Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11130 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      2) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      3) "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      5) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      6) "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;

      7) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      8) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216; 17.04.2017 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мелекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешов

      2015 жылғы "___" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы "___" ___________



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
3-қосымша

"Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан
жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан
жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен,
110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші
және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа
әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті:

      1) белгіленген электр қуаты 5 МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және электр беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспорттарын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

      2) барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорттарын Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

      3) өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және электр беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тапсырылған кұжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелденген бас тартады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;

      3) қызметті көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ дейін және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты, әзірлік паспортының беруден бас тарту, не белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ дейін және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортының күшін жою туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілерге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік актісі;

      әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-1-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген температуралық кестеге сәйкес, "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 15-3-бабының 2-тармағына сәйкес күзгі-қысқы кезең электр қуатының балансына сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.

      Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі және шарттарда көрсетілген бірізділікке сәйкес орналастырылады.

      2) порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актінің электрондық көшірмесі;

      әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңге бекітілген кестелерге сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызмет берушілерге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Министрлікке Астана қаласы, "Министрліктер үйі", Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның аты мекен-жайы шығыс нөмірі және күні көрсетіледі

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері дәлелденген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kaenk.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      12. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға құқығы бар.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға құқығы бар.

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 02 38 74 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

  Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан
төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген
жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары,
сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және
одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр
желілері бар энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

      (кімге) ________________________________

      (органның атауы)

      ________________________________________

      (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы)

Өтініш

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (БСН (ЖСН), куәліктің*, өтініш берушіні заңды тұлға, жеке кәсіпкер

       ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нөмірі мен күні)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалған құпиядан

      тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Энергия объектісінің орналасқан жері:

      Пошталық мекенжайы:____________________________________________

      Телефон нөмірлері _____________________________________________

      E-mail ________________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Басшы _________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

      МО 20__ж. "____"_____________

      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

      1.___________________________ парақта, беттің реттік №

      2.___________________________ парақта, беттің реттік №

      3.___________________________ парақта, беттің реттік №

      4.___________________________ парақта, беттің реттік №

      5.___________________________ парақта, беттің реттік №

      6.___________________________ парақта, беттің реттік №

      Ескертпе:* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

      актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен

      өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен

      толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан

      Республикасының Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны

      мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды

      тұлғаның қызметін тоқтатқанына дейін жарамды болып табылады.

  Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан
төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген
жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары,
сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және
одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр
желілері бар энергия өндіруші және энергия
берушіұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

Акт

      __________________________________ ________________________________

       Акт жасалған жер (күні)

      Бұйрықпен тағайындалған комиссия ____________________________________

      (ұйым атауы)

      _______ №____

      _____________________________________________________________________

      энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың

      _____________________________________________________________________

      күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін

      _____________________________________________________________________

      шарттардың орындалу-орындалмауы көрсетіледі

      Қорытынды: (ұйым күзгі-қысқы кезең жұмысына дайын – дайын емес)

      Комиссия төрағасы: _______________ _____________ __________________

       (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері: _______________ _____________ __________________

       (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)

       _______________ _____________ __________________

       (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)

  Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан
төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген
жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары,
сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және
одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр
желілері бар энергия өндіруші және энергия
берушіұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттары

      1. Энергия өндіруші ұйымдар:

      1) тиісті актілер мен (реконструкциядан немесе күрделі жөндеуден өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің) ресімделген, қажетті көлемде және белгіленген нормаларға сәйкес келетін сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің толық көлемде орындалуы туралы материалдар;

      2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың болуы;

      3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;

      4) жүктемелер кестесін орындауға әзірлік – жұмыспен резервте жүктемелер кестесін орындау үшін қажетті жабдық құрамының болуы;

      5) қоймада энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес негізгі және резервтік отын қорының болуы;

      6) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен, арнайыкиіммен, аспаптар және керек-жарақтармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемалары және бастапқы құралдарымен (персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының, құрылғыларының, бастапқы өрт сөндіру құралдарының санын нақты, салыстырма талдау,) қамтамасыз етілгендігі;

      7) техникалық куәландыруды жүргізу сондай-ақ, аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңнен өтуді қамтамасыз ететін жабдықты диагностикалау;

      8) өнер кәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің қатысуымен жасалған өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлік акті (акт көшірмесі);

      9) кабель шаруашылығының, отын-көліктік және мазут шаруашылығының, қазандық цехының, турбогенераторлардың, коммутациялық аппараттардыңгаз-май жүйелерінің, турбиналардың, трансформаторлар мен реакторлардың май жүйелерінің өрт жарылыс қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету туралы актісі;

      10) автоматиканың релелік қорғаныс (бұдан әрі – АРҚ) және аварияға қарсы автоматиканың (бұдан әрі – АҚА) құрылғыларына, жылу автоматикасы және өлшеу құралдарына актісінің болуы (бұдан әрі – ЖӨА) техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде орындау актісінің болуы. Бар болған жағдайда ғимараттармен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының (бұдан әрі – ДТБҚ), энергия ресурстарын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭБЕАЖ) әзірлік актісі күзгі-қысқы жағдайларда жұмыстар бар болған жағдайларда;

      11) жылу жүйесі жұмыстарының жергілікті атқарушы органдармен келісілген температуралық кестенің болуы;

      12) энергия беруші кәсіпорындарының негізгі жабдықты жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау актісінің болуы;

      13) күл үйінділерінің қажетті сыйымдылығының болуы (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің гидроқұрылыстарға күзгі комиссиялық тексеру жүргізуі туралы акт);

      14) жылу механикалық жабдықтың жұмысы үшін нормативті су режимін қамтамасыз ету;

      15) объектілік аварияға қарсы жаттығу жүргізу нәтижелерінің оң бағалануы;

      16) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары және технологиялық бұзылуларды тексеру актілері бойынша іс-шаралардың толық орындалуы туралы есеп;

      17) станциялар мен жылу желілерінің негізгі жабдықтарын 30 тәуліктен асатын жоспардантыс (авариялық) жөндеулердің болмауы.

      2. Энергия өндіретін ұйымдар жаңартылған энергия көздерінде:

      1) негізгі және қосалқы жабдықтарының қажетті көлемінде жоспарлы алдын алу іс-шараларын толық көлемде орындау туралы актісі;

      2) Құрылғының, технологиялық схемасының және ғимараттардың сыртқы ауадағы төмен температуралық жағдайларда зақымдануын ескерту бойынша жоспарланған іс-шараларды толық көлемде орындау туралы актісі;

      3) Оқыған және аттестатталған қызметкерлерінің жұмыс орындарының жасақталуы. Қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киімдермен, құралдар мен құрылғылармен, нормативті-техникалық және жедел құжаттамалармен, нұсқаулармен, схемалар және бастапқы өрт сөндіруші құралдарымен қамтамасыздандырылуы;

      4) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласы органдары өкілдерінің қатысуыменжасалған өрт сөндіру жүйелерінің және өрт дабылдарының дайындық актісі;

      5) аварияға қарсы объектілерінің, өртке қарсы жаттығуларын (бағалау актілерімен) жүргізу бойынша материалдар;

      6) авариялық қор материалдарының және құрылғыларының болуы (авариялық қор құрылғыларының және нақты ұйымдармен бекітілген салыстырмалы талдауы);

      7) ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының технологиялық диспетчерлік басқарма құралдарының дайындық актісі (бұдан әрі – БДТБ) автоматталған бақылау жүйесі және күзгі-қысқы жағдайларда бар болған жағдайларда энерго ресурс есебі (бұдан әрі – АБЖЭЕ)

      2. Энергия беруші ұйымдар.

      Электр желілік компаниялар үшін:

      1) тиісті актілермен (реконструкциядан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген, белгіленген нормаларға сәйкес қажетті көлемде, кезеңділікпен және сапада қосалқы станцияларды (бұдан әрі – ҚС), тарату пункттерін (бұдан әрі – ТП), трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан әрі – ТҚС), жиынтықты трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан әрі – КТҚС) және электр беруші желілерді жоспарлы жөндеудің орындалуы;

      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы (орындалған іс-шаралар туралы акт);

      3) электр жүктемелері кестесін орындауға әзірлік, яғни жұмысты және резервте жүктемелер кестесін орындау және электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (КҚК кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы жаздық және қыстық бақылау күндері жүктемелерді өлшеулер);

      4) 6-500 кВ электр желілері қосалқы станцияларының авариялық қорының, ЭЭБЖ 0.4 кВ-500 кВ резервтік материалдары мен жабдығының, жабдыққа құйылған 2%-дан кем емес көлемде трансформаторлық майдың төмендемейтін қорының болуы (ұйым бекіткен жабдықтың авариялық қорының салыстырмалы және нақты талдауы);

      5) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен, арнайы киіммен, аспаптар және керек-жарақтармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемалары және бастапқы құралдарымен ( персоналдың нормативтік санынасалыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының, арнайы киімдерінің, құралдардың, өрт сөндіру құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;

      6) электр желілерінің жабдығына нормативтік құжаттарда көзделген көлемде және мерзімде уақтылы сынаулар жүргізу;

      7) АРҚ және АҚА құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ әзірлігі (актілердің көшірмелері);

      8) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеудің (веерлі ажыратулар) келісілген кестелерінің болуы (шектеу кестелерінің көшірмелері);

      9) электр қондырғыларының, ӘЖ, кабельдік желілердің, АРҚ құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың кестелер мен кезеңділікке сәйкес энергия кәсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына толық техникалық куәландыруды жүргізуі (пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, техникалық куәландырудан өткен жабдықтар тізбесі);

      10) аварияға қарсы объектілік жаттығу жүргізу материалдары (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);

      11) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары технологиялық бұзылыстарды тексеру жөніндегі актілері бойынша іс-шаралардың орындалуы;

      12) автономды электрмен қамтамасыз ету көздері бар тұтынушылармен авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасау ережелерінің болуы (ақпарат);

      13) 35 кВ және жоғары ҚС негізгі жабдығының, 35 кВ және жоғары электр тарату желілерінің ұзақтығы 15 тәуліктен астам жоспардан тыс (авариялық) жөндеулерінің болмауы;

      14) электр тарату әуе желілерінде мұзды еріту схемаларының жұмысқа әзірлігі туралы актісі (бар болған жағдайда);

      15) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі;

      16) диспетчерлік технологиялық басқару жүйелері мен кепілдендірілген электрмен қоректену жүйелерінің жұмысқа әзірлігі;

      17) электр желісінің бақыланатын қималарындағы ең жоғары рұқсат берілген токтың артуы кезіндегі іс-қимылды қоса алғанда, жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру, персоналдың технологиялық бұзылулардың алдын алу және оны жою бойынша іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжаттардың болуы және белгіленген талаптарға сәйкестігі;

      18) жедел-ақпараттық кешеннің қалыпты және авариялық режимде ақпарат берудің белгіленген сапасы кезінде тұрақты жұмыс істеуге және іс-қимылға әзірлігі.

      3. Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын ұйымдар үшін:

      1) тиісті актілермен (реконструкциядан өткен және күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің көшірмелері) ресімделген белгіленген нормаларға сәйкес қажетті көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы материалдар;

      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың бүлінулерінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы туралы актісі;

      3) жабдықтың авариялық қорының болуы туралы актісі;

      4) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен, арнайы киіммен, аспаптар және керек-жарақтармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (персоналдың нормативтік санынасалыстырма талдау және нормативтік және арнайы киімдерінің, құралдарының, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілінің қатысумен жасалған өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлігі актісінің болуы;

      6) күзгі-қысқы жағдайларда (бар болған жағдайда) ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ әзірлігі актісі;

      7) энергия көздері қуаттылығының мен жылу желілерінің өткізуші қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдармен келісілген тұтынушыларды шектеу кестелері;

      8) жергілікті атқарушы органдар бекіткен температуралық кестенің болуы;

      9) жылу таратушы ұйымдардың аталған жердегі КҚК температураларының барлық диапазондарында жылу желілері мен жылу көздерінің температуралық кестелерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісінің болуы;

      10) жылу желілерін жөндеу, диагностикалау мен технологиялық сынаудың жоспарлы көлемдерін орындау туралы актісінің болуы;

      11) жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау туралы актісінің болуы;

      12) аварияға қарсы объектілік жаттығуларды жүргізу нәтижелері туралы материалдар;

      13) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары бойынша іс-шараларды және технологиялық бұзылуларды тексеру орындалуы туралы акті;

