"Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11032 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескетпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 710 және 21-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9872 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қантардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 710 және 21-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берілген:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме;
      1-1) осы бұйрыққа 1-1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асыру жөніндегі әдістеме;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингін жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеде:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Елдегі жағдайдың (белгілі бір қызмет аясындағы, тиісті аумақтың) дамуына сүйене отырып, елдің (белгілі бір қызмет аясындағы, тиісті аумақтағы) дамуына ықпал ететін және олар бойынша талдау жүргізілетін сыртқы және ішкі факторлардың тізбелері қалыптастырылады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Ішкі даму факторларын талдау елдегі (белгілі бір қызмет аясы, тиісті аумақ) жағдай туралы тұтас түсінік береді.»);
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге, жүргізілген сұхбаттарға, сауалнамаларға, фокус-топтарға, мүдделі тараптармен консультацияларға жүргізілген талдау нәтижелері жинақталады және жалпыланады.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Негізгі проблемаларға шешілуі басымды сипатқа ие және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әзірленетін құжатын іске асыру оның шешілуіне бағдарланатын проблемалар жатады.»;
      43- және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Нысаналы индикатор бойынша есептеу әдістемесі стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақты дамыту бағдарламасына қоса беріледі.
      44. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, аумақты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары бойынша оларды жүзеге асыруға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ал мемлекеттік бағдарламалар бойынша, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар айқындалады.»;
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Міндеттер, оларды жағдайды талдау негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің соңына дейін қызмет саласындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, аумақтарды дамыту бағдарламасының тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы қажет негізгі талаптар болып табылады.»;
      57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Нәтижилер көрсеткіші бойынша есептеу әдістемесі стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттарға, аумақты дамыту бағдарламасына қоса беріледі.
      58. Нәтижелер көрсеткіштері стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруда орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, ал мемлекеттік бағдарламалар бойынша ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар көрсетіле отырып келтіріледі.»;
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Алдағы кезеңге Стратегиялық даму жоспарының жобасын әзірлеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) алдыңғы Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың тоғызыншы жылынан кешіктірмей мүдделі органдардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.»;
      104-тармақты мындай редакцияда жазылсын:
      «104. «Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
      1) сала қызметінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау (бұл ретте, негізгі проблемаларды, үрдістерді және әлсіз және күшті жақтарына алдын-ала талдау негізіндегі алғышарттарын, осы қызмет саласы үшін мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін белгілеу қажет);
      2) жүргізілуі кезінде осы саланың дамуына ықпал ететін қолданыстағы нормативтік құқықтық база талданып, қолданыстағы қызмет саласын мемлекеттік реттеу саясатын талдау сипатталады, сондай-ақ қызмет саласын дамытуды қамтамасыз ету бойынша бұрын келтірілген іс-шаралар нәтижелері баяндалады.
      Осы бөлім осы Әдістеменің 3-тарауына сәйкес қалыптастырылады.»;
      105-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 113-1-тармақпен толықтырылсын.
      «113-1. Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері кешенді сипатталуы, салааралық және ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді шешу деңгейін, дәрежесін көрсетуі тиіс.»;
      8-тарау алынып тасталсын;
      129 және 130-тармақтар алынып тасталсын;
      131132133 және 134-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «131. Стратегиялық жоспардың жобасын тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 40-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік пен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісіледі.
      132. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес стратегиялық жоспардың жобасын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар келіскеннен кейін:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспары әзірлеуші мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі;
      Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын
Қазақстан Республикасының Президентi немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға бекiтедi.
      133. Мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспары (мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда) осы мемлекеттік органның веб-сайтында күнтiзбелiк 10 күн iшiнде орналастырылады.
      134. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары осы Әдістемеге
қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.»;
      136-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «136. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астаның мәслихатына бекітуге енгізіледі»;
      140-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық (кеңістіктік) дамыту, өңіраралық ынтымақтастық, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;»;
      143-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жалпы өңірдің экономикасын, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымдық кешенді, аумақтық (кеңістіктік) құрылымды, өңіраралық ынтымақтастықты, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;»;
      мынадай мазмұндағы 149-1-тармақпен толықтырылсын:
      «149-1. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің жоспарлы мәнін олардың іске асырылу мерзімі өткеннен кейін өзгертуге жол берілмейді.»;
      11-тарау алынып тасталсын;
      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемеде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын құжаттардың іске асырылуы туралы есеп түрінде рәсімделеді.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
      «18. Стратегиялық даму жоспарын мониторингілеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) түйінді жалпыұлттық көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар ұсынған ақпарат негізінде жүргізеді.»;
      222324-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын.
      «22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган түйінде жалпы ұлттық көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдардан алынған ақпарат негізінде Стратегиялық даму жоспарын мониторингілеу бойынша іске асыру туралы есепті және қорытынды жобасын қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
      23. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының қолы қойылған Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есеп (құпия мәліметтерді қамтитын және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) мемлекеттік органның веб-порталына орналастырылады.
      24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған Стратегиялық даму жоспарын мониторингілеу бойынша іске асыру туралы есепті және қорытынды жобасын қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі кажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және оны іске асыру туралы есеппен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 20 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ұсынады.»;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер негізінде олардың әрқайсысы бойынша қорытынды жобаларын қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.»;
      54-тармақтың 3) тармақшасы мындай редакцияда жазылсын:
      «3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, оның ішінде орындалмаған іс-шаралардың себептерін көрсете отырып орындалған және орындалмаған іс-шаралар санын;»
      1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының елу жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                         Е. Досаев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі 
№ 324 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасының    
Стратегиялық даму жоспарын,  
Елді аумақтық-кеңістікте    
дамытудың болжамды схемасын, 
мемлекеттік бағдарламаларды, 
мемлекеттік органдардың    
стратегиялық жоспарларын және 
аумақтарды дамыту бағдарламаларын
әзірлеу жөніндегі әдістемеге  
қосымша             
 

Нысан

_________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
______________________ жылдарға арналған
(жоспарлы кезең)                    
стратегиялық жоспары 1-бөлім. Миссиясы және пайымы 2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару

      1. 1-стратегиялық бағыт
      1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
      1.2) Негізгі проблемаларды талдау
      1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің аты

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Сыртқы тәуекелдер



Ішкі тәуекелдер



      2. 2-стратегиялық бағыт

3-бөлім. Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары

      1-стратегиялық бағыт
      ...
      2-стратегиялық бағыт
      ...

4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы

5-бөлім. Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторлар

№ р/с

Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ағымдағы кезеңнің жоспары

Жоспарлы кезең

1-жыл

2–жыл

3-жыл

4-жыл

5-жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


1-стратегиялық бағыт …


1.1-стратегиялық мақсат…

1

































6-бөлім. Ресурстар

Ресурстар

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ағымдағы жылдың жоспары

Жоспарлы кезең

1-жыл

2–жыл

3-жыл

1

2

3

4

5

6

7

Қаржылық, барлығы:







Оның ішінде:
1-бюджеттік бағдарлама:







2-бюджеттік бағдарлама:







…….







Адами







      Ескертпе: стратегиялық жоспар осы Нысанға қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

Стратегиялық жоспар нысанына
қосымша           

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының нысанын толтыру бойынша түсіндірулер

      1. «Мемлекеттік органның атауы» деген жолда стратегиялық жоспарды әзірлейтін мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі.
      2. «Жоспарлы кезең» деген жолда стратегиялық жоспар әзірленетін кезекті бесжылдық кезең көрсетіледі.
      3. «Миссиясы және пайымы» деген 1-бөлім:
      Бөлімде мемлекеттік органның миссиясы мен пайымы жазылады.
      Миссияны қалыптастыру кезінде мемлекеттік орган «Біз не істейміз және кім үшін істейміз?» деген сұрақтарды басшылыққа алады, нәтижесінде тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік басқару субъектісі ретінде рөлін айқындауды білдіретін оның негізгі тағайындалуы айқындалады.
      Мемлекеттік органның пайымында мемлекеттік органның жетекшілік ететін салаларды немесе қызмет аясын перспективада қалай көретінін көрсетуге тиіс.
      4. «Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару» деген 2-бөлім:
      Бөлімде Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің (бұдан әрі осы қосымшада - Әзірлеу жөніндегі әдістеме) 3-тарауына сәйкес талдау жүргізу процесінде алынған ақпарат стратегиялық бағыттар бөлінісінде көрсетіледі.
      «Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару» деген 2-бөлім мынадай кіші бөлімдерден тұрады:
      1.1) «Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері»;
      1.2) «Негізгі проблемаларды талдау»;
      1.3) «Тәуекелдерді басқару».
      «Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері» деген 1.1-кіші бөлім бойынша статистикалық деректер не қызмет саласының немесе аясының жай-күйін алдыңғы кезеңдермен салыстыра отырып сипаттайтын басқа да көрсеткіштер келтіре отырып, мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері көрсетіледі.
      Әлемдік тәжирибе болған кезде реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері басқа елдер салыстырмалы түрде көрсетіледі.
      «Негізгі проблемаларды талдау» деген 1.2-кіші бөлім бойынша жетекшілік ететін салада немесе аяда шешілуіне стратегиялық жоспар бағытталған негізгі проблемаларды талдау келтіріледі.
      «Тәуекелдерді басқару» деген 1.3-кіші бөлім бойынша мемлекеттік органның, стратегиялық жоспарының мақсаттарын іске асыруға және қол жеткізуге өте жоғары ықтималдылықпен кері әсер етуі мүмкін тәуекелдер, сондай-ақ оларды басқару бойынша іс-шаралар көрсетіледі.
      «Тәуекелдерді басқару» 1.3-кіші бөлімінің кестесінде:
      1) 1-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылу барысына ықпал етуі және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге кедергі болуы мүмкін ықтимал тәуекелдер келтіріледі.
      Толық қаржыландырылмау тәуекелі мемлекеттік органның көрсеткіштеріне қол жеткізбеудің ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды;
      2) 2-бағанда тәуекел туындау жағдайда мемлекеттік орган қабылдауды жоспарлайтын мемлекеттік органның баламалы іс-шаралары келтіріледі.
      5. «Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары» деген 2-бөлім:
      Бөлімде мемлекеттік органның әрбір стратегиялық бағыты бойынша жоспарлы кезеңде іске асырылатын басым бағыттарды басым бағыттар қатарына қосуды негіздей отырып басым бағыттар және оларға қол жеткізудің негізгі шаралары айқындалады.
      Мемлекеттік орган «Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары» бөлімін қалыптастырған кезде:
      мемлекеттік органның басымдақтарын анықтайды;
      осы бағыттардың басымдылығын негіздейді;
      таңдалған басым бағыттарды іске асыру бойынша шараларды айқындайды.
      6. «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы» деген 4-бөлім:
      Бөлімде мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары бөлінісінде схема түрінде, оларды іске асырудан елдің тиісті жалпыұлттық көрсеткіштеріне қол жеткізілуі тәуелді болатын бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары көрсетіледі. Бұл бөлім Әзірлеу жөніндегі әдістеменің 4-тарауына сәйкес қалыптастырылады.
      «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы» деген 4-бөлімнің кестесінде:
      1) «Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері» деген бағанда қол жеткізілуі стратегиялық жоспарды мемлекеттік органың стратегиялық бағыттары мен өзара байланыста іске асырумен қамтамасыз етілетін бірінші деңгейдегі Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында айқындалған жалпыұлттық сипаттағы мақсаттар мен нысаналы индикаторлар көрсетіледі;
      2) «Стратегиялық бағыт» деген бағанда жоғары тұрған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрсетіледі.
      Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін өзгерістер неғұрлым маңызды болып табылатын реттелетін салаларды, экономика секторларын немесе қызмет салаларын талдау негізінде қалыптастырылады;
      3) «Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары» деген бағанда мемлекеттік орган қызметінің белгілі бір саласының жоспарлық кезеннің соңында күтілетін жай-күйін көрсететін мақсаттар көрсетіледі;
      4) «Бюджеттік бағдарламалар» деген бағанда мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама бойыша мың тенгеде жиынтығы қамтамасыз етілетін кодтар мен бюджеттік бағдарламалардың атауы көрсетіледі.
      Бюджеттік бағадрламалар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған бір стратегиялық мақсатқа қол жеткізу бағытын есекере отырып қалыптастырылуы тиіс.
      Мемлекеттік органның бірнеше стратегиялық мақсаттарын іске асыруға оның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламадан басқа бюджеттік бағдарламаның бағытталуына жол берілмейді.
      7. «Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлім мынадай тәртіппен толтырылады:
      1) «Стратегиялық бағыт» деген жол бойынша мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары көрсетіледі;
      2) «Стратегиялық мақсат» деген жол бойынша мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары көрсетіледі;
      3) 1-бағанда толассыз реттік нөмірі ретімен көрсетіледі;
      4) 2-бағанда тиісті мақсатқа қол жеткізу деңгейін сипаттайтын нысаналы индикатордың атауы көрсетіледі.
      Стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларын айқындау кезінде мынадай талаптар сақталады:
      жоғары тұрған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың көрсеткіштері негізгі бағдарлар болып табылады, себебі олар
Қазақстан Республикасының дамуының негізін қалайтын мақсаттар болып табылады.
      Бұл үшін каскадтау және/немесе ыдырату арқылы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органның құзыретіне кіретін нысаналы индикаторлар айқындалады;
      нысаналы индикаторлар мемлекеттік органның өкілеттіктері мен құзыреттеріне сәйкес келеді;
      нысаналы индикаторлар халықаралық рейтингтік агенттіктердің, оның ішінде Дүниежүзілік Экономикалық Форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі рейтингі индикаторларын ескереді.
      Бұл үшін мемлекеттік органға бекітілген әрбір халықаралық бәсекеге қабілеттілік индикаторы бойынша (Дүниежүзілік Экономикалық Форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша (бұдан әрі - ДЭФ ЖБИ), Doing Business және т.б.) мемлекеттік органдар осы халықаралық индикатор бойынша Қазақстан Республикасының позициясын тікелей немесе жанама түрде жақсартуға бағытталған өзіндік нысаналы индикаторларын әзірлеуі мүмкін.
      Бұл ретте, егер халықаралық бәсекеге қабілеттілік индикаторын тұжырымдау саланың сипаттамаларын көрсетеді және өлшенетін болса, онда оны өлшем бірлігін көрсете отырып, нәтижелердің нысаналы индикаторы түрінде бекітуге жол беріледі.
      Мысалы, ДЭФ ЖБИ «Балалар өлім-жітімі» көрсеткішін «Балалар
өлім-жітімінің тірі туылған 1000 шаққандағы үлесі» нысаналы индикаторы ретінде тұжырымдауға болады.
      нысаналы индикаторлар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағытталады.
      Мемлекеттік органға мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты міндеттер мен функциялар заңнамалық деңгейде бекітілген жағдайда мемлекеттік орган стратегиялық жоспарында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, уақтылығын және тиімділігін көрсететін нысаналы индикаторларды айқындайды.
      Бұл ретте, оларды әлеуметтік сауалнама түрінде өлшеудің баламалы әдістерін пайдалануға жол беріледі;
      5) 3-бағанда есепті кезеңде нысаналы индикаторлардың мәндерін қанағаттануға мүмкіндік беретін ақпарат көздері көрсетіледі;
      6) 4-бағанда нысаналы индикаторлардың өлшем бірліктері көрсетіледі;
      7) 5-11-бағандарда оларға қол жеткізу динамикасын көрсететін жылдар бөлінісінде нысаналы индикаторлардың мәңдері көрсетіледі;
      8) 5 пен 6-бағандарда есепті кезенде қол жеткізілген нысаналы индикаторлардың мәндері көрсетіледі, бұл ретте кезекті жоспарлы кезеңге стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде 5-бағанда есепті кезеннің бірінші жылғы есепті деректер, 6-бағанда ағымдағы кезеңнің жоспарлы мәндері көрсетіледі.
      Кезекті жоспарлы кезеңге республикалық бюджетті қалыптастырумен немесе ағымдағы жылы республикалық бюджетті нақтылаумен байланысты мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізген кезде стратегиялық жоспарды іске асырудың бірінші жылында 6-бағанда ағымдағы жылғы жоспардың мәні нысаналы индикатордың нақты мәніне ауыстырылады.
      Жоспарлы кезең іске асыру мерзімі аяқталған соң жоспарлы болып қала береді. Іске асыру мерзімі аяқталған соң, нысаналы индикаторлардың сандық мәндерін өзгерту көзделмейді.
      Стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, нақты деректер жоспарлы мәндерден асып түскен жағдайда, жоспарлы мәндер ұлғаю жағына қарай түзетіледі.
      Нақты деректердің асып түсуі мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз факторларға (мысалы, климаттық жағдайлар) негізделген кездегі жағдайларға қатысты емес.
      Нақты деректер жоспарлы кезеңнің жоспарлы мәндерінен асып түспеген кезде, қаржыландыру көлемін азайтумен және мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз басқа да сыртқы факторларға байланысты жағдайларды қоспағанда, қайта қаралмайды.
      Мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз факторларға негізделген іс-шаралар мен міндеттемелердің орындалмау жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған көрсеткіштердің жоспарлы мәндерін төмендетуге жол берілмейді.
      8. «Ресурстар» деген 6-бөлім:
      Бөлімде «Ресурстар» деген 6-бөлімде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыруға тартылған қаржылық және адами ресурстар бойынша деректер келтіріледі.
      «Ресурстар» деген 6-бөлім мынадай тәртіппен толтырылады:
      1) 1-бағанның «Бюджеттік бағдарламалар» жолы бойынша Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі;
      2) 2-бағанда ресурстарды өлшеу бірліктері көрсетіледі;
      3) 3-5-бағандарда:
      «Қаржылық, барлығы» деген жол бойынша жылдар бойынша бөле отырып мемлекеттік органның бюджет шығыстарының жалпы жиынтығы келтіріледі;
      «Бюджеттік бағдарлама» деген жол бойынша жылдар бойынша бөле отырып тиісті бюджеттік бағдарламаның жалпы сомасы келтіріледі;
      «Адами» деген жол бойынша стратегиялық жоспарды іске асыруға тартылған мемлекеттік органның штат саны көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі 
№ 324 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 50 бұйрығына 1-1-қосымша

