Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11181 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы

      15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту";

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру";

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру";

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру";

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
1-қосымша

"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін
оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

       3. Мемлекеттік қызметті "Іскерлік байланыстар" құралы және "Бизнес-мектеп" құрамдауышы бойынша "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді, "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы бойынша "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының базасында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңселерінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;

      3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде оқуға жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Іскерлік байланыстар" құралы бойынша қатысуға өтінім;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама.

      "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы бойынша қатысуға өтінім;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама.

      "Бизнес-мектеп" құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:

      1) "Бизнес-мектеп" құрамдауышы бойынша қатысуға өтінім;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама (бар болған жағдайда).

      Құжаттардың қабылданғанын растау "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңселерінде құжаттарды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда поштамен немесе көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі арқылы қолма-қол не электронды түрде қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап пошталық байланыс арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.damu.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті
қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін
оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Іскерлік байланыстар" құралы бойынша қатысуға

ӨТІНІМ

1

Өтінім берушінің Т.А.Ә.

2

Жынысы

Ер. _________ Әйел.______________

3

Туған күні

____/____/_______________________

4

Кәсіпорынның атауы

5

Лауазымы

6

ЭҚЖЖ сәйкес экономика секторы (саланың коды және атауы)

7

Кәсіпорынның ағымдағы қызметі

8

Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің негізгі номенклатурасы

9

Кәсіпорынның жоспарланған қызметі

10

Кәсіпорынды құру күні

____/____/_______________________

11

Мәртебесі (шағын/орта)

12

Қызметкерлердің өткен жылдағы орташа жылдық саны, адам

13

Өткен жылдағы орташа жылдық табыс, мың теңге

14

Жобаға қатысу мақсаты

15

Тағылымдамадан өту үшін қалаған елі

_________________________________

16

Қалаған оқудан өту қаласы және тобы

№_________ топ __________ қаласы

Аймақ __________________________

17

Сіз шетелдік сарапшыларды тартқыңыз келе ме ("Аға сеньорлар")

Иә_____________ Жоқ______________

18

Байланыс деректері:

Облыс ___________________________

Аудан____________________________

19

Мекенжайы:

20

Телефон/факс:

21

Е-mail:

  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті
қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін
оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту

Компоненті бойынша қатысуға өтінім

1.

Қатысушының Т.А.Ә.

_________________________________________

2.

Жынысы

3.

Туған күні

4.

Лауазымы

_________________________________________

5.

Кәсіпорынның атауы

_________________________________________

6.

Экономика секторы (ЭҚЖЖ бойынша сала коды және атауы)

_________________________________________

7.

Мәртебесі (шағын/орта)

_________________________________________

8.

Кәсіпорынды құру күні

_______/________/________________________

9.

Тауарлардың, қызметтердің негізгі номенклатурасы

_________________________________________

_________________________________________

10.

Өткен жылдағы орташа жылдық табыс, мың теңге

_________________________________________

11.

Қызметкерлердің өткен жылдағы орташа жылдық саны, адам

_________________________________________

Өңір

Аудан

12.

Байланыстар:

мекенжай

_________________________________________

телефон, факс

_________________________________________

e-mail

_________________________________________

Берілгенмен:

1) мәліметтер мен қосымша берілген құжаттардың шынайылығын растаймын;

2) оқыту бағдарламасын іске асыру үшін қажетті мәліметтерді пайдалануға және үшінші тұлғаларға тапсыруға келісімімді беремін;

3) оқыту бағдарламасына мониторинг жүргізумен немесе жобаны іске асырумен байланысты өзге де іс-қимылдар жасау үшін қажетті барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге міндеттенемін.

      Күні: ________________ Қолы: _______________

      Көрсетілген өтінім нысанына жұмыс орнынан анықтаманы қоса беру

      қажет.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
2-қосымша

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 19.00 аралығында, 13.00-ден 15.00-ға дейінгі түскі үзіліспен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші, екінші және үшінші бағыттары бойынша:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш-сауалнама;

      кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен (бар болған жағдайда)/қолымен расталған көшірме);

      кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ынан төмен емес деңгейде жобаны іске асыруға жеке қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірісті өсіруге, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10 %-ға өсіруге қол жеткізу кезеңдері қамтылады;

      кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылы үшін қаржылық есептерінің көшірмесі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуі және кірістің өсімі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесі қоса беріледі. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асыру кезеңі үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      өтініш берілетін күнге дейінгі күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      Қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қолдаухатпен екінші деңгейдегі банкке, Даму банкіне, лизингтік компанияға жүгінеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;

      заңды тұлғалардың - атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Арыздың қаралу нәтижесі туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс түрінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті
қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Қайда _______________________________________ әкімдігі

      Кімнен ______________________________________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектісі)

№ __________ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудын бірыңғай бағдарламасының шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерінің бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде кредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің бөлігін субсидиялау туралы __________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төменде аталғандарға сәйкес мәселені шығаруға бастамашылық етуіңізді өтінемін:

      1. Бағдарламаның бағыттары (бағытты қанат белгісімен белгілеу)

Моноқалалары, шағын қалалары және ауылдық елді мекендері кәсіпорындардың жаңа бизнес-бастамаларын қолдау

Экономиканың басым секторларда және өңдеу өнеркәсіптің салаларында қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорындардың салалық қолдау

Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету

      2. Қатысушы туралы мәліметтер

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы

Құрылтайшы(лар) туралы мәліметтер

Заңды мекенжайы

Нақты мекенжайы

Пошталық мекенжайы

Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні

Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №

Қызмет түрлері

Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе иегер компания

ЖСН/БСН

Жұмыс тәжірибесі

      3. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Жұмыс/үй телефоны

Туған жылы және жері

Жеке куәлік №, сериясы

Тұрғылықты жері (нақты)

Тіркелген жері

Жұмыс тәжірибесі

      Бас бухгалтер

Т.А.Ә.

Жұмыс/үй телефоны

Туған жылы және жері

Жеке куәлік №, сериясы

Тұрғылықты жері (нақты)

Тіркелген жері

Жұмыс тәжірибесі

      Байланыс жасаушы тұлға

(Т.А.Ә., лауазымы, телефон)

      4. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін – акцияларының 5% және одан көп пайызын иеленетін акционерлері).

Атауы/Т.А.Ә.

%

Деректемелері

      5. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)

Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)

Өнімдер мен қызмет түрлері

Жылдық айналым

Соңғы есептік күнге табыстары немесе шығыны

Жұмыскерлерінің нақты саны

___________ олардың ішінде әйелдер

__________________________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

Жобаны іске асыру орны (облыс, қала)

Жұмыс орындарының саны

      6. Банктік есепшоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелері (барлық қызмет көрсетілетін банктердегі

      барлық ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):

      _____________________________________________________________________

      7. Кредит тарихы

      Жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыс процесінде пайдаланылған барлық

      банк қарыздары, өтелген, қазіргі уақытта өтелмеген қарыздарда

      көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі қарызды өтеу шарттары

Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу күні

1.

2.

      8. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: ___/___.

Банк

Банктік қарыз шартының деректемелері

(№, күні)

Сыйақы ставкасы, %

Кредит валютасы

Кредит сомасы

Негізгі қарыз бойынша берешектің қалдығы, көрсетілген күнге

Кредит мерзімінің аяқталу күні

Кредит мақсаты (қысқаша сипаттамасы)

1

2

      9. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және жеке кәсіпкерлік

      субъектісіне қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы

      ақпарат

Мемлекеттік бағдарламаның атауы /мемлекеттік қолдау шаралары

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат

1

2

      10. Кепілдіктер және келісімдер

      Жеке кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі - ЖКС) деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне келесілерді мәлімдейді және кепілдік береді:

      1. Осы өтініммен бірге, немесе жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық мәліметтер, ақпарат және құжаттама шынайы болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толығымен сәйкес келеді, аталған мәліметтер өзгертілген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші дереу хабарлауға міндеттенемін.

      2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпаратты және құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші алғашқы талап етуі бойынша беруге және ашуға міндеттенемін.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші аталған куәландырулар мен кепілдемелердің шынайылығын тексермейді.

      4. ЖКС, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.

      5. ЖКС жарғылық құзыреттілігі осы өтінішті берілген өтінішке қол қоятын тұлғаға беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.

      6. Көрсетілген мәліметтер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда берілген өтініштің көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталатын кез келген кезеңде қабылданбайтындығымен келісемін, бұл жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қабылдамау себептерін жарияламауға құқылы.

      Жеке кәсіпкерлік субъектісі көрсетілетін қызметті берушісіне төмендегілер бойынша өз келісімін береді:

      1. Көрсетілетін қызметті беруші осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатымен мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама аясында Субсидиялау үшін ғана ұсынылған.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші ЖКС хабарлаған кез келген өзі туралы ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген болса да, көрсетілетін қызметті беруші сақталатын болады.

      4. Көрсетілетін қызметті берушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС ықтимал шығыстары (Субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге, және басқаға) көрсетілетін қызметті беруші Субсидиялауды беру немесе ЖКС шығасыларын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетіндігін растайды, кейін көрсетілетін қызметті беруші наразылық білдірмеймін.

      ___________________ (Т.А.Ә.)

       (қолтаңба) Күні

      11. Қосымшалар

      _____________________________________________________________________

      (бірінші және екінші бағыт бойынша көзделген құжаттар)

      _____________________________________________________________________

      (үшінші бағыт бойынша көзделген құжаттар)

      ___________________ (Т.А.Ә.)

       (қолтаңба) Күні

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
3-қосымша

"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;

      2) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының кеңсесі (бұдан әрі – қаржы агенттігі);

      3) 180 миллион (бұдан әрі – млн.) теңгеден артық емес кредиттер бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін:

      1) 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – қаржы агенттігі екінші деңгейдегі банктен/Даму банкінен (бұдан әрі – Банк) құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      2) 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Егер көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы агенттігінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асатын болса, онда бұдан кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      – веб-портал қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде.

      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

      Банк қаржы агенттігіне көрсетілетін қызметті алушыдан "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.

      3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

      4) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 1 (бір) сағат.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не қаржы агенттігінің уәкілетті органының теріс шешімінің себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарламасы;

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасығышта жүгінгенде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      Веб-портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органның электрондық цифрлы қол таңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы Кепілдік беру шартына қол қойғанға дейін қаржы агенттігіне кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: 2 (екі) жылға дейін қоса алғанда - кепілдік беру сомасыннан 0,05 %; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасынан 0,1 % төлейді.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

      қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 15.00-ге дейін.

      жергілікті атқарушы органдар – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі:

      қаржы агенттігі сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырады;

      жергілікті атқарушы органдар сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

      Веб-портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі:

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш;

      2) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаты;

      3) көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша);

      4) көрсетілетін қызметті алушының қаржы агенттігімен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      5) кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі.

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, қатысуға арналған өтініш;

      2) кәсіпкер-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі/қайта тіркелгендігі туралы куәлік немесе анықтама/жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (кәсіпкердің (кәсіпкердің-заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасының) мөрімен (бар болса) және қолтаңбасымен расталған көшірмесі);

      3) кәсіпкер қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоғы туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      4) салық декларациясының көшірмесін және/немесе интернет-ресурстарда орналастырылған қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты, бірінші басшысы (заңды тұлғалар үшін) куәландырған дебиторлық және кредиторлық берешектердің таратылып жазылуларымен қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмелері (оның ішінде, берешектің пайда болған сомалары, күндері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) (кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызмет нақты жүзеге асырылған кезеңге ұсынылады);

      5) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы банктің оң шешімі бар хаты;

      6) қаржы агенттігінің кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (банктің мөрімен куәландырылған);

      7) 180 млн. теңгеден астам кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жеке қаражат жобасын (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен іске асыруға, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша кәсіпкердің жобасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету мерзімдерін қамтитын кәсіпкердің жобасын іске асыру бизнес-жоспары – кірісті өсіруге қол жеткізу, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту және ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10%-ға өсіру кезеңдері;

      8) кірістің өсімі және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20%-ға өсуі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық есептерінің көшірмесі (Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      Веб-порталға:

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша

      1) кәсіпкердің ЭСҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;

      2) кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға электрондық нысандағы келісімі;

      3) оның жеке деректерін жинауға және өңдеуге электрондық нысандағы келісімі;

      4) кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      Жеке кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді, қызмет түріне лицензияны (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жөніндегі мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің бар/жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

      Деректерді "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу техникалық тұрғыдан мүмкін емес болған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратады.

      Құжаттардың қабылдануын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндегі тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу форматында расталады. Келісу нысаны барлық қатысушыларға және басшыға порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Келісуді растау үшін келісу нысанына қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою талап етіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Қызмет көрсетушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

      10. Қызмет көрсетушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау: шағым қызмет көрсетуші басшысының атына жасалады.

      Шағымның қағаз нысанында почта арқылы немесе электрондық түрде не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген қызмет көрсетушінің мекенжайы бойынша қолма қол қабылданады.

      Шағымның алынғанын растау шағымды қыбалдаған адамның тегі мен инициалдары, берілген шағымға жауап алынған мерзім мен орын көрсетіле отырып, қызмет көрсетушінің кеңсесіндегі тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және уақыты) болып табылады.

      Қызмет алушының шағымында:

      жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;

      заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі.

      Өтінішке қызмет алушы қол қояды.

      Қызмет көрсетушінің атына келіп түскен қызмет алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қараудың нәтижесі туралы дәлелді жауап қызмет алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе қызмет көрсетушінің кеңсесінде қолма қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ веб-портал арқылы электронды түрде шағым жасай алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына келіп түскен, қызмет алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінің ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп сотқа шағымдана алады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшелігін есепке ала отырып,
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.economy.gov.kz

      2) веб-портал–www.egov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      "13. Қызмет алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған жағдайда, электронды нысанда ала алады.

      14. Қызмет алушының веб-порталдың "жеке кабинет", қызмет көрсетушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының байланыс телефоны: 1414.

  "Бизнестің жол картасы - 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының шеңберінде
кредиттер бойынша кепілдіктер
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

      өңірлік филиалының директоры

      _________________________________________________

      Жеке кәсіпкер "_________"/ заңды тұлғаның басшысы

      (Шаруа қожалығы, Жауапкершілігі шектеулі

      серіктестік және басқа) _________

ӨТІНІШ

      Мен, ________(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) – бұдан

      әрі – заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің басшысы), келесілерді

      хабарлаймын: _____201_ ж. "Банктің атауы" акционерлік қоғамның

      уәкілетті органы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен

      дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жылдық ___ %, ___ ай

      мерзімге, ___ теңге мөлшерінде кредит желісін ашу/банктік қарыз беру

      туралы оң шешім қабылдаған.

      Кредиттеу мақсаты ____________________________________________.

      Кредит желісі/ банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету

      ретінде мен келесі мүлікті ұсындым:

      1) ___________________________________________________________,

      (объектінің атауы, жалпы аумағы, салынған жылы, орналасқан

      жері, теңгемен нарықтық құны)

      2) ___________________________________________________________,

      (автокөлік құралы, шығарылған жылы, ТЖ сәйкес сипаттамалары,

      теңгемен нарықтық құны).

      3) _____________________________________________________.

       басқа мүлік (атауын, сипаттамаларын, орналасқан жерін және

      т.б. көрсете отырып)

      Жоғарыда аталғандардың негізінде, Сізден _____________ теңге

      мөлшерінде ______ айға дейін мерзімге кепілдік беру мүмкіндігін

      қарастыруды өтінемін. Бекітілген кредит желісінің/банктік қарыздың

      шегінде кредиттер берілмегендігін хабарлаймын.

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы "банктің

      атауы" акционерлік қоғамына кепілге берілген мүлікке, сондай-ақ

      "банктің атауы" акционерлік қоғамы алдындағы міндеттемелерді

      қамтамасыз ету болып табылмайтын мүлік бойынша талаптарды қоюға

      келісімімді беремін.

      Кепілдік шартына қол қойылғанға дейін кепілдік сомасынан ___%

      мөлшерде кепілдікті беру үшін комиссияны төлеуге кепілдік беремін.

      Жеке кәсіпкер/

      заңды тұлға басшысының лауазымы ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мөр орны

      (қолтаңба)

      Ескертпе: Электрондық өтінімді портал арқылы берген жағдайда,

      өтініш порталда көрсетілген нысан бойынша толтырылады

  "Бизнестің жол картасы - 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
кредиттер бойынша кепілдіктер
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Қайда___________________әкімдігі

      Кімнен ___________________

№ өтініш

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______ жылғы ____ № _________

      қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау

      мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)

      шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша

      кепілдік беру қағидаларына сәйкес ___________ бойынша өңірлік

      үйлестіру кеңесінің қарауына Бағдарлама шеңберінде төмендегіге сәйкес

      "________" акционерлік қоғамы алдындағы кредитке ішінара кепілдік

      беру туралы мәселені енгізуге бастамашылық етуіңізді сұраймын:

1. Қатысушы туралы мәліметтер

Жеке кәсіпкерлік субъектінің атауы

Құрылтайшы (лар) туралы деректер

Заңды мекенжайы

Нақты мекенжайы

Пошталық мекенжайы

Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні

Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік нөмірі

Қызмет түрлері

Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания

БСН/ЖСН

Жұмыс тәжірибесі

2. Басшылық

      Бірінші басшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Лауазымы

Жұмыс/үй тел.

Туған жылы мен жері

Жеке куәлігінің нөмірі, сериясы, берілген күні

Тұратын (нақты) жері

Тіркелген жері

Жұмыс тәжірибесі

      Бас бухгалтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Жұмыс/үй тел.

Туған жылы мен жері

Жеке куәлігінің нөмірі, сериясы, берілген күні

Тұратын (нақты) жері

Тіркелген жері

Жұмыс тәжірибесі

      Байланыс жасайтын адам

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, телефоны)

3. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін - акциялардың 5 % және
одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

%

Деректемелері

4. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)

Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)

Өнімдер мен көрсетілетін қызметтер түрлері

Жылдық айналым

Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын

Жұмыскерлердің нақты саны

оның ішінде әйелдер

Жобаның атауы (қысқаша сипаты)

Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)

Жұмыс орындарының саны

5. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін барлық банктердегі

      ағымдағы және жинақ шоттарының барлығын көрсету керек):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

6. Кредиттік тарих

      Заңды тұлға жұмысының процесінде пайдаланылған банктік

      қарыздардың өтелгендері, сонымен қатар қазіргі уақытта

      өтелмегендерінің барлығы көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу мерзімі

1.

2.

7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы: ____ /_____

Банк

Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, % теңге

Кредит сомасы, берешек қалдығы, теңге

Негізгі борыш бойынша аяқталатын күн

Кредит валютасы

Кредит мерзімі

Кредит мақсаты (қысқаша сипаты)

8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау
шараларына қатысу туралы ақпарат

Мемлекеттік бағдарлама /мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік органның, ұлттық қордың/холдингтің атауы

Қосымша ақпарат

1.

2.

9. Кепілдіктер мен келісімдер

      Осы өтініште көрсетілген барлық деректер мен ақпарат анық болып

      табылатынына және шындыққа толық сәйкес келетініне кепілдік беремін,

      көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған

      жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын

      мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін

      екендігімен келісемін.

      Осы арқылы жергілікті атқарушы органға осы өтініште көрсетілген

      мәліметтер мен ақпаратты мүдделі үшінші тұлғаларға беруге сөзсіз

      келісім беремін.

      Қосымшалар:

      Осы Келісімде көзделген құжаттар тізбесі.

