Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11183 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес "Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;

      3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е.Досаев

      2015 жылғы " "

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
1-қосымша

"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

      Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушы паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

      3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар діни бірлестік берген құжат;

      4) куәлік көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестіктің жарғысының көшірмесі;

      5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелу үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;

      2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаты.

      Шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.

      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

      10. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтен бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;

      2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді
жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      нысан

      ____________________________________________________________ әкімдігі

      (облысының, республикалық маңызы бар қаланың және астананың)

Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы

      куәлік _________________________________________________

      (тіркеу нөмірі)

       _______ қаласы 20 жылғы " "

      Осы куәлік "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ____________________________________________________________ берілген

      (куәлік берілетін адамның тегі, аты, әкесініңаты (оның болған

      жағдайында))

      және миссионер ретінде 20___жылғы "___" ___________ тіркелгенін

      растайды.

      Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі: ____________________________

      Алғашқы тіркелген күні 20___жылғы "___" __________

      (қайта тіркелген кезде көрсетіледі)

      Паспорт немесе жеке куәлігі: ________________________________________

       (берілген күні, нөмірі, құжатты берген орган)

      Азаматтығы: _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (дiни ұстанымы және атынан миссионерлік қызмет атқаратын діни

      бірлестіктің атауы)

      Осы куәлік 20___ жылғы "___" ________ дейін жарамды

      Көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен лауазымды адам

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы мен тегiн, аты-жөнін, әкесінің атын (болған жағдайда)

      көрсете отырып)

      Қолы _____________________ Мөр

      Бланк сериясы Бланк №

  "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді
жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      нысан

      көрсетілетін қызметті берушіге

      ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен

      лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты,

      әкесінің аты (оның болған жағдайында))

      көрсетілетін қызметті алушыдан

      ______________________________________

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (оның болған жағдайында), мекенжайы және

      телефоны)

Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты: ___________________________

      Орналасқан (тұратын) мекенжайы: _____________________________________

      Паспорт немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат (күні, нөмірі,

      құжатты берген орган) _______________________________________________

      Азаматтығы: _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (дiни ұстанымы және атынан миссионерлік қызмет атқаратын діни

      бірлестіктің атауы)

      Миссионерлік қызмет мерзімі: ________________________________________

      Визаның қолданылу мерзімі ___________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру аумағы: _______________________________________

       (облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана)

      Мен, ___________________________________________________ миссионерлер

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (оның болған жағдайында))

      Қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын _________________________________

      (қолы)

      Қосымша:

      Қолы _______________ Өтініш берілген күн __________________________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн келiсу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктер дiң қызметiн келiсу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiне келісу туралы келiсім-хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

      Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) шетелдік дiни бiрлестiктiң орналасқан жерін растайтын құжат;

      3) діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тізімі;

      4) діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни баспа материалдары;

      5) құрылтайшы - шетелдік діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасы бар нотариалды куәландырылған құжат.

      Құжаттар шетел тілінде ұсынылған жағдайда, олардың мемлкеттік және орыс тiлдерiне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрiндегі аудармасы ұсынылады.

      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз ретінде егер діни бірлестіктердің қызметі:

      1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға,

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен, олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен, ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуымен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасса;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартса;

      5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктеуге итермелесе;

      6) дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Қазақстан Республикасы аумағындағы
шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

      нысан

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысына

      _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (оның болған

      жағдайында))

      көрсетілетін қызметті алушыдан

      __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында)

      көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы

      және телефоны)

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк дiни
бiрлестiктің қызметiне келiсім беру туралы
өтініш

      Мен, ________________________________________________________________

      (шетелдік дiни бiрлестiк басшысының тегі, аты, әкесінің аты (оның

      болған жағдайында)

      ____________________________________________________________________,

      (паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат

      (берілген күні, нөмер, құжатты берген орган)

      ____________________________________________________________________,

      (шетелдік дiни бiрлестiктiң ұстанатын діні)

      Қазақстан Республикасы аумағындағы __________________________________

       (шетелдік дiни бiрлестiктін толық атауы)

      қызметіне келісуді сұраймын.

