Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда № 11074 тіркелді.

Жаңартылған

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және 12-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiштердің нысандары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандары бекітілсін.

      2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми мерзімді баспа басылымында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 17 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      __________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы "____" ________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтiк даму министрі

      __________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы "____" ________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "____" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      ___________ А. Мұхамедиұлы

      2015 жылғы 17 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      __________ Н. Әбіқаев

      2015 жылғы "____" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 4 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ В. Школьник

      2015 жылғы "____" _________



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 67 бұйрығына 1-қосымша

Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке
қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 31.03.2021 № 243-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.01.2024 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2024 № 268-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.


п/п

Біліктілік талаптары

Оларға сәйкестікті растайтын құжаттар*

Ескертпе

1

2

3

4

Тауарлар экспорты және импорты кезінде**

1

Лицензияны алу ниеттерін растау

Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті Алқа шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініші


2

Лицензияны алу ниеттерін растау

Өтініштің электрондық көшірмесі


3

Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру ниеттерін растау

Сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшаның және (немесе) оған толықтырудың, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі


4

Мемлекеттік тіркеу туралы немесе салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесінің (мәліметтерінің) болуы

Мемлекеттік тіркеу туралы немесе салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесі (мәлімет)


5

Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат

Егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Еуразиялық Экономикалық Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі


5-1

Тауарды сатып алу немесе өндіру немесе аулау немесе өсіру немесе өндірісі заңдылығын растау

тауар өндіру немесе аулау немесе өсіру немесе өндірісі жүзеге асырылған мүше мемлекеттің қортынды беруге уәкілетті органымен берілген қортынды (рұқсаттама құжат)

тауар өндіру немесе аулау немесе өсіру немесе өндірісі жүзеге асырылған мемлекеттің
аумағы болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан экспортталған жағдайда

Озон қабатын бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттардың экспорты (импорты) кезінде***

6

Тараптар арасында мәміленің және (немесе) ниеттің, өзге иеліктен шығарудың болуы

Делдалдық қызмет көрсету туралы (егер тапсырыс беруші ретінде делдал әрекет етсе) шарттың (келісімшарттың) көшірмесі көшірмесі


7

Өнімнің техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкестігі

Әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың немесе оларды құрайтын өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификаты және (немесе) жазбаша хабарламасы. Жазбаша хабарлама ретінде (көрсетілген құжаттардың бірі ұсынылады): өндіруші (әзірлеуші) куәландырған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы төлқұжаттың көшірмесі қабылданады


8

Сақтандыру шарты жасалғанын растау

Адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және оларды құрайтын өнімдерді әкелуді жүзеге асыратын өтініш берушінің қолданыстағы сақтандыру полисінің немесе Одаққа мүше мемлекет заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың көшірмесі


9

Қалпына келтірудің жүзеге асырылғанын растау

Озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы (егер қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесі

Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда

10

Қалпына келтіру жүзеге асырылғанын растау

Озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін қондырғының болуын растау

Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда

11

Жою жүзеге асырылғанын растау

Озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесі

Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда

12

Жою жүзеге асырылғанын растау

Озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау

Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда

13

Озон қабатын бұзатын заттардың шикізат ретінде пайдаланатынын растау

Озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химикалық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын өтініш берушінің хаты немесе озон қабатын бұзатын заттардың озон қауіпсіз химикалық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың көшірмесі

Озон қабатын бұзатын заттардың шикізат ретінде пайдалану үшін әкелу мақсатында

14

Озон қабатын бұзатын заттардың бірнеше рет пайдалану ыдысында тасымалдануын растау

Егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында озон қабатын бұзатын заттардың бір рет пайдалану ыдысында әкелуге (әкетуге) тыйым салу белгіленген жағдайда озон қабатын бұзатын заттардың бірнеше рет пайдалану ыдысында тасымалданатынын растайтын мәліметтер


Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импорты кезінде

15

Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға берілген рұқсаттың болуы

Аэрозоль немесе фумигациялық әдістермен (салыстыру үшін түрнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариальды куәландырылған) пестицидтерді өндіруге формулациялау, пестицидтерді сатуға, пестицидтерді қолдануға берілген лицензияның көшірмесі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы

16

Әкелінген пестицидті қолдану үшін ауыл шаруашылық алқаптарының болуы

Ауыл шаурашылық алқаптарына құқықты белгілейтін құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) мен ауыл шаруашылығы алқаптарын химиялық өңдеуге қажетті пестицидтер санын есептеулер

