Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 8-тармағы 1) тармақшасы үшінші абзацын және 10-тармағының үшінші бөлімін қоспағанда, мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы " "

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы " "

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-3/177 бұйрығымен
бекітілген

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2017 № 29 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) жергiлiктi бюджетте тиiстi қаржы жылына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

      2. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.06.2017 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      3. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – субсидиялар нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) қарауға тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей ұсынылады.

      Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі мен субсидиялар нормаларын Министрлікке келісуге берген кезде субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін (ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредитациясы бар және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілген әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелері), сондай-ақ басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі мен субсидиялар нормаларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлер палатасымен және қоғамдық кеңесімен келісілгенін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Министрлік он жұмыс күні ішнде оң шешім шығарған жағдайда, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады немесе теріс шешім шығарған жағдайда, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі мен субсидиялар нормаларының екі данасын да пысықтауға жолдайды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

      Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және субсидиялар нормалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен тиісті жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі және тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесіне және (немесе) субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші – төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қаулы интернет-ресурсқа орналастырылғаннан кейін, Министрлік екі жұмыс күні ішінде басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларының бұрын келісілген тізбеге және субсидиялар нормаларына сәйкестігін салыстырып тексереді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.06.2017 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2-тарау. Субсидиялар алушылар

      4. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – ауылшартауарөндіруші) және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес ағымдағы жылы шеккен, басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру және өткен жылғы желтоқсанда шеккен шығындарды ішінара өтеуге де субсидия төленетін майлы дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге бөлiнедi.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.06.2017 № 263 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3-тарау. Субсидияларды алу шарттары

      5. Субсидиялар Министрлікпен келісім бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен белгіленген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 1 тоннаға және (немесе) субсидиялар нормалары бойынша 1 гектарға төленеді.

      6. Субсидияларды төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:

      1) майлы дақылдар бойынша – қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған немесе өзінің қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге өткізілген майлы дәндердің 1 тоннасына 100 %.

      Майлы дақылдардың әр түрі бойынша субсидиялар нормалары өңірлердегі олардың басымдығына қарай сараланып белгіленеді;

      2) күрiш, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, бiржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда) бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %.

      Күрiш өсiрумен айналысатын және 200 гектардан кем күріштің егіс алаңы бар ауылшартауарөндірушілерге, егер олар ауылшаркооперативіне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50 % мөлшерінде субсидиялар төленеді;

      3) егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша – биылғы жылғы көктемнің немесе өткен жылғы күздің егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %;

      4) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша - қант зауытына қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;

      5) мақта бойынша:

      егіс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға – 50 %;

      мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына – 50 %.

      Мақта өсірумен айналысатын және 50 гектардан кем мақтаның егіс алаңы бар ауылшартауарөндірушілерге, егер олар ауылшаркооперативіне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50 % мөлшерінде субсидиялар төленеді;

      6) қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша – жылыжай типіне және кіші типіне қарай сараланған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қорғалған топырақта көкөнiс дақылдарын өндіруді субсидиялау схемасына сәйкес бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша.

      Бұл ретте жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн (қысқы-жазғы және күзгi-қысқы кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен 15 күнге ауытқуға жол беріледі.

      Жылыжайлар типтер бойынша өнеркәсіптік жылыжай кешендері және фермерлік жылыжайлар болып бөлінеді.

      Өнеркәсіптік жылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 5 000 м2 жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны қосымша ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), жарық беру (бар болса), перделеу, тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақ құрылыстары кешендері.

      Бұл ретте өнеркәсіптік жылыжай кешендері жарық беру жүйесі бар және жарық беру жүйесі жоқ кіші типтерге бөлінеді.

      Фермерлік жылыжайлар – жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны, жылыту (бар болса) және тамшылатып суару жүйесі бар үй-жай түрінде орындалған, көкөніс дақылдарын, сондай-ақ, ашық топыраққа отырғызу үшін олардың көшеттерін жыл бойы немесе маусымдық өсіруге арналған және өнеркәсіптік жылыжай кешендері үшін көзделген жабдықтармен және техникалық құралдармен жарақтандырудың техникалық өлшемдері бойынша сәйкес келмейтін қорғалған топырақ құрылысы.

      Бұл ретте фермерлік жылыжайлар жылыту жүйесі бар және жылыту жүйесі жоқ кіші типтерге бөлінеді.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.06.2017 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Субсидиялар егiстiк жерде өңдеп өсiрiлетiн себілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңдарына және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алаңдарына ғана төленедi.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауылшартауарөндірушілері және (немесе) ауылшаркооперативтері тiзiмiне (бұдан әрі – субсидиялар алуға арналған тізім) қосу үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап қабылдайды. Бұл ретте өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні тиісті жылдың 1 желтоқсанынан ерте болмауы тиіс.

      8. Ауылшартауарөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтiнiмді:

      бөлімге не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына қағаз түрінде;

      не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде береді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.06.2017 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9. Өнімнің 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауылшартауарөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері өтінімде қосымша:

      қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;

      қайта өңдеу кәсіпорны мен ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі арасында ауыл шаруашылығы өнімін қабылдап тапсыруды растайтын құжат және (немесе) қайта өңдеу кәсіпорны шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының;

      майлы тұқымды меншікті шағын цехтарында қайта өңдеген кезде – ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің құрылымдық бөлімшелері арасында олардың басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап тапсыруды растайтын құжат бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.06.2017 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      10. Қорғалған топырақта көкөнiс өндірумен айналысатын ауылшартауарөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері субсидиялар алуға арналған тiзiмге қосу үшін өтінімде жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңының көлемі туралы техникалық паспортының бар болуына қатысты мәліметтерді қосымша көрсетеді.

4. Субсидияларды есептеу тәртібі

      11. Субсидиялар ауылшартауарөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі өтініш берген субсидиялауға жататын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының немесе қайта өңдеуге тапсырылған өнімнің көлемдерінен және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларынан мына формулалар бойынша есептеледі:

      1) майлы дақылдар, қант қызылшасы және мақта бойынша:

      С = З х Нc, мұнда

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      З – өтініш берілген егіс алаңы немесе өтініш берілген қайта өңдеуге тапсырылған өнім көлемі, гектар немесе тонна;

      Нc – субсидиялар нормасы, теңге;

      2) күрiш, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, бiр жылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда), шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша:

      С = З х Нc, мұнда

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      З – өтініш берілген егіс алаңы, гектар;

      Нc – субсидиялар нормасы, теңге;

      3) қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша:

      С = З х (Нc х Д/100), мұнда

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      З – өтініш берілген егіс алаңы, гектар;

      Нc – субсидиялар нормасы, теңге;

      Д – жылыжайды қолданысқа енгізу жылына қарай субсидиялар нормасынан субсидия төлеу үлесі.

5. Субсидиялар төлеу тәртібі

      12. Бөлiм осы Қағидалардың 8-10-тармақтарында көрсетілген өтiнiмдер мен құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде олардың толықтығын тексередi. Ауылшартауарөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар бес жұмыс күні ішінде ауылшартауарөндірушіге және (немесе) ауылшаркооперативіне пысықтауға қайтарылады.

      13. Бөлiм ауылшартауарөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі ұсынған құжаттардың негiзiнде бес жұмыс күні iшiнде субсидиялар алуға арналған тiзiмдi жасайды және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) субсидиялар алуға арналған тізімді ұсынады.

      Ауылшартауарөндірушіні және (немесе) ауылшаркооперативін субсидиялар алуға арналған тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда, екi жұмыс күнi iшiнде бөлiм ауылшартауарөндірушіге және (немесе) ауылшаркооперативіне бас тарту себептерін көрсете отырып, тиiстi анықтама береді.

      Ауылшартауарөндірушіні және (немесе) ауылшаркооперативін субсидиялар алуға арналған тізімге енгізуден бас тарту туралы шешім "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"Жаңартылған Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 19-1-бабы 2-тармағында белгіленген негіздер бойынша қабылданады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.06.2017 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      14. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарынөндірушілерге және (немесе) ауылшаркооперативтеріне бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады.

      Төлем жүргізген кезде басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынған жағдайда, екі данада төлем шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тізілімін ұсынады, ал төлем шоттарын "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде, төлем шоттарының тізілімдері ұсынылмайды.

      Тиесілі субсидияларды ауылшартауарөндірушілердің және (немесе) ауылшаркооперативтерінің банктік шоттарына аударуды басқарма:

      1) майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта және қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейін;

      2) күрiш, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, бiр жылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда), шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін жүзеге асырады.

6. Субсидиялау бойынша есептілік

      15. Басқарма тиiстi жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлікке субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.

      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға бөлінген бюджеттік қаражатты игеру жөніндегі жиынтық ақпарат облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында жылына бір рет, тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей орнастырылады.

  Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының
шығымдылығын және өнім
сапасын арттыруды, жанар-
жағармай материалдарының
және көктемгi егіс пен егiн
  жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын және ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған
  топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Қорғалған топырақта көкөнiс дақылдарын өндіруді субсидиялау схемасы

  (пайызбен)

Субсидиялауға жататын жылыжайдың қолданысқа енгізілген жылы

Субсидияларды белгіленген нормалардан саралап төлеу үлесі, жылдар бойынша

2017

2018

2019

2020

2021

2012

20





2013

40

20




2014

60

40

20



2015

80

60

40

20


2016

100

80

60

40

20

2017

100

100

80

60

40

2018


100

100

80

60

2019



100

100

80

2020




100

100

2021





100

  Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының
шығымдылығын және өнім
сапасын арттыруды, жанар-
жағармай материалдарының
және көктемгi егіс пен егiн
жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын және ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  __________________________
ауданының (облыстық маңызы
бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
ауыл шаруашылығы бөлімі (басқармасы)

Басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.06.2017 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

                              (құрылтай құжаты)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі)

      атынан бірінші басшы ____________________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      мынадай алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарының төмендегідей түрлерін өсіру үшін

      субсидия бөлуді сұрайды:

      _________________ гектар (тонна)*             _______________________

      (алаңы, көлемі)                                      (дақыл)

      _________________ гектар (тонна)*             _______________________

      (алаңы, көлемі)                                      (дақыл)

      _________________ гектар (тонна)*             _______________________

      (алаңы, көлемі)                                      (дақыл)

      * - керегінің асты сызылсын

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік** немесе анықтама – заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі


тіркелген күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркелген күні


кім берді


2.

Жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


3.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде шабындық


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер пайдаланушының атауы


4.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе ұлттық почта операторының анықтамасы***

ЖСН/БСН


Кбе


Банктің немесе почта операторының деректемелері:
Банктің немесе почта операторының атауы:


БСК


ЖСК


БСН


Кбе


5.

Қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарт

нөмірі


салыстырып тексеру актісі


өнім көлемі, тоннамен


6.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі мен қайта өңдеу кәсіпорны арасындағы ауыл шаруашылығы өнімін тапсыруды растайтын құжат

нөмірі


салыстырып тексеру актісі


өнім көлемі, тоннамен


7.

Қайта өңдеу кәсіпорнының жұмсаған шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттары

нөмірі және берілген күні


қайта өңдеу кәсіпорнының атауы


қайта өңдеу кәсіпорнының тұрған жерінің мекенжайы


8.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы майлы тұқымды тапсыруды растайтын құжат

нөмірі


берілген күні


майлы дақыл көлемі, тоннамен


9.

Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорты (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын ауылшартауарынөндірушілер үшін)

мекенжайы


кадастрлық нөмірі


түгендеу нөмірі


нысаналы мақсаты


қор санаты


10.

Ауыл шаруашылығы кооперативiнiң анықтамасы (бар болса)

нөмірі және берілген күні


кооператив атауы


      Ескертпе:

      * өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді;

      ** "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      *** ағымдағы шот ашқан немесе оның реквизиттері өзгерген жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және ауыл шаруашылығы кооперативі өтінімге қоса ағымдағы шоттың бар екендігі туралы екінші деңгейдегі банк немесе ұлттық почта операторы анықтамасының түпнұсқасын береді.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Басшы       ______      __________________________________________________

                  (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөрдің орны (бар болса)

      20__ жылғы "__"_____________

      Өтінім 20__ жылғы "__"_____________ қарауға қабылданды.

      _________ ________________________________________________________________

      (қолы)        (өтінішті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


  Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының
шығымдылығын және өнім
сапасын арттыруды, жанар-
жағармай материалдарының
және көктемгi егіс пен егiн
жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын және ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған ___________________ республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және ауыл шаруашылығы кооперативтері тізімі

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН/ЖСН

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Егіс алаңы, гектар (өндірілген өнім көлемі, тоннамен)

1 гектарға (1 тоннаға) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Төленуге жататын бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге
(4-баған х 5-баған)

1

2

3

4

5

6

7








      ______________ ауданы бөлімінің басшысы ____________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөр (бар болса) орны

  Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының
шығымдылығын және өнім
сапасын арттыруды, жанар-
жағармай материалдарының
және көктемгi егіс пен егiн
жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын және ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      "Бекітемін"

      Басқарма басшысы

      ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі)

      20___жылғы "___" _________

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН/ЖСН

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Егіс алаңы, гектар (өндірілген өнім көлемі, тоннамен)

1 гектарға (1 тоннаға) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Төленуге жататын бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге (4-баған х 5-баған)

1

2


3

4

5

6















      Басқарманың қаржы бөлімінің басшысы _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бөлім басшысы ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) , қолы)

  Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының
шығымдылығын және өнім
сапасын арттыруды, жанар-
жағармай материалдарының
және көктемгi егіс пен егiн
жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын және ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      "Бекітемін"
Басқарма басшысы
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі)
20___жылғы "___" _________

_____________ облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға ____ жылы бөлінген бюджеттік қаражаттың игерілуі жөніндегі жиынтық ақпарат

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.06.2017 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Р/с №

Ауыл шаруашылығы дақылдары

Егістік алаң, мың гектар

Сатып алынған немесе қайта өңдеуге өткізілген өнім көлемі, тоннамен

1 гектарға субсидиялау нормасы, теңге

1 тоннаға субсидиялау нормасы, теңге

Бөлінген субсидияның көлемі, мың теңге

Игерілген, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8


















Жиыны







Субсидия алған шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны


Акционерлік қоғамдар

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

бірлік

мың теңге

бірлік

мың теңге

1

2

3

4

5

Ұсақ (300 гектарға дейін)





Орта (300-1000 гектар)





Ірі (1000 гектардан астам)





      кестенің жалғасы

Шаруа қожалықтары

Өндірістік кооперативтер

Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер

бірлік

мың теңге

бірлік

мың теңге

бірлік

мың теңге

6

7

8

9

10

11