      Қосымша:

      1)

      2)

      Қолы __________________ Өтініш берген күні _________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының мөрі _________________________________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
3-қосымша

"Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни
бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
3. Жалпы ережелер

      1. "Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) кызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауы туралы келiсім-хат, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

      Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткер туралы, оның шетелдiк дiни орталықтағы бұрынғы қызметi туралы мәлiметтер қамтылған қолдаухат;

      2) үміткерді Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн дiни бiрлестiктiң басшысы етiп тағайындау туралы шешiм;

      3) дiни бiрлестiктiң басшысы лауазымына үміткердің паспортының немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi.

      Құжаттар шетел тілінде ұсынылған жағдайда, олардың қазақ және орыс тiлдерiне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрiндегі аудармасы ұсынылады.

      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

      10. Егер діни бірлестік басшысының қызметi Қазақстан Республикасында конституциялық құрылымына, қоғамдық тәртiпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндiретiн болса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан
Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын келiсу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

      нысан

      көрсетілетін қызметті берушінің

      басшысына

      ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

      әкесінің аты (оның болған жағдайында))

      көрсетілетін қызметті алушыдан

      ______________________________________

      (заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (оның болған жағдайында), атауы, пошталық

      мекенжайы, телефоны және БСН)

Қазақстан Республикасында шетелдiк дiни орталықтың дiни
бiрлестiктің басшысын тағайындауы туралы
қолдаухат

      Осымен Қазақстан Республикасындағы __________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктің толық атауы)

      басшысы ретінде ___________________________________________________,

      (Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiк басшысының тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында))

      ____________________________________________________________________.

      (кандидаттың шетелдiк дiни орталықтағы бұрынғы қызметi туралы

      мәлiметтерді көрсету керек)

      ____________________________________________________________________,

      (шетелдік дiни орталықтың орналасқан жерi туралы мәліметтер)

      ____________________________________________________________________,

      (құрылтайшы - шетелдік діни орталықтың шетел мемлекетінің заңнамасы

       бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын құжат (тіркеу

      нөмірі, күні, құжатты берген орган, қолданылу мерзімі)

      ____________________________________________________________________.

      (шетелдiк дiни орталықтың ұстанатын дiнi мен орналасқан жері)

      _____________________________________________________________________

      (шетел мемлекеті заңнамасы бойынша құрылтайшы – шетел діни

       бірлестіктің заңды тұлға екенін құәландыратын (паспорт немесе жеке

      басын куәландыратын өзге құжат (тіркеу нөмірі, берілген күні, құжатты

      берген орган, қолданылу мерзімі) құжаттың мәліметтері))

      тағайындауға келісуіңізді сұраймын _________________________________.

      Қосымша:

      1)

      2)

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы ______ Өтініш берген күні _______

      Көрсетілетін қызметті алушының мөрі _________________________________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
4-қосымша

"Дінтану сараптамасын жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн.

      Сараптама жүргiзу мерзімі сарапшыда (сарапшыларда) қолда бар объект бойынша материалдар толық болмаған жағдайда мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге, халықаралық ұйымдарға (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы) қажетті қосымша материалдар мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салулар жолданған жағдайда 30 (отыз) күнтізбелік күнге ұзартылады. Сараптама мерзімі ұзартылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші сұрау салулар жолдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 13.06.2016 № 159 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – сараптамалық қорытынды нәтижелері туралы хат.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

      Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;

      3) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына түскенін растайтын құжаттың көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген өтініштің көшірмесі, не Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын діни бірлестіктің басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атынан жазылған құжаттың көшірмесі.

      Осы тармақшамен көзделген құжаттар мынадай жағдайларда ұсынылады:

      1) Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына, сондай-ақ уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;

      2) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;

      3) жеке өзі пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;

      4) уәкілетті орган басшысының бұйрығы;

      5) дінтану сараптамасының объектісі (құрылтай, сонымен қатар діни мазмұндағы басқа да құжаттары, рухани (діни) білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар, діни әдебиет және діни мақсаттағы заттар).

      Ұсынылған материал шет тілінде болған жағдайда, оның мемлекеттік не орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған теңтүпнұсқалы аудармасы беріледі.

      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында) көрсетілген, кіріс құжаттардың қабылданған күні, қабылдау уақыты және нөмірі қамтылған көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан мемлекеттік қызметті көрсету адресіне немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172)740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Дінтану сараптамасын жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша

      нысан

      көрсетілетін қызметті берушінің

      басшысына

      ____________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі,

      аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында))

      көрсетілетін қызметті алушыдан

      ____________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (оның болған жағдайында), мекен-жайы,

      телефоны мен ЖСН және (немесе) заңды

      тұлғаның атауы, пошталық мекен-жайы,

      телефоны және БСН )

Өтініш

      Сізден төмендегі діни материалдарға дінтану сараптамасын

      жүргізуді сұраймын: _________________________________________________

      (сараптама нысанының атауын авторы (және/немесе аудармашы,

      құрастырушы), басылым деректерін (қала, баспасы, шыққан жылы, бет

      саны) көрсете отырып тізбелеу)

      Дінтану сараптамасын жүргізу __________________________________

      __________________________________________________________байланысты

      (себебі көрсетіледі, бұл ретте ұйымның кітапхана қорына түскен

      жағдайда ұйымның атауы мен түскен күнін көрсету қажет, миссионерлерді

      немесе діни бірлестікті тіркеуге өтініш берілген жағдайда,

      қабылданған күнін және мұндай өтінішті қабылдаған органды, Қазақстан

      Республикасының аумағына әкелінген жағдайда – әкеліну күнін көрсету

      қажет)

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы ______ Өтініш берген күні _______

      Күні, мөрі (заңды тұлғалар үшін) ____________________________________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
5-қосымша

"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

      4) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешімі.

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну түрі: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетiлетiн қызмет алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

      Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;

      3) көрсетiлетiн қызмет алушықол қойған діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы туралы еркін нысандағы негіздеме-анықтама (сауда, қосалқы, әкімшілік-шаруашылық үй-жайлардың бар-жоғы, саны, сондай ақ, үй-жайдың пайдалану мақсаты діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпаратты, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатылымға қоюға әзірлеуге арналғандығы; үй-жайды салу мақсаты; үй-жай орналасқан үйлерден (ғимараттан) үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттары, білім беру ұйымдары ғимараттары жоқ екендігі көрсетілген);

      4) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;

      5) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін пайдалануға рұқсат етуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады).

      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы
өзге де ақпараттық материалдарды,
діни мақсаттағы заттарды тарату үшін
арнайы тұрақты үй-жайлардың
орналастырылуын бекіту туралы шешім
беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет көрсету стандартына
қосымша

      нысан

      көрсетілетін қызмет берушіге

      _______________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен

      лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты,

      әкесінің аты (оның болған жағдайында))

      көрсетiлетiн қызметті алушыдан

      _______________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (оның

      болған жағдайында), мекен-жайы телефоны мен

      ЖСН және заңды тұлғаның атауы, пошталық

      мекен-жайы, телефоны және БСН)

Өтініш

      Сізден ______________________________________________ мекенжайы

      бойынша орналасқан діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де

      ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы

      тұрақты үй-жайдың орналастырылуын бекіту туралы қаулыны беруіңізді

      сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы _____ Өтініш берген күні_________

      Көрсетілетін қызметті алушының мөрі _________________________________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
6-қосымша

"Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу
туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) кызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы келісу-хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысан – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

      Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi.

      3) оны пайдаланатын, тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған, не болмаса көрсетілген объектілерде келушілерге жеке дұға етуге арналған үй-жайлар ашу қарастырылған ғимараттың, халық көп келетін объектінің (сауда объектілері, теміржол және вокзалдары, әуежайлар, порттар) басшысы қол қойған еркін нысандағы негіздеме.

      Еркін нысандағы негіздемеде: діни шаралар өткізуге арналған үй-жайды анықтаудағы (орналастырудағы) мақсаты, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, үй-жайдан (ғимараттан) үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары жоқ екендігі көрсетіледі.

      4) жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және (немесе) жер учаскесіне нотариалды куәландырылған сәйкестендіру құжатының көшірмесі, не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;

      5) діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасқан аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстарының діни іс-шаралар өткізуге (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;

      Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның аталған үй-жайда діни іс-шаралар өткізуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады);

      6) меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);

      Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларында көзделген құжаттарда көрсетілген күн өтініш берілгенге дейін үш айдан артық болмауға тиіс.

      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз ретінде егер діни бірлестіктердің қызметі:

      1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға,

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен, олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен, ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуымен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасса;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартса;

      5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктеуге итермелесе;

      6) дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Діни іс-шараларды өткізуге арналған
үй-жайларды ғибадат үйлерінен
(ғимараттарынан) тыс жерлерде
орналастыруға келісу туралы шешім
беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызметтер стандартына
қосымша

      нысан

      көрсетілетін қызмет берушіге

      ____________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен

      лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі,

      аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында))

      көрсетiлетiн қызметті алушыдан

      ____________________________________

      (заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (оның болған жағдайында), атауы,

      мекенжайы телефоны мен БСН)

Өтініш

      Сізден ________________________________________ мекенжайы

      бойынша орналасқан діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды

      ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға

      келісуді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы ______ Өтініш берген күні _______

      Көрсетілетін қызметті алушының мөрі _________________________________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
7-қосымша

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын
жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе көрсетілетін қызметті берушінің осы стандарттың 10-тармағына көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

      Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;

      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;

      3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);

      4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады, ) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.

      Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).

      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз ретінде егер діни бірлестіктердің қызметі:

      1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға,

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен, олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен, ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуымен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасса;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартса;

      5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктеуге итермелесе;

      6) дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімде ріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау
туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

      нысан

      көрсетілетін қызметті берушіге

      ____________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі,

      аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында))

      көрсетілетін қызметті алушыдан

      ____________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (оның

      болған жағдайында), мекен-жайы телефоны мен

      ЖСН және заңды тұлғаның атауы, пошталық

      мекен-жайы, телефоны және БСН)

Өтініш

      Сізден _______________________________________________ мекенжайы

      бойынша орналасқан жалпы көлемi _______ гектар жер учаскесiнде

      ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы шешiм берудi сұраймын.

      Ғибадат үйi ________________________________________________________.

      (конфессияға тиесiлiлiгi)

      Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi ____________________________.

      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) __________________________.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы ______ Өтініш берген күні _______

      Көрсетілетін қызметті алушының мөрі ________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 147 бұйрығына
8-қосымша

"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта
бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

      3. Мемлекеттік қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім немесе көрсетілетін қызметті берушінің осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

      Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;

      2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;

      3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;

      4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;

      5) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);

      6) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж, келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);

      7) үйлерді (ғимараттарды) қайта бейіндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратына) қайта бейіндеуге (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.

      Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).

      Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз ретінде егер діни бірлестіктердің қызметі:

      1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға,

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен, олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен, ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуымен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасса;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартса;

      5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктеуге итермелесе;

      6) дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың
шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы
шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

      нысан

      көрсетілетін қызметті берушіге

      ____________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі,

      аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында))

      көрсетілетін қызметті алушыдан

      ____________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (оның

      болған жағдайында), мекен-жайы телефоны мен

      ЖСН және заңды тұлғаның атауы, пошталық

      мекен-жайы,телефоны және БСН)

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан _______________________________ үйiн

      (ғимаратын) ғибадат үйi (ғимараты) етiп қайта бейiндеу (функционалдық

      мақсатын өзгерту) туралы шешiм берудi сұраймын.

      Ғибадат үйi ________________________________________________________.

      (конфессияға тиесiлiлiгi)

      Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi ___________________________.