ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірлері 15, 16, 17, 18 және 19-жолдар келесі редакцияда жазылсын:
"
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импорты кезінде | |||
15 | Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға берілген рұқсаттың болуы | Аэрозоль немесе фумигациялық әдістермен (салыстыру үшін түрнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариальды куәландырылған) пестицидтерді өндіруге формулациялау, пестицидтерді сатуға, пестицидтерді қолдануға берілген лицензияның көшірмесі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы |
16 | Әкелінген пестицидті қолдану үшін ауыл шаруашылық алқаптарының болуы | Ауыл шаурашылық алқаптарына құқықты белгілейтін құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) мен ауыл шаруашылығы алқаптарын химиялық өңдеуге қажетті пестицидтер санын есептеулер | Егер өтінім беруші пестицидтерді сату үшін емес өзінің меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарына қолдану үшін әкелген жағдайда |
17 | Ресми дистрибьюторлық туралы ақпараттың болуы | Пестицидтерді тіркеуші фирма мен дистрибьютор компанияның арасындағы лицензиялық келісімнің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) немесе пестицидтерді тіркеуші фирмадан сатушының ресми дистрибьюторлығы туралы растау хаты | Егер өтінім беруші пестицидтер дистрибьютор-компаниядан әкелінген жағдайда |
18 | Пестицидті өндіруші зауыт ауысқан жағдайда |
Әкелінген, тіркелген пестицид және оның әсер ететін заттары, оның рецетурасы мен өндіру технологиясын сақтай отырып, шығарылған өндіруші зауыттың ауысқаны туралы тіркеуші-фирманың хабарлама-хатының түпнұсқасы. | Пестицидтерді өндіруші зауыт ауыстырылған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы) |
19 | Экологиялық талаптардың сақталуы | Пестицидтерді, сонымен қатар пайдаланылған өнімнің ыдыстарын кәдеге жаратуға және сақтауға кәсіпорынмен жасалған шарттың көшірмесі және тауарды одан әрі тұтынушыларға сату үшін келісімшарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтару көзделуі қажет |
";
реттік нөмірі 23-жол келесі редакцияда жазылсын:
"
23 | Экологиялық талаптарға сәйкес келетін сақтауға арналған қоймалардың болуы | Сақтауға арналған қоймалардың мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының немесе экологиялық рұқсаттың көшірмесі |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 82, 83 және 84-жолдармен толықтырылсын:
"
Отандық өнеркәсіптік шикізат әкетілген жағдайда | |||
82 | Лицензияны алу ниеттерін растау | Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті Алқа шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініші | |
83 | Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру ниеттерін растау | Сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшаның және (немесе) оған толықтырудың, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі | |
84 | "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындағанын растау | Отандық шикізат тауарын өндірушілер, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган арасында жасалған Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім көшірмесі | "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60 бабына сәйкес отандық шикізат әкетілген жағдайда |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылдың 9 қазанынан бастап енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші абзацынан басқа, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Бижанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі