РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Әділет министрінің 29.01.2016 № 67 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
2. Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов _______________
2015 жылғы 17 сәуір
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 235 бұйрығына
1-қосымша
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік
монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін
қызметтердің бағасы
Р/с |
Көрсетілетін қызметтің атауы |
Өлшем бірлігі |
ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем алушылардың макеттерді қалыптастыру |
1 макет |
2 642,83 |
2 |
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем сомаларын алушылардың шоттарына аудару |
1 төлем |
256,30 |
3 |
Міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) олар бойынша өсімпұлды төлеушілерден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару |
1 төлем тапсырмасы |
7,84 |
4 |
Жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтару және қате есепке жатқызылған немесе артық төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсімпұлдар сомаларын қайтару |
1 төлем тапсырмасы |
594,80 |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 235 бұйрығына
2-қосымша
Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағасы
Р/с |
Көрсетілетін қызметтің атауы |
Өлшем бірлігі |
ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Республикалық бюджеттен зейнетақы алушылардың, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың және мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың макеттерді қалыптастыру |
1 макет |
2 908,34 |
2 |
Республикалық бюджеттен жәрдемақы алушылар үшін макеттерді қалыптастыру |
1 макет |
2 642,83 |
3 |
Республикалық бюджет есебінен төленетін зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдер сомаларын алушылардың шоттарына аудару |
1 төлем |
256,30 |
4 |
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын аудару |
1 төлем тапсырмасы |
24,13 |
5 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке оның өтініші бойынша қайтару |
1 төлем тапсырмасы |
484,61 |
6 |
Орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру - Әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіру |
айына 1 қызмет |
7 281 379,70 |
7 |
Орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру - «Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған дерекқоры» ақпараттық жүйесін әкімшілендіру |
айына 1 қызмет |
1 819 666,67 |
8 |
Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызмет ұсыну |
1 ақпарат |
588,79 |
9 |
Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері туралы ақпарат беру |
1 ақпарат |
186,77 |
10 |
Белгілі бір кезеңге міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының саны және орташа сомасы туралы ақпарат ұсыну |
1 ақпарат |
197,13 |
11 |
Зейнетақы төлемдерінің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру |
1 ақпарат |
197,13 |
12 |
Міндетті зейнетақы жарналарының 3 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде |
1 ақпарат |
189,73 |
13 |
Міндетті зейнетақы жарналарының 6 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде |
1 ақпарат |
207,01 |
14 |
Міндетті зейнетақы жарналарының 12 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде |
1 ақпарат |
334,01 |
15 |
Міндетті зейнетақы жарналарының 36 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде |
1 ақпарат |
461,30 |
16 |
Салымшылардың саны және олардың аударымдарының мөлшері туралы ақпаратты БСН/СТН бөлінісінде салымшылардың тізімдерімен қоса ұсыну |
1 ақпарат |
219,89 |
17 |
Салымшының міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомасы туралы агенттерге растау |
1 ақпарат |
219,89 |