Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11095 тіркелді

Қолданыстағы

       2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет Министрі                                   Б. Имашев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      Министрі
      ____________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы «____»_________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________Е. Досаев
      2015 жылғы 5 мамыр

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 232 бұйрығына  
1-қосымша       

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті көрсету берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      аттестаттау өткені туралы құжаттарды қараған кезде:
      құжаттар жиынтығын тиісінше ресімдемеген не толық ұсынбаған жағдайда – 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей;
      аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
      комиссия аттестаттау не аттестаттамау туралы шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезек күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсету үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
      Аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай, алайда тоқсанына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
      Аттестатауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттау орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жазбасша не электрондық нысанда портал арқылы хабарланады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының (бұдан әрi – Комиссия) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес аттестаттаудан өткенi туралы шешімі, Комиссиясының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес аттестатталмағаны туралы шешiмi не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылады.
      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз тасығышта және электрондық.
      7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
      8. Жұмыс кестесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк қызмет кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiледi;
      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден сағат 17-00-ға дейін жүзеге асырылады.
      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, қызмет алушы жұмыс уақытысы аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметке жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішды қабылдау және нәтижесін тапсыру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;
      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;
      4) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі, түпнұсқасын бермеген жағдайда салыстыру үшін нотариалды куәландырылған нұсқасы.
      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге күнi, уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметті берушіге портал арқылы жүгінген кезде:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;
      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электронды көшірмесі;
      4) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраудың қабылданғандығы туралы мінбе «статус», сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
      Жеке басын куәләндыратын құжат туралы, лицензиясы туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтерді не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты көрсетілген қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін ақпараттарды пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.
      10. Келесі талаптарға сәйкес келмеген жағдайда аттестаттауға жіберуден бас тартылады:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
      2) жоғары заң білімінің болуы;
      3) нотариуста бір жылдан кем емес уақытта тәжірибеден өтуі;
      4) заң мамандығы бойынша жұмыс өтілінің екі жылдан кем болмауы;
      5) наркологиялық және психиатриалық диспансерлерде есепте тұру туралы мәліметтердің болмауы;
      6) сотталудың болмауы.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi
бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану тәртiбi

      11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша не Министрлiктiң басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 13-кiреберiс мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымда жеке көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірегей байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беріледі.
      Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық
нысанда көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерiн ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету мекенжайлары
      1) Министрліктің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) порталда орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ бар болса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электронды түрде алуына болады.
      15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» көмегімен қашықтықтан қолжеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары мемлекеттік қызметті берушілердің интернет-ресурстарында көрсетілген, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткiзу»
мемлекеттік көрсетілетін стандартына
1-қосымша           

Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
үмiткердi аттестаттау туралы шешiмi

____________ қаласы                    20_____ жылғы «___»___________

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша
________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

тестiлеу бойынша _____________________балл

емтихан билетi бойынша ______________балл жинады.

Мына құрамдағы Комиссия:

Төраға

Мүшелерi
___________________________ аттестатталсын деп шештi.
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткiзу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша   

Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
үмiткердi аттестаттамау туралы шешiмi

_______________ қаласы                  20_____ жылғы «___» ________

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша
_____________________________________________________________________
      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

тестiлеу бойынша _____________________балл

емтихан билетi бойынша _______________балл жинады.

Мына құрамдағы Комиссия:

Төраға

Мүшелерi

шешiм шығарды:

___________________________ аттестаттаудан өтпедi деп саналсын.
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткiзу»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
стандартына 3-қосымша    

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
Әділет аттестаттау комиссиясының төрағасына

Кімнен_________________________________
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)  

Мекен-жайы:________________________________

Аттестаттауға жіберу туралы өтініш

      Маған нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін аттестаттаудан өтуге рұқсат етуді сұраймын.
      Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпия қатарына кіретін мәліметтерді қолдануға келісемін.

Өтініш беруші ________________________             күні:________
           (Т.А.Ә (бар болған жағдайда)

Қосымша:
1.
2.
3.
4.
5.
6.

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткiзу»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
стандартына 4-қосымша   

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан
өту үшін мәліметтер нысаны

I. Диплом туралы мәлімет:
1. жоғарғы оқу орнының атау _________________________________________
2. мамандықтың шифрі ________________________________________________
3. дипломның нөмірі _________________________________________________
4. дипломның берілген күні __________________________________________
5. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
_____________________________________________________________________
1. сериясы және нөмірі:
2. негіздеме: күні және нөмірі ______________________________________
3. тіркеу нөмірі және күні __________________________________________

II. Тағлымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағлымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ______________
2. облыс ____________________________________________________________
3. тағлымдаманың жетекшісі___________________________________________
4. тағлымдаманың басталу күні________________________________________
5. тағлымдаманың аяқталу күні _______________________________________