      14) жылу желілерінің негізгі жабдықтарын ұзақтығы 30 тәуліктен асатын мерзімде жоспардан тыс (авариялық) жөндеулердің болмауы.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
6-қосымша

"110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер
үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы
қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық (қағаз) түрде.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделеді, басып шығарылады көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының енбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      техникалық шарттардың көшірмесі;

      пайдаланушыны қосу схемасы;

      жүйелік оператордың қорытындысы

      энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      техникалық шарттардың көшірмесі;

      пайдаланушыны қосу схемасының электрондық көшірмесі;

      жүйелік оператор қорытындысының электрондық көшірмесі;

      энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Министрліктің, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың тиісті жергілікті атқарушы органының лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшының, Министрліктің атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор к-сі., 8-үй.

      Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

      портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы шығыс нөмірі және күні көрсетіледі

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға құқылы.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде портал, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы "жеке кабинеттің" көмегімен алуға құқылы.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 92 19 Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және
одан жоғары объектілер үшін қайталанатын
(шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық
орындылығы туралы қорытынды беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      Жергілікті атқарушы орган

      Нөмір: (Нөмір) Күні: (Берілген күні) ж.

      Қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы

      станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы

ҚОРЫТЫНДЫ

      (ЗТ толық атауы) берілді, БСН (ЗТ БСН), заңды мекенжайы

      (ЗТ мекенжайы).

      Объектінің орналасқан жері (Объектінің орналасқан жері)

      Негіздеме: (Қорытындыны негіздеу)

       (Қол қоюшының лауазымы) (Қол қоюшының аты-жөні)

  "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және
одан жоғары объектілер үшін қайталанатын
(шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық
орындылығы туралы қорытынды беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

      __________________қаласының/ауданының

      Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылық басқармасының басшысы ____

      __________________________________ден

      (тегі, аты, болса әкесінің аты

      (бұдан әрі – ТАӘ), не көрсетілетін

      қызметті алушы ұйымның атауы)

      Нысаны

Өтініш

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның Т.А.Ә. не толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның орналасқан жері, заңды мекенжайы не тұрғылықты жері)

      БСН ______________________

      СИК_______________________

      "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін

      қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы

      станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беруді

      сұрайды

      _____________________________________________________________________

      (орналасқан жері, қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен

      қосалқы станцияларды жобалаудың және салудың мақсаты).

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Заңды тұлғаның басшысы

      ________________ _________________________________________________

       (қолы) (тегі, аты-жөні)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
8-қосымша

      Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
9-қосымша

"Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.02.2017 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – хаттама (электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуге біліктілік тексеруден өту нәтижелері және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру).

      Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет тегін көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініш пен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыны лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сімен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе портал арқылы өтінішті қабылдаудың растамасы болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;

      6) осы стандарттың 9-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісін анықтау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшылығының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің не жұмыс күндері Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ порталдың көмегімен қабылданады.

      Шағымға тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдау растамасы болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орнының мекенжайы:

      1) Министрліктің - www.energo.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.kaenk.gov.kz интернет-ресурсынада, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары, сондай-ақ осы стандарттың 15-тармағында көрсетілген мемлекеттiк қызметтерді көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-12-27, 8 (7172) 74-02-38, Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Электр және энергия
қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану
қауіпсіздігін бақылау үшін
электр және жылу энергиясын
өндіруді, беруді және бөлуді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидаларын және қауіпсіздік
қағидаларын білуін біліктілік
тексеру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
  Нысан

      ____________________________________

      ____________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ____________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      № _______                                           Күні: 20 __жылғы "___" ________

Өтініш

      Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша ___ (рұқсат тобын көрсету) рұқсат тобын

      _____________________________ үшін электр және энергия қондырғыларының техникалық

      (беру, жоғарылату немесе растау) жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау

      үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар

      басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік

      қағидаларын білуіне _____________________________________________________________

                                    (бастапқы, кезекті, кезектен тыс)

      біліктілік тексеруден өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Қосымша: Лауазымға тағайындау туралы 20 ___жылғы "___" ___________

      № ___ бұйрықтың көшірмесі.

                                                            Қолы _____________