Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 мамырда № 11195 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік қызмет стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан дейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.К.Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 22 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________ М. Құсайынов

      2015 жылғы 16 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына 1-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 64 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:

      көрсетілетін қызметті берушіге - 1 (бір) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға - 2 (екі) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      порталға өтініш берген кезде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияда құжаттар тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

      Құжаттарды қабылдау Министрлік жыл сайын бекітетін, Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жарияланатын мерзімде жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз жүзінде.

      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – конкурсқа қатысуға рұқсат туралы немесе Министрлікке жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды сандық қолымен (бұдан әрі – ЭСҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі.

      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз.

      Мемлекеттік қызмет жедел қызмет көрсетусіз "электронды кезек" тәртібімен таңдау бойынша көрсетіледі, электронды кезекті портал арқылы "брондауға" болады;

      3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін) конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімі;

      таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/ тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер сипатталған ерікті нысандағы уәждемелік хат;

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер толтырған сауалнама;

      қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы және көшірмесі, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса, білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді есепке алып, білім туралы құжатты тану туралы басқа құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген № 082/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);

      бар болған жағдайда, "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 318 бұйрық) бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

      бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

      академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлерді қоспағанда, еңбек қызметі кезеңдері үшін талап етілетін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің түпнұсқалары мен көшірмелері;

      мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің түпнұсқалары мен көшірмелері;

      тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымдардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулерді ашып жазумен) көрсетілген шартсыз шақыруын (қаржылық шарттар мен талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру шарттарын қоспағанда) растайтын құжаттарды;

      тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар № 318 бұйрықпен бекітілген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасын;

      өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін (қаржылық шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы;

      мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер арасынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаттары бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы ұсынады;

      академиялық оқуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысушы немесе тізімге қосылған шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқып жатқан адамдар шетелдің жетекші жоғары оқу орындары осы дәрежені алу үшін белгілеген мерзімнен аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарын ұсынады;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-мен куәландырылған электронды құжат түріндегі сауал;

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін) конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімінің электронды көшірмесі;

      таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/ тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер сипатталған ерікті нысандағы уәждемелік хаттың электронды көшірмесі;

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер толтырған сауалнаманың электронды көшірмесі;

      қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының электронды көшірмесі, шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда, білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы басқа құжаттың электронды көшірмесі;

      № 907 бұйрықпен бекітілген № 082/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электронды көшірмесі (шетелге шығатындар үшін);

      бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың электронды көшірмесі;

      бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың электронды көшірмесі;

      академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлерді қоспағанда, еңбек қызметі кезеңдері үшін талап етілетін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің электронды көшірмесі;

      мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің электронды көшірмесі;

      тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымдардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулерді ашып жазумен) көрсетілген шартсыз шақыруын (қаржылық шарттар мен талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру шарттарын қоспағанда) растайтын құжаттардын электронды көшірмесін;

      тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар № 318 бұйрықпен бекітілген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес жасалған тағылымдамадан өту бағдарламасының электронды көшірмесін;

      өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың электронды көшірмелерін (қаржылық шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттардың/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманың электронды көшірмесін ұсынады;

      мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер арасынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаттары бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың электронды көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттардың/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманың электронды көшірмесін ұсынады;

      академиялық оқуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысушы немесе тізімге қосылған шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқып жатқан адамдар шетелдің жетекші жоғары оқу орындары осы дәрежені алу үшін белгілеген мерзімнен аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарының электронды көшірмесін ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін қайтарылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде қорытындыны сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін өтініш берген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Порталда электронды сауал қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Портал арқылы өтініш жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі (егер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасымалдағышта беру қажет болса, оны алу орнын көрсету керек).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы санаттарының бірі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға бір рет тағайындалған жағдайда;

      2) конкурстың ағымдағы жылғы турларының біреуінен өтпеген үміткердің Қағидаларға сәйкес ағымдағы жылғы конкурсқа қайта қатысуына жол берілмейді;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) Қағидаларға сәйкес олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталғанда мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті алушының басшысының атына жіберіледі.

      Шағым почта бойынша, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.

      Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол тапсырылған, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын жүгіну туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта бойынша, портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

      4) www.e.gov.kz порталында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 телефоны бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясын тағайындау
конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

      ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МАМАН ДАЯРЛАУҒА ӨТІНІМІ/

      ЗАЯВКА РАБОТОДАТЕЛЯ НА ПОДГОТОВКУ СПЕЦИАЛИСТА

      № ______________ "___" _________20___ жылы/года

Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты/Ф.И.О. направляемого претендента
(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес/согласно документу, удостоверяющему личность)

Тегі/Фамилия

Аты/Имя

Әкесінің аты/Отчество

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу бойынша ақпарат
Информация по участию в конкурсе на присуждение международной стипендии "Болашак"

АКАДЕМИЯЛЫҚ ОҚУ/АКАДЕМИЧЕСКОЕ ОБУЧЕНИЕ

ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ/ ПРОХОЖДЕНИЕ СТАЖИРОВКИ

Мемлекеттік қызметшілер/
Государственные служащие

Тағылымдама/Стажировка

Ғылыми немесе педагог қызметкерлер/Научные или педагогические работники

Мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер/Работники культуры, творческие работники

Қызметкер санатын көрсету/
Указать категорию работника
_____________________________________________________________________________________________

Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері/
Работники редакции средств массовой информации

Инженерлік-техникалық қызметкерлер/Инженерно-технические работники

Бағыттаушы ұйымдағы жұмыс өтілі/Стаж работы в направляющей организации: ____________________________

Үміткер жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше/ Структурное подразделение: _______________________________

Үміткердің лауазымы/Должность претендента: _________________________________________________________

      КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР (үміткер толтырады)/

      ДАННЫЕ ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ (заполняется претендентом)

Оқу елі/
Страна обучения

Оқу бағдарламасы/ Программа обучения

Оқу мамандығы/ Специальность обучения

Оқу тілі/ Язык обучения

код_____________________________________________________________________________________________________________

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ/ТРУДОУСТРОЙСТВО

Бағыттаушы ұйым басшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты / _______
Фамилия, Имя, Отчество руководителя направляющей организации
Жұмыс орнын сақтауды қамтамасыз етуге міндеттелемін/ _______
Обязуюсь обеспечить сохранение места работы
Басшының қолы/Подпись руководителя М.О/М.П

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясын тағайындау
конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

ҮМІТКЕРДІҢ "БОЛАШАҚ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН САУАЛНАМАСЫ/
АНКЕТА ПРЕТЕНДЕНТА ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ НА ПРИСУЖДЕНИЕ МЕЖДУНАРОДНОЙ СТИПЕНДИИ "БОЛАШАК"

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тегі/Фамилия Аты/Имя Әкесінің аты/Отчество (болған жағдайда/при наличии) (жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес/согласно документу, удостоверяющему личность):

