«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастықтары:
1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін және оның талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 23 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
____________ М. Құсайынов
2015 жылғы 17 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 341 бұйрығына
1-қосымша
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік
құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке
алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ТЕБ-те:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 сағат;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
бір көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
2) Орталыққа жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат;
электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Орталық қызметкерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – КҚТК) және/немесе мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісін (бұдан әрі – МТНБ) беру, КҚТК-ға есептен шығарылғаны туралы белгі, не болмаса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе (жеке тұлғалар үшін нотариалды расталған) сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 540-бабына сәйкес:
1) КҚТК беру үшін – ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 125 пайызын;
2) автомобильге МНТБ – АЕК-нің 280 пайызын;
3) автомобильге (олар үшін мемлекеттік баж көлемі 280 пайызды құрайтын мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының МТНБ-ны қоспағанда) 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгісіндегі МТНБ үшін - АЕК-нің 13 700 пайызын;
4) автомобильге (олар үшін мемлекеттік баж көлемі 280 пайызды құрайтын мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының МТНБ-ны қоспағанда) 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгісіндегі МТНБ үшін - АЕК-нің 22 800 пайызын;
5) мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне МНТБ – АЕК-нің 140 пайызын;
6) «Транзит» МНТБ – АЕК-нің 35 пайызын құрайды.
Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін мемлекеттік алым Салық кодексінің 456-бабына сәйкес АЕК-нің төрттен бір бөлігін құрайды.
Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операциялары түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленеді.
Орталықта және порталда мемлекеттік бажды төлеу «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.
Салық кодексінің 546-бабына сәйкес автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісін беру кезінде мемлекеттік баж төлеуден:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-анасының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар босатылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) ТЕБ – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сейсенбіден бастап сенбіге дейін (сейсенбі – жұма: сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, сенбі: сағат 08-00-ден бастап сағат 16-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін);
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сейсенбіден бастап жұмаға дейін 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, ал сенбі сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08-00-ден бастап сағат 15-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Орталық – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау түскі үзіліссіз сағат сағат 9.00-ден 18-00-ға дейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ТЕБ-ке жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
мемлекеттік баж бен алымның төленгенін растайтын құжат;
көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растайтын құжат;
тіркейтін орган беретін, заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін растайтын анықтама, жарғы (салыстырып тексеру үшін) және олардың көшірмелері;
техникалық құжат;
КҚТК, МНТБ және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
көлік құралын қарап тексеру актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, оған Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелінген көлік құралдары үшін кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар) жатады;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Дөңгелекті автокөлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентіне (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік:
жеке тұлғалар өз қажеттіліктері үшін Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – КО/ЕАЭО) бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде;
көлік құралы шығарылған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар бұрын КО/ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін көлік құралдарын тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін жеке тәртіппен конструкциясына сериялық өндіріс жағдайында өзгерістер енгізілген; немесе жеке тәртіппен сериялық өндіріс жағдайынан тыс жинақтау жиынтығынан; немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша бұрын жеткізілгендердің ішінен айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде;
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында пайдаланудағы және тіркелген көлік құралын оны қайта жабдықтауға байланысты тіркеген кезде КО ТР 018/2011 сәйкес көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік;
көлік құралының типін, көлік құралы шассиінің типін мақұлдау;
көлік құралы шығарылған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕАЭО мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар КО/ЕАЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) көлік құралын мемлекеттік тіркеу есебінен шығару үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растайтын құжат;
тіркейтін орган беретін, заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін растайтын анықтама, жарғы (салыстырып тексеру үшін) және олардың көшірмелері;
МТНБ және КҚТК (бар болған кезде);
көлік құралын қарау актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, оған Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелінген көлік құралдары үшін кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар) жатады.
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ есептен шығаруды жүргізер алдында көлік құралын, иесін және иесінің өкілін ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша олардың іздестіруде болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеріс нәтижесі көлік құралын тіркеу актісіне қосылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
мемлекеттік баж бен алымның төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растайтын құжат (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсыну талап етілмейді);
техникалық құжат;
КҚТК, МНТБ және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
көлік құралын қарап тексеру актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, оған Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелінген көлік құралдары үшін кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар) жатады;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Дөңгелекті автокөлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентіне (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік:
жеке тұлғалар өз қажеттіліктері үшін Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – КО/ЕАЭО) бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде;
көлік құралы шығарылған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар бұрын КО/ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін көлік құралдарын тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін жеке тәртіппен конструкциясына сериялық өндіріс жағдайында өзгерістер енгізілген; немесе жеке тәртіппен сериялық өндіріс жағдайынан тыс жинақтау жиынтығынан; немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша бұрын жеткізілгендердің ішінен айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде;
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында пайдаланудағы және тіркелген көлік құралын оны қайта жабдықтауға байланысты тіркеген кезде КО ТР 018/2011 сәйкес көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік;
көлік құралының типін, көлік құралы шассиінің типін мақұлдау;
көлік құралы шығарылған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕАЭО мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар КО/ЕАЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде ұсынылады.
2) Көлік құралын мемлекеттік тіркеу есебінен шығару үшін:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растайтын құжат (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсыну талап етілмейді);
МТНБ және КҚТК (бар болған кезде);
мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралын қарау актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы;
СІМ-нің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, оған Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелінген көлік құралдары үшін кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар) жатады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы, заңды тұлғаны тіркеу анықтамасы немесе куәлігі, баж салықтары мен алымдарды төлеу (ЭҮПШ арқылы төлеген кезде) туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көлік құралына салық төленгені туралы мәліметтерді Орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық құжат нысанында алады.
Көлік құралдарын тіркеу үшін ұсынылатын, мемлекеттік немесе орыс тілдерінен басқа, өзге тілде толтырылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылады.
Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ есептен шығаруды жүргізер алдында көлік құралын, иесін және иесінің өкілін ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша олардың іздестіруде болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеру нәтижесі көлік құралын тіркеу актісіне қосылады.
Орталық қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне онда көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, Орталық оны бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Орталық нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Орталықтың сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде Орталыққа жібереді.
11. Көрсетілетін қызметті беруші:
1) шығарылған жылын қоса алғанда, пайдаланылу жылы жеті жылдан аспайтын, автомобиль көлігі саласында кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған, М1 санатты көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралдары үшін міндетті техникалық байқаудан уақтылы өтпеген;
2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жаза салу туралы уақтылы орындалмаған қаулылары бар;
3) тіркеу құжаттары жоқ;
4) көлік құралын дайындаушы салған нөмірлік агрегаттардың маркировкаларын қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) жойып жіберу салдарынан көлік құралын сәйкестендіру мүмкін болмаған;
5) қолдан жасалған (жалған) құжаттар ұсынған;
6) көлік құралы іздестіруде болған;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттерін жасауға салынған (енгізілген) тыйым салулар мен шектеулер болған;
8) көлік құралдарын тіркеу органына көлік құралының меншік иесінің мүддесін білдіруге өкілеттігі жоқ адам жүгінген;
9) тіркеу әрекеттерін жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері бар, сондай-ақ ескертілмеген түзетулері бар құжаттар ұсынған;
10) ұсыну міндетті болған кезде көлік құралын көрсетпеген;
11) ұсынылған көлік құралын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті емес көлік құралдарын тіркеу органына жүгінген;
12) көлік құралы конструкциясы немесе оған енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына немесе ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;
13) көлік құралына салық бойынша орындалмаған салық міндеттемесі болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, Орталық қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының
және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау болып табылады.
Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Орталық басшысының атына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды Орталықта тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почта мекенжайы;
2) заңды тұлғаның - оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Орталықтың атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Орталықтың кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) интернет-ресурс: www.mvd.kz;
2) интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71 58 68 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Көлік құралының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және есепке алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауы)
үшін мынадай құжаттарды ұсынды_______________________________________
ұсынылған құжаттар
(БСН) ЖСК_______________ Туған күні (жеке тұлғалар үшін)_____________
(күні, айы, жылы)
Жеке басты куәландыратын құжат (әділет органдарында тіркелген күні)
_____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
Мекенжайы____________________________________________________________
__________________________________ Телефоны _________________________
Көлік құралы туралы мәліметтер
VIN _________________________________________________________________
Мем. нөмірі __________________ Шасси нөмірі _________________________
Моделі _____________________ Шанақ нөмірі____________________________
Дайындаушы кәсіпорын _______________ Түсі ___________________________
КҚ түрі ______________________ Қозғалтқыш қуаты (кВт/ж.к. V см3)_____
КҚ санаты ______________ Рұқсат етілген ең жоғары салмағы, kg________
Шығарылған жылы ___________________ Жүктемесіз салмағы, kg___________
КҚ тіркеу куәлігі____________________________________________________
(сериясы, нөмірі, берілген күні)
Иесінің өкілі
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған күні ____________ Жеке басты куәландыратын құжат_______________
(күні, айы, жылы) (атауы, сериясы,
_____________________________________________________________________
нөмірі, қашан, кім берген)
__________________________________тұрады. Телефоны __________________
Сенімхат ____________________________________________________________
(қашан, кім берген, тізілім нөмірі)
20__жылғы «___»__________________ Иесінің қолы ______________________
_________________________МТНБ __________________________КҚТК берілді.
ІІО лауазымды адамының қызметтік белгілері
ІІО лауазымды адамының қорытындысы
Байқау нәтижелері бойынша көлік құралы туралы мәліметтер:
МТНБ ______________________ Дайындаушы кәсіпорын ____________________
КҚ санаты ___________________________________________________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN) __________________________________________
Шығарылған жылы ____________ Маркасы, моделі_________________________
Шасси (рама) нөмірі__________________________________________________
Шанақ нөмірі ________________________________________________________
Түсі______________Байқау нәтижесі ___________________________________
(ақаусыз, ақауы бар)
Жауапты қызметкер ___________________________________________________
(қолы немесе коды) (тегі)
Айдап әкетілген және ұрланған автокөлік базасы бойынша тексеру
жүргізілді
_____________________________________________________________________
(нәтижесі, күні, уақыты)
____________________________________________________________________
(тексеру жүргізген жауапты қызметкердің қолы, тегі)
Иесінен қабылданды
______________________________________ сериясы ______№ ______________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері __________________________саны _____________________
КҚ паспортының сериясы _________ №_________ _________________________
_____________________________________ сериясы_________ № ____________
(меншік құқығын растайтын құжат)
«Транзит» белгісі __________________________ саны____ _______________
Кепілді тіркеу туралы куәлік ________________________________________
Төлем туралы түбіртектер (есеп шот-фактура) № _______________________
Өзге құжаттар:_______________________________________________________
_________________________________________________________ қабылданды.
(тіркеу әрекеттерін жүргізу немесе жүргізуден бас тарту
туралы жауапты қызметкердің қорытындысы)
20__жылғы «___»______________________ (қолы)
Иесіне берілді
Сериясы ________________ № __________________________________________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері _________________«Транзит» белгісі _________________
ҚК паспорты сериясы ______________№ _________________________________
Өзге де құжаттар_____________________________________________________
____________________________20_____ жылғы « » _______________берілді.
ІІО лауазымды адамы/ХҚКО қызметкері______________________(қолы, тегі)
«Көлік құралының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және есепке алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдау туралы
№_____ қолхат
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
мемлекеттік қызметтің атауын көрсету)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (ол болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның немесе олардың өкілдерінің атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4.__________________________________________________________
5.__________________________________________________________
6.__________________________________________________________
7.__________________________________________________________
8.__________________________________________________________
9.__________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Қабылдаған:
___________________________/_______/________________________
(ТЕб қызметкерінің лауазымы, атағы) (қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда))
_________ жылғы «_______»________________
Берілген күні мен уақыты___сағ_______мин «____»_______ _____жыл
«Көлік құралының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және есепке алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә
(ол болған жағдайда) немесе ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан
Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының
2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету
орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі ________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
құжаттардың толық тізбесін ұсынбауыңызға байланысты
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік
қызметтің атауы көрсетілсін)
мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап
айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден
жасалды.
________________________________________________ __________________
Орталық қызметкерінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда) (қолы)
Орынд.: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ________________________________
Тел.:__________
Алдым: ___________________________________________________ ________
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы «___» _______________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 341 бұйрығына
2-қосымша
«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ТЕБ-те:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 сағат;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
бір қызмет алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
2) Орталыққа жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат;
электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Орталық қызметкерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минут;
3) порталға жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
Теориялық емтиханды тапсырғаннан кейін Орталықта мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі автоматты түрде практикалық емтихан тапсыру басталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жүргізуші куәлігін (бұдан әрі – ЖК), уақытша ЖК беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген кезде қызмет көрсетушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды расталған сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес ЖК беру үшін ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 125 пайызын құрайды.
Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операциялары түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленеді.
Орталықта және порталда мемлекеттік бажды төлеу «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) ТЕБ – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, сейсенбіден бастап сенбіге дейін (сейсенбі – жұма сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08-00-ден бастап сағат 16-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін);
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сейсенбіден бастап жұмаға дейін 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, ал сенбі сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08-00-ден бастап сағат 15-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Орталық – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін есептемегенде дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз;
Құжаттарды қабылдау түскі үзіліссіз сағат сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) ТЕБ-ке:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланк;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 083/е нысаны бойынша анықтама (бұдан әрі – 083/е нысаны бойынша медициналық анықтама) және оның көшірмесі;
курстарды бітіргені туралы куәлік және оның көшірмесі (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру, сондай-ақ оларды ауыстыру жағдайларын қоспағанда);
мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
«С», «D», «D1», «Tm», «Tb» санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);
Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін).
ЖК (оны ауыстырған кезде);
уақытша ЖК (бұрын берілгенді жоғалтқан кезде);
тегі, аты, әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат;
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, тұрғылықты орны, қызмет алушының ЖК бар болуы және ЖК айырылғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық құжаттар нысаында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
2) Орталыққа:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
083/е нысаны бойынша медициналық анықтама және оның көшірмесі;
курстарды бітіргені туралы куәлік және оның көшірмесі (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру, сондай-ақ оларды ауыстыру жағдайларын қоспағанда);
мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
«С», «D», «D1», «Tm», «Tb» санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);
Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін);
ЖК (оны ауыстырған кезде);
уақытша ЖК (бұрын берілгенді жоғалтқан кезде);
тегі, аты, әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат;
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы, баждар мен алымдардың төленгені (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде) туралы мәліметтерді Орталықтың қызметкері электрондық құжаттар нысаында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге жағдайлар көзделмесе, Орталық қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қыметті алушыдан жазбаша келісім алады.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне онда көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, Орталық оны бір ай сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Орталық нәтижені бір ай сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Орталықтың сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Орталыққа жібереді.
3) порталға:
Жарамдылық мерзімі өтпеген жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының цифрлық фотосуреті;
көрсетілетін қызметті алушы қолының электрондық бейнесі;
мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда) беріледі.
Портал арқылы ЖК ауыстыруға өтінім бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы оның жеке басын сәйкестендіру және жүргізуші куәлігін алу үшін хабарламада көрсетілген мекенжайға сәйкес Орталыққа/ТЕБ-жүгінеді.
ЖК алу үшін:
1) басып шығарылған хабарламаны;
2) бұрын берілген жүргізуші куәлігін;
3) жеке басты куәландыратын құжатты;
4) 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманы және оның көшірмесі ұсыну керек.
Жоғалған жүргізуші куәліктерін беруді, ауыстыруды және қалпына келтіруді жүргізер алдында жүгінген адамды іздестіруде болуы мәніне ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеріс нәтижесі жүргізуші куәлігін алу бланкісіне қосылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тарту туралы уақтылы орындалмаған қаулылар бар болған кезде және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өтпеген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Орталық қызметкері осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының
және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау болып табылады.
Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Орталық басшысының атына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды Орталықта тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почта мекенжайы;
2) заңды тұлғаның - оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Орталықтың атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Орталықтың кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) интернет-ресурс: www.mvd.kz;
2) интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
14. Көрсетілетін қызметті алушының қолдану мерзімі өтпеген жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71 58 68 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
Жүргізуші куәлігін беру бланкісі
_____________________________________________________ТЕБ-ке/Орталыққа
(облыс, қала, аудан) туған жылы
__________ЖСН________________________________________________________
туған жері___________________________________________________________
(облыс, қала)
_____________________________________________________________тұратын,
_______________________________________________________жұмыс істейтін
жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы ________, №________________
_____________________________________________________________берілген
(қашан, кім)
Т.А.Ә (ол болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
жүргізуші куәлігі ауыстырылсын, телнұсқасы берілсін__________________
______________________________________(керек емесі сызылып тасталсын)
жүргізуші куәлігінің сериясы __________, №___________________________
_____________________________________________________________________
(облыс, өлке, республика)
______________________________________________________________ алған.
(күні, айы, жылы)
20__жылғы «__»_____жүргізуші куәлігі мынадай жағдайларда_____________
_____________________________________________(баяндау)_______________
_____________________________________________________________________
жоғалды (ұрланды), төмендегі құжаттарды қоса беремін:
Ұрлық фактісі бойынша АІІБ-ден анықтама (егер ұрланса)_________
ЖК жоғалған (ұрланған) кезде қажетті белгілер:
Өтініш берушінің қолы__________________________________________
Ауыстыру, телнұсқаны беру үшін құжаттарды қабылдаған ТЕБ
лауазымды адамы
_____________________________________________________________________
(қолы)
Қызметтік белгілер:
Сериясы __, №____ жүргізуші куәлігі 20__жылғы «__»____ берілді.
ТЕБ операторы _________________________ (қолы)_________________
Осымен ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын жеке мәліметтерді пайдалануға, халыққа қызмет
көрсету орталығы қызметкерінің менің атымнан осы мемлекеттік
көрсетілетін қызметті алуға электрондық құжат нысанындағы сұрау
салуға қол қоюына, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығы
қызметкерінің менің фотосуретімді дайындауына және осы мемлекеттік
қызмет көрсету шеңберінде оны одан әрі пайдалануына өз келісімімді
беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдау туралы
№_____ қолхат
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
мемлекеттік қызметтің атауын көрсету)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (ол болған жағдайда)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4.__________________________________________________________
5.__________________________________________________________
6.__________________________________________________________
7.__________________________________________________________
8.__________________________________________________________
9.__________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Қабылдаған:
__________________________________/_______/_________________________
(ТЕб қызметкерінің лауазымы, атағы (қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда)
_________ жылғы «_______»________________
Берілген күні мен уақыты___сағ_______мин «____»_______ _____жыл
«Жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
Нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә
(ол болған жағдайда) немесе ұйымының атауы)
___________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан
Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының
2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету
орталығы» РМК филиалының № __ бөлімі ________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
құжаттардың толық тізбесін ұсынбауыңызға байланысты
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік
қызметтің атауы көрсетілсін)
мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап
айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден
жасалды.
__________________________________________________ ______________
Орталық қызметкерінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда) (қолы)
Орынд.: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _________________________________
Тел.:__________
Алдым: ____________________________________________________ _________
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы «___» _______________