«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға оның көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «___»________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
____________________М. Құсайынов
2015 жылғы «____»________________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 344 бұйрығымен
бекітілген
«Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне
шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚКО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 5 күн.
ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, ХҚКО-да – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, ХҚКО-да – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыру нысаны бойынша не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж алынады, ол 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 538-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 пайызын құрайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 23.07.2015 № 618 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден жұманы қоса алғанда сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу орны бойынша сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдауды кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырады.
2) ХҚКО-ның жұмыс кестесі – белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін;
ХҚКО-да қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы электронды кезекті брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚКО-ға қызметті алушылар жеке өтініш жасаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтi алу үшiн қажетті құжаттар тізбесі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы сауалнама-өтiнiш;
3) мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбiртек.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушының хабарлама бергені үшін бюджетке мемлекеттік баж сомасын төлегенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжат туралы мәліметтерді ХҚКО қызметкері «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжатты қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу үшін онда көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шақыру қағазын оның әрекет ету мерзімі ішінде сақтайды, содан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен жояды.
ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
ХҚКО қызметкері егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен сақталатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
ХҚКО-да дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға келмесе ХҚКО оны бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті беруші ХҚКО-ның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚКО-ға жібереді.
10. Мыналар:
1) егер бұл ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мүдделеріне қайшы келсе;
2) егер шақырылатын адамның іс-әрекеті конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге бағытталса;
3) егер шақырылатын адам Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
4) егер шақырылатын адам ұлтаралық және діни араздықты тұтандырса;
5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
6) егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік әрекеттерге қатысы туралы мәлімет болға жағдайда, сондай-ақ сот оның әрекеттерін қауіпті рецидивті деп таныған жағдайда;
7) егер шақырылатын адам қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қолданылған жазаны орындамаған болса;
8) егер шақырылатын адамның жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпесе;
9) егер ол келу туралы өтiнiшхат жолдаған кезде өзiне шақырылатын адам туралы жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
10) егер шақырылып отырған адам шақыру туралы өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде Қазақстан Республикасынан шығарылса;
11) егер көрсетілетін қызметті алушы шақыру туралы өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде көшіп келушінің уақтылы тіркелуі, Қазақстан Республикасына олардың келу құқығына құжаттарды ресімдеу, еліміздің аумағында қозғалысы және белгіленген болу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуді қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылса;
12) оның Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының,
халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) оның
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
ағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның не Министрліктің лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 1, мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына телефон: 8 (7172) 71-40-33, 71-40-03 беріледі.
Шағым жазбаша түрде пошта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма қол беріледі.
ХҚКО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚКО басшысына жолданады.
ХҚКО-ға қолма қол және пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш білдіргені туралы ақпарат қолжетімді, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш білдіру арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Министрлік туралы» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде;
2) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
«Жеке істері бойынша Қазақстан
Республикасына кіруіне шақыруларды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша
нысан
ЖЕКЕ ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КІРУІНЕ ШАҚЫРУ
ПРИГЛАШЕНИЕ НА ВЪЕЗД В РЕСПУБЛИКУ КАЗАХСТАН ПО ЧАСТНЫМ ДЕЛАМ
INVITATION FOR VISIT TO THE REPUBLIC OF KAZAKSTAN FOR PRIVATE CASE
Шақырушы адам/Приглашающий/Inviting person:
Teгi, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/Фамилия, имя, отчество
(при его наличии)/Name: _____________________________________________
Туған жылы/Дата рождения/Date of birth: _____________________________
Азаматтығы/Гражданство/Nationaliti: _________________________________
Мекенжайы/Адрес/Address: ____________________________________________
Шақырылатын адам(дар)/Приглашаемый (е)/Invited person: ______________
Тегі, аты/Фамилия, имя/Nаmе: ________________________________________
Туған жылы/Дата рождения/Date of birth: _____________________________
Туыстық дәрежесі/Степень родства/Degree of relation: ________________
Азаматтығы/Гражданство/Nationaliti: _________________________________
Мекенжайы/Адрес/Address: ____________________________________________
Сапардың мақсаты/Цель поездки/Purpose of visit: _____________________
Сапардың мepзiмi/Cpoк поездки/Period of visit: ______________________
Шақыру фактісін растайтын орган: |
Лауазымды тұлғаның қолы: |
Шақыратын адамның қолы: |
Орган, подтверждающий факт приглашения: |
Подпись должностного лица: |
Подпись приглашающего: |
The invation is endorsed by: |
Signature of the official: |
Signature of the inviting person: |
_____________________________________________________________________
(шақыруды ресiмдеген органға қайтарылуға тиiс)
ШАҚЫРУҒА БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
Бастыққа ____________________________________________________________
(шақырылғандардың азаматтығы, тегi аты)
Қазақстан Республикасына __ күнге келуге рұқсат берiлгенiн хабарлайды.