Фотография
3,5х4,5
(міндетті түрде)
(обязательно)

      Болжанып отырған оқу/тағылымдамадан өту елін көрсетіңіз/

      Укажите предполагаемую страну обучения/прохождения стажировки

      Болжанып отырған оқу/тағылымдамадан өту тілін көрсетіңіз/

      Укажите предполагаемый язык обучения/прохождения стажировки

      Оқу бағдарламасы/тағылымдама / Программа обучения/стажировка

      Магистратура

/Докторантура

/Резидентура

/Тағылымдама

/Стажировки

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтың толық атауы және коды/ Полное наименование специальности и код согласно Перечню приоритетных специальностей для присуждения международной стипендии "Болашак"

Код

      Шетелдегі жоғары оқу орны/шетелдік ұйым/Высшее учебное заведение за рубежом/зарубежная организация*

      * Шетелдік жоғары оқу орындарына/мекемелерге оқу/тағылымдамадан өту үшін өз беттерінше түскен тұлғалар толтырады

      * Заполняется лицами, самостоятельно поступившими в зарубежные вузы/организации на академическое обучение/для прохождения стажировки

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу бойынша ақпарат/ Информация по участию в конкурсе на присуждение международной стипендии "Болашак"

Академиялық оқу/Академическое обучение

Тағылымдамадан өту/ Прохождение стажировки

Өз бетінше түскендер /
Самостоятельно поступивший

Тағылымдама/Стажировка

Қызметкер санатын көрсету/
Указать категорию работника:
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________

Мемлекеттік қызметшілер/
Государственные служащие

Ғылыми немесе педагог қызметкерлер/
Научные или педагогические работники

Инженерлік-техникалық қызметкерлер/
Инженерно-технические работники

Мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер/
Работники культуры, творческие работники

Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері/
Работники редакции средств
массовой информации

      Бұл кестені "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлері толтырады/Данная таблица заполняется сотрудниками АО "Центр международных программ"

Ескертпелер/Замечания: ________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Тексерді ______________________________________________________________________
Провел (жауапты қызметкердің аты-жөні, лауазымы/Ф.И.О., должность ответственного сотрудника)
Қолы _________________________________ Тексеген күні _________________________

I. ЖЕКЕ АҚПАРАТ / ЛИЧНАЯ ИНФОРМАЦИЯ

1. Жеке куәліктің деректері/
Данные удостоверения личности
Нөмірі/ Номер

Берген мекеме/Кем выдан

Берілген күні - қолданылу мерзімі/Дата выдачи - срок действия

2. Төлқұжат деректері /Паспортные данные
Нөмірі/ Номер
 
Берген мекеме/ Кем выдан

Берілген күні - қолданылу мерзімі/Дата выдачи - срок действия

3.Сәйкестендіру нөмірі/ Идентификационный номер

4. Туған күні/айы/жылы/ День/месяц/год рождения

5.Туған жері/место рождения
Ауыл /село

Қала/город

6. Ұлты/национальность
_____________________________________

7. Отбасылық жағдайы/Семейное положение
_______________________________________

8. Байланыс деректері*/Контактные данные*
Коды, үй телефоны /Код, домашний телефон *

Ұялы телефонының нөмірі /Мобильный номер телефон*

Коды, жұмыс телефоны /Код, рабочий телефон

Қосымша байланыс телефондары*/Дополнительные контактные телефоны*

e-mail*

(Электрондық почтанызды үнемі тексеру қажет/ Необходимо регулярно проверять электронную почту)

9. Тұрғылықты орны* (толық мекенжайы, индексі)/Место проживания* (полный адрес, индекс)

10. Тіркелген орны * (толық мекенжайы, индексі)/Место прописки* (полный адрес, индекс)

* Байланыс деректеріңіз өзгерген жағдайда ол туралы 5 күн ішінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның қызметкерлерін ескерту қажет.
* В случае изменения контактных данных в течение 5 дней необходимо оповестить сотрудников АО "Центр международных программ".
* Міндетті түрде/ в обязательном порядке

11. Ата-анаңыздың қызмет ету саласын көрсетіңіз /Укажите сферу деятельности родителей:

Әкесі/Отец

Анасы/Мать

Әскери қызметші/Военнослужащий

Мемлекеттік қызметші/Государственный служащий

Бюджеттік мекеме қызметкері/Работник бюджетной организации

Жеке құрылым қызметкері/Работник частной структуры

Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері/ Работник государственного предприятия

Зейнеткер/Пенсионер

Жұмыссыз/Безработный

Ата-анасы жоқ/Нет родителей

Басқа/Другое _____________________

Әскери қызметші/Военнослужащий

Мемлекеттік қызметші/Государственный служащий

Бюджеттік мекеме қызметкері/ Работник бюджетной организации

Жеке құрылым қызметкері/Работник частной структуры

Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері/ Работник государственного предприятия

Зейнеткер/Пенсионер

Жұмыссыз/Безработный

Ата-анасы жоқ/Нет родителей

Басқа/Другое ____________________

12. Жақын туған-туысқандары/ата-аналары/жұбайы/балалары туралы мәліметтер:

Сведения о ближайших родственниках/родители/супруг(а)/дети:

Туысқандық дәрежесі
Степень родства

Аты-жөні, туған жылы
ФИО, год рождения

Жұмыс/оқу орны, қызметі, қызметтік телефоны
Место работы /учебы/, должность, телефон, код

Мекен-жайы, телефоны, қаланың/ өңірінің коды
Домашний адрес, код города/региона, телефон

Әкесі/Отец

Анасы/Мать

Жұбайы/Супруг(а)

Балалары/Дети

II.БІЛІМІ/ОБРАЗОВАНИЕ

13. Жоғары білім/Высшее образование
Жоғары оқу орнының атауы, орналасқан жері/Наименование вуза, местонахождение
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Оқу бағдарламасы/ Программа обучения ________________________________________
Оқу тілі/Язык обучения_______________________________________________________
Мамандығы/ Специальность __________________________________________________
___________________________________________________________________________
Оқу шарттары/Условия обучения ______________________________________________
(Мемлекеттік білім беру гранты/бюджет/ақылы бөлім)/Государственный образовательный грант/ бюджет/платное отделение)
Жоғары оқу орнына түскен/бітірген жылдары/Годы поступления/окончания вуза _____
Диплом қосымшасы бойынша орташа балы/Средний балл по приложению к диплому ___

14. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі/Послевузовское образование

Сіз жоғары оқу орнынан кейін аяқтаған барлық білім бағдарламаларды (магистратура,
PhD докторы, бейін бойынша доктор, резидентура және басқа да) атаңыз:/
Перечислите все послевузовские программы (магистратура, доктор PhD, доктор по профилю, резидентура и другие), которые Вы завершили: ___________________________________
____________________________________________________________________________
Мамандық/Специальность _____________________________________________________
Дәреже/Степень ______________________________________________________________
Бағдарлама/Программа________________ Оқу мерзімі/Период обучения ______________
Оқу орнының атауы/Наименование учебного заведения ____________________________
Орналасқан жері/Местонахождение _____________________________________________

III. КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ/ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

15. Еңбек ету қызметі/Трудовая деятельность

Айы және жылы/Месяц и год

Жұмыс орнының атауы
Наименование места работы

Лауазымы
Должность

Жұмыс орнының орналасқан жері
Адрес места работы

Келген/Приема

Кеткен/Ухода

IV. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ/
ИНФОРМАЦИЯ ПО УЧАСТИЮ В КОНКУРСЕ

16. Бұған дейін Сіз шетел тілі бойынша арнайы емтихан немесе тест (TOEFL, IELTS, GMAT, GRE, DSH, DELF және т.б.) тапсырдыңыз ба?/
Сдавали ли Вы раньше специализированные экзамены или тесты (TOEFL, IELTS, GMAT, GRE, DSH, DELF и др.) по иностранному языку?