Егер өтінім беруші пестицидтерді сату үшін емес өзінің меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарына қолдану үшін әкелген жағдайда

17

Ресми дистрибьюторлық туралы ақпараттың болуы

Пестицидтерді тіркеуші фирма мен дистрибьютор компанияның арасындағы лицензиялық келісімнің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) немесе пестицидтерді тіркеуші фирмадан сатушының ресми дистрибьюторлығы туралы растау хаты

Егер өтінім беруші пестицидтер дистрибьютор-компаниядан әкелінген жағдайда

18

Пестицидті өндіруші зауыт ауысқан жағдайда

Әкелінген, тіркелген пестицид және оның әсер ететін заттары, оның рецетурасы мен өндіру технологиясын сақтай отырып, шығарылған өндіруші зауыттың ауысқаны туралы тіркеуші-фирманың хабарлама-хатының түпнұсқасы.
Лицензиялық келісім, сонымен қатар әкелінетін пестицидтi және оның әсер ететін заттарын өндiруге арналған зауыттың лицензиялық келісімінің лицензиясының немесе рұқсаттың көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған)
Әкелінетін пестицидтің құрамы мен әсер ететін заттарының сәйкестігін растайтын зертханалық талдаудың деректерi

Пестицидтерді өндіруші зауыт ауыстырылған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы)

19

Экологиялық талаптардың сақталуы

Пестицидтерді, сонымен қатар пайдаланылған өнімнің ыдыстарын кәдеге жаратуға және сақтауға кәсіпорынмен жасалған шарттың көшірмесі және тауарды одан әрі тұтынушыларға сату үшін келісімшарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтару көзделуі қажет


20

Келісімшарттарда (шарттарда) экспорттаушыға ақаулы өсімдіктерді қорғау құралдарын қайтару тәртібін көздейтін тармақтың болуы

Экспорттаушыға ақаулы өсімдіктерді қорғау құралдарын қайтару тәртібін көздейтін келісімшарттың (шарттың) көшірмесі


21

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының болуы

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының көшірмесі


22

Мiндетті экологиялық сақтандыруды растау

Міндетті экологиялық сақтандыру шартының көшірмесі


23

Экологиялық талаптарға сәйкес келетін сақтауға арналған қоймалардың болуы

Сақтауға арналған қоймалардың мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының немесе экологиялық рұқсаттың көшірмесі


Қауіпті қалдықтардың экспорты (импорты) кезінде

24

Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы келісімінің болуы

Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін және (немесе) оның аумағы арқылы өткізілетін мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының келісімі (жазбаша түрде)

Қауіпті қалдықтар әкетілген жағдайда

25

Тараптар арасындағы мәміленің және (немесе) ниеттің, өзге иеліктен шығарудың болуы

Экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) көшірмесі

Тапсырыс беруші делдал болып әрекет еткен жағдайда

26

Қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету

Тасымалдауға берілген келісімшарттың (шарттың) көшірмесі


27

Экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндірістік базаның болуы

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі


28

Қалдықтарды қауіпсіз қолдану туралы келісімнің болуы

Жауапты экспорттаушы мен тұлғаның арасындағы осы қалдықтарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі айтылған қалдықтарды жоюға келісімшарттың көшірмесі


29

Базель конвенциясының талаптарына сәйкес қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жөніндегі хабарламаның болуы

Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жөніндегі хабарлама

Үш данада

30

Тасымалдау туралы құжаттың болуы

Базель конвенциясының талаптарына сәйкес тасымалдау туралы құжат

Үш данада

31

Әкелінетін қалдықтарды қолдану үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің болуы

Әкелінетін қалдықтарды қолдану үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің бар екені туралы ақпарат (қауіпті қалдықтарды шикізат ретінді пайдаланау мүмкіндігін растайтын технологиялық регламенттен көшірме немесе оларды қауіпті қалдықтарды немесе олардың қалдықтарының қалыптасуына жол жіберілмейтін, пайдалануға тартылуын растайтын өзге құжат)

Қауіпті қалдықтар әкелінген жағдайда

32

Базель конвенциясына сәйкес сақтанушының сақтандырушыға беретін шарттың болуы

Базель конвенциясының заңнамасына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде сақтандырумен, кепілмен немесе кепілдікпен табылғанын растайтын құжаттың көшірмесі


33

Қалдықтарды қолдану саласындағы тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат

Қалдықтарды қолдану бойынша қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі


Минералогия, палеонтология бойынша коллекциялық материалдардың, қазба жануарларының сүйектерін экспорттау кезінде

