Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 118 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 502 қаулысымен.

      Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.02.2021 № 27 (01.04.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов