Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11165 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 маусымдағы Заңы 7-бабының 15) тармақшасына және 9-бабы2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күнтізбелік жүз сексен күн ішінде қолданыста болды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.01.2022 № 2 бұйрығымен.

      2. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 67 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10222 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпандағы № 35 (27911)) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Е. Досаев _______________

      19 мамыр 2015 жыл