Иә/Да

Жоқ/Нет

Егер тапсырсаңыз, онда келесі кестені толтырыңыз/ Если сдавали, то заполните следующую таблицу:

Тесттің ресми атауы
Официальное наименование теста

Нәтижесі
Результат

Тапсырған күні
Дата сдачи

17. Конкурс бойынша тілдік тестілеуден өтуге ниет білдірілген орын Астана

Место желаемого прохождения языкового тестирования по конкурсу Алматы

18. Бұған дейін Сіз мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын арнайы емтихан (ҚАЗТЕСТ) тапсырдыңыз ба?/
Сдавали ли Вы раньше специализированный экзамен по определению уровня знания государственного языка (КАЗТЕСТ)?

Иә/Да

Жоқ/Нет

Егер тапсырсаңыз, онда келесі кестені толтырыңыз/ Если сдавали, то заполните следующую таблицу:

Тесттің ресми атауы
Официальное наименование теста

Нәтижесі
Результат

Тапсырған күні
Дата сдачи

Шетелдік жоғары оқу орындарына/мекемелерге оқу/тағылымдамадан өту үшін өз беттерінше түскен тұлғалар толтырады/Заполняется лицами, самостоятельно поступившими в зарубежные вузы/организации на академическое обучение/для прохождения стажировки

19. Тағылымдамадан өту, оқу мерзімдері/Сроки обучения /прохождения стажировки ________________________________________________________________________________
 
20. Бұдан бұрын Сізге "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалды ма?/Присуждалась ли Вам ранее международная стипендия "Болашак"?

Иә/Да

Жоқ/Нет

21. Мен _____________________________________________, "Болашақ" халықаралық
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) толық)
стипендиясына үміткер, осы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттың толық және нақты болып табылатынын растаймын.
Біле тұра жалған немесе толық емес деректерді беру конкурстан шығып қалуыма, сондай-ақ тағайындалған жағдайда "Болашақ" халықаралық стипендиясынан айыруға әкеп соғатыны маған мәлім.
Мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағиданың және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарының талаптарымен таныстым.
Мен "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуым барысында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ алған менің сауалнамалық деректерімді, тестілеу мен әңгімелесу нәтижелерін Тәуелсіз сараптамалық комиссия мен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия мүшелеріне және шетелдік серіктестерге, мемлекеттік органдарға, ғылыми-зерттеу институттарына, сарапшыларға және өзге де мүдделі ұйымдарға, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ іріктеу конкурсы нәтижелерінің ресми сайтында орналастыру жолымен берілуіне қарсы емеспін.
Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдеріне келуге дербес жауапкершілікте боламын және ата-анамның/қамқоршылардың және басқа да делдалдардың қатысуынсыз конкурстың барлық кезеңдерінен өз бетімен өтуге міндеттенемін. Конкурстан өту кезінде конкурстың кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауап беретін ұйымдар мен ведомстволардың қызметкерлерімен ізетті болуға міндеттенемін. Осы сауалнаманың 7-тармағында көрсетілген электрондық почтаны тұрақты тексеруге және қажетті сұранысқа уақытылы жауап беруге міндет аламын.
Я________________________________________________________________, претендент(ка)
    (Фамилия, Имя, Отчество (при наличии) полностью)
международную стипендию "Болашак" подтверждаю, что вся информация, представленная мною в данной анкете является полной и достоверной.
Мне известно, что предоставление заведомо ложных или неполных данных ведет к исключению из конкурса, а также к лишению международной стипендии "Болашак" в случае ее присуждения.
Я ознакомлен(а) с требованиями Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии "Болашак" и Направлениями расходования международной стипендии "Болашак", утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 573.
Я не возражаю о передаче моих анкетных данных, результатов тестирований и собеседований, полученных АО "Центр международных программ" в ходе моего участия в конкурсе на присуждение международной стипендии "Болашак", членам Независимой экспертной комиссии и Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом, зарубежным партнерам, государственным органам, научно-исследовательским институтам, экспертам и иным заинтересованным организациям, а также путем размещения на официальном сайте результатов конкурсного отбора АО "Центр международных программ".
Я несу персональную ответственность за явку на все этапы конкурсного отбора и обязуюсь проходить все этапы конкурса самостоятельно, без участия родителей/попечителей или других посредников. При прохождении конкурса обязуюсь быть вежливым с сотрудниками организаций и ведомств, отвечающих за организацию и проведение этапов конкурса. Обязуюсь регулярно проверять электронную почту, указанную в пункте 8 данной анкеты и своевременно отвечать на запрашиваемую информацию.
Төменде өзіңіздің қолыңызбен мынадай мәтінді жазыңыз:
Осы қосымшаны мен өз қолыммен толтырдым, әрбір парағы дәйектелді. Жоғарыда жазылған шарттармен және талаптармен таныстым және келісемін (жеке қолыммен нақтылаймын)
Пожалуйста, напишите ниже собственноручно прописью текст, выделенный курсивом:
Настоящее приложение заполнено мною собственноручно, каждая страница личного листа запарафирована.
С вышеперечисленными условиями и требованиями ознакомлен и согласен (подтверждаю личной подписью).
___________________________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
 
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісемін/Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.
Үміткердің қолы/Подпись претендента ____________________
Күні (құжаттарды тапсырған кезде көрсетіледі)/Дата (указывается на момент подачи документов) "________"______________________ 20______ года.

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясын тағайындау
конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейі

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясын тағайындау
конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

      Нысан

      Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолжазба

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ (мекенжайын көрсетілуі тиіс) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын, атап айтқанда төменде берілген құжаттарды Сіз толық тапсырмағандықтан мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауын көрсету қажет):

      Жоқ құжаттар атауы:

      1) ________________________

      2) ________________________

      3) ________________________

      Осы қолжазба әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада құрылған.

