"Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 760 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13233 болып тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11181 тiркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мына:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту»;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру»;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру»;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі мынадай:
      «Іскерлік байланыстар» құралы шеңберінде оқыту бойынша («Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді):
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысуға өтінім;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама.
      «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша («Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы жүргізеді):
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысуға өтінім;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама.
      «Бизнес-кеңесші» құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша («Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді):
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысуға өтінім;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама.
      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.»;
      1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                              «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті
                                   қолдау мен дамытудың бірыңғай
                                      бағдарламасы шеңберінде
                                  жеке кәсіпкерлік субъектілерін
                                  оқыту» мемлекеттік көрсетілетін
                                   қызмет стандартына 1-қосымша»;
      2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                              «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті
                                   қолдау мен дамытудың бірыңғай
                                      бағдарламасы шеңберінде
                                   жеке кәсіпкерлік субъектілерін
                                   оқыту» мемлекеттік көрсетілетін
                                    қызмет стандартына 2-қосымша»;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші және екінші бағыттары бойынша:
      осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш-сауалнама;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолтаңбасымен расталған көшірме);
      лицензия, егер қызмет түрі лицензияланатын болса (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолтаңбасымен расталған көшірме);
      жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам акциялар шығарылымының жиынтығын және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған көшірме;
      өтініш бергенге дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;
      көрсетілетін қызметті алушыға Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарымен кредит беру немесе кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің хаты;
      Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша:
      осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген нысаны бойынша қатысуға өтініш-сауалнама;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      лицензия, егер қызмет түрі лицензияланатын болса (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолтаңбасымен расталған көшірме);
      жарғы, акционерлік қоғамдар акциялар шығарылымының жиынтығын және акционерлердің тізілімінен үзінді көшірме;
      өтініш бергенге дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;
      экспорт режимінде тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациялары;
      Қазақстан Республикасы кеден шекарасының өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарға ілеспе құжаттар;
      соңғы есепті кезеңдегі валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар.
      Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешімі бар екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің хаты.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
      Қолданыстағы кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламасында көзделген мөлшерге дейін төмендету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қолдаухатпен екінші деңгейдегі банкіге, Даму банкіне, лизингтік компанияға жүгінеді.»;
      қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                «Бизнестің жол картасы – 2020»
                                бизнесті қолдау мен дамытудың
                               бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
                                   кредиттер бойынша сыйақы
                          мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»
                                 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
                                      стандартына қосымша»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      осы стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;
      заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе аңықтамасы;
      салық органында есепке қою туралы куәліктің (хабарламаның) көшірмесі;
      салықтар, алымдар және жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жағдайы туралы анықтама;
      көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған, өтінімді беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;
      бизнес-жоба;
      қызметті алушының Бағдарлама және «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» шеңберінде оқудан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      заңды тұлғалар үшін жарғы көшірмесі (бар болған жағдайда);
      қызмет түріне лицензия көшірмесі (егер қызмет түрі лицензияланатын болса);
      көрсетілетін қызметті алушының атынан өтінім беруге құқық беретін сенімхат, сенім білдірілген тұлғаның жеке куәлігінің (заңды тұлға атынан, заңды тұлға растаған) көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.»;
      қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                   «Бизнестің жол картасы - 2020»
                                   бизнесті қолдау мен дамытудың
                                        бірыңғай бағдарламасы
                                шеңберінде мемлекеттік гранттар беру»
                                     мемлекеттік көрсетілетін
                                   қызметі стандартына қосымша»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет стандарты»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      еркін нысандағы қатысуға өтінім;
      бизнес-жоспар;
      өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау бойынша жұмыс жобасының мемлекеттік сараптама қорытындысы;
      техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
      жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкте ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      ______________ Ә.Исекешев
      2016 жылғы 25 қаңтар

