"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11051 тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Елді-мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы               М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 13 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының  
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 бұйрығына    
қосымша         

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, селолардың, селолық округтердің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы);
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап:
      1-кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні;
      2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;
      толық құжаттар пакеті ұсынылмаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 жұмыс күні;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 14 жұмыс күні.
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін ең ұзақ жол берілетін кезек күту уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) ең ұзақ жол берілетін қызмет көрсету уақыты - 15 (он бес) минут.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер-кадастр жоспарын (1-қосымша) және уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды және оны жер қатынастары бойынша өкілетті органында тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жібереді.
      Жер учаскесін жеке тұрғын үй салу үшін сұраған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтініші (қолдаухаты) арнайы есепке алынады және бөлуге арналған алаңдар дайын болғанда не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып қанағаттандырылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін таңдау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнына 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептелетін жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындау құны кіреді.
      Жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол ақшамен немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалының есеп айырысу шотына, не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақы төлеу мөлшері мен күнін растайтын төлем құжатын (түбіртек) беретін Мемлекеттік корпорация филиалының ғимаратындағы кассаларда қолма-қол ақшасыз аудару нысанында жүзеге асырылады.
      Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұраным берген кезде төлем жасау «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті өкілі):
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1-кезең:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жер учаскесін орналастыру схемасы;
      3) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
      түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
      2-кезең:
      1) келісілген түпкілікті жер таңдау актісі;
      2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
      Өтініш беруші хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде екі данада уақытша жер пайдалану шартына қол қояды. Өтініш берушінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартын қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация жер учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күшін жою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Порталға:
      1-кезең:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
      түпкілікті жер таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
      2-кезең:
      1) электрондық құжат нысанындағы түпкілікті келісілген жер таңдау актісі;
      2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
      Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қояды. Өтініш берушінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартының қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды.
      Өтініш беруші қол қойған уақытша жер пайдалану шарты тіркеу және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жолданады.
      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат ұсынылған кезде (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Түпкілікті жер таңдау актісін келісу мерзімі өткен жағдайда Мемлекеттік корпорация нәтижені үш жұмыс күні ішінде сақтауды қамтамасыз етеді. Үш жұмыс күні өткен соң Мемлекеттік корпорация қызмет берушіге құжаттарды жою үшін жібереді және көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметтің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
      Көрсетілген мерзімде уақытша өтеулі (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) жер пайдалану шартын жасасу мерзімі өткен жағдайда, Мемлекеттік корпорация қол қойылмаған уақытша жер пайдалану шартының қызметті алушыны хабардар ете отырып, күшін жою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрату қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты (егер қағаз тасығышта берілске, алынған жерді көрсету қажет) көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
      Порталда электрондық сұрату көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
      1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалар тізбесінде тұрған жағдайда;
      2) сұралып отырған жер учаскесі бос болмаса;
      3) егер сұралып отырған жер учаскесі саудада (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылуға арналған болса;
      4) сұралып отырған жер учаскесі резервке қалдырылған болса;
      5) елді мекеннің бас жоспары жоқ болса немесе бас жоспарға сәйкес келмесе, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы болмаса;
      6) санитарлық-қорғаныш аймағы болса;
      7) сұралып отырған объектінің орналасуы құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келмеуі негіз болады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғасының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына беріледі;
      шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;
      шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады;
      2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі;
      қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады;
      3) портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен», көрсетілетін қызметті алушы өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;
      3) Мемлекеттік корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      17. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру»  
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына   
1-қосымша         

      нысан

Жер учакесінің жер-кадастр жоспары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ___________________________________
Мекенжайы (мекенжайының тіркеу коды) ________________________________
_____________________________________________________________________
Жердің санаты _______________________________________________________
Жер учаскесінің алаңы (гектар, шаршы метр) __________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты ____________________________________
_____________________________________________________________________
Құқық түрі __________________________________________________________
Жер учаскесін пайдалануға шектеу мен ауыртпалықтар __________________
_____________________________________________________________________
Жер учаскесінің бөлінгіштігі ________________________________________
                                  (бөлінеді, бөлінбейді)
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны немесе жер пайдалану
құқығының құны (қажет болса заңнамада көзделген жағдайларда) ________
Жоспар шекарасындағы бөгде жер учаскелері

Жоспардағы

Жоспар шекарасындағы бөгде
жер учаскелерінің
кадастрлық нөмірлері

Алаңы
(гектар, шаршы метр)







      Ескертпе:
      Жергілікті атқарушы органының жер-кадастр жоспары жер учаскесіне құқық беру туралы қаулысының ажырамас бөлігі болып табылады. Жер учаскесінің шекарасы жоспарының масштабында шекара нүктелерін, көрсету мүмкін болмаған кезде, олардың орналасқан жерлерін үлкен форматтағы, бірақ А-0 форматтан аспайтын парақта, жоспарға қосымша ретінде көрсетуге болады.
      *Шектестіктер сипаттамасы осы жоспарды дайындау сәтінде жарамды.