      _____________________________________ ____________

       ТАӘ (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушының ТАӘ ________________

      Тел. ______________

      Алған: ТАӘ /көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20___жылғы " ___"______________

      ____________________________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына 2-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 64 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттарды тапсырған күннен бастап:

      көрсетілетін қызметті берушіге - 1 (бір) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      Астана қаласы бойынша – 1 (бір) жұмыс күні (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      өзге өңірлерде – күнтізбелік 15 (он бес) күн (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      порталға өтініш берген кезде - 1 (бір) жұмыс күні.

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды сандық қолымен (бұдан әрі – ЭСҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз.

      Мемлекеттік қызмет жедел қызмет көрсетусіз "электронды кезек" тәртібімен таңдау бойынша көрсетіледі, электронды кезекті портал арқылы "брондауға" болады.

      3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес стипендиат мәртебесін растайтын анықтама алуға өтініш (көрсетілетін қызметті алушы - стипендиаттар үшін);

      2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес бітіруші мәртебесін растайтын анықтама алуға өтініш (көрсетілетін қызметті алушы - түлектер үшін);

      3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электронды өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы сұрау салуы ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) куәлігін ұсынған жағдайда, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде қорытындыны сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияның сауалы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Порталда электронды сауал қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметке сауал қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі (егер мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру қағаз тасымалдағышында қажет болса, оны алу орнын көрсету керек).

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациясының және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жіберіледі.

      Шағым почта бойынша, портал арқылы не Министрлік немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.

      Министрлік немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол тапсырылған, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын жүгіну туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта бойынша, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

      4) www.e.gov.kz порталында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ 1414,8-800-080-7777 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясы стипендиатының
мәртебесі туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      Нысан

      "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті

      ___________________________________________

      стипендиат ________________________________________

      (Т.А.Ә. толық)

      ______________________________________ бағдарламасы

      ____________________________

      (бакалавриат/магистратура/аспирантура

      /докторантура/маман)

      мамандығы _____________________________

      (Республикалық комиссияның хаттамасы бойынша)

      елі мен ЖОО __________________________

      Қазақстандағы пошталық мекенжайы __________

      ___________________________________________

      телефоны__________________________________

      электрондық мекенжайы ____________________

      ЖСН ____________________________________

      (жеке сәйкестендiру нөмiрі)

Өтініш

      Мен, _____________________________________________________,

      ________________________________________________________________

      (анықтаманы талап ету орнын көрсетіңіз)

       стипендиат мәртебесін растайтын анықтама беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісемін.

      Қолы _____________

      20__жылғы "___" _______

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясы стипендиатының
мәртебесі туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

      Нысан

      "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті

      _________________________________________

      түлек ___________________________________

      (Т.А.Ә.толық)

      туған күні ________________________________

      (кк.аа.жж)

      Қазақстандағы почталық мекенжайы _________

      _________________________________________

      телефоны (ұялы) _________________________

      телефоны (үй) _____________________________

      эл. мекенжайы ____________________________

Өтініш

      Мен, _____________________________________________________,

      (ЖОО және оқу елінің атауы)

      ___________________________________________________бағдарламасы,

      _______________________________________________ мамандығы бойынша

       (бакалавриат, магистратура, докторантура)

      _______________________бастап ____________________дейінгі

      (оқуының басталу мерзімі) (аяқтаған мерзімі)

      кезеңде оқыдым.

       Сізден

      ____________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ұсыну үшін "Болашақ" бағдарламасының түлегі мәртебесін растайтын анықтама беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісемін.

      қолы ________________

      20__жылғы "__" _________

      *Анықтама жетекшілер түлек туралы деректерді ұсынғаннан кейін беріледі.

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясы стипендиатының
мәртебесі туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

      Нысан

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.)

      ________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

      Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолжазба

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ филиалының № ___ бөлімшесі (мекенжайын көрсетілуі тиіс) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын, атап айтқанда төменде берілген құжаттарды Сіз толық тапсырмағандықтан мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауын көрсету қажет):

      Жоқ құжаттар атауы:

      1) ________________________

      2) ________________________

      3) ...

      Осы қолжазба әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада құрылған.

      _____________________________ ________

       ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаушының ТАӘ ________________

      Тел. ______________

      Алған: ТАӘ /қызмет алушының қолы

      20___жылғы "___"______________

      _____________________________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына 3-қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 64 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

      көрсетілетін қызметті берушіге - күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      Астана қаласы бойынша – күнтізбелік 15 (он бес) күн (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      өзге өңірлерде – 15 (он бес) жұмыс күн (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушіде және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыда және Мемлекеттік корпорацияда - жоғары оқу орны/шетелдік ұйым/тілдік мектеп/елшілік мекенжайына "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хаты.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбі - жұма аралығында сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз.

      Мемлекеттік қызмет жедел қызмет көрсетусіз "электронды кезек" тәртібімен таңдау бойынша көрсетіледі, электронды кезекті портал арқылы "брондауға" болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы стандартқа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жоғары оқу орнының/шетелдік ұйымның/тілдік мектептің/елшіліктің атауы көрсетілген қаржылық кепілдік хатын беру туралы өтініш;

      жеке куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырғаннан кейін қайтарылып беріледі).

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттар қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы талон беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған кезде, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде қорытындыны сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Министрлік басшылығының не оны алмастырушы адамның, не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.

      Өз қолымен әкеліп тапсырылған, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді..

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

       2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясының стипендиаты
ретінде оқуға баратындар үшін
кепілдік хатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан
  (оқуын жалғастырушылар)

      "Халықаралық бағдарламалар орталығы"
акционерлік қоғамының президенті
___________________________________
стипендиат_________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)
________________________бағдарламасы
(бакалавриат/магистратура/аспирантура/
докторантура/маман)
мамандығы (Республикалық комиссияның
хаттамасы бойынша) __________________
елі және ЖОО ________________________
Қазақстандағы почталық мекенжайы
____________________________________
телефоны ____________________________
электрондық мекенжайы _______________
ЖСН ________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)

ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен, ____________________________________________________________________, Сізден

      (тиістісін көрсетіңіз):

____________________________________________________________________елшілігіне,

      (елін көрсетіңіз)

ЖОО ________________________________________________________________________

      (мамандығын мен ЖОО көрсетіңіз)

      ұсыну үшін қаржылық кепілдеме хатын беруіңізді сұраймын.

      Елшілікте сұхбаттан өту жоспарланған күн 20___ ж. "___"__________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20__жылғы "___"_________ Қолы _____________

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясының стипендиаты
ретінде оқуға баратындар үшін
кепілдік хатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан
  (алғаш рет баратындар)

      "Халықаралық бағдарламалар орталығы"
акционерлік қоғамының президенті
___________________________________
стипендиат_________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)
________________________бағдарламасы
(магистратура/аспирантура/ докторантура/
маман/тағылымдама)
мамандығы (Республикалық комиссияның
хаттамасы бойынша) __________________
елі және ЖОО/шетелдік білім беру ұйымы _____
____________________________________
Қазақстандағы почталық мекенжайы_____
_____________________________________
телефоны ____________________________
электрондық мекенжайы _______________
ЖСН ________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)

ӨТІНІШ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен,_____________________________________________________________________, Сізден

      (тиістісін көрсетіңіз):

___________________________________________________________________ елшілігіне,

      (елін көрсетіңіз)

ЖОО/ шетелдік білім беру ұйымы ________________________________________________

      (мамандығы мен ЖОО/шетелдік білім беру ұйымын көрсетіңіз)

      ұсыну үшін қаржылық кепілдеме хатын беруіңізді сұраймын.

      Елшілікте сұхбаттан өту жоспарланған күн 20___ ж. "___"__________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20__жылғы "___"_________ Қолы ________________

  "Болашақ" халықаралық
стипендиясының стипендиаты
ретінде оқуға баратындар үшін
кепілдік хатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

      Нысан

      Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолжазба

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ (мекенжайын көрсетілуі тиіс) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын, атап айтқанда төменде берілген құжаттарды Сіз толық тапсырмағандықтан мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауын көрсету қажет):

      Жоқ құжаттар атауы:

      1) ________________________

      2) ________________________

      3) ...

      Осы қолжазба әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада құрылған.

      ________________________________ ____________

       ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаушының ТАӘ ________________

      Тел. ______________

      Алған: ТАӘ /қызмет алушының қолы

      20___жылғы " ___"______________

      _____________________________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
№ 4 қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды
өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына шығыстарды өтеу бойынша теңгемен қаражат аудару.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шығыстарды өтеуге өтініш;

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өз қаражаты есебінен жұмсалған шығыстар сомасын растайтын құжат.

      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.

      9-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшылығының не оны алмастырушы адамның, не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырады.

      Шағымда көрестілетін қызметті алушының тегі, аты-жөні, почталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және дәрежесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 телефон бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

       Нысан

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті
________________________________________
"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері
________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
толық)
___________________________ бағдарламасы
(бакалавриат/магистратура/аспирантура
/докторантура/тағылымдама)
елі, ЖОО _______________________________
Қазақстандағы почталық мекенжайы _______
________________________________________
телефоны _______________________________
электрондық мекенжайы __________________
ЖСН ____________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Шығыстарды өтеуге өтініш

      "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған күннен бастап менің шығыстарымды _________________________________ банкінің (IBAN) № KZ ______ ______ ______ ______ карт-шотына аударуыңызды сұраймын.

Атауы

Төлем нысаны*

Сомасы

Валюта

1

2

3

4

5

Барлығы

      Ескертпе: *төлем онлайн немесе қолма-қол есебінен

      20__ жылғы "___" ________ № _____ Оқытуды ұйымдастыру туралы/ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру туралы шарт.

      Қосымша (төлемді растайтын құжаттардың түпнұсқалары):

      1)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2) _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3) _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4) _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      20____жыл "___"_______ ____________________________________

      (стипендиаттың қолы)

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарының шығыстарын растайтын

      қажетті құжаттар тізбесі

р/с

Шығыс түрлері

Растайтын құжаттар

1

2

3

1

виза ресімдеу, ұзарту (консулдық алым)

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);
2) виза көшірмесі, оқу елі виза жапсырмасын салмаған жағдайда, виза алғаны туралы электронды растама ұсыну қажет.

2

оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және тапсыру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не үзіндінің әрбір бетінде банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);
2) сауалнама нысандарының барлық түрлерін ресімдеуге және беруге төлемдерді растайтын оқу орнының электрондық растамасының қағазға басылған нұсқасы.

3

қабылдаушы елдердің уәкілетті органдары мен оқу орындарында тіркелу

2) тіркеу туралы сертификаттың көшірмесі не қабылдаушы елдердің уәкілетті органдарында және оқу орнында тіркелгені үшін төлем туралы электрондық растаманың қағазға басылған нұсқасы.

4

емтихандар

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін);
2) сертификаттың электрондық көшірмесі/төлем туралы электронды растаманың қағазға басылған нұсқасы.

5

оқу (оның ішінде оқуға арналған депозит), оқу орындарының талаптары бойынша міндетті қызметтер

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін), не оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы;
2) төлем ашық жазылған төлемді куәландыратын (инвойс) шот көшірмесі.

6

міндетті медициналық тексеру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін).

7

оқу орындарының үлгерім туралы ресми құжаттарын (транскрипт) ұсынуы

2) транскрипт көшірмесі.

8

медициналық сақтандыру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен/сақтандыру компаниясынан ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін)
2) сақтандыру полисінің түпнұсқасы/көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру (т/ж көлігі, автобус)

1) жол жүру құжатының түпнұсқасы (т/ж. билеті, автобус билеті).
Қазақстан Республикасының ішінде әуе көлігімен ұшқан жағдайда, купе вагоны тарифінен аспайтын т/ж жол жүруінің құны өтеледі
1.1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанмен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер;
1.2) электронды билет;
1.3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.
1.4) билет сатып алған күнге купелі вагон құны туралы т/ж-дан анықтаманың түпнұсқасы (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класты жүрдек поезды қоспағанда).
1.1), 1.2) және 1.3) тармақшаларда жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, авиаагенттіктен ТАӘ, құнын, класын, бағытын көрсете отырып, билетті сатып алу және пайдалану фактісін растайтын анықтаманы ұсынуға болады.

10

Қазақстан Республикасынан тыс жол жүру

жол жүру құжатының түпнұсқасы (т/ж. билеті, автобус билеті).

10.1

т/ж көлігі, автобус ақысын өтеу

Жол жүру құжатының түпнұсқасы болмаған жағдайда, чекті, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады) және электронды билеттің көшірмесін ұсынуға болады.

10.2

авиабилеттер ақысын өтеу

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін); 2) жол жүру құжатының түпнұсқасы, не электронды билет, 3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.
Жоғарыда көрсетілген тармақшаларда құжаттар болмаған жағдайда авиаагенттіктен:
1) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет құны мен нөмірін, билетті сатып алуды растайтын фактіні;
2) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет құнын, класын, бағытын, нөмірін;
3) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет класын, бағытын, нөмірін және билеттің пайдаланылуын растайтын фактіні көрсете отырып, анықтама/хат түпнұсқасын ұсынуға болады.

      *Қазақстан Республикасында тұратын жерінен "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін академиялық оқуы немесе тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуі басталған сәттен бастап академиялық оқу немесе тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру және тілдік курстар, академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталғаннан кейін қайту бойынша, академиялық оқу ұзақтығы 1 (бір) оқу жылынан асқан жағдайда - Қазақстан Республикасындағы тұратын жерінен оқуының әрбір оқу жылы басында оқу орнына дейін және оқуының әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін қайту жолы, сондай-ақ академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту орнынан және Қазақстан Республикасына визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда кейін қайту жолы бойынша шығыс нормалары.

      Шығыстарды төлеу жүк тасымалы төлемісіз растау құжаттарының негізінде нақты шығыстар бойынша жүргізіледі:

      а) Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру бойынша - әуе және темір жол көлігін пайдаланғаны үшін - купе вагоны (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класты жүрдек поезды қоспағанда), тасжолы және қаражол бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін - осы жерлердегі жол жүру құны бойынша (таксиді қоспағанда);

      б) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жол жүру бойынша - әуе көлігін пайдаланғаны үшін - экономикалық класс тарифы бойынша, темір жол көлігін пайдаланғаны үшін, тасжолы және қаражол бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін - осы жерлердегі жол жүру құны бойынша (таксиді қоспағанда).

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
№ 5 қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аванстық соманы теңгемен аудару.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шығыстарға аванс беруге жазбаша өтініш;

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес аванс сомасын растайтын құжаттың көшірмесі (инвойс, жалдау туралы шарт, оқу орнының, сақтандыру компаниясының, елшіліктің ресми сайтынан ақпарат, авиаұшу құны немесе авиабилетті брондау туралы ақпарат);

      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.

      9-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшылығының не оны алмастырушы адамның, не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырады.

      Шағымда көрестілетін қызметті алушының тегі, аты-жөні, почталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және дәрежесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

       Нысан

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ
(бұдан әрі - Қоғам) президенті _______________________________________
"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері
_______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
толық)
__________________________ бағдарламасы
(бакалавриат/магистратура/аспирантура/
докторантура/тағылымдама)
елі, ЖОО ______________________________
Қазақстандағы почталық мекенжайы ______
_______________________________________
телефоны ______________________________
электрондық мекенжайы _________________
ЖСН ___________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Аванс алуға өтініш

      Маған _________________________________________________________

      (аванс алу мақсаты)

      _____________________________________________________ банкінің (IBAN) № KZ _________________ карт-шотына __________________________________

      (___________________________________________________________________)

      (соманы толық жазу)

       көлемінде аванс аударуыңызды сұраймын.

       20__ жылғы "__" _____ № _____ Оқытуды ұйымдастыру туралы/ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру туралы шарт.

      Қосымша:

      ____________________________________________________________________

      (аванс қажеттілігін растайтын құжат)

      Тұру мен тамақтануға арналған аванс сомасын "Болашақ" халықаралық стипендиясына байланысты кейінгі төлемдерді есептеу кезінде ұстап қалуды сұраймын.

      Басқа мақсаттардағы аванстық төлемдер бойынша Қоғам аванс аударған күннен бастап 2 ай ішінде авансты мақсатты пайдалануды растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынуға міндеттенемін. Мен растау құжаттарын ұсынбаған жағдайда немесе Қоғам аударған аванс сомасы

      толық пайдаланылмаса, құжаттар түпнұсқасымен расталмаған соманы "Болашақ" халықаралық стипендиясына байланысты кейінгі төлемдерді есептеу кезінде ұстап қалуды сұраймын.

      20 ___жыл "___" ___________ _____________________________

      (стипендиаттың қолы)

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      "Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарының шығыстарын растайтын

      қажетті құжаттар тізбесі

р/с №

Шығыс түрлері

Растайтын құжаттар

1

2

3

1

виза ресімдеу, ұзарту (консулдық алым)

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);
2) виза көшірмесі, оқу елі виза жапсырмасын салмаған жағдайда, виза алғаны туралы электронды растама ұсыну қажет.

2

оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және тапсыру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не үзіндінің әрбір бетінде банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);
2) сауалнама нысандарының барлық түрлерін ресімдеуге және беруге төлемдерді растайтын оқу орнының электрондық растамасының қағазға басылған нұсқасы.

3

қабылдаушы елдердің уәкілетті органдары мен оқу орындарында тіркелу

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);
2) тіркеу туралы сертификаттың көшірмесі не қабылдаушы елдердің уәкілетті органдарында және оқу орнында тіркелгені үшін төлем туралы электрондық растаманың қағазға басылған нұсқасы.

4

емтихандар

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін);
2) сертификаттың электрондық көшірмесі/төлем туралы электронды растаманың қағазға басылған нұсқасы.

5

оқу (оның ішінде оқуға арналған депозит), оқу орындарының талаптары бойынша міндетті қызметтер

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін), не оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы;
2) төлем ашық жазылған төлемді куәландыратын (инвойс) шот көшірмесі.

6

міндетті медициналық тексеру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін).

7

оқу орындарының үлгерім туралы ресми құжаттарын (транскрипт) ұсынуы

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін), не оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы;
2) транскрипт көшірмесі.

8

медициналық сақтандыру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен/сақтандыру компаниясынан ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін)
2) сақтандыру полисінің түпнұсқасы/көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру (т/ж көлігі, автобус)

1) жол жүру құжатының түпнұсқасы (т/ж. билеті, автобус билеті).
Қазақстан Республикасының ішінде әуе көлігімен ұшқан жағдайда, купе вагоны тарифінен аспайтын т/ж жол жүруінің құны өтеледі
1.1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанмен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер;
1.2) электронды билет;
1.3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.
1.4) билет сатып алған күнге купелі вагон құны туралы т/ж-дан анықтаманың түпнұсқасы (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класты жүрдек поезды қоспағанда).
1.1), 1.2) және 1.3) тармақшаларда жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, авиаагенттіктен ТАӘ, құнын, класын, бағытын көрсете отырып, билетті сатып алу және пайдалану фактісін растайтын анықтаманы ұсынуға болады.

10

Қазақстан Республикасынан тыс жол жүру

жол жүру құжатының түпнұсқасы (т/ж. билеті, автобус билеті).

10.1

т/ж көлігі, автобус ақысын өтеу

Жол жүру құжатының түпнұсқасы болмаған жағдайда, чекті, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады) және электронды билеттің көшірмесін ұсынуға болады.

10.2

авиабилеттер ақысын өтеу

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін); 2) жол жүру құжатының түпнұсқасы, не электронды билет, 3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.
Жоғарыда көрсетілген тармақшаларда құжаттар болмаған жағдайда авиаагенттіктен:
1) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет құны мен нөмірін, билетті сатып алуды растайтын фактіні;
2) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет құнын, класын, бағытын, нөмірін;
3) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет класын, бағытын, нөмірін және билеттің пайдаланылуын растайтын фактіні көрсете отырып, анықтама/хат түпнұсқасын ұсынуға болады.

      *Қазақстан Республикасында тұратын жерінен "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін академиялық оқуы немесе тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуі басталған сәттен бастап академиялық оқу немесе тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру және тілдік курстар, академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталғаннан кейін қайту бойынша, академиялық оқу ұзақтығы 1 (бір) оқу жылынан асқан жағдайда - Қазақстан Республикасындағы тұратын жерінен оқуының әрбір оқу жылы басында оқу орнына дейін және оқуының әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін қайту жолы, сондай-ақ академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту орнынан және Қазақстан Республикасына визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда кейін қайту жолы бойынша шығыс нормалары.