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 760 бұйрығына     
қосымша          

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
      2) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кеңсесі (бұдан әрі – қаржы агенттігі);
      3) 180 миллион (бұдан әрі – млн.) теңгеден артық емес кредиттер бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
      1) 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – 15 (он бес) жұмыс күнінің ішінде.
      Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
      2) 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде;
      веб-портал 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде.
      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады.
      3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минут;
      4) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 1 (бір) сағат.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасынан үзінді көшірме/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты немесе уәкілетті органының қабылданған шешімін көрсете отырып, қабылданған шешім жөніндегі хабарламасы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасығышта жүгінгенде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» уәкілетті органның электрондық цифрлы қол таңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы Кепілдік беру шартына қол қойғанға дейін қаржы агенттігіне кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: 2 (екі) жылға дейін қоса алғанда - кепілдік беру сомасыннан 0,05 %; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасынан 0,1 % төлейді.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
      жергілікті атқарушы органдар – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 8.30, 9.00-ден сағат 18.00-ге, 18.30-ға, 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі:
      жергілікті атқарушы органдар сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады;
      қаржы агенттігі сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
      Веб-портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
      9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      Көрсетілетін қызметті берушіге:
      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтінім;
      2) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелінген кредит алу мүмкіндігі туралы екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің оң шешімі бар хаты;
      3) көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 34-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша);
      4) көрсетілетін қызметті алушының қаржы агенттігімен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
      5) кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі.
      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, қатысуға өтініш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
      3) қызмет түріне лицензияның көшірмесі (егер қызмет түрі лицензияланатын болса);
      4) өтінішпен жүгінген кезде күнтізбелік 30 күн бұрын берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарыздардың бар-жоғы туралы салық комитетінен анықтама;
      5) жарғы (егер заңды тұлға-кәсіпкер акционерлік қоғам нысанында құрылған болса, акциялар эмиссиясының проспектісі мен акционерлер тізілімінен үзінді көшірме (мөртаңбамен куәландырылған көшірме/түпнұсқа) қосымша ұсынылады);
      6) салық декларациясының көшірмесін немесе интернет-ресурстарда жарияланған қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты, бірінші басшысы куәландырған (заңды тұлғалар үшін) дебиторлық және кредиторлық берешектердің таратылып жазылуларымен қоса бере отырып, кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмелері;
      7) кепіл сомасының есебімен қоса, кәсіпкерді кредиттеу мүмкіндігі туралы екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің оң шешімі бар хаты;
      8) қаржы агентігінің кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің мөрімен куәландырылған);
      9) кәсіпкердің жобасын іске асыру бойынша болжамды мерзімдер, жобаны іске асыру шарттары қамтылған бизнес-жоспары.
      Веб-порталға:
      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
      2) кепілдік сомасын есептей отырып, кәсіпкерге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар екінші деңгейдегі банк/Даму банкі хатының электронды көшірмесі.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді, қызмет түріне лицензияны (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жөніндегі мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің бар/жоғын туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
      Құжаттардың қабылдануын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен инициалдары көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің/қаржы агенттігінің кеңсесіндегі тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Заңды тұлғадан портал арқылы сұрау салу берілген кезде, басшының және заңды тұлғаның барлық құрылтайшыларының міндетті келісуі талап етіледі, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы өзге заңды тұлға болып табылса, онда құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға басшысының келісуі талап етіледі.
      Келісіу нысаны барлық қатысушылардың және басшының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Келісуді растау үшін келісу нысанына қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭСҚ) қол қою талап етіледі.

3. Қызмет көрсетушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

      10. Қызмет көрсетушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау: шағым қызмет көрсетуші басшысының атына жасалады.
      Шағымның қағаз нысанында почта арқылы немесе электрондық түрде не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген қызмет көрсетушінің мекенжайы бойынша қолма қол қабылданады.
      Шағымның алынғанын растау шағымды қыбалдаған адамның тегі мен инициалдары, берілген шағымға жауап алынған мерзім мен орын көрсетіле отырып, қызмет көрсетушінің кеңсесіндегі тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және уақыты) болып табылады.
      Қызмет алушының шағымында:
      жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;
      заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі.
      Өтінішке қызмет алушы қол қояды.
      Қызмет көрсетушінің атына келіп түскен қызмет алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қараудың нәтижесі туралы дәлелді жауап қызмет алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе қызмет көрсетушінің кеңсесінде қолма қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ веб-портал арқылы электронды түрде шағым жасай алады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына келіп түскен, қызмет алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінің ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп сотқа шағымдана алады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшелігін есепке ала отырып,
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің www.economy.gov.kz
      2) веб-портал–www.egov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      «13. Қызмет алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған жағдайда, электронды нысанда ала алады.
      14. Қызмет алушының веб-порталдың «жеке кабинет», қызмет көрсетушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының байланыс телефоны: 1414.