      _________________(Тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда)

      (қолы) күні

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
кредиттер бойынша кепілдіктер
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Кредиттік тарих субъектісінің
кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге
келісімі

      ____жылғы "__"________

      жергілікті уақыт ___ сағат ___ минут

      Жеке тұлға үшін

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні және жері,

      тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні)

      Заңды тұлға үшін

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу

      (қайта тіркеу)

      туралы куәлікке немесе анықтамаға сәйкес тіркеу

      нөмірі немесе оның мемлекеттік тіркелуі жөніндегі заңнама бойынша

      заңды тұлғаны сәйкестендіру үшін ресми қолданылатын басқа

      сәйкестендіру нөмірі)

      кредиттік бюродағы оның мүліктік сипаттағы қаржылық және басқа

      міндеттемелеріне қатысты ақпарат және келешекте кредиттік бюроға

      түсетін ақпарат осы келісімді қабылдаған кредиттік бюродан ақпаратты

      алушыға ашылатындығына осы келісімді береді.

      _____________________________________________________________________

      (Кәсіпкердің мөрі және қолтаңбасы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін: өз жеке қолымен тегі, аты, әкесінің аты (егер бар

      болса), жеке қолтаңбасы қойылады;

      заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның

      атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды тұлғаның атынан сенімхат

      негізінде әрекет ететін болса, сенімхаттың деректемелерін көрсете

      отырып, сенімхат түпнұсқасын қоса беріп, заңды тұлға осы келісімге

      қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасы қойылады)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      _____________________________________________________________________

      Филиал директорының Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      (мөр және қолтаңбасы)

      _____________________________________________________________________

      (осы келісімді қабылдаған ұйымның атауы; осы келісімді қабылдауға

      Уәкілетті тұлғаның тегі, аты-жөні және қолтаңбасы).

  "Бизнестің жол картасы - 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдіктер
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

Кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы
ақпаратты кредиттік бюроларға беруге
келісуі

      ____жылғы "__"_______

      жергілікті уақыт ___ сағат __ минут

      Жеке тұлға үшін

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні және жері,

      тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні)

      Заңды тұлға үшін

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу

      (қайта тіркеу)

      туралы куәлікке немесе анықтамаға сәйкес тіркеу

      нөмірі немесе оның мемлекеттік тіркелуі жөніндегі заңнама

      бойынша заңды тұлғаны сәйкестендіру үшін ресми қолданылатын

      басқа сәйкестендіру нөмірі)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қағамындағы бар өзінің

      қаржылық және мүліктік сипаттағы басқа да міндеттемелеріне қатысты

      өзі туралы ақпараттың

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ақпарат көзінің (дерінің) атауын көрсету. Егер барлық ықтимал

      көздерден ақпаратты беруге келісім берілетін болса, бұл туралы

      "барлық ықтимал ақпарат көздерінде" 1 белгісін жасау қажет).

      және болашақта көрсетілген көзге(дерге) түсетін

      _____________________________________________________________________

      (Кәсіпкердің мөрі және қолтаңбасы)

      (болашақта түсетін ақпаратты ашуға келісім берген жағдайда, қолтаңба

      қою қажет;

      болашақта түсетін ақпаратты ашумен келіспеген жағдайда, сызық қою

      қажет),

      барлық кредиттік бюроларға (егер осы келісімді ресімдеп отырған

      ақпаратты жеткізуші Кредиттік бюро туралы Заңның 23-бабының 1 және 2

      тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық

      кредиттік бюроларға жіберсе) немесе кредиттік бюроға берілетін

      болады

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (егер осы келісімді ресімдеп отырған ақпаратты жеткізуші Кредиттік

      бюро туралы Заңның 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының

      аумағындағы барлық кредиттік бюроларға жіберуге міндетті емес

      болса, кредиттік бюроның атауын көрсетуі керек).