      Шығыстарды төлеу жүк тасымалы төлемісіз растау құжаттарының негізінде нақты шығыстар бойынша жүргізіледі:

      а) Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру бойынша - әуе және темір жол көлігін пайдаланғаны үшін - купе вагоны (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класты жүрдек поезды қоспағанда), тасжолы және қаражол бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін - осы жерлердегі жол жүру құны бойынша (таксиді қоспағанда);

      б) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жол жүру бойынша - әуе көлігін пайдаланғаны үшін - экономикалық класс тарифы бойынша, темір жол көлігін пайдаланғаны үшін, тасжолы және қаражол бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін - осы жерлердегі жол жүру құны бойынша (таксиді қоспағанда).

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
№ 6 қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының
міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған
жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

      2. Мемлекетік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жылжымайтын мүлік кепіл шарты.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      әділет органдары берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

      егер кепілге ұсынылған жылжымайтын мүлік құны оқу шартының сомасын жаппаса, әділет органының көрсетілетін қызметті алушының өзін қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының отбасының барлық мүшелерінен (ата-анасы, жұбайы, балалары) Қазақстан Республикасының барлық аумағында жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама;

      жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар (түпнұсқа);

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

      бағалау қызметін жүзеге асыратын лицензиясы бар кез келген тәуелсіз бағалаушымен кепіл шартын жасаған сәтке дейін 6 (алты) айдан кешіктірмей берілген жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп (тұпнұсқа);

      жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары (жер учаскесі, жер учаскесі бар тұрғын үй немесе жер учаскесі бар тұрғын емес орынжай үшін) (түпнұсқа);

      нотариалды куәландырылған өтініш, егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесі(лері) некеде тұрған болса, жылжымайтын мүлікті соттан тыс іске асыруға келісімімен жылжымайтын мүлікті кепілге беруге мүлік иесінің жұбайынан (зайыбынан) келісім, сондай-ақ неке туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірме), меншік иесі(лері) жұбайының (зайыбының) жеке куәлігі (көшірме);

      егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесі(лері) некеде тұрмаған болса, жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтіндегі жылжымайтын мүлік иесі(лері)нің отбасылық жағдайы туралы нотариалды куәландырылған өтініш;

      егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесі некеде тұрған болса, алайда кепіл шартын жасау сәтінде некеде тұрмаса (айырылысқан болса) некені бұзу туралы азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарының куәлігі, сондай-ақ меншік иесінің қазіргі уақытта некеде тұрмағандығы туралы нотариалды куәландырылған өтініш;

      егер жылжымайтын мүлік иесінің біреуі кәмелеттік жасқа толмаған адам болса, жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жасауға қамқоршылық және қорғаншылық органдардың жазбаша келісімі, жылжымайтын мүліктің кәмелеттік жасқа толмаған меншік иесінің туу туралы куәлігі, сондай-ақ тұлғада кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүліктің кәмелеттік жасқа толмаған меншік иесінің, егер оның атынан қамқоршы/қорғаншы әрекет етсе, қамқоршысы немесе қорғаншысы мәртебесінің болуын растайтын құжаттар;

      жылжымайтын мүлік иесі(лері)нен кепілге және соттан тыс сатуға құқық беруге нотариалды куәландырылған келісім-өтініш жылжымайтын мүлік кепіл шарты сенімхат бойынша жасалған жағдайда ұсынылады;

      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.

      9-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшылығының не оны алмастырушы адамның, не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырады.

      Шағымда көрестілетін қызметті алушының тегі, аты-жөні, почталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және дәрежесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
№ 7 қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының
міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін
тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерді орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауға байланысты жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес өтініш;

      "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде алынған дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істеген 5 жылдық кезең бойынша зейнетақы қорынан жазба;

      жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

      кепілге қойылған мүлік иесінің жеке куәлігінің көшірмесі.

      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.

      9-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшылығының не оны алмастырушы адамның, не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырады.

      Шағымда көрестілетін қызметті алушының тегі, аты-жөні, почталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және дәрежесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Болашақ" халықаралық стипендиясы
стипендиатының міндеттемелерді орындау
кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату
туралы хабарлама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

       Нысан

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті
_____________________________ түлекгі
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)толық)
Қазақстандағы почталық мекенжайы ______
_______________________________________
телефоны (ұялы) _______________________
телефоны(үй) __________________________
эл. мекенжайы _________________________

      Өтініш

      Мен, _________________________________________________________,

      _____________________________________________________________________

      (ЖОО және оқу елінің атауы)

      _______________________________________________________ бағдарламасы,

      ___________________________________________________ мамандығы бойынша

      (бакалавриат, магистратура, докторантура)

      _________________________бастап _________________ дейінгі кезеңде

      (оқуының басталу мерзімі) (аяқтаған мерзімі)

      оқыдым. _____________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан ______________ № ______ жылжымайтын мүлік кепілі шартының мәні болып табылатын жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алып тастауыңызды сұраймын.

      Өтінішке мыналар қоса беріледі:

      1) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істеген 5 жылдық кезең бойынша зейнетақы қорынан жазба;

      3) әділет органдары берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

      4) кепілге қойылған мүлік иесінің жеке куәлігінің көшірмесі

      *Қажет болған жағдайда Қоғам қосымша құжаттарды сұрауға құқығы бар.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына № 8 қосымша

"Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу
конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2016 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға өтініш берген кезде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

      Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау туралы ақпарат қөрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында жарияланады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі - шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы қолхат.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды сандық қолымен (бұдан әрі – ЭСҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбі - жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Құжаттар қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) шетелде оқу конкурсына қатысу үшін:

      шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы;

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың көшірмелері (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);

      бар болған жағдайда шет тілін білетінін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK);

      "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (шетелге шығушылар үшін) медициналық анықтама (бұдан әрі – медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін);

      бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;

      бар болған жағдайда ұсынымдық хаттар;

      транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша өз бетімен түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін).

      Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады;

      таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

      бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін).

      2) академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда:

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін өтініш;

      ұсыныс хаттар;

      дербес оқу жоспары;

      транскрипт көшірмесі (білім алушы үшін);

      медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін);

      шетелдік жоғары оқу орнының ресми шақыруының көшірмесі;

      академиялық ұтқырлық шеңберінде екі айдан астам уақытқа шетелге оқуға жіберілетін үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);

      үміткер, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісім.

      портал арқылы өтініш жасаған жағдайда:

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін өтініші;

      ұсыныс хаттардың электрондық көшірмесі;

      дербес оқу жоспарының электрондық көшірмесі;

      транскрипттің электрондық көшірмесі;

      медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі (шетелге шығушылар үшін);

      шетелдік жоғары оқу орнының ресми шақыруының электрондық көшірмесі;

      академиялық ұтқырлық шеңберінде екі айдан астам уақытқа шетелге оқуға жіберілетін үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);

      үміткер, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісімінің электрондық көшірмесі.

      Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жіберіледі.

      Шағым почта бойынша, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын жүгіну туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта бойынша, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында және жоғары оқу орындарының порталдарында орналастырылған.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған және академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін өтініш берген жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

  "Шетелде, оның ішінде академиялық
ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының
сауалнамасы

3*4 сурет

1

Тегі
Аты
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – аты-жөні)

2

Туған күні

3

Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)

4

Тұрақты тұратын жерінің мекен-жайы, телефон нөмірі

5

Қазіргі тұратын мекен-жайы,
телефон нөмірі, электрондық поштасы

6

Жалпы орта білім беру ұйымының атауы

7

Жалпы орта білімі туралы құжаттың орташа балы, бітірген жылы

8

Сіз аяқтаған басқа оқу орындарының атауы, оқу жылдары, орташа балы, мамандығы

9

Сіз шетелде оқыдыңыз ба?
Қайда (ел)?
Оқу кезеңі.
Оқу орнының атауы,
оқу бағдарламасы
(бакалавриат, магистратура)

10

Шетелде білім алу (алмасу бойынша, қабылдаушы тарап, шетел мемлекетінің немесе ұйымының білім алу бағдарламалары, демеушілер, өзіңіздің жеке қаражатыңыз және т.б.)

11

Қандай ғылыми еңбектеріңіз және өнертабыстарыңыз бар (мақалалардың, оқу-әдістемелік әзірлемелердің, авторлық куәлiктердің, рефераттардың, мақтау қағаздарының және т.б. көшірмелерін қоса беріңіз)

      12. Жақын туыстар туралы ақпарат (ата-анасы, аға-інілері,

      апа-сіңлілері, жұбайы, балалары, қамқоршылары және/немесе заңды

      өкілдері):

Туыстық дәрежесі

Аты-жөні, туған күні, айы, жылы

Жұмыс (оқу) орны, лауазымы,
жұмыс телефоны

Үйінің мекен-жайы,
индекс, телефон,
қала коды

Әкесі

Анасы

Аға-інілері

Апа-сіңлілері

Жұбайы

Балалары

Қамқоршылары және/немесе заңды өкілдері

      13. Еңбек қызметi (техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарындағы

      оқуды қосқанда, әскери қызмет, қоса атқарған жұмыс және т.б.)

Мерзімі

Ұйым және ондағы лауазымы

Мекен-жайы

Бастау

Аяқтау

14

Сіз білетін шет тілдерін атаңыз (білім деңгейіңізді көрсетіңіз, мысалы, еркін меңгердім, жақсы меңгердім, оқып түсіндіре аламын, оқимын және сөздікпен аударамын)

15

Бұған дейін шет тілін білу деңгейін тексеретін тест тапсырдыңыз ба? Егер тапсырсаңыз, балыңыз қандай?

16

Тұлғаны куәләндыратын құжат деректері:
нөмірі
кіммен берілді
қашан берілді

17

Оқуға баратын ел атауы

18

Сіздің шетелде меңгергіңіз келетін мамандық

      Қолы_____________________ Күні __________________

  "Шетелде, оның ішінде академиялық
ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

"Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу
конкурсына қатысу үшін өтініші

3*4 сурет

      20../20.. академиялық жыл

      Оқу бағыты................................

      Бұл нысан факспен жіберілген жағдайда жақсы көрінуі үшін қара түспен

      толтырылады

Жіберуші оқу орны
Атауы мен толық мекенжайы:
..............................................................
..............................................................
Департамент үйлестірушісінің аты-жөні (бар болған жағдайда), тел., факс, e-mail
..............................................................
..............................................................
..........................
Оқу орны үйлестірушісінің аты-жөні (бар болған жағдайда), тел., факс, e-mail
..............................................................
..............................................................
..............................................................

      Білім алушының жеке мәліметтері

      (білім алушы өзі толтырады)

Тегі:.......................
Туған жылы:..................
Жынысы:......................
Азаматтығы...................
Туған жері:..................
Қазіргі тұрғылықты жері:.....
.............................
.............................
.............................
.............. дейін жарамды:
Тел.:........................

Аты:...........................
Тұрақты мекенжайы (егер
ерекшеленетін болған
жағдайда):.....................
...............................
...............................
...............................
Тел............................

      Осы өтінімді алатын оқу орындар тізбесі (қалауларына қалай):

Оқу орны

Мемлекет

Оқу кезеңі

Келген мерзімі (айы)

Күтілетін кредиттерінің №

1...............
2...............
3...............

........
........
........

.....
.....
.....

.....
.....
.....

.......
.......
.......

.............
.............
.............

Білім алушының аты-жөні (бар болған жағдайда):
.............................................................
Жіберуші оқу орны:...........................
Мемлекет:.........................

Шетелде оқығыңыз келетін уәждерді қысқаша түсіндіріңіз

.......................................

.......................................

.......................................

      Тілдерді меңгеру

Ана тілі:.................Оқу орнындағы оқу тілі (егер ерекшеленген жағдайда):.......................................

Басқа тілдер

Қазір үйреніп жүрмін

Оқу үшін жеткілікті дағдыларым бар

Егер қосымша дайындықтан өтсем, айтарлықтай машықтанам

иә

жоқ

иә

жоқ

иә

жоқ

..........
 
.........
 
..........

_
|_|
_
|_|
_
|_|

_
|_|
_
|_|
_
|_|

_
|_|
_
|_|
_
|_|

_
|_|
_
|_|
_
|_|

_
|_|
_
|_|
_
|_|

_
|_|
_
|_|
_
|_|

      Оқуға байланысты еңбек тәжірибесі (егер болған жағдайда)

Жұмыс істеу тәжірибесі
.................
.................

Фирма/ұйым
.................
.................

Уақыты
...........
...........

Мемлекеті
............
............

      Алдыңғы және ағымдағы оқуы

Қазіргі кезде оқып жатқан дипломы/дәрежесі.........................

Шетелге шыққанға дейін жоғары білім алған жылдары:..................

Шетелде болып па едіңіз? иә |_| жоқ |_|
Жауабыңыз иә болса, қай жерде және қандай оқу орнында?

......................................................
Алдыңғы және ағымдағы оқудың барлық мәліметтері сипатталған толық транскрипт тіркелген. Өтінім берген кезде жазылмаған мәліметтер кейінірек берілуі мүмкін.

Шетелде оқумен байланысты қосымша шығындарды өтеу үшін мобильдік бойынша грантқа тапсырғыңыз келе ме?
_ _
иә |_| жоқ |_|

Қабылдаушы оқу орны

Оқу бағдарламасы ұсынған өтінім мен транскриптті алғанымызды мойындаймыз.

Аталған студент
_
|_|
_
|_|
Департамент үйлестірушісінің қолы.........................
Күні:........................

Біздің оқу орнымызға қабылданды
Біздің оқу орнымызға қабылданбады
 
Оқу орны үйлестірушісінің қолы/
................................
 
Күні............................