Жер учаскесінің жоспары


1 Масштаб:
Шектес учаскелерді көрсету (кадастрлық нөмірлер)*:
А-дан Б-ға дейін
Б-дан В-ға дейін
В-дан Г-ге дейін
Г-ден А-ға дейін
Жер-кадастры жоспары _______________________________________________
                        (жер кадастрын жүргізуші ұйымның атауы)
_____________________________________________________________әзірледі
М.О. ____________ _____________________ 20___ жылғы « » _____________
         (қолы)          (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
_____________________________________________________________ басшысы
     (жер қатынастары жөнінде уәкілетті органның атауы)

М.О. ______________ ___________________ 20 жылғы « » ________________
         (қолы)           (Т.А.Ә. (ол болған кезде)

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
2-қосымша         

Жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын дайындау жұмыстарының құны

Р/с №

Жер учаскесінің
жер-кадастр жоспарын
дайындау бойынша
жұмыстардың түрлері

Жер
учаскесінің
алаңы

Жұмыстардың құны (ҚСҚ)

учаскенің
базалық ауданынан,
теңге

жұмыстардың құнын
арттыру коэффициенті

1

2

3

4

5


Ұйымдар мен шағын
кәсіпкерлік
субъектілердің
ғимараттары мен
құрылыстарына
арналған жер
учаскесінің
жер-кадастр жоспарын
дайындау, оның
ішінде:
- жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын әзірлеу
- жер-кадастр
жоспары үшін жер
учаскесінің
кадастрлық
(бағалау) құнын
айқындау



0,5 га дейін



1 га дейін




 
21062



12385




 
1,1 - 1 га дейін
1,2 – 10 га дейін
1,3 – 50 га дейін
әрбір келесі 50 га-ға 5%-ға артады
1,1 – 10 га дейін
1,2 – 50 га дейін
1,3 – 100 га дейін
сыртқа тарату – 100 га жоғары




жиыны


33447


2

Тұрғын үй құрылысы
мен оған қызмет
көрсету, жеке қосалқы
шаруашылығын,
бағбандық және
саяжай, гараждар
құрылысын үшін, жер
учаскесінің
жер-кадастр жоспарын
дайындау оның ішінде:
- жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын дайындау
жер-кадастр жоспары
үшін жер учаскесінің
кадастрлық (бағалау)
құнын есептеу




0,5 га дейін



тегін беру нормасы шегінде




14180



4607





 
-

 
1,3 - тегін беру нормасын арттырған кезде


Барлығы


18787


«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
3-қосымша         

нысан

Түбіртек

Ақша жіберуші _______________________________________________________
                           тегі, аты, әкесінің аты
ЖСН (БСН)____________________________________________________________
Төлемді алушы _______________________________________________________
                           кәсіпорынның атауы, БСН
Делдал банк _________________________________________________________
                        екінші деңгейдегі банктің атауы

Р/с №

Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны






оның ішінде ҚҚС



Қол қою және мөрдің орны
_____________________________________________________________________
       ақша жіберушінің қолы жауапты орындаушының қолы, күні
Ақша жіберуші _______________________________________________________
                          тегі, аты, әкесінің аты
ЖСН (БСН) ___________________________________________________________
Төлемді алушы _______________________________________________________
                          кәсіпорынның атауы, БСН
Делдал банк _________________________________________________________
                       екінші деңгейдегі банктің атауы

Р/с №

Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны






оның ішінде ҚҚС



Қол қою үшін және мөрдің орны
________________________________ ____________________________________
    ақша жіберушінің қолы          жауапты орындаушының қолы, күні

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
4-қосымша         

нысан

_________________________________________
       (облыс, аудан, қала, кент,
_________________________________________
   ауылдық (селолық) округтің, ауылдың, селоның)___________________________әкіміне
_________________________________________
   (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды
_________________________________________
        тұлғаның толық атауы)
ЖСН (БСН)________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаны куәландыратын
_________________________________________
        құжаттың деректемелері
_________________________________________
     байланыс телефоны, мекенжайы)

Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беруге өтініш

_____________________________________________________________________
                    (құрылыстың болжамды алаңы,
_____________________________________________________________________
          жоспарланған құрылыс объектісінің атауы, қабаттылығы)
___________________________________________________________ салу үшін
__________________________________________________________ орналасқан
      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
алаңы _____________________гектар (шаршы метр) жер учаскесін уақытша
өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану құқығында беруді сұраймын.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Күні __________            Көрсетілетін қызметті
                           алушы ______________________________
                                    (жеке немесе заңды тұлғаның
                           __________________________________________
                                    немесе уәкілетті тұлғаның
                           __________________________________________
                                  тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Елді мекен шегінде объект салу үшін
жер учаскесін беру өтінішіне қосымша

Сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан орнының
ахуалдық схемасы


Көрсетілетін қызметті алушы
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, немесе заңды тұлғаның толық
                           атауы, қолы)

Күні _______________

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру»  
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына   
5-қосымша         

нысан

_________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетілетін
_________________________________________
қызметті алушы ұйымның атауы көрсетілетін
_________________________________________
қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________.
      «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
      _______________________________________________________________
      (Мемлекеттік корпорацияның жұмыскерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)

      Орындаушы ____________________________________________________
                  Т.А.Ә. (ол болған кезде)
      Телефон_______________________________________________________
      Алдым: ________________________________ ______________________
        көрсетілетін қызметті алушының қолы Т.А.Ә. (ол болған кезде)
      20__ ж. «___» _________