Келу мақсаты ________________________________________________________
Тұратын мекенжайы: __________________________________________________
Қазақстан Республикасына келуiн, Қазақстан Республикасында болудың
белгiленген қағидаларын сақтауын және уақтылы шығуын бақылауды
қамтамасыз ету қажет.
М.О. Бастық _________________________________________________________
(шақыруды ресiмдеген органның атауы)
Жеке iстер бойынша шақыру үлгiсiнiң сыртқы бетi
ШАҚЫРУ ШАРТТАРЫ: Шақырушы жақ туысқанының, танысының Қазақстан Республикасында болған мерзімінде: тұруы, тамақтануы, медициналық шығыстары, келетін адамның көші-қон полициясы органдарында күнтізбелік 5 күн iшiнде тіркелуі, Қазақстан Республикасынан уақтылы кeтуi жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады. Қазақстан Республикасында болу уақытында шақырылған адамға еңбек және коммерциялық қызметпен айналысуға, Қазақстан Республикасының оқу орындарына түсуге тыйым салынады. Шақыру берілген күннен бастап 1 жылға жарамды.
УСЛОВИЯ ПРИГЛАШЕНИЯ: Приглашающая сторона берет на себя обязательства по пребыванию родственника, знакомого в Республике Казахстан: проживание, питание, медицинские расходы, регистрация въезжающего в органах миграционной полиции в течение 5 календарных дней, своевременность выезда из Республики Казахстан. Во время пребывания в Республике Казахстан приглашаемому запрещается заниматься трудовой и коммерческой деятельностью, поступать в учебные заведения Республики Казахстан. Приглашение действительно 1 год со дня выдачи.
TERMS OF INVITATION: The inviting party undertakes all responsibilities for the sojourn of their relatives, friends in the Republic of Kazakhstan: accommodation, meals, medical expenses, registration of the visitor (s) at the migration police department within 5 days, and the departure from the Republic of Kazakhstan in due time. During his visit to the Republic of Kazakhstan the visitor is not allowed to undertake any employment or business activities or enter any educational establishment in the Republic of Kazakhstan. The invitation is valid 1 year from the date of issue.
________________________________________
Iшкi iстер органының белгiсi
20__ жылғы «___» _______________________
келгенi туралы мәлiметтер ______________
кеткенi туралы мәлiметтер ______________
қалалық IIБ бастығы ____________________
20__ жылғы «___» _______________________
«Жеке істері бойынша Қазақстан
Республикасына кіруіне шақыруларды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
нысан
Ішкі істер департаменті
____________________________________________
қала, облысы
____________________________________________
өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
____________________________________________
егер басқа тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда) болса көрсетіңіз
____________________________________________
туған күні, айы, жылы
____________________________________________
тұрақты тұратын жері
____________________________________________
үй, ұялы телефондары
Шетел азаматын Қазақстан Республикасына шақыру туралы
сауалнама-өтініш
Қазақстан Республикасына шақырылатын адамдар туралы мәліметтер
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
Азаматтығы, паспорт №, берілген күні |
Туған жылы мен жері |
Келетін елі, мекенжайы және тұрғылықты жері |
Жол жүру мерзімі_____________________________________________________
Соңғы 5 жылдағы Сіздің еңбек қызметіңіз (оқуды және әскердегі
қызметті қоса алғанда)
Қызметке түскен және босатылған жылы |
Ұйымның атауы және атқарған лауазымы |
Ұйымның мекенжайы |
Жеке куәлік № ______________ 20 жылғы «___» _________________________
ЖСН №_______________________
Паспорт № __________________ 20 жылғы «___»__________________________
Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты 20___ жылғы «___» «________» № ________
Азаматтығы жоқ адамның куәлігі 20___ жылғы «___» «______» №__________
Маған сауалнама-өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткені үшін
жауапкершілік туралы ескертілді.
20__ жылғы «___» ________
_________________________
өтініш иесінің қолы
Ақпараттың жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
20_____ жылғы «_____» ________ (қолы)
Сауалнама-өтініш 20__ жылғы «___» ____ қабылданды.
_____________________________________________________________________
сауалнама-өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
«Жеке істері бойынша Қазақстан
Республикасына кіруіне шақыруларды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат
Осы қолхат ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсету) берілді және ___________ облысы (қала) ауданы ішкі істер басқармасы көші-қон бөлімінің одан «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қабылдағанын растайды, оның ішінде:
1. сауалнама-өтініш – __ парақта;
2. мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбiртек – сомасы _____ теңге.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін _______________ облысының __________ қаласы ____________ ауданы Ішкі істер басқармасының (бөлім) көші-қон бөлімі (бөлімшесі, тобы) 20____ жылғы «____» ___________ сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін ұсынатын болады.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.
Телефон ___________________
Алдым: ______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін
қызметті алушының қолы
20 ___ жылғы «_____»__________
Жеке істері бойынша Қазақстан
Республикасына кіруіне шақыруларды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 4-қосымша
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) .....
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.
_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/(ХҚКО қызметкерінің)
(қолы)
Телефон__________________
Алдым: ______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті
алушының қолы
20__ жылғы «___» __________________