34

Тауарды өндіру мен иеленудің заңдылығын куәландыру

Тауарды өндіру мен иеленудің заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмесі


Жануарлар немесе өсімдік текті тауарларды экспорттау кезінде

35

Тауардың дайындау, жинау, өндіру немесе аулау заңдылығын дәлелдеу

Жабайы жануарлар немесе жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, өндіру немесе аулау заңдылығын куәландыру құжаттарының көшірмелері


36

Балықтарды және басқа су жануарларын иеленудің, аулаудың шығу тегінің заңдылығын растау

Ауланған жері туралы анықтама

Балықтарды және басқа да су жануарларын экспорттау кезінде

Балықтар мен басқа да су жануарларын сатып алуды растайтын шарт, шарт жасасу сәтінде қолданыста болған аулаудың шығу тегі туралы анықтама

Басқа жеке және заңды тұлғалармен экспортталған кезде

Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлерге жататын жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктерді, олардың бөліктерін және (немесе) дериваттарын экспорттау кезінде

37

Жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, өндіру немесе аулау, иеленудің, аулаған жерінің заңдылығын куәландыру

Жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, өндіру немесе аулау, ауланған жерін, сатып алудың заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмесі


38

Балықтардың және басқа су жануарларын сатып алудың (аулаудың) заңдылығын растау

Ауланған жері туралы анықтама

Балықтарды және басқа да су жануарларын экспорттау кезінде

Балықтар мен басқа да су жануарларын сатып алуды растайтын шарт, шарт жасасу сәтінде қолданыста болған аулаудың шығу тегі туралы анықтама

Басқа жеке және заңды тұлғалармен экспортталған кезде

Бағалы металдар, асыл тастар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын экспорттау кезінде

Бағалы металдар

39

Жер қойнауын пайдалануға берілген рұқсат
(өндіріс субъектілері үшін)

Лицензияның немесе жер қойнауын пайдалану құқығына берілген келісімшарттың (шарттың) немесе келісімшарттың (шарттың) тіркелуі туралы актінің көшірмесі****


40

Асыл тастарды сатып алудың заңдылығын растау (өндіріс субъектілері үшін)

Тазартылған бағалы металдардың меншікте екендігін растайтын келісімшарттың (шарттың) көшірмесі


41

Ұйымды арнайы есепке қоюды растау (өндіріс субъектілері үшін)

Арнайы есепке қою туралы құжаттың көшірмесі немесе қызмет түріне берілген лицензияның көшірмесі


Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары

42

Уәкілетті мемлекеттік органның жер қойнауын пайдалануға берген рұқсаты
(өндіру субъектілері үшін)

Лицензия немесе жер қойнауын пайдалану құқығына берілген келісімшарттың (шарттың) көшірмесі (өндіріс субъектілері үшін)****


43

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының құрамында бағалы және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы ақпараттың болуы

Құрамында бағалы және ілеспе алынатын металдар бар екені туралы құжаттың көшірмесі


44

Осындай шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы растау

Осындай шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы уәкілетті органның қорытындыларының көшірмесі


45

Тауардың меншік құқығын растау (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар үшін)

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын сатып алуды растайтын құжаттардың көшірмелері


Минералды шикізатты экспорттау кезінде

46

Тауарды өндірудің және иеленудің заңдылығын растау

Тауарды өндірудің және иеленудің заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері


Есірткі құралдары мен психотропты заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың экспорты мен импорты кезінде

47

Тауарларды сәйкестендіретін құжаттардың болуы

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының көшірмесі


48

Сақтандыру шартының болуы

Сақтандыру полисінің көшірмесі


49

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестік

Сақтауға арналған қойманың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі

Импорт кезінде

Азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың, оның ішінде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін тауарлардың импорты кезінде

50

Әкелінетін радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы ақпаратты ұсыну

Радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы деректер – атауы, типі, моделі, өндіруші мемлекет, техникалық сипаттамалары (радиожиілік жолағы, жиілік торының қадамы, таратқыш қуаттылығы, радиодабыл модуляциясының типі немесе түрі)


51

Тауарлардың техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкестігі

Әрбір РЭҚ және ЖЖҚ түрлері үшін Кеден одағына қатысушы мемлекеттер белгілеген үлгідегі сертификат берген органның мөр таңбасымен расталған сәйкестік сертификатының немесе өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмысты жүргізуге арналған шарттың көшірмесі


52

Тауарды жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға және құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдарына жатқызу (жатқызбау) туралы ақпаратты ұсыну

Тауарларды ақпараттық криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары берген қорытындының көшірмесі


53

Тауарды радиоэлектронды құралдарға және (немесе) азаматтық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғыларға жатқызу (жатқызбау) туралы ақпаратты ұсыну

Тауарды радиоэлектронды құралдарға және (немесе) азаматтық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғыларға жатқызу (жатқызбау) туралы қорытындының көшірмесі


54

Өз құрамында:
- радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар, сондай ақ шифрлау (криптографиялық) құралдар бар
- құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдар бар радиоэлектронды құралдары және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар болып табылатын, Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберіндегі үшінші елдермен саудадағы Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге және әкетуге тыйым немесе шектеулер салулар қолданатын тауарлардың Бірыңғай тізбесінің 2.19-бөліміне өнімнің сәйкестігі

Кеден одағының кедендік аумағына шифрлау (криптографиялық) құралдарды әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереженің 6 және 7-тармақтарына сәйкес көрсетілген шифрлау (криптографиялық) құралдарды немесе ұлттық қауіпсіздік органдары берген өнімді әкелу ықтималдығы туралы қорытынды (рұқсат ету құжаты) немесе Кеден одағының кедендік аумағына шифрлау (криптографиялық) құралдарды әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереженің 11-тармағына сәйкес көрсетілген шифрлау (криптографиялық) құралдарға немесе өнімге қатысты тіркелген нотификацияның (хабарламаның) бар екендігі туралы ақпарат


Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде

55

Техникалық құжаттаманың болуы

Арнайы техникалық құралдарына берілетін техникалық құжаттаманың көшірмесі


56

Тауарды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу (жатқызбау) туралы ақпараттың болуы

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша уәкілетті бөлімше немесе ұлттық қауіпсіздік органдары берген қорытындының көшірмесі


57

Арнайы техникалық құралдардың үлгілерінің болуы

Арнайы техникалық құралдардың үлгілері (ұлттық қауіпсіздік органдарының талабы бойынша)


Шифрлық (криптографиялық) құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде

58

Шифрлық (криптографиялық) құралдардың құрамында радиоэлектронды құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың болмауы

Шифрлау (криптографиялық) құралдардың құрамында радиоэлектронды құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың жоқ екені туралы өтініш берушінің хабарламасы немесе заңнамада көзделген өзге құжат


59

Тауарды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу (жатқызбау) туралы ақпараттың болуы

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары берген қорытындының көшірмесі


60

Техникалық құжаттаманың болуы

Шифрлық құралға арналған техникалық құжаттаманың көшірмесі (бастапқы кодтарын ұсынуы міндетті талап болып табылмайды, өтініш берушінің бастапқы кодтарын ұсынуға бас тартуы өзінен өзі өтініштен бас тартуға негіздемесі болып табылмайды)


61

Шифровалды құралдардың үлгідердің болуы

Шифровалды құралдардың үлгідері (ғылыми-техникалық сараптама үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының талабымен)


Мәдени құндылықтардың, ұлттық мұрағат қорларының құжаттары мен мұрағат құжаттарының түпнұсқаларының экспорты кезінде

62

Әкетілетін тауарлар тізбесінің болуы

Әкетіленетін тауарлардың тізімі (тізімдемесі)

Екі данада

63

Тауарларды сәйкестендіру

Әрбір әкетілетін мәдени құндылықтардың неғұрлым тән кескіндегі өлшемі 10х15 см екі фотосуретін немесе әкетілетін мұрағат құжатының екі көшірмесі, ал қажет болған жағдайда – мәдени құндылықтың (мұрағат құжатының) өзін


64

Құқық иеленудің заңдылығы

Тауарға меншік құқығын растайтын құжат


65

Мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қаруды әкетуге берілетін қорытындының (рұқсаттама құжаттың) болуы

Мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қару әкетілген жағдайда – қару айналымы саласында бақылауды жүзеге асыратын орган беретін қорытынды (рұқсаттама құжаты)

Мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қаруды әкетілген жағдайда

Адамның органдары (органдарының бөліктері) және (немесе) тіндерін, қаны және оның компоненттерін экспорттау (импорттау) кезінде

66

Адамның органдарын (органдарының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қаны және оның компоненттерін әкелуге немесе әкетуге берілген қорытындының, рұқсаттың болуы

Адамның органдарын және (немесе) тіндерін, қаны және оның компоненттерін әкелу немесе әкету ықтималдығы туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдарының рұқсаттары


Тақырыбы алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 31.03.2021 № 243-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

67

Алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 31.03.2021 № 243-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

68

Алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 31.03.2021 № 243-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

69

Алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 31.03.2021 № 243-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

70

Алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 31.03.2021 № 243-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

71

Алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 31.03.2021 № 243-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспорты кезінде

72

Құқық иеленудің заңдылығы

Жер қойнауы жөніндегі ақпаратты алудың заңдылығын куәландыратын құжаттар көшірмесі


Экспортына және (немес) импортына айрықша құқық берілген тауарлардың экспорты және импорты кезінде

73

Лицензияны алу ниеттерін растау

Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының тиісті шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініші немесе өтініштің электрондық көшірмесі


74

Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру ниеттерін растау

Сыртқы сауда шартының (келісімшартының), қосымшаның және (немесе) оған толықтырудың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі


75

Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат

Егер қызметтің мұндай түрі тауарға қатысты Еуразиялық Экономикалық Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәлімет


76

Тауарды өндіру немесе аулау немесе өсіру немесе өндірісі заңдылығын растау

Тауарды өндіру немесе аулау немесе өсіру немесе өндірісінің заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері

Көмірдің жекелеген түрлері экспортталған жағдайда

77

Тауардың шығарылған елі туралы куәландырушы құжат

"СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы куәлік

Тыңайтқыштардың жекелеген түрлері экспортталған жағдайда

Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген тауарларды экспорттау кезінде

78

Лицензияны алу ниеттерін растау

Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының тиісті шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініші немесе өтініштің электрондық көшірмесі


79

Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру ниеттерін растау

Сыртқы сауда шартының (келісімшартының), қосымшаның және (немесе) оған толықтырудың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі


80

Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат

Егер қызметтің мұндай түрі тауарға қатысты Еуразиялық Экономикалық Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәлімет


81

Тауарды өндіру немесе аулау немесе өсіру немесе өндірісі заңдылығын немесе сатып алу растау

Тауарды өндіру немесе аулау немесе өсіру немесе өндірісінің немесе сатып алудың заңдылығын куәландыратын құжаттар көшірмелері


Отандық өнеркәсіптік шикізат әкетілген жағдайда

82

Лицензияны алу ниеттерін растау

Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті Алқа шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініші


83

Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру ниеттерін растау

Сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшаның және (немесе) оған толықтырудың, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі


84

"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындағанын растау

Отандық шикізат тауарын өндірушілер, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган арасында жасалған Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім көшірмесі

"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60 бабына сәйкес отандық шикізат әкетілген жағдайда

      * ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылуы қажет немесе құжаттар көшірмесі тігілген және өтініш берушінің қолы мен мөрімен куәландырылған болу қажет;

      құжаттарды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы www.elicense.kz ұсынылған кезде құжаттар қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі ретінде ұсынылады;

      лицензиарда құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік болған жағдайда, құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

      ** Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде үшінші елдермен саудадағы Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге және әкетуге тыйым немесе шектеулер салулар қолданатын тауарлардың Бірыңғай тізбесіне енгізілетін;

      *** біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны толтырылады;

      **** мұндай құжатқа өзгеріс пен толықтыру енгізілген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді.

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

  2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 67 бұйрығына 2-қосымша
нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия алуға арналған өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА дейін|

3. Лицензияның типі |ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт
____ жылғы № ___

5. Өтініш беруші|

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елі|

8. Сатып алушының елі|

9. Келісімшарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны|

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі|

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі Күні

      нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия алуға арналған өтініш

1. Өтініш №

2. Қолдану кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА дейін|

3. Лицензияның типі |ИМПОРТ

4. Келісімшарт
____ жылғы № ___

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жіберу елі

8. Сатушының елі

9. Келісім-шарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі Күні

      нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына лицензия алуға арналған өтінішке қосымша

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

жылғы № лицензияға қосымша

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ Парақ №

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

  2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 67 бұйрығына 3-қосымша
нысан

Тауардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

1. лицензия №

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА дейін|

3. Лицензияның типі
|ЭКСПОРТ

4. Келісімшарт
____ жылғы № ___

5. Өтініш беруші|

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елі|

8. Сатып алушының елі|

9. Келісімшарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

      нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

1. лицензия №

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА дейін|

3. Лицензияның типі
|ИМПОРТ

4. Келісімшарт
____ жылғы № ___

5. Өтініш беруші|

6. Сатушы

7. Жөнелту елі|

8. Сатушының елі|

9. Келісім-шарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

      нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына лицензияға қосымша

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

жылғы № лицензияға қосымша

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ Парақ №

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні