«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 7 қазандағы № 30 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9804 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 5 наурызда № 43 (28521) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі»;
15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Функциялары:
1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысады;
2) республикадағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, діни білім беру ұйымдарының қызметін зерделеп, оған талдау жүргізеді;
4) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
5) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүзеге асырады;
6) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді;
7) Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызмет етуіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауға келісім береді;
8) діни қызмет саласында шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ынтымақтастық ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, сонымен қатар діни қызмет саласында халықаралық келісімдер, меморандумдар мен шарттар әзірлейді;
10) діни қызмет және діни бірлестіктермен әрекеттестік мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;
11) діни қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдарды әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асырады;
12) өз құзыреті шегінде діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және әзірлеуге қатысады;
13) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;
14) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
15) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
16) заңнамада белгіленген жағдайлар мен тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтырады;
17) өз құзыреті шегінде экстремизмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды, терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;
18) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
19) Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді;
20) Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидасының сақталуын қамтамасыз етеді;
21) заңнамамен бекітілген тәртіпте діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді;
22) «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» және «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асырады;
23) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.»;
20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Комитет Төрағасының өкілеттігі:
1) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын бекітеді;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда);
4) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
5) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілгін арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
6) Министрліктің басшылығымен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынастығы ұйымдар басшыларын тағайындайды;
7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет, қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
8) Комитеттің Әкімшілік және кадрлық жұмыс, құқықтық қамтамасыз ету, экономика және қаржы басқармаларына жетекшілік етеді;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;
10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
11) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселер бойынша шешім қабылдайды.».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы