндетті төлемдердің түрлері

Күнтізбелік жыл

Күнтізбелік жыл

Жиыны

Преференцияларды есептемегендегі бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есептегендегі бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есептемегендегі бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есептегендегі бюджеткетүсетін түсім

Преференцияларды есептемегендегі бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есептегендегі бюджетке түсетін түсім

Корпоративтік табыс салығы






Мүлік салығы






Жер салығы






Кедендік баж






Әлеуметтік салық






Зейнетақы төлемдері






және тағы басқалары