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 232 бұйрығына 
2-қосымша     

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) жүзеге асырады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау мен қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:
      лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
      лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;
      лицензияның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi;
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсету үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылады.
      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.
      7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшiн кезiнде бюджетке қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 471-бабына сәйкес мынаны:
      1) лицензия беру кезiнде 6 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);
      2) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 %-ын;
      3) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен аспайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем түрiнде екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, онда төлем мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбiртек) берiледi.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берiлген жағдайда, төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
      8. Жұмыс кестесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұмағны қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтінішті қабылдау және нәтижелерін беру 13-00 ден 14-30 дейінгі түскі үзіліс уақытымен 9-00 ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, қызмет алушы жұмыс уақытысы аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметке жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішды қабылдау және нәтижесін тапсыру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
      1) жеке тұлғаның лицензия алу үшін өтініші және (немесе) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы лицензияға қосымша;
      2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтерінің нысаны;
      3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар–тұрақты судьялар үшін талап етілмейді;
      5) заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтiлiн растайтын  құжаттың көшiрмесi (түпнұсқасы берiлмеген жағдайда салыстыру үшiн нотариалды куәландырылған).
      Портал арқылы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
      3) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтерінің нысаны;
      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшiрмесi – тұрақты судьялар үшін талап етілмейді;
      5) заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.
      Лицензияны қайта ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде) өзгерген кезде жүзеге асырылады.
      Қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке куәлiгiн ауыстырған сәтінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
      Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
      1) көрсетілетін қызметті алушының лицензияны қайта ресiмдеу үшін өтiнiшін және (немесе) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы лицензияға қосымшаны;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамаларды;
      4) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуын растайтын құжаттың көшiрмесi (ол болған жағдайда) (түпнұсқасы берiлмеген жағдайда салыстыру үшiн нотариалды куәландырылған) ұсынады.
      Қағаз нысанында ресімделген осыған дейін берілген лицензия қайтарылуға жатады.
      Портал арқылы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
      3) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ол болған жағдайда) (электронды жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшiрмесiн ұсынады.
      Қағаз нысанында ресімделген осыған дейін берілген лицензия қайта ресімделгенге дейін қайтарылуға жатады.
      Лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияның телнұсқасын алу үшiн (егер осыған дейінгі берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса):
      көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
      1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтiнiштi;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжатті;
      3) мерзiмдi баспасөз басылымдарында лицензияның жоғалғаны туралы жарияланымды растайтын құжатті;
      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамаларды ұсынады.
      Қағаз нысанында ресімделген осыған дейін берілген лицензия қайтарылуға жатады.
      Портал арқылы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн;
      3) мерзiмдi баспасөз басылымдарында лицензияның жоғалғаны туралы жарияланымды растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшірмесін ұсынады.
      Қағаз нысанында ресімделген осыған дейін берілген лицензия, лицензияның телнұсқасы берілгенге дейін қайтарылуға жатады.
      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, лицензиясы туралы, көрсетілетін қызметті алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің болуы не жоқтығы туралы ақпаратты, көрсетілген қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсыру барысында:
      мемлекеттік қызметті берушіге (арнайы немесе пошта байланысы арқылы) – құжаттардың толық пакетін қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіне белгі салу - өтінішті қағаз тасымалдағышта қабылдауды растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраудың қабылданғандығы туралы мінбе «статус», сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу мерзімі мен уақыты (егер қағаз тасымалдағышта алу қажет болса алу орнын көрсету) көрсетілген хабарлама жіберіледі.
      10. Бас тарту негіздемелері:
      1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтінішті берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;
      3) мемлекеттік қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
      4) мемлекеттік қызметті алушыға қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген бар сот шешімі болса;
      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде мемлекеттік қызметті алушының лицензияны алуына сот тыйым салса.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi
бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану
тәртiбi

      11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
      Шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына, не Министрлiктiң басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор к., № 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 13-кiреберiс мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірегей байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беріледі.
      Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн, оның iшiнде электрондық нысанда
көрсетiлетiн қызмет ерекшелiктерi ескерiлiп қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.adilet.gov.kz, интернет-ресурсының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.
      14. ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.
      15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары мыналар: 8 (7172) 24-07-49, 24-12-91, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына лицензия беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
1-қосымша          

Жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға
өтiнiшi

_______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)

__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің(-лерi) толық атауы
көрсетiлсiн)

жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
тасығышта______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда
Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы __________________________________
                           (пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,
_____________________________________________________________________
        (елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары__________________________________________________________
Факс_________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
             (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
_____ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және
(немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген
құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған,
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет
көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік
қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары
арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға __________________________________________________________
              (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына лицензия беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
2-қосымша           

Нотариаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны

_________________________________________________________________ (жеке тұлғаныі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке
                           сәйкестендіру нөмірі)
барлық тұлғалар толтырады
1. диплом туралы мәліметтер
1. жоғары оқу орнының атауы _________________________________________
2. мамандық атауы ___________________________________________________
3. мамандық шифрі ___________________________________________________
4. диплом нөмірі_____________________________________________________
5. дипломның берілген күні___________________________________________
6. дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні_____
7. дипломды тану/нострификация туралы куәліктің нөмірі ______________
(6,7-тармақтар шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін толтырылады)
2. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды
1. тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген күні ________
2. облыс ____________________________________________________________
3. тағылымдаманың жетекшісі__________________________________________
4. тағылымдаманың басталған күні_____________________________________
5. тағылымдаманың аяқталған күні_____________________________________
тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен тұлғалар үшін
3. Комиссияның аттестаттау туралы шешімі
1. қала______________________________________________________________
2. өткізілген күні___________________________________________________
3. қарау мәртебесі __________________________________________________
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған тұлғалар үшін
4. Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру
1. өткізілген күні __________________________________________________
2. қарау мәртебесі __________________________________________________
тұрақты судьялар үшін
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (бұдан әрі - Жарлық) туралы мәліметтер
1. Жарлықтың нөмірі__________________________________________________
2. Судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған күні_________________________________________________________________
3. Жарлықтың нөмірі__________________________________________________
4. Судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні
5. Босату негізі ____________________________________________________
тұрақты судья болып жұмыс істеген тұлғалар үшін
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер
1. Жарлықтың нөмірі__________________________________________________
2. Судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған күні_____
3. Жарлықтың нөмірі__________________________________________________
4. Судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні________
5. Босату негізі_____________________________________________________

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына лицензия беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
3-қосымша         

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

________________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы « » _________ № __________, _______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі ____
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі ___
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
           (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға ____________ _____________________________________________
               (қолы)    (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 232 бұйрығына 
3-қосымша    

«Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы ққ. әділет департаменттері (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызмет алушының тапсырған сәтінен бастап күнтізбелік 15 (он бес)күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариустардың мөрлерін беру.
      Көрсетілетін қызметті беруші нотариустың мөрін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөрді беру журналында қол қою арқылы береді.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      Көрсетілетін қызметті алушыға нотариус мөрін алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, талон беріледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымда жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
      Шағымның қабылдануын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Министрлікте мерзімі және берілген шағымға жауап алу орны көрсетіле отырып, тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні) болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағым ол тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналасқан.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Нотариустардың мөрлерiн
тiркеу және беру» 
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына 
1-қосымша        

Жекеше нотариус мөрінің эскизі

Жекеше нотариус мөрінің сипаттамасы

      1. Жекеше нотариустың мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы жабдықта жасалады, оны жасауға қойылатын барлық талаптарға сәйкес келуге және жоғары сапалы жасалуымен, жасандылықтан қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталуға тиіс.
      2. Мөрдің диаметрі 44 миллиметр (бұдан әрі - мм) болуға тиіс.
      3. Жекеше нотариус мөрінің мәтіні «жекеше нотариус» деген сөздерден, нотариустың тегінен, атынан, әкесінің атынан, сондай-ақ лицензияның нөмірі мен берген күнінен тұрады. Жекеше нотариус мөріндегі барлық жазбалардың мазмұны мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.
      4. Мөрдің мәтінінде үш жиек және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленуге тиіс.
      5. Қалыңдығы 3 мм бірінші жиек шеңберлі шағын қаріппен жасалады және «Қазақстан Республикасы» деген сөздерден тұрады.
      6. Екінші жиек желісінің қалыңдығы 5 мм-ді құрайды. Екінші жиектің ішінде мынадай мазмұндағы мәтін орналасуға тиіс: "№ 0000 лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ________ жылы берген".
      7. Үшінші жиектің қалыңдығы 2,5 мм-діқұрайды, үшінші жиектің ішіндегі мәтін «жекеше нотариус» деген сөздерден, сондай-ақ жекеше нотариустың тегінен, атынан, әкесінің атынан тұруы тиіс.
      8. «Қазақстан Республикасы» деген жазудың контуры қара бояумен толтырылуға тиіс.
      9. Бояу нүктелерінің нысаны әртүрлі болуы мүмкін: шеңбер, эллипс, шаршы және т.б..
      10. Мөрдің ортасында диаметрі 24 мм Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналы бейнесі орналасады.

«Нотариустардың өтiнiштерiн
қабылдау, мөрлерiн тiркеу және
беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына    
2-қосымша        

Мөрдi беру журналы

Р/с №.

Берген күнi

Жекеше (мемлекеттi к) нотариустың Т.А.Ә.

Мөрдiң бедерi

Алғаны туралы қолы

Мөрдiң жойылғаны, жоғалғаны туралы мәлiметтер

1

2

3

4

5

6