"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11051 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Елді-мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы               М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 13 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының  
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 бұйрығына    
қосымша         

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, селолардың, селолық округтердің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) ХҚКО мен порталға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап:
      1-кезең: келістіруші органдар мен ұйымдардың құпталған қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні;
      2-кезең: көрсетілетін қызметті берушілер жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісу және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеу кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;
      құжаттардың толық пакетін ұсынбаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 жұмыс күні;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 14 жұмыс күні.
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) құжаттарды жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
      ХҚКО-ға өтініш жасаған кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер-кадастр жоспарын (1-қосымша) және уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды және оны жер қатынастары бойынша өкілетті органында тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жібереді.
      Жер учаскесін жеке тұрғын үй салу үшін сұраған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтініші (қолдаухаты) арнайы есепке алынады және бөлуге арналған алаңдар дайын болғанда не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып қанағаттандырылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін таңдау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнына 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептелетін жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындау құны кіреді.
      Жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындауға төлем жүргізу қолма қол және екінші деңгейлі банктер арқылы «ЖерҒӨО» РМК есеп шотына аудару нысанында, не «ЖерҒӨО» филиалының ғимаратындағы кассаға төлеу арқылы жүзеге асырылады, ол бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаты (түбіртек) беріледі.
      Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұраным берген кезде төлем жасау «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚКО-да - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан орны бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не құжат бойынша заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      ХҚКО-ға:
      1-кезең:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жер учаскесінің орналасқан жерінің схемасы;
      3) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
      жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш иесі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш иесінің келісуден өтпеген жерді таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО келісілмеген жерді таңдаудың актісін қызметті алушыны хабардар ете отырып жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
      2-кезең:
      1) түпкілікті келісілген жерді таңдау актісі;
      2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
      Өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде екі данада уақытша жерді пайдалану шартына қол қояды. Өтініш иесінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартын қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО жер учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны хабардар ете отырып күшін жою үшін облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
      Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
      ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Порталға:
      1-кезең:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
      жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш иесі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш иесінің келісуден өтпеген жерді таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО келісілмеген жерді таңдаудың актісін қызметті алушыны хабардар ете отырып жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
      2-кезең:
      1) электрондық құжат нысанында түпкілікті келісілген жерді таңдау актісі;
      2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
      Өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жерді пайдалану шартына қол қояды. Өтініш иесінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартының қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО жер учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны хабардар ете отырып күшін жою үшін облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
      Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚКО қызметкері «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.
      Құжаттар ХҚКО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      ХҚКО дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не оның нотариалды расталған сенімхаты бар өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Жерді таңдаудың түпкілікті актісін келістіру мерзімі аяқталған жағдайда ХҚКО нәтижені үш жұмыс күні ішінде сақтауды қамтамасыз етеді. Үш жұмыс күні өткен соң ХҚКО қызмет берушіге құжаттарды жою үшін жібереді және көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметтің тоқталғаны туралы хабардар етеді.
      Көрсетілген мерзім ішінде уақытша өтеулі (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) жерді пайдалану шартын жасасу мерзімі аяқталған жағдайда, ХҚКО қол қойылмаған уақытша жерді пайдалану шартының қызметті алушыны хабардар ете отырып күшін жою үшін облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
      Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы хабар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабар жіберіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
      1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалар тізбесінде тұрған жағдайда;
      2) сұралып отырған жер учаскесі бос болмаса;
      3) егер сұралып отырған жер учаскесі саудада (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылуға арналған болса;
      4) сұралып отырған жер учаскесі резервке қалдырылған болса;
      5) елді мекеннің бас жоспары жоқ болса немесе бас жоспарға сәйкес келмесе, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы болмаса;
      6) санитарлық-қорғаныш аймағы болса;
      7) сұралып отырған объектінің орналасуы құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келмеуі негіз болады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оны лауазымды тұлғасының, ХҚКО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына беріледі;
      шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;
      шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;
      2) ХҚО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым осы ХҚО басшысының атына беріледі;
      қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды ХҚКО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады;
      3) портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлға үшін - оның тегі, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      14. Заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара өзіне өзі қызмет көрсету, өз бетімен қозғалу, бағдарлану қабілеті мен мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414 көмегімен өтініш беру арқылы ХҚКО қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;
      3) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      17. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
1-қосымша         

нысан

Жер учакесінің жер-кадастр жоспары

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ___________________________________
Мекенжайы (мекенжайының тіркеу коды) ________________________________
_____________________________________________________________________
Жердің санаты _______________________________________________________
Жер учаскесінің алаңы (гектар, шаршы метр) __________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты ____________________________________
_____________________________________________________________________
Құқық түрі __________________________________________________________
Жер учаскесін пайдалануға шектеу мен ауыртпалықтар __________________
_____________________________________________________________________
Жер учаскесінің бөлінуі _____________________________________________
                                  (бөлінеді, бөлінбейді)
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) немесе жер пайдалану құны (қажет болғанда заңнамада қарастырылған жағдайда) _________________________

Жоспар шекарасындағы басқа жер учаскелері

Жоспардағы

Жоспар шекарасындағы басқа
жер учаскелерінің
кадастрлық нөмірлері

Алаңы
(гектар, шаршы метр)










      Ескертпе:
      Жер-кадастр жоспары жер учаскесіне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органы қаулысының ажырамас бөлігі болып табылады. Жер учаскесіне тән шекара нүктелерін, оның шекарасы жоспарының масштабында көрсету мүмкін болмаған кезде, үлкен форматтағы парақта көрсетуге болады, жоспарға қосымша ретінде тек А-0 өлшемінен үлкен емес.
      *Шектестіктерді көрсету осы жоспарды дайындаға сәтте қолданыста болады.

Жер учаскесінің жоспары


1 Масштаб:

      Шектес учаскелерді көрсету (кадастрлық нөмірлер)*:
      А-дан Б-ға дейін
      Б-дан В-ға дейін
      В-дан Г-ге дейін
      Г-ден А-ға дейін

жер-кадастрының жоспарын ____________________________________________
                         (жер кадастрын жүргізуші кәсіпорынның атауы)
___________________________________________________________ әзірленді

М.О. ____________ _____________________ 20___ жылғы « » _____________
        (қолы)          (Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________ басшысы
      (жер қатынастары бойынша уәкілетті органының атауы)

М.О. ______________ ___________________ 20 жылғы « » ________________
        (қолы)           (Т.А.Ә.)

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
2-қосымша         

Жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын дайындау жұмыстарының құны

Р/с №

Жер учаскесінің
жер-кадастр жоспарын
дайындау бойынша
жұмыстардың түрлері

Жер
учаскесінің
алаңы

Жұмыстардың құны (ҚСҚ)

учаскенің
базалық ауданынан,
теңге

жұмыстардың құнын
арттыру коэффициенті

1

2

3

4

5


Ұйымдар мен шағын
кәсіпкерлік
субъектілердің
ғимараттары мен
құрылыстарына
арналған жер
учаскесінің
жер-кадастр жоспарын
дайындау, оның
ішінде:
- жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын әзірлеу
- жер-кадастр
жоспары үшін жер
учаскесінің
кадастрлық
(бағалау) құнын
айқындау



0,5 га дейін



1 га дейін




 
21062



12385




 
1,1 - 1 га дейін
1,2 – 10 га дейін
1,3 – 50 га дейін
әрбір келесі 50 га-ға 5%-ға артады
1,1 – 10 га дейін
1,2 – 50 га дейін
1,3 – 100 га дейін
сыртқа тарату – 100 га жоғары




жиыны


33447


2

Тұрғын үй құрылысы
мен оған қызмет
көрсету, жеке қосалқы
шаруашылығын,
бағбандық және
саяжай, гараждар
құрылысын үшін, жер
учаскесінің
жер-кадастр жоспарын
дайындау оның ішінде:
- жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын дайындау
жер-кадастр жоспары
үшін жер учаскесінің
кадастрлық (бағалау)
құнын есептеу




0,5 га дейін



тегін беру нормасы шегінде




14180



4607





 
-

 
1,3 - тегін беру нормасын арттырған кезде


Барлығы


18787


«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
3-қосымша         

нысан

Түбіртек

Ақша жіберуші _______________________________________________________
                           тегі, аты, әкесінің аты
ЖСН (БСН)____________________________________________________________
Төлемді алушы _______________________________________________________
                           кәсіпорынның атауы, БСН
Делдал банк _________________________________________________________
                        екінші деңгейдегі банктің атауы

Р/с №

Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны






оның ішінде ҚҚС



Қол қою және мөрдің орны
_____________________________________________________________________
       ақша жіберушінің қолы жауапты орындаушының қолы, күні
Ақша жіберуші _______________________________________________________
                          тегі, аты, әкесінің аты
ЖСН (БСН) ___________________________________________________________
Төлемді алушы _______________________________________________________
                          кәсіпорынның атауы, БСН
Делдал банк _________________________________________________________
                       екінші деңгейдегі банктің атауы

Р/с №

Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны






оның ішінде ҚҚС



Қол қою үшін және мөрдің орны
________________________________ ____________________________________
    ақша жіберушінің қолы          жауапты орындаушының қолы, күні

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
4-қосымша         

нысан

_________________________________________
       (облыс, аудан, қала, кент,
_________________________________________
   ауылдық (селолық) округтің, ауылдың, селоның)___________________________әкіміне
_________________________________________
   (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды
_________________________________________
        тұлғаның толық атауы)
ЖСН (БСН)________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаны куәландыратын
_________________________________________
        құжаттың деректемелері
_________________________________________
     байланыс телефоны, мекенжайы)

Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беруге өтініш

_____________________________________________________________________
                    (құрылыстың болжамды алаңы,
_____________________________________________________________________
          жоспарланған құрылыс объектісінің атауы, қабаттылығы)
___________________________________________________________ салу үшін
__________________________________________________________ орналасқан
      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
алаңы _____________________гектар (шаршы метр) жер учаскесін уақытша
өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану құқығында беруді сұраймын.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Күні __________            Көрсетілетін қызметті
                           алушы ______________________________
                                    (жеке немесе заңды тұлғаның
                           __________________________________________
                                    немесе уәкілетті тұлғаның
                           __________________________________________
                                  тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Елді мекен шегінде объект салу үшін
жер учаскесін беру өтінішіне қосымша

Сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан орнының
ахуалдық схемасы


Көрсетілетін қызметті алушы
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, немесе заңды тұлғаның толық
                           атауы, қолы)

Күні _______________

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
5-қосымша         

нысан

(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.) немесе
көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
_______________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3) ___________________________________________________________;
      4) ___________________________________________________________.
      «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
      _______________________________________________________________
             Т.А.Ә. (ХҚКО қызметкерінің)                (қолы)

      Орындаушы Т.А.Ә._________________
      Телефон__________________________
      Алдым: Т.А.Ә., көрсетілетін қызметті алушының қолы
      «___» _________ 20__ ж.