«Бизнестің жол картасы - 2020»      
бизнесті қолдау мен дамытудың      
бірыңғай бағдарламасының шеңберінде   
кредиттер бойынша кепілдіктер      
беру» мемлекеттік             
көрсетілетін қызмет стандартына      
1-қосымша                  

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ     
өңірлік филиалының директоры         
_________________________________________________
Жеке кәсіпкер «_________»/ заңды тұлғаның басшысы
(Шаруа қожалығы, Жауапкершілігі шектеулі    
серіктестік және басқа) _________       

                             ӨТІНІШ

      Мен, ________(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) – бұдан
әрі – заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің басшысы), келесілерді
хабарлаймын: _____201_ ж. «Банктің атауы» акционерлік қоғамның
уәкілетті органы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жылдық ___ %, ___ ай
мерзімге, ___ теңге мөлшерінде кредит желісін ашу/банктік қарыз беру
туралы оң шешім қабылдаған.
      Кредиттеу мақсаты ____________________________________________.
      Кредит желісі/ банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету
ретінде мен келесі мүлікті ұсындым:
      1) ___________________________________________________________,
         (объектінің атауы, жалпы аумағы, салынған жылы, орналасқан
                      жері, теңгемен нарықтық құны)
      2) ___________________________________________________________,
        (автокөлік құралы, шығарылған жылы, ТЖ сәйкес сипаттамалары,
                        теңгемен нарықтық құны).
      3) _____________________________________________________.
          басқа мүлік (атауын, сипаттамаларын, орналасқан жерін және
                              т.б. көрсете отырып)
      Жоғарыда аталғандардың негізінде, Сізден _____________ теңге
мөлшерінде ______ айға дейін мерзімге кепілдік беру мүмкіндігін
қарастыруды өтінемін. Бекітілген кредит желісінің/банктік қарыздың
шегінде кредиттер берілмегендігін хабарлаймын.
      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы «банктің
атауы» акционерлік қоғамына кепілге берілген мүлікке, сондай-ақ
«банктің атауы» акционерлік қоғамы алдындағы міндеттемелерді
қамтамасыз ету болып табылмайтын мүлік бойынша талаптарды қоюға
келісімімді беремін.

      Кепілдік шартына қол қойылғанға дейін кепілдік сомасынан ___%
мөлшерде кепілдікті беру үшін комиссияны төлеуге кепілдік беремін.

      Жеке кәсіпкер/
      заңды тұлға басшысының лауазымы ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мөр орны
(қолтаңба)
      Ескертпе: Электрондық өтінімді портал арқылы берген жағдайда,
өтініш порталда көрсетілген нысан бойынша толтырылады

«Бизнестің жол картасы - 2020» 
бизнесті қолдау мен дамытудың  
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
кредиттер бойынша кепілдіктер  
беру» мемлекеттік         
көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымша            

Қайда___________________әкімдігі
Кімнен ___________________

                            № өтініш

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______ жылғы ____ № _________
қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау
мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша
кепілдік беру қағидаларына сәйкес ___________ бойынша өңірлік
үйлестіру кеңесінің қарауына Бағдарлама шеңберінде төмендегіге сәйкес
«________» акционерлік қоғамы алдындағы кредитке ішінара кепілдік
беру туралы мәселені енгізуге бастамашылық етуіңізді сұраймын:

                 1. Қатысушы туралы мәліметтер

Жеке кәсіпкерлік субъектінің атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік нөмірі


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


БСН/ЖСН


Жұмыс тәжірибесі


                         2. Басшылық

      Бірінші басшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің нөмірі, сериясы, берілген күні


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің нөмірі, сериясы, берілген күні


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасайтын адам

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, телефоны)


                      3. Меншік иелері
   (құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін - акциялардың 5 % және
          одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

%

Деректемелері










              4. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтер түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

оның ішінде әйелдер

Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


               5. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін барлық банктердегі
ағымдағы және жинақ шоттарының барлығын көрсету керек):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

                      6. Кредиттік тарих

      Заңды тұлға жұмысының процесінде пайдаланылған банктік
қарыздардың өтелгендері, сонымен қатар қазіргі уақытта
өтелмегендерінің барлығы көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу мерзімі

1.







2.







            7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат
              Күні және валюта бағамы: ____ /_____

Банк

Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, % теңге

Кредит сомасы, берешек қалдығы, теңге

Негізгі борыш бойынша аяқталатын күн

Кредит валютасы

Кредит мерзімі

Кредит мақсаты (қысқаша сипаты)









    8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және жеке кәсіпкерлік
      субъектілеріне қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау
                  шараларына қатысу туралы ақпарат

Мемлекеттік бағдарлама /мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік органның, ұлттық қордың/холдингтің атауы

Қосымша ақпарат

1.




2.




                  9. Кепілдіктер мен келісімдер

      Осы өтініште көрсетілген барлық деректер мен ақпарат анық болып
табылатынына және шындыққа толық сәйкес келетініне кепілдік беремін,
көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған
жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын
мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін
екендігімен келісемін.
      Осы арқылы жергілікті атқарушы органға осы өтініште көрсетілген
мәліметтер мен ақпаратты мүдделі үшінші тұлғаларға беруге сөзсіз
келісім беремін.
      Қосымшалар:
      Осы Келісімде көзделген құжаттар тізбесі.
      _________________(Тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда)
         (қолы) күні
 

«Бизнестің жол картасы-2020» 
бизнесті қолдау мен дамытудың 
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
кредиттер бойынша кепілдіктер
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына     
3-қосымша          

                   Кредиттік тарих субъектісінің
         кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге
                              келісімі

____жылғы «__»________
жергілікті уақыт ___ сағат ___ минут

Жеке тұлға үшін
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні және жері,
тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні)

Заңды тұлға үшін
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (толық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
                          (қайта тіркеу)
туралы куәлікке немесе анықтамаға сәйкес тіркеу
нөмірі немесе оның мемлекеттік тіркелуі жөніндегі заңнама бойынша
заңды тұлғаны сәйкестендіру үшін ресми қолданылатын басқа
сәйкестендіру нөмірі)

кредиттік бюродағы оның мүліктік сипаттағы қаржылық және басқа
міндеттемелеріне қатысты ақпарат және келешекте кредиттік бюроға
түсетін ақпарат осы келісімді қабылдаған кредиттік бюродан ақпаратты
алушыға ашылатындығына осы келісімді береді.
_____________________________________________________________________
               (Кәсіпкердің мөрі және қолтаңбасы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін: өз жеке қолымен тегі, аты, әкесінің аты (егер бар
              болса), жеке қолтаңбасы қойылады;
заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның
атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды тұлғаның атынан сенімхат
негізінде әрекет ететін болса, сенімхаттың деректемелерін көрсете
отырып, сенімхат түпнұсқасын қоса беріп, заңды тұлға осы келісімге
қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасы қойылады)
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы
_____________________________________________________________________
Филиал директорының Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(мөр және қолтаңбасы)
_____________________________________________________________________
(осы келісімді қабылдаған ұйымның атауы; осы келісімді қабылдауға
Уәкілетті тұлғаның тегі, аты-жөні және қолтаңбасы).

«Бизнестің жол картасы - 2020»   
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде       
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің  
кредиттері бойынша кепілдіктер   
беру» мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына         
4-қосымша              

           Кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы
             ақпаратты кредиттік бюроларға беруге
                           келісуі

____жылғы «__»_______
жергілікті уақыт ___ сағат __ минут

Жеке тұлға үшін
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні және жері,
тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні)

Заңды тұлға үшін
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (толық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
                           (қайта тіркеу)
туралы куәлікке немесе анықтамаға сәйкес тіркеу
нөмірі немесе оның мемлекеттік тіркелуі жөніндегі заңнама
бойынша заңды тұлғаны сәйкестендіру үшін ресми қолданылатын
басқа сәйкестендіру нөмірі)

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қағамындағы бар өзінің
қаржылық және мүліктік сипаттағы басқа да міндеттемелеріне қатысты
өзі туралы ақпараттың
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (ақпарат көзінің (дерінің) атауын көрсету. Егер барлық ықтимал
    көздерден ақпаратты беруге келісім берілетін болса, бұл туралы
      «барлық ықтимал ақпарат көздерінде» 1 белгісін жасау қажет).
және болашақта көрсетілген көзге(дерге) түсетін
_____________________________________________________________________
             (Кәсіпкердің мөрі және қолтаңбасы)
(болашақта түсетін ақпаратты ашуға келісім берген жағдайда, қолтаңба
                              қою қажет;
болашақта түсетін ақпаратты ашумен келіспеген жағдайда, сызық қою
қажет),

барлық кредиттік бюроларға (егер осы келісімді ресімдеп отырған
ақпаратты жеткізуші Кредиттік бюро туралы Заңның 23-бабының 1 және 2
тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық
кредиттік бюроларға жіберсе) немесе кредиттік бюроға берілетін
болады
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(егер осы келісімді ресімдеп отырған ақпаратты жеткізуші Кредиттік
    бюро туралы Заңның 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
    аумағындағы барлық кредиттік бюроларға жіберуге міндетті емес
          болса, кредиттік бюроның атауын көрсетуі керек).
_____________________________________________________________________
              (Кәсіпкердің мөрі және қолтаңбасы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін: өз жеке қолымен тегі, аты, әкесінің аты (егер бар
         болса) көрсетіледі, жеке қолтаңбасы қойылады;
заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды
тұлғаның атынан сенімхат негізінде әрекет ететін болса, сенімхаттың
деректемелерін көрсете отырып, сенімхат түпнұсқасын қоса беріп, осы
келісімге қол қоятын заңды тұлғаның уәкілеттік берілген тұлғасының
қолтаңбасы қойылады)

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы
_____________________________________________________________________
Филиалдың директорының Тегі, аты, әкесінің аты (мөрі және қолтаңбасы)
_____________________________________________________________________
(осы келісімді қабылдаған ұйымның атауы; осы келісімді қабылдауға
    уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолтаңбасы).

«Бизнестің жол картасы - 2020»
бағдарламасы шеңберінде  
кредиттер бойынша кепілдіктер
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына     
5-қосымша          

    Дербес деректер субъектісінің «Даму» кәсіпкерлікті дамыту
   қоры» акционерлік қоғамының оның дербес деректерін жинауына
                      және өңдеуіне келісімі

«___»___________жыл              жергілікті уақыт ____сағат ____минут
_____________________________________________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні және жері)
_____________________________________________________________________
          (тұрғылықты жері, тіркеу орны бойынша мекенжайы)
_____________________________________________________________________
        (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні)
Оның қаржылық және басқа мүліктік сипаттағы міндеттемелеріне қатысты
ақпаратты, оның ішінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік
қоғамы (бұдан әрі - Қор) болашақта келіп түсетін ақпаратты қоса
алғанда, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан
Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес оның
дербес деректерін жинауға және өңдеуге осы келісімін береді _________
                                                             (қолы)
(болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім берген жағдайда,
қолтаңбасын қою қажет; болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға
келісімін бермеген жағдайда, сызық қою қажет),
_____________________________________________________________________
туралы мәселені қарастыруға байланысты
(тартылатын кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету
ретінде Қордың ішінара кепілдік беруі туралы мәселені)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) өз қолымен көрсетіледі,
                       жеке қолтаңбасы қойылады)
_____________________________________________________________________
  (осы келісімді қабылдаған құрылымдық бөлімшенің/өңірлік филиалдың
                               атауы)
_____________________________________________________________________
  (берілген келісімді қабылдауға уәкілеттік берілген тұлғаның тегі,
                    инициалдары мен қолтаңбасы)