Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 14.02.2019 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2 тармағының 1), 2), 3) тармақшаларындағы іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | А. Жұмағалиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
___________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 27 наурыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы " "
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 4 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
___________ Қ. Қасымов
2015 жылғы " "
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296 бұйрығымен бекітілген |
Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1297 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу өлшемдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу | Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу |
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару | ||
Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру | ||
2. | Қазақстан Республикасының тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу | Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою |
Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру | ||
3. | Бала туу | Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау | ||
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою | ||
4 | Ақпарат алу | Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру |
Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру | ||
Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру |