Босқындардың жол жүру құжаттарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 мамырда № 11202 тіркелді

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Босқындардың жол жүру құжаттарын беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                    Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 391 бұйрығымен бекітілген

Босқынға жол жүру құжатын беру қағидасы

      1. Осы Босқындарға жол жүру құжатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасынан шығу және Қазақстан Республикасына келу үшін шетелдіктерге немесе босқын деп танылған азаматтығы жоқ адамдарға жол жүру құжатын беру тәртібін айқындайды.
      2. Жол жүру құжатын ресімдеу үшін босқын есепке қою орны бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөліністеріне осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол жүру құжатын беру туралы өтінішті жеке өзі береді.
      Босқынның балаларына және босқын он сегіз жасқа толмаған адамдарға қатысты қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жүзеге асырады, жол жүру құжаты заңды өкіл ретінде оның құқығын растайтын құжаттарды талап еткен кезде босқын берген жол жүру құжатын беру туралы өтініші негізінде ресімделеді.
      Жол жүру құжаттарын ресімдеу үшін босқын аумақтық көші-қон полициясы бөліністеріне:
      1) 2 данада өтініш;
      2) босқынның баласының туу туралы куәлігі (болған жағдайда) және (немесе) ол қорғаншылық немесе қамқоршылықты жүзеге асыратын адамға қатысты заңды өкілі ретінде босқынның құқығын растайтын құжаттар немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      3) жеке өзінің төрт фотосуреті және әрбір баласына және (немесе) босқынның қорғаншылық немесе қамқоршылықты жүзеге асыратын адамның төрт фотосуретін тапсырады.
      Суреттер күңгірт қағазда бас киімсіз қатаң түрде алдынан адамның нақты бейнесімен 35х45 мм мөлшерінде түрлі түсті түсiрiлген болуы тиiс.
      Бас киімсіз бөгде адамдардың алдында көрінуге мүмкіндік бермейтін діни көзқарастағы адамдарға бет жүзін жасырмайтын бас киімде түскен суреттерді ұсынуға жол беріледі.
      Нысанды киім-кешекпен суреттер қабылданбайды.
      3. Жол жүру құжаты босқынға, сондай-ақ онымен келген оның отбасы мүшелеріне және босқын мерзімі екі жылға дейін, бірақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды босқын деп тану мерзімінен артық емес қорғаншылық немесе қамқоршылықты жүзеге асыратын адамға беріледі.
      Жол жүру құжаты босқынға өтініш берген күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде ресімделеді және беріледі.
      4. Өтініш электрондық-есептеу техникасының құралдарын пайдалана отырып немесе қолмен баспа әріптермен қара немесе көк түсті сиямен толтырылады. Өтініштің барлық бағандары толықтыруға жатады. Сызып тастау арқылы және (немесе) түзететін құралдардың көмегімен қателерді түзетуге жол берілмейді.
      Аумақтық көші-қон полициясы бөліністерінің уәкілетті қызметкері өтінішті қабылдау кезінде, өтінішті толтырудың дұрыстығын, ұсынылған суреттермен өтініш берушіге қатысты босқынның және (немесе) адамның ұқсастығын тексереді және өтініште көрсетілген деректерді босқынның куәлігінде және осы Қағиданың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттарда қамтылған деректермен салыстыра тексеруді жүзеге асырады.
      Өтініштің екінші данасы тіркеу нөмірі мен құжатты қабылдау күні көрсетіле отырып, аумақтық ұлттық қауіпсіздік бөліністеріне жолданады.
      5. Өтініште көрсетілген еңбек қызметі немесе оқуы туралы мәлімет (еңбек кітапшасы барлар үшін) оларды растайтын құжаттармен: еңбек кітапшаның тиісті түрде куәландырған көшірмесімен еңбек кітапшасы, жұмыс (оқу) орнын анықтама салыстыра тексеріледі, ол туралы аумақтық көші-қон полициясы бөліністерінің қызметкері өтініште жазба жүргізеді.
      6. Жол жүру құжатын алу үшін жүгінген босқын осыны өтінішінде көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан өзімен бірге кететін отбасы мүшелері және Қазақстан Республикасында қалатын отбасы мүшелері туралы мәліметті хабарлайды.
      7. Қазақстан Республикасынан босқынның шығуына шектеуге әкеп соғуы мүмкін жағдайларды анықтау мақсатында «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аумақтық көші-қон полициясы бөліністері босқын өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыстар комитетінің есептері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есебі бойынша тексеруді жүзеге асырады.
      8. Тексеру жүргізгеннен кейін жол жүру құжатын беру немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешімді аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің басшысы немесе оның міндеттерін атқарушы адам қабылдайды және өтініштің оң жағындағы жоғары бұрышында арнайы шеңберде бұрыштама қою арқылы ресімделеді.
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 28 мырдағы № 356 бұйрығымен бекітілген «Босқынға жол жүру құжатын үлгісін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8530 болып тіркелген).
      9. Жол жүру құжатын ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде босқынға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама қолына беріледі немесе пошта бойынша жолданады.
      Жол жүру құжатын ресімдеуден бас тартуға әкеп соққан себептерді жойғаннан кейін босқын жол жүру құжатын алу үшін есепке тұру орны бойынша аумақтық көші-қон полициясы бөліністеріне қайта өтініш береді.
      10. Жол жүру құжатын ресімдеу машина оқитын жол жүру құжаттарын ресімдеуге халықаралық талаптарды ескере отырып, электрондық-есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
      Жол жүру құжатының бланкісінде жазбалар арнайы принтерде, егер ол болмаған жағдайда штемпельді бояуды немесе қара пастаны (сияны) пайдалана отырып, жүргізіледі. Жол жүру құжатында осы Қағидада көзделмеген белгілер қоюды және жазбалар жүргізуге тыйым салынады.
      11. Жол жүру құжатын беру кезінде аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің уәкілетті қызметкері атына жол жүру құжаты ресімделген босқын түрінің жол жүру құжатындағы фотосуретпен ұқсастығы, жол жүру құжатының деректемелерді толтыру дұрыстығы, сондай-ақ босқын өтініште көрсеткен деректердің және жол жүру құжатының машина оқи алатын аумағындағы ақпараттың жол жүру құжатына енгізілген деректермен сәйкес келуін тексереді.
      Жол жүру құжатында техникалық ақау немесе дербес деректерде қателер анықталған жағдайда босқынға ол бұрын ұсынған құжаттар негізінде жаңа жол жүру құжаты ресімделеді.
      12. Жол жүру құжатын босқын жол жүру құжатына және өтінішке өзінің қолын қоя отырып, жеке өзі алады.
      Босқынның өтініші негізінде оның кәмелетке толмаған баласының атына немесе он сегіз жасқа толмаған қорғаншылық немесе қамқорлықты жүзеге асыратын адамға ресімделетін жол жүру құжаты босқынға беріледі. Осы жағдайда босқын өтінішке өзінің қолын қояды, жол жүру құжатына сызық қойылады.
      13. Жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі жол жүру құжатының жарамдылық мерзімінің өту күніне дейін бір айдан кешіктірмей есепке қою орны бойынша аумақтық көші-қон полициясы бөліністеріне берген оның жазбаша өтініші негізінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды тану мерзімін асырмайтын мерзімге ұзартылады.
      14. Жол жүру құжатының іс-әрекет мерзімін ұзарту жол жүру құжатына тиісті жазба жазу арқылы жүзеге асырылады, ол аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің уәкілетті қызметкері қол қоюымен куәландырады және аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің мөрімен бекітіледі.
      15. Жол жүру құжатын айырбастау оның жарамдылық мерзімінің өтуіне дейін мынадай:
      1) жол жүру құжатының беттерінде қажетті жазба енгізу немесе тиісті белгілер қою үшін бос орын болмаған;
      2) жол жүру құжаты иесінің дербес деректері өзгерген (тегі, аты, туған күні және/немесе орны туралы мәліметтер);
      3) жол жүру құжатын бүлдірген немесе жоғалтқан жағдайларда жүргізіледі.
      Жол жүру құжатын айырбастау оны беру үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      16. Жол жүру иесінің тегі немесе аты, сондай-ақ оны туған күні және/немесе орны туралы мәлімет өзгерген жағдайда өтінішке осы дербес деректердегі өзгерістерді растайтын құжаттың куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
      17. Жол жүру құжаттары адамның босқын мәртебесін жоғалтқан, адамның босқын мәртебесінен айырылған, жол жүру құжатын бүлдірген осы Қағиданы бұза отырып немесе жоғалған (ұрланған) бланкке ресімделген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында босқын қайтыс болған жағдайда алуға жатады.
      18. Жоғалған, бүлінген, жарамсыз болған, алынған немесе тапсырылған жол жүру құжаттарын аумақтық көші-қон полициясы бөліністері жарамсыз деп таниды.
      19. Аумақтық көші-қон полициясы бөліністері жарамсыз деп таныған жол жүру құжаттары туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жолданады.
      20. Берілген жол жүру құжаттары, сондай-ақ жарамсыз деп танылған жол жүру құжаттары туралы мәлімет осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген жол жүру құжаттарын есепке алу журналына енгізіледі.
      21. Жол жүру құжатын ресімдеу үшін өтініш, берілген жол жүру құжатының көшірмесі және босқын ұсынған өзге де құжаттар босқынның жеке ісіне тігіледі.
      22. Аумақтық көші-қон полициясы бөліністері жол жүру құжаттарының бланкілерін және ресімделген жол жүру құжаттарын арнайы жабдықталған қорғалған үй-жайларда немесе сейфтерде (шкафтарда) сақтауды, сондай-ақ жарамсыз немесе алынған жол жүру құжаттар және бүлінген бланкілерді жоюды ұйымдастырады.
      23. Аумақтық көші-қон полициясы бөліністері алған бланктер туралы ақпарат осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарының бланкілерін есепке алу журналына енгізіледі.

Босқындардың жол жүру құжаттарын
беру қағидаларына     
1-қосымша           

Нысан    

ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫН БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ



 
 
 

Сурет
35х45

Жол жүру құжатын беру

______________________________________
(рұқсат етілді/рұқсат етілген жоқ)
Басшы                 _________________
                       (аумақтық
_______________________________________
көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
_____________  ________________________
(қолы)         (Т.А.Ә.болған жағдайда)
__________
(күні)

№ босқынның жеке ісі ______________________
Жол жүру құжатын алу мақсаты ______________
____________________________________________________________________
(шетелге уақытша шығу үшін немесе шетелде тұру үшін (қандай емес)
Құжатты алу _______________________________________________________
(бастапқы, ауыстыру, жоғалту (жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда босқын өтініште жоғалған жол жүру құжатын қайда, қашан және кім бергенін көрсетеді, онжа жазылған адамдар туралы деректер, жоғалу жағдайы)
1. Тегі   ___________Аты__________________________________________
              Әкесінің аты (болған жағдайда)
_____________________          ___________________________________
2. Туған күні, айы, жылы _________________________________________
3. Туған орны:
ел _________________________________________________________________
4. Азаматтығы ______________________________________________________
6. Қазақстан Республикасының аумағында болу (тұру) орнының мекенжайы
____________________________________________________________________
(индекс, республикасы, өлкесі, облысы, елді мекен, көшесі, үйі, корпусы, пәтері, телефоны)
7. Босқынның куәлігі:  УБ  № 20 жылғы « »  берілді
сериясы     ____ _____    ______ _______  ____________
____________________________________________________________________
(құжат берген аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
8. Қазақстан Республикасынан шығуға кедергі келтіретін келісімшарт міндеттемелері бар ма. Егер бар болса, қандай
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Сот үкімімен сотты болды ма не Қазақстан Республикасының аумағында айыпталушы ретінде тартылды ма. Егер бар болса, онда қандай сот, қандай бап және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қандай бөлігі, қандай жаза тағайындалды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
10. Сот салған орындалмаған міндеттемелер бар ма____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Қазақстан Республикасында салық төлемдері бойынша берешек бар
____________________________________________________________________
12. Қазақстан Республикасының аумағында соңғы жұмыс (оқу) орны туралы мәлімет:
а) жұмысқа (оқуға) түскен күні   ___________________________________
б) ұйымның (оқу орынның) атауы
және атқарған лауазымы
в) ұйымның (оқу орынның) мекенжайы__________________________________

13. Жол жүру құжатына енгізу үшін балалар туралы мәлімет:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жынысы

Туған күні мен орны

Туыстық деңгейі





















20__ж. «__»_______                       _____________________
                                         (өтініш иесінің қолы)
Өтініште көрсетілген мәлімет ұсынылған құжаттармен салыстырылды (босқынның куәлігімен, еңбек кітапшасымен, басқалармен)
______________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің уәкілетті қызметкерінің лауазымы, тегі)

____________                20___ж.________ _________
(қолы)

Жол жүру құжаты
берілді
сериясы

Босқындардың жол жүру құжаттарын
беру қағидаларына     
2-қосымша         

___________________________
(Босқынның Т.А.Ә.,   
______________________________
болу (тұру) орнының мекенжайы)

Хабарлама

Осымен «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының негізінде Қазақстан Республикасынан шығуға шектеуге байланысты жол жүру құжатын ресімдеуден бас тартылғанын Сізге хабарлаймыз.

_____________________________________________________________________
(шектеу мерзімі, шектеу туралы шешімнің күні және тіркеу нөмірі,
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасынан шығуға шектеу үшін жауапкершілікті өзіне
қабылдаған
_____________________________________________________________________
ұйымның толық атауы және заңды мекенжайы)
Басшы  ______________________________________________________________
               (аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
____________________________  _______________________________________
       (Т.А.Ә.)                       (қолы)

20         « »
_____     ______  ____________ ____

Аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің мөрі қойылады.

Босқындардың жол жүру құжаттарын
беру қағидаларына    
3-қосымша         

Нысан

Берілген жол жүру құжаттарын есепке алу журналы

р/с №

Жол жүру құжаты иесінің тегі, аты, әкесінің аты

Жеке ісінің нөмірі

Жол жүру құжатының сериясы және нөмірі

Берілген күні

Жарамсыз деп тану күні мен негізі

Жою күні, актінің нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

Босқындардың жол жүру құжаттарын
беру қағидаларына    
4-қосымша         

Нысан

Жол жүру құжаттарының бланкілерін есепке алу журналы

р/с №

Толтыру күні

Қалдық шығарылған күні, кімнен және қандай құжат бойынша алынды, кімге берілді

Келіп түсті

Есепке берілді

Бланк алушының қолы

Қалдық (саны)

Қандай нөмірден қандай нөмір аралығында

саны

Қандай нөмірден қандай нөмір аралығында

саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9