"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты "Көкшетау арқылы Нұр-Сұлтан - Петропавл" автомобиль жолының "Нұр-Сұлтан - Щучье" 18+772 километр (бұдан әрі - км) – 230+250 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;
2) баламалы жол жүріп өту: "РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Нұр-Сұлтан – Атбасар" учаскесі, "Көкшетау – Атбасар" республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Атбасар – Зеренді" учаскесі", "Щучье – Зеренді" республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;
3) ақылы жолдың бастапқы пункті – 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 230+250 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;
алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр;
алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 211 км 478 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.05.2019 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 ж. 15 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
______________ Қ. Қасымов
2015 ж. 2 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 317 бұйрығына 1 қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.05.2019 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Шортанды ауданы | |
44 км + 000 | Бозайғыр ауылы (Елизаветинка) |
70 км + 500 | Дамса кенті |
75 км + 200 | Шортанды қаласы |
82 км + 300 | Мықтыкөл ауылы (Барышевка) |
Ақкөл ауданы | |
94 км + 700 | Еңбек ауылы (Трудовое) |
107 км + 800 | Ақкөл қаласы |
117 км + 000 | Барап кенті |
124 км + 600 | Красный Горняк кенті |
Бұланды ауданы | |
143 км + 100 | Алакөл ауылы (Богдановка) |
150 км + 000 | Жаңаталап ауылы |
160 км + 500 | Алтынды кенті (Даниловка) |
Біржан сал ауданы | |
170 км + 500 | Қоғам кенті |
179 км + 900 | Макинка ауылы |
Бұланды ауданы | |
196 км + 700 | Макинск қаласы |
Бурабай ауданы | |
208 км + 900 | Қаражар кенті (Черноярка) |
212 км + 100 | Атамекен ауылы (Климовка) |
216 км + 500 | Жасыл кенті |
222 км + 000 | Жаңажол ауылы |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 317 бұйрығына 2 қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.05.2019 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Шортанды ауданы | |
1. | Бозайғыр ауылы (Елизаветинка) |
2. | Мықтыкөл ауылы (Барышевка) |
Новокубанский ауылдық округі | |
3. | Дамса кенті |
Бозайғыр ауылдық округі | |
4. | Бозайғыр кенті |
Кеңес ауылдық округі | |
Ақкөл ауданы | |
5. | Барап кенті |
6. | Красный Горняк кенті |
Еңбек ауылдық округі | |
7. | Еңбек ауылы (Трудовое) |
Даниловка ауылдық округі | |
8. | Алакөл кенті |
Бұланды ауданы | |
9. | Боярка кенті |
10. | Жаңаталап кенті |
11. | Елтай кенті |
12. | Алтынды кенті (Даниловка) |
Ақсу ауылдық округі | |
Біржан сал ауданы | |
13. | Қоғам кенті |
Бурабай ауданы | |
14. | Атамекен ауылы (Климовка) |
15. | Қаражар кенті (Черноярка) |
16. | Жаңажол кенті |
17. | Жасыл кенті |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 317 бұйрығына 3 қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.05.2019 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем ставкалары
І-а санатты "Көкшетау арқылы Нұр-Сұлтан - Петропавл" жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Нұр-Сұлтан – Щучье" 18+772 км – 230+250 км учаскесі:
Теңге |
Р/с № | Аймақтар | жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар | ||
Жергілікті көлік | Алдын-ала төлем бойынша транзит | Қолма-қол ақшамен, төлеген де транзит | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. |
Шортанды, | 60 | 60 | 120 | 310 | 650 | 950 | 1 300 | 1 500 |
2. |
Ақкөл | 50 | 50 | 100 | 250 | 500 | 750 | 1 000 | 1 250 |
3. |
Бұланды | 20 | 20 | 40 | 100 | 220 | 320 | 440 | 600 |
4. |
Біржан сал | 50 | 50 | 100 | 210 | 460 | 680 | 920 | 1 250 |
5. |
Бурабай | 20 | 20 | 40 | 130 | 270 | 400 | 540 | 600 |
6. | Бір бағыт тағы бар лық маршрут бойынша жиыны (211,5 км) | 200 | 200 | 400 | 1 000 | 2 100 | 3 100 | 4 200 | 5 200 |
Ескертпе:
1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк котергіштігіне және түріне байланысты жүріп откені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолдарындағы (учаскедегі) жол кесіндісі;
2) алдын-ала төлеу – пайдаланушының ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) ақы алу пунктері арқылы жүріп өткенге дейінгі төленген ақысы;
3) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
4) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ көлік;
5) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.