Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11144 тіркелді.

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты "Көкшетау арқылы Астана – Петропавл" автомобиль жолының "Астана – Щучинск" 18+772 километр (бұдан әрі – км) – 230+250 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;

      2) баламалы жол жүріп өту: "РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Астана – Атбасар" учаскесі, "Көкшетау – Атбасар" республикалық маңызы бар автомобиль жолының Атбасар – Зеренді учаскесі, Щучинск – Зеренді республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;

      3) ақылы жолдың бастапқы пункті – 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 230+250 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;

      алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр;

      алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;

      автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 211 км 478 метр;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес айқындалады;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.05.2019 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 ж. 15 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2015 ж. 2 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 317 бұйрығына
1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.05.2019 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

Шортанды ауданы

44 км + 000

Бозайғыр ауылы (Елизаветинка)

70 км + 500

Дамса кенті

75 км + 200

Шортанды қаласы

82 км + 300

Мықтыкөл ауылы (Барышевка)

Ақкөл ауданы

94 км + 700

Еңбек ауылы (Трудовое)

107 км + 800

Ақкөл қаласы

117 км + 000

Барап кенті

124 км + 600

Красный Горняк кенті

Бұланды ауданы

143 км + 100

Алакөл ауылы (Богдановка)

150 км + 000

Жаңаталап ауылы

160 км + 500

Алтынды кенті (Даниловка)

Біржан сал ауданы

170 км + 500

Қоғам кенті

179 км + 900

Макинка ауылы

Бұланды ауданы

196 км + 700

Макинск қаласы

Бурабай ауданы

208 км + 900

Қаражар кенті (Черноярка)

212 км + 100

Атамекен ауылы (Климовка)

216 км + 500

Жасыл кенті

222 км + 000

Жаңажол ауылы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 317 бұйрығына
2 қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.05.2019 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

Р/с №

Елді мекеннің атауы

Шортанды ауданы

1.

Бозайғыр ауылы (Елизаветинка)

2.

Мықтыкөл ауылы (Барышевка)


Новокубанский ауылдық округі

3.

Дамса кенті


Бозайғыр ауылдық округі

4.

Бозайғыр кенті


Кеңес ауылдық округі

Ақкөл ауданы

5.

Барап кенті

6.

Красный Горняк кенті


Еңбек ауылдық округі

7.

Еңбек ауылы (Трудовое)


Даниловка ауылдық округі

8.

Алакөл кенті

Бұланды ауданы

9.

Боярка кенті

10.

Жаңаталап кенті

11.

Елтай кенті

12.

Алтынды кенті (Даниловка)


Ақсу ауылдық округі

Біржан сал ауданы

13.

Қоғам кенті


Бурабай ауданы

14.

Атамекен ауылы (Климовка)

15.

Қаражар кенті (Черноярка)

16.

Жаңажол кенті

17.

Жасыл кенті

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 317 бұйрығына
3 қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      І-а санатты "Көкшетау арқылы Астана – Петропавл" жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Астана – Щучинск" 18+772 км – 230+250 км учаскесі:

      Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)

Р/с№

Аймақтар

Жеңіл автокөліктер

16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрітн) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Шортанды
19 – 83 км
(64 км)

0,0209

0,1078

0,2261

0,3304

0,4522

0,5217

2

Ақкөл
83 – 109 км
(26 км)

0,0174

0,0870

0,1739

0,2609

0,3478

0,4348

3

Бұланды
109 – 146 км
(37 км)

0,0070

0,0348

0,0765

0,1113

0,1530

0,2087

4

Біржан сал
146 – 206 км
(60 км)

0,0174

0,0730

0,1600

0,2365

0,3200

0,4348

5

Бурабай
206 – 230,5 км
(24,5 км)

0,0070

0,0452

0,0939

0,1391

0,1878

0,2087

6

Бір бағыт тағы бар лық маршрут бойынша жиыны (211,5 км)

0,0696

0,3478

0,7304

1,0783

1,4609

1,8087

      1) абоненттік төлем - автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;

      2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді. Абонементтердің мынадай түрлері көзделеді:

      бір айға (күнтізбелік 30 күн):

Көлік түрі

Жеңіл автокөліктер үшін

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

2

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

қарастырылмаған

2 АЕК

4 АЕК

6 АЕК

8 АЕК

10 АЕК

      бір жылға (күнтізбелік 365 күн):

Көлік түрі

Жеңіл автокөліктер үшін

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

2

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

1 АЕК

20 АЕК

40 АЕК

60 АЕК

80 АЕК

100 АЕК

      3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;

      4) алдын-ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;

      5) жергілікті автокөлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.