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдістеме

1. Жалпы ереже

      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, (бұдан әрі – стратегиялық және бағдарламалық құжаттар) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша негізгі ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен (бұдан әрі - № 931 Жарлық) бекітілген.
      2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру – бұл осы құжаттарда көзделген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, нәтижелер (аралық және түпкі) көрсеткіштеріне қол жеткізу және міндеттерді шешу процесі.
      3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде:
      ведомствоаралық өзара іс-қимылда келісушілік;
      ресурстарды аз шығындай отырып берілген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге, міндеттерді шешуге бағдарлану;
      қаржылық, еңбек және басқа ресурстардың теңгерімділігі қамтамасыз етеді.
      4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын табысты іске асыру үшін қолданылатын негізгі құралдар:
      төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру;
      мақсаттарды, мақсатты индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін каскадтау;
      іс-шаралар жоспарларын және операциялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру;
      ресурстармен қамтамасыз ету;
      ведомствоаралық өзара іс-қимыл;
      тәуекелдерді талдау және басқару;
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу;
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын түзету.

2. Төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру

      5. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және аумақтарды дамыту бағдарламалары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттігі мен заңдылығы жоғары деңгейде тұрған құжаттардан туындайтын біртұтас жүйені қамтиды, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттарды іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау төмен тұрған деңгейдегі құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру төмендегілерді іске асыру арқылы орындалады:
      Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,
      мемлекеттік бағдарламаларды,
      салалық бағдарламаларды,
      мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын,
      аумақтарды дамыту бағдарламаларын,
      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғы капиталында мемлекеттің үлесі бар ұлттық компаниялардың даму стратегияларын.
      7. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру төмендегілерді іске асыру арқылы орындалады:
      мемлекеттік бағдарламаларды,
      салалық бағдарламаларды,
      мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын,
      аумақтарды дамыту бағдарламаларын,
      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғы капиталында мемлекеттің үлесі бар ұлттық компаниялардың даму стратегияларын.
      8. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру төмендегілерді іске асыру арқылы орындалады:
      оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын,
      салалық бағдарламаларды,
      мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын,
      мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын өзге мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын,
      облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын,
      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғы капиталында мемлекеттің үлесі бар ұлттық компаниялардың даму жоспарларын.
      9. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру операциялық жоспарды іске асыру арқылы орындалады.
      10. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру арқылы жүзеге асырады.

3. Мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды айқындау

      11. Стратегиялық және бағдарламалық құжат, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары және аумақтарды дамыту бағдарламалары табысты іске асырылуы үшін, мақсаттарға, нысаналы индикаторларға қол жеткізу және жоспарланған нәтижелер алу үшін орындалуы тиіс іс-қимылдар (іс-шаралар) тізбесін айқындау қажет.
      12. Мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іс-шаралар жоспары және мемлекеттік органдардың операциялық тактикалық және операциялық деңгейлерде әзірленеді.
      13. Тактикалық деңгейде мақсаттарға, нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысатын орган, қандай нәтижелерге қол жеткізу қажеттігі және ол үшін қанша шығын жұмсалатындығы бағаланады.
      14. Мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру үшін Іс-шаралар жоспарлары әзірленеді.
      15. Мемлекеттік бағдарлама немесе аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары – мерзімдерін, жауапты орындаушыларын, аяқтау нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарды айқындай отырып мемлекеттік бағдарламаның немесе аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және нәтижелі көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған, нақты әрекеттер жиынтығы.
      16. Операциялық деңгейде іске асырылады – стратегиялық және бағдарламалық құжатты, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарын іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері үшін нақты іс-қимылдар (іс-шаралар) мен оларды орындаудың тиімділік өлшемдері әзірленеді.
      17. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығында айқындалған.

4. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

      18. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және оның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толыққанды қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-қимылдарды ұйымдастыру мен үйлестіру мақсатында әзірленеді.
      19. Іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне немесе әрбір орта мерзімді кезеңге кезең-кезеңмен әзірленеді.
      20. Іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарлама бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде немесе кезекті іске асыру кезеңі басталғанға дейін бір ай бұрын әзірленеді.
      21. Іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарламаның алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілуін қамтамасыз ететін, күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, мерзімдері, ресурстары мен орындаушылары бойынша келісілген іс-шаралар жүйесін қамтиды.
      22. Іс-шаралар жоспарының жобасы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысушы өзге де мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
      23. Әзірлеуші мемлекеттік орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жасайды және ұсыныстар түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастырады.
      24. Іс-шаралар жоспарына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес бюджеттер деңгейлері бөлінісінде әкімшілік бюджеттік бағдарламалардың болжанатын шығыстарының жиыны туралы ақпарат қоса беріледі.
      25. Басқа көздердің болжанатын шығыстары туралы ақпарат бұл кестеде көрсетілмейді.
      26. Бұдан әрі Іс-шаралар жоспарының жобасы мынадай ретпен пысықталады:
      1) қалыптастырылған Іс-шаралар жоспарының жобасын Іс-шаралар жоспары бекітілу мерзіміне дейін 20 күнтізбелік күн бұрын бағдарламаны іске асыруға қатысушылардың барлығы қарауы және барлық мүдделі мемлекеттік органдарға Интранет порталы (МОИП) арқылы жіберуі үшін мемлекеттік органдардың ресурсында орналастыру;
      2) Іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысушылардың және басқа да мүдделі адамдардың ескертулері мен ұсыныстарын қарау;
      3) Іс-шаралар жоспары жобасының түпкілікті редакциясын қалыптастыру;
      4) белгіленген тәртіпте келісу және бекіту.

5. Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

      27. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімін, орындаушыларды, аяқталу нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарды айқындай отырып, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар жиынтығы.
      28. Іс-шаралар жоспары аумақты дамыту бағдарламасы оның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толық қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін оны іске асыру бойынша іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында әзірленеді.
      29. Іс-шаралар жоспары Болжамды схема ескеріле отырып, бағдарламаның алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, іс-шаралардың мерзімдері, ресурстары және орындаушылары бойынша келісілген жүйесін қамтиды.
      30. Іс-шаралар жоспары аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңдерін міндетті түрде белгілей отырып іске асырудың барлық кезеңіне әзірленеді.
      31. Іс-шаралар жоспары осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
      32. Іс-шаралар жоспарына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес бюджеттер деңгейлері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің болжамды шығыстарының жиынтығы қоса беріледі.
      33. Басқа көздердің болжамды шығыстары туралы ақпарат бұл кестеде көрсетілмейді.
      34. Әзірлеуші мемлекеттік орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жүргізеді және ұсыныстар түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастырады.
      35. Іс-шаралар жоспарының жобасы мынадай реттілікпен пысықталады:
      1) Іс-шаралар жоспарын бекіту мерзіміне дейін 15 күнтізбелік күн бұрын қалыптастырылған Іс-шаралар жоспарының жобасын бағдарламаны іске асыруға қатысушылардың барлығын жалпы түрде қарауы үшін Интернет ресурсына орналастыру. Әзірлеуші орган келісу мақсатында мемлекеттік органдарды Іс-шаралар жоспарының жобасын орналастырған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабардар етеді;
      2) Іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысушылардың және басқа да мүдделі тұлғалардың ұсыныстары мен ескертулерін қарау;
      3) Іс-шаралар жоспары жобасының түпкілікті редакциясын қалыптастыру;
      4) келісу мен бекіту іске асырылады.
      36. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 50-тармағына сәйкес Іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың Әкімі жоғары тұрған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді.

6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын ресурстармен қамтамасыз ету

      37. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын уақытылы және сапалы іске асыру үшін оларды қажетті ресурстармен – қаржылық, еңбек, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету маңызды.
      38. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыру көздері:
      республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты,
      мемлекеттік қарыздар,
      мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарыздар,
      тікелей шетелдік және отандық инвестициялар,
      халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары,
      екінші деңгейдегі банктердің кредиттері,
      ұйымдардың меншікті қаражаттары,
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері.
      39. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландырудың болжанатын көлемі әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, орта мерзімдік кезеңдегі республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлерін, халықаралық шарттар мен басқа да құжаттарды ескере отырып айқындалады.
      40. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті бюджеттік ресурстарды орта мерзімдік кезеңге бөлу республикалық және жергілікті бюджеттер жобаларын қалыптастыру процесінде жүзеге асырылады.
      41. Орта мерзімдік кезеңге бюджет жобаларын әзірлеу барысында республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыру мүмкіндіктері нақтыланады.
      42. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларының нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган өзінің бюджеттік бағдарламаларында қойылған мақсаттарға, міндеттер мен жоспарланған нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді.
      43. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және аумақты даму бағдарламаларында көзделген, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен қол жеткізу болжанып отырған мақсаттар, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері тиісті мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының мақсаттарымен, мендеттермен және нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысты болуы тиіс.

7. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

      44. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру сатысындағы маңызды міндеттер ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту болып табылады. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың табыстылығы мен нәтижелілігі көбінесе орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының іс-қимылдарының өзара келісілген, олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламларын іске асыру процесіне қызығушылық танытуы мен қатыстырылуына байланысты болады.
      45. Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың мәні мемлекеттік құрылымдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысатын басқа да ұйымдардың арасында конструктивті өзара іс-қимылды дұрыс жолға қоюда болып табылады.
      46. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде мынадай:
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру процесінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарындағы келісушілігі;
      әрбір өзара әрекеттесетін тараптың проблемаларды шешу және нәтижелерге қол жеткізу жолдарын табуда қызығушылық білдіруі;
      әрбір тараптың жеке шешу тиімсіз болатын маңызды проблемаларды жеңуде күштері мен мүмкіндіктерін біріктіруі;
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысушылар арасындағы даулы мәселелерді шешудегі конструктивті ынтымақтастығы;
      мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқарушылық шешімдер қабылдауға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауына ұйымдар басшыларының жауапкершілігі қағидаттары бар.
      47. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және басқа ұйымдардың бірлескен күшімен стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының жоспарланған мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және өзге де маңызды проблемаларды шешу үшін қажет.
      48. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мыналар:
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, аумақтарды дамыту бағдарламалары;
      стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттары, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін каскадтау;
      мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары;
      салалық бағдарламалар негізінде іске асырылады.
      49. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысатын әрбір ұйым тиісті салада (қызмет аясында) елеулі нәтижелерге қол жеткізуі үшін нақты не істеуге тиіс екендігіне назар аударады.

8. Тәуекелдерді талдау және басқару

      50. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде тәуекелдерді анықтауға және талдауға, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді.
      51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу процесінде жиналған ақпараттардың едәуір бөлігі сияқты, тәуекелдер де құжаттардың іске асырылуына қарай өзгеруі мүмкін және үнемі қадағаланып отыруы тиіс.
      52. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру барысында жаңа тәуекелдердің туындау ықтималдығы бар.
      53. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде, оларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушы органдар өздерінің өкілеттігі шеңберінде мыналарды жүргізеді:
      1) тәуекелдерді талдау – стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру барысына ықпалын тигізетін және жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге кедергі келтіретін ықтимал қауіптерді қадағалайды;
      2) тәуекелдерді басқару – жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеу ықтималдығы күшейген немесе тәуекел туындаған жағдайда қажетті іс-шараларды (оның ішінде бұрын жоспарланған) жүзеге асырады.
      54. Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді басқару процесінің негізгі мақсаты – тұтастай стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруда тәуекелдердің ықпал ету дәрежесін тиісті деңгейге төмендету арқылы мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне табысты қол жеткізу ықтималдығын ұлғайту. Тәуекелдерді басқару процесі қажетті және уақытылы шешімдер қабылдаумен байланысты.
      55. Тәуекелдерді талдау және басқару стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың барлық жоспарлы кезеңі ішінде құжаттарды әзірлеушілер, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушылар орындауы тиіс.
      56. Тәуекелдерді басқару стратегиясы шынайы болуы тиіс және мақсаттар, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты және тәуекелдерді басқару жоспарын әзірлеген орган қабылдайтын іс-қимылдарды қамтуы тиіс.

9. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын түзету

      57. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, жоғары тұрған органның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер, құжаттардың іске асырылуына елеулі әсер ететін ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістер, қаржыландыру көлемдерінің өзгеруі, құжаттардың іске асырылуына жүргізілген мониторинг және құжаттарды іске асыруды бағалау оларды түзетуге негіз болып табылады.
      58. Нәтижесінде, құжаттарды түзету жекелеген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды қайта қарауға, ресурстарды қайта бөлуге, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері мәндерінің өзгеруіне, тиімді болмай шыққан іс-қимылдардың тоқтап қалуына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру процесінде анықталған проблемаларды еңсеруге және әлсіз жерлерін жоюға қатысты жаңа тәсілдер әзірлеуге алып келеді.

Қазақстан Республикасының  
Стратегиялық даму жоспарын, 
Елді аумақтық-кеңістікте   
дамытудың болжамды схемасын, 
мемлекеттік бағдарламаларды, 
мемлекеттік органдардың    
стратегиялық жоспарларын және 
аумақтарды дамыту бағдарламаларын
іске асыру жөніндегі әдістемеге
1-қосымша             

Нысан

______________________________________________________________
(мемлекеттік бағдарламаның, аумақтарды дамыту бағдарламаларының атауы)
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Атауы

Өлшем бірлігі

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімдері

Орындауға жауаптылар

Оның ішінде жылдар бойынша

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарламаның коды

1- жыл

2- жыл

...

n- жыл

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


Мақсат


1-нысаналы индикатор


*

*






*

*

*


n-нысаналы индикатор


*

*






*

*

*


Міндет


1-нәтижелер көрсеткіші


*

*






*

*

*


n-нәтижелер көрсеткіші













1-іс-шара













n-іс-шара












      Ескертпе: Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары осы Нысанына 1-қосымшаға сәйкес толтырылады, аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша – Іс-шаралар жоспары Нысанына 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске
асыру бойынша іс-шаралар  
жоспарының нысанына 1-қосымша

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын толтыру бойынша түсіндірулер

      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары былай толтырылады:
      1) «Мемлекеттік бағдарламаның атауы» деген жолда мемлекеттік бағдарламаның толық атауы көрсетіледі;
      2) бірінші бағанда мақсаттың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің және мемлекеттік бағдарлама
іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;
      3) екінші бағанда мақсаттар, нәтижелер көрсеткіштері бөлінісінде нысаналы индикаторлар және жазылу реттілігі мемлекеттік бағдарламаның «Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімнің жазылу реттілігіне негізделетін міндеттер бөлінісінде іс-шаралар келтіріледі;
      4) үшінші бағанда нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірліктері көрсетіледі;
      5) төртінші бағанда іс-шаралардың аяқталу нысаны көрсетіледі (іс-шаралардың аяқталуы нені білдіретінін ашып көрсететін іс-шараның сапалық сипаты, мысалы, «Республикалық меншіктегі гидротораптар мен су қоймаларын реконструкциялау және күрделі жөндеу» іс-шарасы «мемлекеттік комиссиялардың қабылдау актілері» деген аяқталу нысаны болу тиіс);
      6) бесінші бағанда іс-шаралардың жоспарланған орындалу мерзімдері көрсетіледі;
      7) алтыншы бағанда мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне және жоспарланған іс-шараларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар, оның ішінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, сондай-ақ квазимемлекеттік субъектілер көрсетіледі;
      8) жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бағандарда:
      «Нысаналы индикаторлар» деген жол бойынша мемлекеттік бағдарламаның «Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері» бөліміне сәйкес сандық мәнімен нысаналы индикаторлар көрсетіледі;
      «Нәтижелер көрсеткіштері» деген жолы бойынша мемлекеттік бағдарламаның «Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері» бөліміне сәйкес сандық мәнімен нәтижелер көрсеткіштері көрсетіледі;
      «Іс-шара» деген жол бойынша:
      қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін мемлекеттік бағдарламаның әрбір іске асыру жылының бөлінісінде болжанатын сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
      натурал шырайлумен өлшетін іс-шаралар үшін олардың сандық мәні көрсетіледі;
      9) он бірінші, он екінші және он үшінші бағандар қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар бойынша толтырылады:
      он бірінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша болжанатын қаражаттың жалпы сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
      он екінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша болжанатын сомаларды қаржыландыру көздері көрсетіледі (республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдарының немесе донор-елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасыда тыйым салынбаған басқа қаражат);
      он үшінші бағанда «Іс-шаралар» деген жол бойынша Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес (бұдан әрі – Бірыңғай бюджеттік сыныптама) бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі.
      «*» белгілері бар ұяшықтар толтырылмайды.

Аумақтарды дамыту бағдарламасын
іске асыру бойынша іс-шаралар
жоспарының нысанына 2-қосымша

Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын толтыру бойынша түсіндірулер

      Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары былай толтырылады:
      Іс-шаралар мынадай тәртіпте толтырылады.
      1) «Аумақты дамыту бағдарламасының атауы» деген жолда аумақты дамыту бағдарламасының толық атауы көрсетіледі;
      2) бірінші бағанда аумақты дамыту бағдарлама мақсатының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;
      3) екінші бағанда жазылу реттілігі «Негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» деген бөлімнің жазылу реттілігіне негізделетін мақсаттар бөлінісінде нысаналы индикаторлар, міндеттер бөлінісінде нәтижелер көрсеткіштері және іс-шаралар келтіріледі;
      4) үшінші бағанда нысаны индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
      5) төртінші бағанда іс-шараның аяқталу нысаны көрсетіледі
(іс-шараның аяқталуы нені білдіретінін ашатын іс-шараның сапалық сипаттамасы. Мысалы, «Халықты шылым шегудің зияндығы туралы ақпаратандыру» іс-шарасы «лекциялар» немесе «постерлер мен буклеттер» немесе «темекіге қарсы жарнама» деген аяқталу нысанында болуы мүмкін);
      6) бесінші бағанда жоспарланған орындалу мерзімдері көрсетіледі;
      7) алтыншы бағанда салалық бағдарламаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар, олардың ішінде ведомствоға бағынысты ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) көрсетіледі;
      8) жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бағандарда:
      «Нысаналы индикаторлар» деген жол бойынша аумақты дамыту бағдарламасының «Негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» бөлімі нысаналы индикаторларының сандық мәні көрсетіледі;
      «Нәтижелер көрсеткіштері» деген жолда аумақты дамыту бағдарламасының «Негiзгi бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жолдары» бөлімінің сандық мәнімен нәтижелердін көрсеткіштері көрсетіледі;
      «Іс-шара» деген жол бойынша:
      қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін аумақтарды дамыту бағдарламасын әрбір іске асыру жылының бөлінісінде миллион теңгемен болжанатын сомасы;
      заттай мәнде өлшетін іс-шаралар үшін олардың сандық мәні көрсетіледі;
      9) он бірінші, он екінші және он үшінші бағандар қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар бойынша толтырылады:
      он бірінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша қаржыландыратын іс-шаралар бойынша болжанатын қаражаттың жалпы сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
      он екінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша қаржыландыратын іс-шаралар бойынша болжанатын сомаларды қаржыландыру көздері көрсетіледі (республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдарының немесе донор-елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа қаражат);
      он үшінші бағанда «Іс-шара» деген жол бойынша қаржыландыратын
іс-шаралар бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі.
      «*» белгілері бар ұяшықтар толтырылмайды.

Қазақстан Республикасының  
Стратегиялық даму жоспарын, 
Елді аумақтық-кеңістікте   
дамытудың болжамды схемасын, 
мемлекеттік бағдарламаларды, 
мемлекеттік органдардың    
стратегиялық жоспарларын және 
аумақтарды дамыту бағдарламаларын
іске асыру жөніндегі әдістемеге
2-қосымша            

Нысан

Мемлекеттік органдар бөлінісінде
________________________________________________________________
(мемлекеттік бағдарламаның, аумақты даму бағдарламаның атауы)
болжанатын шығыстар жиынтығы

р/с№

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атауы

Болжанатын шығыстар (мың теңге)

1-жыл

2-жыл

n- жыл

Бар-лығы

1

2

3

4

5

6

7

(Бюджет деңгейі)















(Бюджет деңгейі)








      Ескертпе: мемлекеттік бағдарлама мен аумақтарды дамыту бағдарламасының болжанатын шығыстарының жиыны болжанатын шығыстар жиынына қосымшаға сәйкес толтырылады.

Болжанатын шығыстар жиынына
қосымша          

Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша болжанатын шығыстар жиынтығын толтыру бойынша түсіндірулер

      Мемлекеттік бағдарламаның, аумақты дамыту бағдарламасының болжанатын шығыстар жиынтығы былай толтырылады:
      1) бірінші бағанда реттік нөмір көрсетіледі;
      2) екінші бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы көрсетіледі;
      3) үшінші-алтыншы бағандарда мемлекеттік бағдарламаның/аумақты дамыту бағдарламасы әрбір іске асырылу жылына болжанатын сомасы мың теңгемен көрсетіледі;
      4) жетінші бағанда болжанатын қаражаттың жалпы сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі 
№ 324 бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасының   
Стратегиялық даму жоспарына, 
Елді аумақтық-кеңістікте    
дамытудың болжамды схемасына, 
мемлекеттік бағдарламаларға,  
мемлекеттік органдардың     
стратегиялық жоспарларына және 
аумақтарды дамыту бағдарламаларына
мониторинг жүргізу жөніндегі  
әдістемеге 1-қосымша      

Нысан

(_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, _______ жылға дейінгі Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын) іске асыру туралы есеп

Есепті жыл___________________________________________________________

Іске асырудың кезеңі (мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту
бағдарламалар үшін) _________________________________________________

Мемлекеттік орган ___________________________________________________
        (мониторингті жүргізуге және есептілікті құрастыруға жауапты
                        мемлекеттік органның атауы)

20_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму
жоспарының стратегиялық бағыты (мемлекеттік бағдарламалар үшін)

1. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер
көрсеткіштеріне қол жеткізу және іс-шараларды орындау

Атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Жауапты орындаушылар

20__ жылдың жоспары

20_ жылдың фактісі

Қаржыландыру млн.теңге

Орындалуы туралы ақпарат

бекітілген жоспар

нақтыланған жоспар

факт

Қаржыландыру көзі

Бюджеттік бағдарламаның коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1. Стратегиялық бағыт

1.1. Мақсат

1-нысаналы индикатор






*

*

*

*

*


n -нысаналы индикатор






*

*

*

*

*


1.1.1. Міндет

1-нәтижелер көрсеткіші






*

*

*

*

*


n -нәтижелер көрсеткіші






*

*

*

*

*


1-іс-шара


*










n -іс-шара


*










2. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау

Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы орган

Өзара іс-қимылды талдау

1

2

3







3. Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері

Қабылданған шаралар

1

2



4. Қаржы қаражатын игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар, мың.теңге

Факт, мың.теңге

Пайдаланбаудың себептері

1

2

3

4

1 көз




2 көз







Барлығы




5. Талдамалық жазба

      Бірінші басшы         ___________________________________
                                    (қол, қолдың толық жазылуы)
      Облыстың, республикалық
      маңызы қаланың, астананың,
      ауданның (облыс маңызы
      қаланың) әкімі        ______________________________________
                                    (қол, қолдың толық жазылуы)

      Ескертпе: (_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, _______ жылға дейінгі Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын) іске асыру туралы есеп осы форматқа қосымшаға сәйкес толтырылады.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі 
№ 324 бұйрығына 4-қосымша

(_______ жылға дейінгі    
Қазақстан Республикасының  
Стратегиялық даму жоспарын, 
_______ жылға дейінгі Елді  
аумақтық-кеңістікте дамытудың
болжамды схемасын, мемлекеттік
бағдарламаларды, аумақтарды 
дамыту бағдарламаларын) іске 
асыру туралы есептің нысанына
қосымша            

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есептерді толтыру бойынша түсіндірулер

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есептер мынадай тәртіппен толтырылады
      1. «Есепті кезең» деген жол бойынша оның қорытындысы бойынша есеп ұсынылатын жыл көрсетіледі.
      2. «Мемлекеттік орган» деген жол бойынша мониторингілеуді жүргізуге, есепті құрастыратын және беретін жауапты мемлекеттік органның немесе бірлесіп орындаушы органның атауы көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік бағдарлама, аумақтарды дамыту бағдарламасы үшін «Іске асыру кезеңі» деген жол бойынша іске асыру кезеңі көрсетіледі;
      «Мемлекеттік орган» деген жол бойынша мониторингілеуді жүргізуге, есепті құрастыратын және беретін жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
      4. «20__ жылға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыттары» деген жол мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады. Мұнда, шеңберінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылатын тиісті онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағытының атауы көрсетіледі.
      5. 1-бөлім. «Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және іс-шаралардың орындалуына қол жеткізу»:
      1) бірінші бағанда:
      «Стратегиялық бағыттар» және «Мақсат» деген жолдар бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізу, оларға қол жеткізуді қамтитын стратегиялық мақсат, құжатты іске асыру, оларды дамытуға бағытталған елді/өңірді дамытудың басымды (шешуші ) бағыты, негізгі бағыттары немесе қызметі саласының атауы көрсетіледі. Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамдық схемасын іске асыру туралы есепті толтыру кезінде бұл жолдар толтырылмайды;
      «Нысаналы индикатор» деген жол бойынша (тиісті мақсатқа) қол жеткізуге мемлекеттік орган жауап беретін нысаналы индикаторлардың атауы көрсетіледі.
      Кейінгі жолдар мемлекеттік бағдарламалар мен аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі есеп қалыптастырылған кезде толтырылады:
      «Міндет» деген жол бойынша орындалуына мемлекеттік орган жауапты болатын міндеттер көрсетіледі;
      «Нәтижелер көрсеткіші» деген жол бойынша мемлекеттік орган қол жеткізілуіне жауапты болатын тиісті міндеттің шешілу дәрежесін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштері көрсетіледі;
      «Іс-шара» деген жол бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бекіткен мемлекеттік бағдарламаларды немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес келуге тиіс іс-шаралар көрсетіледі;
      2) екінші бағанда нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірлігі және іс-шаралар көрсетіледі;
      3) үшінші бағанда нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштеріне нақты қол жеткізуді растайтын ақпарат көздері көрсетіледі;
      4) төртінші бағанда нысаналы индикаторларға қол жеткізуге нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштерін және іс-шаралардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушылар көрсетіледі;
      5) бесінші бағанда есепті кезеңге бекітілген стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, аумақтардаы дамыту бағдарламаларының нақты мәнде өлшенетін тиісті нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің және жоспарлы іс-шаралардың мәні көрсетіледі;
      6) алтыншы бағанда есепті жылда нақты мәнде өлшенетін нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шаралардың нақты мәні көрсетіледі;
      7) жетінші бағанда Мемлекеттік бағдарламаны немесе Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында бекітілген аталған іс-шараны іске асыруға есепті кезеңге жоспарланған қаржы қаражатын миллион теңгедегі сомасы көрсетіледі;
      8) сегізінше бағанда республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаты бойынша бюджеттің түзетілуі және нақтылануы ескерілген сома көрсетіледі;
      9) тоғызыншы бағанда тиісті іс-шараны іске асыруға арналған есепті кезеңде пайдаланылған қаржы қаражатының миллион теңгедегі сомасы көрсетіледі;
      10) оныншы бағанда осы іс-шараның қаржыландыру көзі көрсетіледі;
      11) он бірінші бағанда іс-шара есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі;
      12) он екінші бағанда нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің нақты және жоспарлы мәндері сәйкессіздігінің себептері туралы ақпарат және іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат көрсетіледі.
      6. 2-бөлім «Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау».
      Осы бөлімде бірлесіп орындаушы органның іс-қимылы (әрекетсіздігі) нәтижесінде қол жеткізілмеген көрсеткіштер бөлінісінде келтіріледі:
      1) «Нысаналы индикатор/нәтиже көрсеткіші» деген бірінші бағанда бірлесіп орындаушы органның іс-қимылы (әрекетсіздігі) нәтижесінде есепті жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілмеген (орындалмаған) көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;
      2) «Бірлесіп орындаушы орган» деген екінші бағанда ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын және көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдарына байланысты органның атауы көрсетіледі;
      3) «Өзара іс-қимылды талдау» деген үшінші бағанда көрсеткіштерге қол жеткізілуді қамтамасыз ету бойынша оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушы орган қабылдаған шаралар, сондай-ақ көрсеткіштерге қол жеткізілмеу себептері туралы ақпарат көрсетіледі.
      7. 3-бөлім. «Сыртқы әсерді талдау»
      1) Бірінші бағанда сыртқы факторлар және олардың көрсеткішке қол жеткізу үшін оң және теріс әсерлер көрсетіледі;
      2) Екінші бағанда көрсеткішке қол жеткізу үшін теріс салдарды еңсеру бойынша қабылданған нақты шаралар және (немесе) оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органның сыртқы факторлардың оң әсерін пайдалану туралы ақпараты көрсетіледі.
      8. 4-бөлім. «Қаржылық қаражаттарды игеру» мемлекеттік бағдарламаны және аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастыруға арналған:
      1) бірінші бағанда құжатты қаржыландыру көзі көрсетіледі;
      2) екінші бағанда есепті кезеңге жоспарланған қаржылық қаражат сомасы көрсетіледі.
      Егер бағдарламаны қаржыландыру көздері республикалық және жергілікті бюджет қаражаты болса, онда осы бағанда түзетілген бюджет сомасы көрсетіледі;
      3) үшінші бағанда есепті кезеңде қаржы қаражатының нақты игерілген сомасы келтіріледі;
      4) төртінші бағанда қаржы қаражатының игерілмеу себептері көрсетіледі;
      5) Осы бөлімнің соңында «Жиынтығы» деген жолда есепті кезеңнің соңына бағдарламалық құжатты іске асыруға жоспарланған және игерілген қаржы қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі.
      Қаржы қаражатының сомасы екінші және үшінші бағандарда миллион теңгеде көрсетіледі.
      9. Есептер талдамалық жазбахатты қамтиды.
      10. Іске асырылу туралы есептің талдамалық жазба хатында:
      шешілуіне құжат жіберілген проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпарат, бұл құжатты іске асырудың елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);
      орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпалы туралы ақпарат;
      игілік алушылардың қанағаттанушылығы деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің көлемінің нақты деңгейі туралы ақпарат (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);
      мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер;
      қорытындылар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстар қамтылған.
      11. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамдық схемасын іске асыру туралы есепті толтыру кезінде талдамалық жазбаны сандық өлшенбейтін көрсеткіштерге қол жеткізу/қол жеткізбеу туралы ақпаратты көрсете отырып аумақтық кеңістіктік дамытудың барлық жоспарланған бағыттары бойынша ілгерілетуді ашып көрсете отырып, әрбір схема бойынша құрылымдық баяндалу қажет.
      12. «*» белгілері бар ұяшықтар толтырылмайды.

Қазақстан Республикасының    
Стратегиялық даму жоспарына,  
Елді аумақтық-кеңістікте     
дамытудың болжамды схемасына,  
мемлекеттік бағдарламаларға,  
мемлекеттік органдардың     
стратегиялық жоспарларына және  
аумақтарды дамыту бағдарламаларына
мониторинг жүргізу жөніндегі  
әдістемеге 2-қосымша      

Нысан

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп ___________________________________________________________________
(Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
______________________ жылдарға арналған,
(жоспарлы кезең)                 
___________________________________________________________________
(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрықтың атауы)
бекітілген
20____жылғы «___»_____________№ ______
Есеп беру кезеңі:______________________ 1. Тәуекелдерді басқаруды талдау

Ықтимал тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды нақты орындауы

Орындалмау себебі

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт

Сыртқы тәуекелдер





Ішкі тәуекелдер





2. Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу

Нысаналы индикатордың атауы

Ақпарат көздері

Өлш. бірл.

Есепті кезең

Қол жеткізілмеу себептері

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

1. Стратегиялық бағыт

1.1. Стратегиялық мақсат

Нысаналы индикатор 1






Нысаналы индикатор n






3. Бюджет қаражатын игеру туралы ақпарат

№ п/п

Бюджеттік бағдарламаның атауы

Жоспар

Нақты

Игеруі/игермеудің мақсатқа қол жеткізуге әсері туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Стратегиялық бағыт

Стратегиялық мақсат






4. Талдамалық жазба

      Мемлекеттік органның
      бірінші басшысы          ___________________________________
                                    (қолы, қолдың толық жазылуы)

      Ескертпе: мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп осы форматқа қосымшаға сәйкес толтырылады.

Мемлекеттік органның стратегиялық
жоспарын іске асыру туралы   
есептің нысанына қосымша    

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есепті толтыру бойынша түсіндірулер

      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп мына тәртіппен толтырылады:
      1. «(Мемлекеттік органның атауы)» деген жол бойынша стратегиялық жоспарды әзірлеуші-мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі;
      2. «(жоспарлы кезең)» деген жол бойынша стратегиялық жоспар әзірленген жоспарлы бесжылдық кезеңдегі есепті жыл көрсетіледі;
      3. «(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген құқықтық бұйрықтың атауы)» деген жол бойынша мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрық, оның деректемелері (нөмірін және күнін көрсете отырып) көрсетіледі;
      4. «Есеп кезеңі» деген жол бойынша есептілік кезең (есептілік жылы) көрсетіледі;
      5. 1-бөлім «Тәуекелдерді басқаруды талдау»:
      1) 1-бағанда тәуекелдер басқару бойынша іс-шаралар мемлекеттік орган бекітілген стратегиялық жоспарының «Тәуекелдерді басқару» 1.3)-бөлімшеде келтірілген мүмкін ықтимал тәуекелдер келтіріледі;
      2) 2-бағанда тәуекелдер басқару бойынша мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарының 1.3) «Тәуекелдерді басқару» кіші бөлімінде жоспарланған іс-шаралар көрсетіледі;
      3) 3-бағанда тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шараларды нақты орындауы бойынша ақпарат келтіріледі;
      4) 4-бағанда тәуекел туындаған жағдайда және осы тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шараларды орындамау, орындалмаған себептер бойынша ақпарат келтіріледі.
      6. 2-бөлім. «Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу».
      1) «Стратегиялық бағыт» деген жолдар бойынша мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттар көрсетіледі;
      2) «Мақсат» деген жолдар бойынша мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған мақсаттар көрсетіледі;
      3) бірінші бағанда мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен стратегиялық бағыттары бөлінісінде мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарынан нысаналы индикатордың атаулары келтіріледі;
      4) екінші бағанда нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлардың (статистикалық деректер, есеп формуласы және тағы басқа) дұрыстығын растайтын ақпарат көзі көрсетіледі;
      5) үшінші бағанда нысаналы индикаторларының өлшем бірліктері көрсетіледі;
      6) төртінші бағанда нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәні көрсетіледі;
      7) бесінші бағанда есепті кезеңдегі нысаналы индикаторларының нақты мәні көрсетіледі;
      8) алтыншы бағанда нысаналы индикаторлардың нақты және жоспарлы мәндерінің сәйкес келмеу себептері келтіріледі.
      7. 3. «Бюджет қаражатын игеру туралы ақпарат» деген бөлім мынадай тәртіппен толтырылады:
      1) «Стратегиялық мақсат» деген жолда мемлекеттік органның стратегиялық мақсаты көрсетіледі;
      2) «№ р/с» деген бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
      3) «Бюджеттік бағдарламаның атауы» деген бағанда стратегиялық жоспардың 4. «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы» бөліміне сәйкес мемлекеттік органның тиісті стратегиялық мақсатына қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атаулары көрсетіледі;
      4) «Жоспар» деген бағанда есепті кезеңге бюджет қаражатының жоспарланған көлемі мың тенгеде көрсетіледі;
      5) «Нақты» деген бағанда есепті кезеңде бюджет қаражатының нақты пайдаланылған (игерілген) көлемі мың тенгеде көрсетіледі;
      6) «Игеру/игермеудің мақсатқа қол жеткізуге әсері туралы ақпарат» деген бағанда осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатты игеру/игермеудің мемлекеттік органның тиісті стратегиялық мақсатына қол жеткізуге әсер ету дәрежесі туралы ақпарат келтіріледі.
      8. Іске асыру туралы есеп талдамалық жазбахатты қамтиды.
      9. Іске асырылу туралы есептің талдамалық жазба хатында:
      шешілуіне құжат жіберілген проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпарат, бұл құжатты іске асырудың елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);
      орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпалы туралы ақпарат;
      игілік алушылардың қанағаттанушылығы деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің көлемінің нақты деңгейі туралы ақпарат (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);
      мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер;
      қорытындылар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстар қамтылған.