Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.02.2016 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 27-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінің 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға бағалау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-кұқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі Е.Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі № 365
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға бағалау жүргізу жөніндегі әдістеме
1. Негізгі ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға бағалау жүргізу жөніндегі әдістеме
(бұдан әрі – Әдістеме) уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асырылу тиімділігіне бағалау жүргізу бойынша әдіснамалық көмек көрсету мақсатында әзірленді және көрсетілген құжаттарды бағалау жөніндегі есептің нысаны мен оны құрастыру тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау көрсетілген құжаттардың іске асырылу тиімділігін бағалау болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау:
мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйымдардың ақпараты;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың мониторингі жөніндегі есептер;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды алдыңғы бағалаулар жөніндегі есептер және бар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қорытындылары;
ұлттық және ведомстволық статистика;
сауалнамалық деректер негізінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының іске асырылу тиімділігін бағалау
4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол іске асырылғаннан кейін бес жыл өткен соң жүргізеді.
5. Стратегиялық жоспардың іске асырылу тиімділігін бағалау жөніндегі есепті құрастыру үшін бірігіп орындаушы мемлекеттік органдар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдарға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырына дейін Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы ақпаратты ұсынады.
6. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреттері шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы ақпаратты ұсынады.
7. Стратегиялық жоспарды бағалау жөніндегі есеп осы Әдістемедегі 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Бағалау жөніндегі есепке Стратегиялық жоспардың іске асырылу тиімділігі бағалау жөніндегі есепті құрастыруға жауапты мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
Стратегиялық жоспарды бағалау жөніндегі есеп мынадай бөлімдерден тұрады:
1-бөлім. «Ақпараттық бөлім»
Есепті кезең ішінде Стратегиялық жоспардың стратегиялық мақсаттарын іске асыру нәтижелері туралы деректерді ұсыну ақпараттық бөлімнің мақсаты болып табылады.
Әрбір стратегиялық мақсат бойынша оның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) қандай төмен тұрған құжаттары арқылы іске асырылатынын көрсетіледі (декомпозиция).
Жоспарланған мақсаттарға, міндеттерге, көрсеткіштерге қол жеткізуге және жоспарланған іс-шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға бағытталған есепті кезеңде қабылданған шаралар туралы ақпаратты жазған жөн.
Стратегиялық мақсаттар бойынша жоспарланып отырған және нақты деректерді, сондай-ақ орындалған және орындалмаған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері туралы ақпарат ұсынылады.
Стратегиялық мақсаттардың іске асырылу барысы туралы ақпарат Стратегиялық жоспардың түйінді бағыттар бөлігінде ұсынылады.
Стратегиялық мақсаттардың атауынан кейін жақшада стратегиялық мақсаттың тиісті санат атауының (сандық мақсат/сапалық мақсат/іс-шара) астын сыза отырып, тиісті санат көрсетіледі.
Нысаналы индикаторлардың және нәтиже көрсеткіштерінің орындалуы туралы деректерді толтырғанда өлшем бірлігін, олардың орындалуының түпкі мерзімін, базалық мәнін, сондай-ақ нысаналы индикаторды немесе нәтиже көрсеткішін іске асыру шеңберінде төмен тұрған құжаттың атауы көрсетіледі.
Нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің орындалуы туралы ақпарат бағалаумен қамтылған әр жылға толтырылады.
Сондай-ақ, төмен тұрған құжаттарда қарастырылған іс-шаралар бөлігінде қаржыландырудың жоспарлы және нақты мәні және олардың көздері көрсетіледі.
2-бөлім. «Талдамалық жазба».
Талдамалық жазбада:
есептің Ақпараттық бөлімінде келтірілген ақпараттың қажетті түсініктемелері мен жалпылануын;
тиісті салалардағы ағымдағы жағдай мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты;
мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың (бар болған кезде) тапсырысы бойынша жүргізілетін, игілік алушылардың төмен тұрған құжаттардың іске асырылуына қанағаттанушылық деңгейін айқындауға бағытталған, жүргізу мерзімдері, респонденттер саны, өңірлік қамтылуы көрсетілген әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелерін ерікті нысанда жазылады.
8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытынды жобасын мен бүкіл есепті кезең ішіндегі іске асыру туралы есепті Қазақстан Республикасы Үкіметіне есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.
Елімізді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бағалау мен мониторингілеуді есепке ала отырып, сондай-ақ мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың негізінде стратегиялық жоспарды бағалау жүзеге асырылады.
Стратегиялық жоспардың іске асырылу тиімділігін бағалау жөніндегі есеп:
1) құжаттың деректемелерін:
атауын, нөміріне сілтемені, құжаттың күнін;
әзірлеуші мемлекеттік органды;
іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдерін;
2) шешуші бағыттар бөлінісіндегі ағымдағы жағдай мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
Есепті ақпаратты жалпылау кезінде стратегиялық мақсаттарды төмендегідей санаттарға бөлу пайдаланылуға тиіс:
сандық – қол жеткізілу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін санмен өлшенетін индикаторы бар стратегиялық мақсат;
сапалық – санмен өлшенетін индикаторы жоқ, бірақ тиісті саладағы (аядағы) оң өзгерістердің мәнін айқындауға мүмкіндік беретін стратегиялық мақсат;
іс-шара – санмен өлшенетін индикаторы жоқ және мақсаттарға қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін орындалуға тиіс бір жолғы іс-шара (іс-қимыл) түрінде тұжырымдалған стратегиялық мақсат.
3) алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді, олардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсерін бағалауды қамтуға тиіс.
Стратегиялық жоспарды іске асырудан болған әлеуметтік-экономикалық әсерді айқындау үшін әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуге жол беріледі.
4) шешілуіне құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесін, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуді бағалауды;
5) анықталған проблемаларды және осы құжатта ескерілмеген мәселелерді;
6) талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды.
Осы бөлім:
есепті кезеңде Стратегиялық жоспардың іске асырылуын бағалау қорытындылары туралы қажетті тұжырымдарды;
Стратегиялық жоспарды одан әрі іске асыру, оны түзету, қосымша нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде МЖЖ құжаттарын әзірлеу немесе қолданыстағыларды түзету, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жөніндегі және тағы басқа ұсыныстарды қамтиды.
9. Бағалау жөніндегі жалпы есептің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытынды жобасын дайындайды.
Қорытынды жобасы бағалау жүргізу жөніндегі уәкілетті органның Стратегиялық жоспардың іске асырылу бағалау нәтижелері бойынша тұжырымдарды және оның барысын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтиды.
3. Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының іске асырылу тиімділігін бағалау
10. Қазақстан Республикасының Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын бағалау (бұдан әрі – Болжамды схема) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол іске асырылғаннан кейін бес жыл өткеннен кейін жүргізеді.
11. Болжамды схеманы іске асыруға қатысатын бірігіп орындаушы мемлекеттік органдар Болжамды схеманың нысаналы индикаторларына/көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдарға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырына дейін өз құзыреті шеңберінде Болжамды схеманы іске асыру жөніндегі ақпаратты жібереді.
12. Болжамды схеманың нысаналы индикаторларына/көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін өз құзыреті шеңберінде ақпарат ұсынады.
13. Болжамды схеманың нысаналы индикаторларына/көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органның Болжамды схеманың іске асырылу тиімділігін бағалау жөніндегі есебі осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Бағалау жөніндегі есепке Болжамды схеманы бағалау жөніндегі есепті құрастыруға жауапты мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
Болжамды схеманы бағалау жөніндегі есеп мынадай бөлімдерден тұрады:
1-бөлім. «Ақпараттық бөлім»
Ақпараттық бөлім Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарының іске асырылуын есепке ала отырып, Болжамды схеманың 4-бөліміне сәйкес нысаналы индикаторларды/көрсеткіштерді іске асыру жөніндегі ақпаратты қамтиды.
Әрбір нысаналы индикатор/көрсеткіш бойынша оның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған қандай құжаттары арқылы іске асырылатынын көрсету қажет (декомпозиция).
Жоспарланған индикаторларға/көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған, есепті кезеңде қабылданған шаралар туралы ақпаратты жазған жөн.
Нысаналы индикаторлардың және нәтиже көрсеткіштерінің орындалуы туралы деректерді толтырғанда өлшем бірлігін, олардың орындалуының түпкі мерзімін, базалық мәнін, сондай-ақ нысаналы индикаторды немесе нәтиже көрсеткішін іске асыру шеңберінде төмен тұрған құжаттың атауы көрсетіледі қажет.
Нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің орындалуы туралы ақпарат бағалаумен қамтылған әр жылға толтырылады.
Сондай-ақ, төмен тұрған құжаттарда қарастырылған іс-шаралар бөлігінде қаржыландырудың жоспарлы және нақты мәні және олардың көздері көрсетіледі.
Өңірлер бөлінісінде индикаторлар/көрсеткіштер бойынша жоспарланып отырған және нақты деректерді, сондай-ақ орындалған және орындалмаған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері туралы ақпаратты ұсыну қажет.
2-бөлім. «Талдамалық жазба».
Талдамалық жазбада:
есептің Ақпараттық бөлімінде келтірілген ақпараттың қажетті түсініктемелері мен жалпылауын;
өңірлер бөлінісіндегі ағымдағы жағдай мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты ерікті нысанда жазылады.
14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау жөніндегі қорытындының жобасы мен бүкіл есепті кезең ішіндегі іске асыру туралы есепті Қазақстан Республикасы Үкіметіне есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен ұсынады.
15. Болжамды схеманың іске асырылу тиімділігін бағалау мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалауды есепке ала отырып, сондай-ақ мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
16. Болжамды схеманың іске асырылу тиімділігін бағалау жөніндегі есеп жалпы түрде:
1) құжаттың деректемелерін:
атауын, нөмірге сілтемені, құжаттың күнін;
әзірлеуші мемлекеттік органды және бірігіп орындаушыларды;
іске асыру мерзімін, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімін;
2) орындалған және орындалмаған жоспарланған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалға ықпал етуі туралы ақпаратты;
3) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды/көрсеткіштерді, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;
4) шешілуіне құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілуі дәрежесі, құжатты іске асырудың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуі туралы ақпаратты;
5) талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды.
«Талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар» деген бөлім:
Болжамды схеманың іске асырылу барысына теріс және/немесе оң әсер еткен ішкі және сыртқы факторлардың (тәуекелдің) ықпалы туралы ақпаратты қоса алғанда, есепті кезеңде Болжамды схеманың іске асырылу тиімділігін бағалау қорытындылары туралы қажетті тұжырымдарды;
Болжамды схеманы одан әрі іске асыру, оны түзету, қосымша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе қолданыстағы актілерді түзету, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
17. Бағалау жөніндегі жалпы есептің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытынды жобасын дайындайды.
Қорытынды жобасы бағалау жүргізу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бағалау нәтижелері бойынша тұжырымдармен Болжамды схеманың іске асырылу барысын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтиды.
4. Мемлекеттік/салалық бағдарламаның іске асырылу тиімділігін бағалау
18. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезең қорытындылары бойынша (түпкілікті) жүзеге асырылады.
19. Мемлекеттік/салалық бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мемлекеттік/салалық бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін өз құзыреті және орындайтын функциялары шеңберінде ақпарат ұсынады.
Мемлекеттік/салалық бағдарламалардың іске асырылуына үйлестіруші-мемлекеттік органдар есептік ақпарат шеңберінде нысаналы индикаторлар және тікелей нәтижелер көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік/салалық бағдарлама шеңберінде қарастырылған барлық нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ақпаратты (ведомствалық және есептік деректерді көрсете отырып, бағдарламаны іске асырғаннан бастап деректермен салыстырылған деректерін, егер мүмкін емес болған жағдайда есептік кезеңнің алдынғы жылымен салыстырылған деректерді) ұсынуы қажет.
Бұл ретте, егер ұзақ мерзімді нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштері бойынша есептік кезеңге аралық мән қарастырылмағанда оларға қол жеткізу үшін жасалған жұмыс туралы ақпаратты ұсыну қажет.
Қажет болған жағдайда жоғарыда аталған нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтижелер көрсеткіштері бойынша оларды іске асыру шеңберінде алдағы жұмыс туралы ақпаратты ұсыну қажет.
20. Мемлекеттік/салалық бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік орган бірігіп орындаушы органдардан алынған ақпаратты жинақтайды және солардың негізінде мемлекеттік/салалық бағдарламаны бағалау жөніндегі есепті құрастырады және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
21. Әзірлеуші мемлекеттік органның мемлекеттік/салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі есебі осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Бағалау жөніндегі есепке мемлекеттік/салалық бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды бағалау жөніндегі есеп мынадай бөлімдерден тұрады:
1-бөлім. «Ақпараттық бөлім»
Ақпараттық бөлім:
құжаттың деректемелерін: құжаттың атауын, нөмірін, күнін; әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушыларды, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімін;
есепті кезеңде қабылданған жоспарланған мақсаттарға, міндеттерге, көрсеткіштерге қол жеткізуге және жоспарланған іс-шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар туралы ақпаратты;
нысаналы индикаторлар және міндеттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша жоспарланып отырған және нақты деректерді, сондай-ақ орындалған және орындалмаған іс-шаралар мен олардың орындалмау себептері туралы ақпарат ұсынуды;
қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бөлінген, игерілген және пайдаланылмаған қаржы қаражаты туралы ақпаратты (көлемдерін және пайдаланылмау себептерін көрсете отырып);
«Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат» 2-кестесінде жауапты және бірігіп орындаушыларды көрсете отырып егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады. Бұл ретте, егер негізгі іс-шаралар кешенді болса, онда ол бөлікке бөлінеді және бірігіп орындаушының жауапкершілігі көрсетіледі.
2-бөлім. Талдамалық жазба.
Талдамалық жазбасы:
есептің Ақпараттық бөлімінде келтірілген ақпараттың қажетті түсініктемелері мен жалпылауын;
тиісті салалардағы ағымдағы жағдай мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты;
мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға қатысатын мемлекеттік құрылымдардың арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіру жөніндегі ақпаратты;
мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың (бар болған кезде) тапсырысы бойынша жүргізілетін, игілік алушылардың мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуына қанағаттанушылық деңгейін айқындауға бағытталған, жүргізу мерзімдері, респонденттер саны, өңірлік қамтылуы көрсетілген әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелерін қамтиды.
22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әрбір мемлекеттік/салалық бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындылардың жобалары мен бүкі есепті кезең ішіндегі іске асыру туралы есептерді кезеңнен кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсынады.
23. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау мынадай бөлімдер бойынша жүзеге асырылады:
жоспарлау сапасы - 20%;
қол жеткізілген нәтижелер - 30%;
әлеуметтік-экономикалық тиімділік - 50%.
Әрбір бөлімнің қорытынды рейтингте белгілі үлес салмағы болады және ол критерийлердің белгілі бір санын қамтиды.
Бөлімнің ішіндегі критерийлерге әрбір бөлім үшін сомасы 100% құрайтын үлестік салмақтар беріледі.
Бұл ретте, әрбір критерийге нөлден төртке дейінгі балл беріледі.
24. «Жоспарлау сапасы» деген бөлім
Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
1) «Стратегиялық талдау сапасы» критерийі бойынша бағалау.
Құжатты әзірлеу белгілі бір қызмет саласындағы жағдайдың ағымдағы ахуалын талдау және белгілі бір қызмет саласының дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау негізінде қалыптасатын стратегиялық талдау сатысынан басталады.
Осы критерий мынадай сұрақтарды қамтиды:
құжаттың мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін мүмкіндіктер мен әлеуетті қауіптер тобын талдауды қамтиды ма (SWOT-талдау);
тиісті қызмет саласының ықтимал даму сценарийлері көрсетілген бе(сала ерекшелігіне байланысты осы мәселе бойынша критерий бағаланбауы мүмкін);
негізгі проблемалар үрдістер мен алғышарттар анықталған ба (сала ерекшелігіне байланысты осы мәселе бойынша критерий бағаланбауы мүмкін).
Осы сұрақтарға жауаптар «Ия» (сұрақтың үлес салмағына тең ең жоғарғы баға) немесе «Жоқ» (нөлге тең ең төменгі баға) форматында бағаланады. Қосарланған жүйе қолданылады: оң жауапта (1) баға тең, теріс жауапта баға (0) тең, мұндағы – сұрақтың үлестік салмағы. Сұрақтардың салмақтары бірдей қабылданады.
Осы критерий бойынша балл осы Әдістемеге 4 қосымшадағы кестенің бірінші жолына сәйкес формула бойынша есептеледі;
2) «Нысаналы бағыттылығы» критерийі бойынша бағалау.
Құжат мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыру арқылы проблемаларды шешуге жұмылдырылуы тиіс. Дұрыс қалыптастырылған мақсаттар жүйесі жоспарлы кезеңдегі қызмет саласының өзекті қажеттіліктерінің жиынтығын көрсетуі тиіс.
Жағдайды талдау негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің соңына қарай белгілі бір қызмет саласындағы шешуші өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін құжаттың тиісті мақсатына қол жеткізу үшін қамтамасыз етуге қажетті негізгі жағдайлар міндеттер болып табылады.
Мақсаттар мен міндеттер қызмет саласын дамыту пайымынан туындауы және иерархиялық құрылымды қалыптастыруы тиіс: басты мақсат – бағдарламалық мақсаттар – міндеттер.
Осы критерий мынадай мәселелерді қамтиды:
басты мақсат жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет саласының даму параметрлерін ашады ма;
әрбір мақсат бойынша міндеттер жиынтығы қажеттік (әрбір міндетті шешу мақсатқа қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады), жеткіліктілік (барлық міндеттерді шешу мақсатқа қол жеткізудің жеткілікті шарты болып табылады) және хабардар ету (міндеттерді шешу жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызметтің белгілі бір саласындағы түйінді өзгерістерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді) қағидаттарына жауап береді ме;
стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттары мен міндеттерінің анықталған проблемалармен нақты қисынды байланысы және өзара нақты байланысы бар ма.
Осы сұрақтарға жауаптар «Иә» (сұрақтың үлестік салмағына тең ең жоғарғы баға) немесе «Жоқ» (нөлге тең ең жоғарғы баға) форматында бағаланады. Қосарланған жүйе қолданылады: оң жауапта (1) баға тең, теріс жауапта баға (0) тең, мұндағы – сұрақтың үлестік салмағы. Сұрақтардың салмақтары тең қабылданады.
Осы критерий бойынша балл осы Әдістемеге 4-қосымшадағы кестенің екінші жолына сәйкес формула бойынша есептеледі;
3) «Нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің барабарлығы» критерийі бойынша бағалау.
Әрбір мақсатқа, оның қол жеткізілу дәрежесін айқындау үшін, жоспарланған мәнге қол жеткізу болжанатын кезеңді көрсете отырып, аралық және түпкілікті нысаналы индикаторға сәйкес келуге тиіс.
Әрбір міндет жоспарланған мәнге қол жеткізу болжанатын кезеңді көрсете отырып, міндеттердің шешілуі дәрежесін сипаттайтын санмен өлшенетін мәндерді нәтижелер көрсеткіштерін қамтуға тиіс.
Егер нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері жалпы санының 75% -дан бастап 100%-ға дейінгісі мынадай:
көрсеткіштерді серпінінде салыстыруға мүмкіндік берілсе;
пайдаланушылар үшін біркелкі түсінікті болу;
көрсеткіштерге қол жеткізудің аралық мәндерінің болуын қамтамасыз етеді;
анықталған проблемаларды шешуді жақсы көрсететін шешіші өзгерістерді сипаттайды деген 4 балл қойылады талаптарға сай келеді.
Егер нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің жоғарыда көрсетілген жалпы санынан 50%-дан бастап 75%-ға дейінгісі жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, 2 балл қойылады;
Егер нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері жалпы санының кемінде 50% жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келсе, 0 балл қойылады;
4) «Іс-шаралардың толықтығы және мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі» критерийі бойынша бағалау
Құжатты іске асыру жөніндегі іс – шаралар іс - қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру, мақсаттарға, міндеттерге уақтылы және толықтай қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу мақсатында әзірленеді.
Егер:
іс–шаралар жалпы санының 90%-дан 100%-ға дейінгісі мынадай шарттарға сәйкес келсе;
іс–шаралардың мақсаттармен және міндеттермен нақты қисынды байланысы болса;
іс–шараларды өткізудің дәйектілігі және жүйелілігі қадағаланса;
іс–шаралар мақсатты аудиторияның мүдделеріне сәйкес келсе (осы мәселе бойынша соманың ерекшелігіне қарай критерийі бағаланбауы мүмкін);
жауапты мемлекеттік органның және бағдарламаны барлық бiрлесiп орындаушылардың функциялары нақты бөлінсе 4 балл қойылады.
Егер іс–шаралар жалпы санының 80%-дан 90% дейінгісі жоғарыда көрсетілген шарттарға келсе, 3 балл қойылады;
Егер іс–шаралар жалпы санының 70%-дан 80% дейінгі жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келсе, 2 балл қойылады;
Егер іс–шаралар жалпы санының 60%-дан 70% дейінгі жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келсе, 1 балл қойылады;
Егер іс–шаралардың жалпы санынан кемінде 60%-ы жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келсе, 0 балл қойылады.
25. «Қол жеткізілген нәтижелер» деген 25-бөлімі
Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
1) «Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі» критерийі бойынша бағалау.
Есептi кезеңдегі нақты қол жеткізілген мәндерін нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің бекітілген мәндерімен салыстыру арқылы Құжатты іске асырудың ағымдағы тиімділігін бағалау жүргізіледі.
Осы критерий бойынша балл осы Әдістемеге 4-қосымшадағы кестенің үшінші жолындағы формула бойынша есептеледі.
Егер нысаналы индикатордың (нәтижелер көрсеткішінің) нақты мәні жоспарланғаннан артық болса, онда қол жеткізу дәрежесі бірге теңестіріледі. Егер көрсеткіш мәні төмендеуінің қалаған үрдісі болса, онда құжатын іске асыру тиімділігінің формуласында орындарын ауыстырады.
Егер кейбір нысаналы индикатор (нәтижелер көрсеткіші) үшін онда нысаналы индикаторға (нәтижелер көрсеткішіне) қол жеткізу дәрежесін нөлге тең деп қабылдаймыз.
- нысаналы индикаторлар (нәтижелер көрсеткіштерінің саны), бағалаудың уақыт аралығы.
Егер Сци+пр - 90% - 100% диапазоны аралығында болса, 4 балл қойылады;
Егер Сци+пр - 80% - 90% диапазоны аралығында болса, 3 балл қойылады;
Егер Сци+пр - 70%-80% диапазоны аралығында болса, 2 балл қойылады;
Егер Сци+пр - 60%-70% диапазоны аралығында болса, 1 балл қойылады;
Егер Сци+пр - 60%-дан төмен болса, 0 балл қойылады;
Бағалаудың соңғы жылында нысаналы индикаторлардың (нәтижелер көрсеткіштерінің) фактілік мәндері болмаған жағдайда осы нысаналы индикаторлар (нәтижелер көрсеткіштер) бойынша бағалау соңғы жылды ескермей жүргізіледі.
2) «Іске асыру кезеңінде бюджет қаражаттарының игерілу дәрежесі» критерийі бойынша бағалау
Осы критерий бойынша балл осы Әдістемеге 4-қосымшадағы кестенің төртінші жолындағы формула бойынша есептеледі.
3) «Іс-шаралардың іске асырылу толықтығы» критерийі бойынша бағалау
Осы критерий бойынша балл осы Әдістемеге 4-қосымшадағы кестенің бесінші жолындағы формула бойынша есептеледі.
4) «Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әкімшілендіру сапасы» критерийі бойынша бағалау
Әзірлемелер жасайтын әр түрлі субъектілер арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру процесінде шешуші мәнге ие болып табылады.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестірудің мәні мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысушы мемлекеттік құрылымдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары және басқа да ұйымдар арасындағы конструктивті өзара іс-қимылды дұрыс жолға қоюды білдіреді.
Бұл ретте мемлекеттік/салалық бағдарламаны негізгі әзірлеуші бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жүйесін жасауға тиіс.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіру жөніндегі мемлекеттік/салалық бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның жұмысын бірлесіп іске асырылған іс-шаралар бойынша бағалау орынды.
Осы критерийді бағалау үшін әзірлеуші мемлекеттік орган ведомствоаралық өзара іс-қимыл бойынша қажетті ақпаратты 3-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген нысанға сәйкес форматта ұсынуға тиіс.
Егер бірлесіп жоспарланатын іс-шараларды орындау – 90-100% болса, 4 балл қойылады.
Егер бірлесіп жоспарланатын іс-шараларды орындау – 80-90% болса, 3 балл қойылады.
Егер бірлесіп жоспарланатын іс-шараларды орындау – 70-80% болса, 2 балл қойылады.
Егер бірлесіп жоспарланатын іс-шараларды орындау – 20-70% болса, 1 балл қойылады.
Егер бірге жоспарланатын іс-шараларды орындау – 20%-дан аз болса, о балл қойылады;
26. «Әлеуметтік-экономикалық тиімділік» бөлімі
Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
1) «Игілік алушылардың қанағаттанушылық деңгейі» критерийі бойынша бағалау (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалану үшін мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қоспағанда).
Игілік алушылардың мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру нәтижелеріне қанағаттанушылық деңгейі Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелерінің негізінде айқындалады.
Индустриялдық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалармен игілік алушылардың қанағаттанушылық деңгейі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жасалған әлеуметтік зерттеу (сауалнама) нәтижелері негізінде Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен айқындалады.
Егер сауалға жауап берген игілік алушылардың 95% және одан астамы мемлекеттік/салалық бағдарлама нәтижелеріне қанағаттанса, 4 балл қойылады.
Егер сауалға жауап берген игілік алушылардың 75% бастап 95% дейінгі бөлігі мемлекеттік/салалық бағдарлама нәтижелеріне қанағаттанса, 3 балл қойылады.
Егер сауалға жауап берген игілік алушылардың 50% бастап 75% дейінгі бөлігі мемлекеттік/салалық бағдарлама нәтижелеріне қанағаттанса, 2 балл қойылады.
Егер сауалға жауап берген игілік алушылардың 25% бастап 50% дейінгі бөлігі мемлекеттік/салалық бағдарламаның нәтижелеріне қанағаттанса, 1 балл қойылады.
Егер сауалға жауап берген игілік алушылардың кемінде 25% мемлекеттік/салалық бағдарламаның нәтижелеріне қанағаттанса, 0 балл қойылады;
2) «Әлеуметтік-экономикалық тиімділік» критерийі бойынша бағалау.
Мемлекеттік және салалық бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау ұлттық экономиканың тұрақты дамуының сапалы индикаторларының өзара байланысын көрсететін – Тұрақты даму индикаторлары жүйесінің өазра байланыстар матрицасы моделіне негізделген.
Осы матрица құрылымының әдіснамалық негізі нақты салаға, оның ішінде мемлекеттік/салалық бағдарламаны іске асыруға, сондай-ақ жалпы елдің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштеріне салынған қаражаттың экономикалық әсерін бағалауды ескереді.
Осы критерий бойынша балл осы Әдістемеге 4-қосымшадағы кестенің алтыншы жолындағы формула бойынша есептеледі.
Егер E 90%-20%-дан асса, 4 балл қойылады.
Егер E 15% пен 20% диапазон аралығында болса, 3 балл қойылады.
Егер E 10% пен 15% диапазон аралығында болса, 2 балл қойылады;
Егер E 5% пен 10% диапазон аралығында болса, 1 балл қойылады;
Егер E 5% -дан аз болса, 0 балл беріледі.
Мемлекеттік/салалық бағдарламаны іске асырудың қорытынды рейтингісі осы Әдістемеге 4-қосымшадағы кестенің жетінші жолындағы формула бойынша есептеледі;
27. Бағалаудың рейтингтік шәкілі
Мемлекеттік/салалық бағдарламаны іске асыру тиімділігін айқындау диапазондардың шәкілі бойынша осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды бағалау нәтижелері осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес толтырылады.
28. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган беретін мемлекеттік/салалық бағдарламаны бағалау бойынша қорытынды:
1) Құжаттың деректемелері:
Құжаттың атауы, нөміріне сілтеме мен мерзімі;
Әзірлеуші мемлекеттік орган;
Іске асырылу мерзімдері, оның ішінде кезең мен іске асыру мерзімі;
2) мынадай факторлар
жоспарлау сапасы – нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштерін таңдау дұрыстығы, оларды жазудың нақтылығы және түсініктілігі, құжатты іске асыру үшін қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығы және олардың МЖЖ жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі;
қол жеткізілген нәтижелер – нысаналы индикаторларға/тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу (жоспарлы түрде және іс жүзінде қол жеткізілмеу және қол жеткізбеу себептері);
әлеуметтік-экономикалық тиімділік – игілік алушылардың мемлекеттік/салалық бағдарламаны іске асыру нәтижелеріне қанағаттанушылық деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік/салалық бағдарламаны іске асыру үшін қаражаттардың экономикалық әсері бойынша бағалауды;
3) мемлекеттік/салалық бағдарламаның іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;
4) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
5) орындаушы жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарламаға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;
6) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік/салалық бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;
7) талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Осы бөлім:
Мемлекеттік/салалық бағдарламаның іске асырылу барысына теріс және/немесе оң әсер еткен ішкі және сыртқы факторлардың (тәуекелдердің) ықпалы туралы ақпаратты қоса алғанда, есепті кезеңде мемлекеттік/салалық бағдарламаның іске асырылуын бағалау қорытындылары туралы қажетті тұжырымдарды;
Мемлекеттік/салалық бағдарламаны одан әрі іске асыру, оны түзету, қосымша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе қолданыстағы актілерді түзету, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шараларды уақтылы іске асыруын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жөніндегі және басқа да ұсыныстарды қамтиды.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік
дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік
және салалық бағдарламаларға бағалау жүргізу
жөніндегі әдістемеге
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының ____ жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есеп
Есептік кезең ______________________________________________________
Жауапты ____________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
1-бөлім. Ақпараттық бөлім
1-кесте. Стратегиялық мақсаттарды іске асыру
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Орындау мерзімі |
Төмен тұрған құжаттың атауы |
Базалық (бастапқы) мән |
Орындалу туралы ақпарат |
Ауытқу себебі |
Қаржыландыру, миллион теңге |
|||||||||||||
1-жыл |
2-жыл |
3-жыл |
4-жыл |
5-жыл |
...жыл |
||||||||||||||||
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
||||||||||
жоспар |
факт |
Қаржыландыру көзі |
|||||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
Түйінді бағыт ____________________________________________________________ |
|||||||||||||||||||||
Стратегиялық мақсат атауы (сандық мақсат/сапалық мақсат/іс-шара**) |
|||||||||||||||||||||
Мақсат __________ |
* |
||||||||||||||||||||
Нысаналы индикатор 1 |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
||||
Нысаналы индикатор n |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
||||
Міндет ___________ |
* |
||||||||||||||||||||
Нәтиже көрсеткіш тері 1 |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
||||
Іс-шара 1 |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
||||
Іс-шара n |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
||||
….. |
** - стратегиялық мақсаттың тиісті санатының астын сызу қажет
2-бөлім. Талдамалық жазбахат
3-бөлім. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар
Жетекші (қол, қолтаңба иесінің аты жөні)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік
дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік
және салалық бағдарламаларға бағалау жүргізу
жөніндегі әдістемеге
2-қосымша
Нысан
Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының іске асырылу барысы туралы есеп
Есептік кезең ______________________________________________________
Жауапты ____________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
1-бөлім. Ақпараттық бөлім
1-кесте. Стратегиялық мақсаттарды іске асыру
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Орындау мерзімі |
Төмен тұрған құжаттың атауы |
Базалық (бастапқы) мән |
Орындалу туралы ақпарат |
Ауытқу себебі |
Қаржыландыру, миллион теңге |
|||||||||||||||
1-жыл |
2-жыл |
3-жыл |
4-жыл |
5-жыл |
...жыл |
||||||||||||||||||
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
||||||||||||
жоспар |
факт |
Қаржыландыру көзі |
|||||||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
||
Нысаналы мндикатор |
|||||||||||||||||||||||
Мақсат __________ |
* |
||||||||||||||||||||||
Нысаналы индикатор 1 |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
||||||
Нысаналы индикатор n |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
||||||
Міндет _________ |
* |
||||||||||||||||||||||
Нәтиже көрсеткіш тері 1 |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
||||||
Іс-шара 1 |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
||||||
Іс-шара n |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
||||||
….. |
** - стратегиялық мақсаттың тиісті санатының астын сызу қажет
2-бөлім. Талдамалық жазбахат
3-бөлім. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар
Жетекші (қол, қолтаңба иесінің аты жөні)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік
дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік
және салалық бағдарламаларға бағалау жүргізу
жөніндегі әдістемеге
3-қосымша
Нысан
Мемлекеттік/салалық бағдарламаны іске асыру барысы туралы есеп
Есептік кезең ______________________________________________________
Іске асыру кезеңі __________________________________________________
Жауапты ____________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
1-бөлім. Ақпараттық бөлім
1-кесте. Нысаналы индикаторлар, нәтиже көрсеткіштерінің іске асырылу барысы және оларды қаржыландыру көлемі туралы ақпарат
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Орындау мерзімі |
Төмен тұрған құжаттың атауы |
Базалық (бастапқы) мән |
Орындалу туралы ақпарат |
Ауытқу себебі |
Қаржыландыру, миллион теңге |
||||||||||
1-жыл |
2-жыл |
3-жыл |
...жыл |
|||||||||||||||
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
Қаржыландыру көзі |
Бюджеттік бағдарлама коды |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
|
Нысаналы мндикатор |
||||||||||||||||||
Мақсат ________ |
* |
|||||||||||||||||
Нысаналы индикатор 1 |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|||||
Нысаналы индикатор n |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|||||
Міндет ________ |
* |
|||||||||||||||||
Нәтиже көрсеткіш тері 1 |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|||||
Іс-шара 1 |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|||||
Іс-шара n |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|||||
….. |
2-кесте. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат
№ |
Іс-шара атауы |
Орындалуы* |
Орындалуы туралы ақпарат |
||||||||
1-жыл |
…. |
n-жыл |
|||||||||
жоспар |
факт |
ескерту |
жоспар |
факт |
ескерту |
жоспар |
факт |
ескерту |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Жауапты орындаушы |
|||||||||||
Бірігіп орындаушы |
* бірінші кезекте жауапты орындаушыны көрсету қажет
2-бөлім. Талдамалық жазбахат
3-бөлім. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар
Жетекші (қол, қолтаңба иесінің аты жөні)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік
дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік
және салалық бағдарламаларға бағалау жүргізу
жөніндегі әдістемеге
4-қосымша
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау бойынша есептеу формулаларының кестесі
кестенің жалғасы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік
дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік
және салалық бағдарламаларға бағалау жүргізу
жөніндегі әдістемеге
5-қосымша
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың диапазондар шәкілі
Бағдарламаны бағалау диапазоны, балдармен |
Рейтинг |
|
бастап |
дейін |
|
0 |
2,4 |
мемлекеттік және салалық бағдарламалар/мемлекеттік және салалық бағдарламалар кезеңінің тиімсіз іске асырылуы |
2,4 |
3 |
төмен деңгейдегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар/ мемлекеттік және салалық бағдарламалар кезеңін іске асырудың тиімділігі |
3 |
3,6 |
орташа деңгейдегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар/мемлекеттік және салалық бағдарламалар кезеңін іске асырудың тиімділігі |
3,6 |
4 |
мемлекеттік және салалық бағдарламалар/ мемлекеттік және салалық бағдарламалар кезеңдерін іске асырудың жоғары тиімділігі |
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік
дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік
және салалық бағдарламаларға бағалау жүргізу
жөніндегі әдістемеге
6-қосымша
Нысан
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау нәтижелері
№ р/н |
Бағалау критерийлері |
Баға (балл) |
Критерий үлесі |
Бөлім үлесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Жоспарлау сапасы |
20% |
||
1. 1. |
Стратегиялық талдау сапасы |
20% |
||
1. 2. |
Нысаналы бағыттылығы |
30% |
||
1. 3. |
Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің барабарлығы |
20% |
||
1. 4. |
Іс-шаралардың толықтығы және мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келуі |
30% |
||
2 |
Қол жеткізілген нәтижелер |
30% |
||
2. 1. |
Нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі |
30% |
||
2. 2. |
Іске асыру кезеңінде бюджет қаражаттарының игерілу дәрежесі |
30% |
||
2. 3. |
Іс-шаралардың іске асырылу толықтығы |
30% |
||
2. 4. |
Әкімшілендіру сапасы |
10% |
||
3 |
Әлеуметтік-экономикалық тиімділік |
50% |
||
3. 1. |
Игілік алушылардың қанағаттанушылық деңгейі |
20% |
||
3. 2. |
Әлеуметтік-экономикалық тиімділік |
80% |
||
Жалпы баға: |