      _____________________________________________________________________

      (Кәсіпкердің мөрі және қолтаңбасы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін: өз жеке қолымен тегі, аты, әкесінің аты (егер бар

      болса) көрсетіледі, жеке қолтаңбасы қойылады;

      заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды

      тұлғаның атынан сенімхат негізінде әрекет ететін болса, сенімхаттың

      деректемелерін көрсете отырып, сенімхат түпнұсқасын қоса беріп, осы

      келісімге қол қоятын заңды тұлғаның уәкілеттік берілген тұлғасының

      қолтаңбасы қойылады)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      _____________________________________________________________________

      Филиалдың директорының Тегі, аты, әкесінің аты (мөрі және қолтаңбасы)

      _____________________________________________________________________

      (осы келісімді қабылдаған ұйымның атауы; осы келісімді қабылдауға

      уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолтаңбасы).

  "Бизнестің жол картасы - 2020"
бағдарламасы шеңберінде
кредиттер бойынша кепілдіктер
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша

Дербес деректер субъектісінің "Даму" кәсіпкерлікті дамыту
қоры" акционерлік қоғамының оның дербес деректерін жинауына
және өңдеуіне келісімі

      "___"___________жыл жергілікті уақыт ____сағат ____минут

      _____________________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні және жері)

      _____________________________________________________________________

      (тұрғылықты жері, тіркеу орны бойынша мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні)

      Оның қаржылық және басқа мүліктік сипаттағы міндеттемелеріне қатысты

      ақпаратты, оның ішінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік

      қоғамы (бұдан әрі - Қор) болашақта келіп түсетін ақпаратты қоса

      алғанда, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан

      Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес оның

      дербес деректерін жинауға және өңдеуге осы келісімін береді _________

       (қолы)

      (болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім берген жағдайда,

      қолтаңбасын қою қажет; болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға

      келісімін бермеген жағдайда, сызық қою қажет),

      _____________________________________________________________________

      туралы мәселені қарастыруға байланысты

      (тартылатын кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету

      ретінде Қордың ішінара кепілдік беруі туралы мәселені)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) өз қолымен көрсетіледі,

      жеке қолтаңбасы қойылады)

      _____________________________________________________________________

       (осы келісімді қабылдаған құрылымдық бөлімшенің/өңірлік филиалдың

      атауы)

      _____________________________________________________________________

       (берілген келісімді қабылдауға уәкілеттік берілген тұлғаның тегі,

      инициалдары мен қолтаңбасы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
4-қосымша

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 48 (қырық сегіз) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;

      заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

      өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтама;

      бизнес-жоба;

      Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

      кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).

      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 2-тарау 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;

      заңды тұлғалардың - атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Арыздың қаралу нәтижесі туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс түрінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

  "Бизнестің жол картасы - 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде мемлекеттік гранттар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметі стандартына қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде
шағын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттарды
беру үшін конкурстық іріктеуге қатысуға
ӨТІНІМ

      _____________________________________________________________________

      (бұдан әрі - Кәсіпкер)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; жеке кәсіпкердің

      тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжаттың деректері)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; жеке кәсіпкердің

      тұрғылықты жері)

      _____________________________________________________________________

       (қала (аудан) кодын көрсете отырып, байланыс телефонының нөмірі,

      электронды пошта мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (банктік деректемелері)

      _____________________________________________________________________

      (салық салу жүйесін көрсету)

      _____________________________________________________________________

      (негізгі қызмет бағытын көрсету)

      _____________________________________________________________________

      (экономика саласын көрсету)

      _____________________________________________________________________

      (өтінімді беру сәтіне жалдамалы жұмыскерлердің орташа санын көрсету)

      _____________________________________________________________________

      (ұйым басшысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

       (жобаның жауапты орындаушысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны)

      ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттарды (жеке бизнесін құруға) беру үшін конкурстық іріктеуге қатысу туралы мәлімдейді.

      Кәсіпкер конкурстың шарттарымен танысқан және осы өтінімнің қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды береді.

      Кәсіпкер бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімінен кешіктірілген берешектің жоқ екендігін растайды.

      Кәсіпкер өзі ұсынған мәліметтердің шынайы болып табылатындығын растайды, және Конкурстық комиссияның мәліметтерін іріктеп тексеруге қарсылық білдірмейді.

      Кәсіпкер, осы өтінімге қол қоя отырып, келесілерді мәлімдейді және кепілдік береді:

      1. Осы өтініммен бірге, немесе жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық мәліметтер, ақпарат және құжаттама шынайы болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толығымен сәйкес келеді, аталған мәліметтер өзгертілген жағдайда кәсіпкер көрсетілетін қызметті берушісіне дереу хабарлауды міндетіне алады.

      2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпаратты және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушісінің алғашқы талап етуі бойынша беруге және ашуға міндеттенемін.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші аталған куәландырулар мен кепілдемелердің шынайылығын тексермейді.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.

      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреттілігі осы өтінішті берілген өтінішке қол қоятын тұлғаға беруге мүмкіндік беретіндігін растайды.

      6. Көрсетілген мәліметтер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда берілген өтініштің көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталатын кез келген кезеңде қабылданбайтындығымен келісемін, бұл жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қабылдамау себептерін жарияламауға құқылы.

      Кәсіпкер көрсетілетін қызметті берушіге төмендегілер бойынша өз келісімін береді:

      1. Көрсетілетін қызметті беруші осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және Кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарастыру мақсатымен мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтініште берілген барлық мәліметтер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама аясында мемлекеттік гранттарды беру үшін ғана ұсынылған.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші Кәсіпкер хабарлаған кез келген өзі туралы ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал Кәсіпкер ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы, мемлекеттік грант берілмеген болса да көрсетілетін қызметті берушісінде сақталатын болады.

      4. Көрсетілетін қызметті берушісі осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ Кәсіпкердің ықтимал шығындары (мақсатты грантты алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге, және басқаға) көрсетілетін қызметті берушісі мақсатты грантты беру немесе Кәсіпкердің шығасыларын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Грантты беру мәселесін қарау тәртібімен танысқанын және келісетіндігін растайды, кейін көрсетілетін қызметті берушісіне наразылық білдірмеймін.

      Жеке кәсіпкер/

      Заңды тұлға басшысының лауазымы _______________ ___________

       (қолтаңба) (ТАӘ)

       МО

  "Бизнестің жол картасы - 2020"
бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік
гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша

Ұсынылған құжаттардың тізбесі

Заңды тұлға

Бет саны

Жеке кәсіпкер

Бет саны

1

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

1

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

2

Салық органына есепке қою туралы куәліктің көшірмесі

2

Салық органында есепке қою туралы куәліктің (хабарламаның) көшірмесі

3

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жағдайы туралы анықтама

3

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысу жағдайы туралы анықтама.

4*

Өтінімді беру сәтіне басшының қолымен және өтінім берушінің мөрімен куәландырылған жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама

4*

Өтінімді беру сәтіне басшының қолымен және өтінім берушінің мөрімен куәландырылған жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама

5

Бизнес-жоба

5

Бизнес-жоба

6

Кәсіпкердің "Бизнес кеңесші" немесе Жұмыспен қамту бағдарламасы 2020 курстарында қысқа мерзімді оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі

6

Кәсіпкердің "Бизнес кеңесші" немесе Жұмыспен қамту бағдарламасы 2020 курстарында қысқа мерзімді оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі

7*

Өкілге берілген сенімхат

7*

Өкілге берілген сенімхат

8

Жарғының көшірмесі

8*

Қызмет түріне лицензияның көшірмесі

9*

Қызмет түріне лицензияның көшірмесі

* қажет болған жағдайда толтырылады

Үміткер __________________ _____________________

М.О. (қолтаңба) Т.А.Ә., лауазымы

Өтінім № "____" __________ 20___ ж. "____" сағ. "___" мин.

      Күні: ________________ Қолтаңба: _______________

      Берілген өтінім нысанына жұмыс орнынан анықтаманы қосымша беру

      қажет.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
5-қосымша

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік
қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 760 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;

      3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      еркін нысандағы қатысуға өтінім;

      бизнес-жоспар;

      техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;

      жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;

      заңды тұлғалардың - атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

      көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап пошталық байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жөніндегі келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.